Беееееу қыздарай (5 сынып)

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Беу, қыздар-ай

Беу, қыздар - ай.
Мақсаты: Қыз баланың бойына қазақтың иманжүзді, көркіне ақылы мен білімі сай, инабаттылық кішіпейілдік, адалдық, талғампаздық, шеберлік қасиеттерді сіңіру, ата - баба дәстүрін насихаттау.
Жүргізуші. Көктем - алғаш мерекесі ананың,
Ана жанын нұр көктемге баладым.
Көктем мезгіл бастайды екен ең алғаш,
Қуантып бір аналардың қадамын,- деп өлең жолдарында жырлағандай, көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз Аналар мейрамы қарсаңында 8 - 9 - 10 сