«Информатика пәнінен ақпараттық-коммуникациялық технология бойынша құзырлылығын қалыптастыру»

"Описание материала: Асынқолдану арқылы онлайн сабақтар өтіп жатыр. Әрбір онлайн сабақты өткізу үшін мұғалімдер алдын ала оқушыларға бұл бағдарламаның мүмкіндіктерін үйретіп жатады. Сабақта көп пайдаланбағандықтан кейде оқушылар тез меңгеріп кете алмай жатады. Сол себепті баяндамамды қорытындылай келе Activstudio бағдарламасын информатика сабағының күнтізбелік жоспарына енгізіп қолданбалы бағдарлама ретінде сабақта пайдалансақ деген ұсынысым бар. Бұл келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іске...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ БОЙЫНША ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ»


ызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті

Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназия

«Ақпаратттық технология мен ақпаратты

таратудың жаңа нысандарына бағытталған

мамандардырылған білім беру бағыттарын құру міндетті алдымызда тұр»


Елбасы жолдауынан

Қазіргі кездегі жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру атты стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы Қазақстан бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қаммтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі деп атап көрсеткендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді.Осылайша оқу-тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану замана талабынан туындап отыр деп айта келсек артық емес.

Компьютер және ақпараттық ттехнологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табу итеріп , нәтижесінде өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.

Сол себептен білім беру үрдісін ақпарттандыру-жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану пайдалану арқылы дамыта оқыту,дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.Заманымызға сай қазіргі қоғамда ақпараттандыруда информатика пәні мұғалімдерінің біліктілігі мен оқушылардың білімін ақпараттық- коммункациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.Бүгінгі тандағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілеті қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педогогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін.

Ақпараттық коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педогогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін тигізер пайдасы мол. Сонымен қатар ақпараттық коммуникациялық технология:

-Электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеу

-Оқу барысында компьютердің түрлі бағдарламаларымен таныса білу

-Электронды оқулықтармен жұмыс жасау

-Интерактивті құралдармен жұмыс жсасау

-Интернет желісінің қызметін пайдалау

-арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпарттық қоғамның негізі талабы:

- Оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру

- жауапкершілігі мен міндеттерін қалыптастыру:

- Логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту

- Ақпарттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастыу

- Ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Осы негізгі талаптардың орындалуы үшін ең алдымен информатика пәні мұғалімінің өзінде ақпараттық-коммункациялық құзырлылық қалыптасыу шарт.сонымен, мұғалімнің ақпараттық-коммункациялық құзырлылығын қалыптастырудың негізгі талаптары.

Қазіргі білім беру жүйесіндегі ақпараттық кеңестік туралы біртұтас түсінікті қалыптастыру (бүкіләлемдік ақпарттық ресурстарға бағдарлау,ақпараттарды аналитикалық-синтетикалық тұрғыдан өңдеу әдістерін меңгеру.)

-Ақпараттық (дербес жағдайда,комьпютерлік)сауаттылық:оқу-әдістемелік,озық тәжірибелерді зерттеу, ғылыми зеттеу нәтижелерін түрлердіру мен технологияларды қолдану әдістерін меңгерту,қолданбалы программалық құралдарды меңгерту,жаңа программалық құралдарды меңгерту.

-Информатика пәнінде жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану:жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктері туралы білім,комуникациялық қызметтерді пайдалану дағдысы,білім беру процесінің ерекшеліктерін ескере отырып,педагогикалық программалық құралдарды қолдану және оларды өз қызметтерімізге сәйкес бейімдеп пайдалану.

Осыған сәйкес мен өзімнің информатика сабағында мұғалімнің де оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне толық жол ашатын,сонымен қатар оқушының топпен де, жеке дара да жұмыс жаауға мүмкіндік беретін,сабақ барысында барлық оқушылардың сабаққа толық қатысуын ұйымдастыратын,Интерактивті сабақтарды өткізу барысында Activstudio Professional Edition программасы арқылы іске қосылатын Activ тақтаны қолданамын.

Интерактивті тақта-бұл комьютердің қосымша құрылғыларының бірі және дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін:ақпараттық кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялақ поектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.

Ал Activstudio Professional Edition программасы арнай презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа.Және бұл аталмыш программаның мүмкіндіктері өте көп. Атап айтар болсақ:

-Презентацияларды құруға

-Оларға керекті суреттерді қосуға

-Аудио дыбыстарды енгізу

-Ведио фильмдерді көрсетуге

-Материалдарға арнайы эффектілер қосуа және т.б.

Осы аталған мүмкіндіктердің барлығы бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы флипчарттарда жасалады.Осы жасалынған флипчарттарда Активті экранда басқарылып,жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Activstudio бағдарламасын қолданудағы мүмкіндіктеріне жеке-жеке тоқтатылып өтер болсам:

1.Құралдардың тақтасы-бұл тақтадан біз өзімізге қажетті қаламсап,қалам өшіргіш секілді құралдарды пайдалануымызға болады.

2.Арнайы құралдар тақтасының мүмкіндігі өте кең.Бұл тақтада 20 құралды пайдаланып жұмыс жасауға болады.Осы құралдардың ішінде мен информатика пәнінде өзіме қажеттілері:

-жылжымалы пернетақта-бұл құрал мұғалімдерге де оқушыға да тақтамен жұмыс жасау барысында кәдімгі пернетақтаның қызметін атқарып,тақтадан алыстамай бір орында жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

-видеокамера құралын арқылы анимация жасауға сондай ақ жұмыс бетіндегі қимылдарды түсіріп алуға болады.

-есеп шығару барыснад есептеулерді жеңілдетуге арналған калькулятор құралдары

-транспортир,сызғыш,циркуль құралдары

-ең жақсы мүмкіндіктердің бірі бұл бағдарламада жұмыс жасай отырып,бағдарламадан шықпай интернет желісіне қосылу

3.Кітапхана ресурстарының толық мүмкіндіктерін флипчарт құрғанда пайдалануға болады.Мұнда суреттер мен дыбыстардан бастап аяқталған іс-әрекеттер, оқу жоспарлары да бар. Ол мыңдаған дайын ресурстармен қамтамасыз етілген.

4.Менің ресурстарым -бұл да кітапхана қоры секілді.Алайда бұл жерде бір өзіміз суреттер, дыбыстар салып қойып жұмыс жасауға болады.

5.Тағы бір айта келетін мүмкіндігі Activstudio бағдарламасында қандай да бір тақырыпқа кәдімгі презентация жасау мүмкіндігі. Яғни презентация жасауда қолданылатын гиперссылка, суреттерді немесе мәтіндерді, объектілерді жасырып қою мүмкіндігі қамтылған.

Байқап отырсақ Activstudio бағдарламасын информатика сабағында оқушылардың құзіретіліктерін арттыруда қолдану тиімді әрі ұтымды сияқты. Себебі, осы бағдарлама арқылы оқушылардың:

  • информатика пәніне деген қызығушылығы артады;

  • ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптасады;

  • оқушылардың ойлау, есте сақтау, қабылдау қабілеті дамиды;

Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласын оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдісте, оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді. Қазақстанның әр қиырынан күнделікті интернеттен Activstudio бағдарламасынқолдану арқылы онлайн сабақтар өтіп жатыр. Әрбір онлайн сабақты өткізу үшін мұғалімдер алдын ала оқушыларға бұл бағдарламаның мүмкіндіктерін үйретіп жатады. Сабақта көп пайдаланбағандықтан кейде оқушылар тез меңгеріп кете алмай жатады. Сол себепті баяндамамды қорытындылай келе Activstudio бағдарламасын информатика сабағының күнтізбелік жоспарына енгізіп қолданбалы бағдарлама ретінде сабақта пайдалансақ деген ұсынысым бар.

Бұл келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты. Шығармашылығы мол адам болуына, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды таңдаған мамандығына сәйкес бейімдеп пайдалана алуына жол ашары хақ.

© 2010-2022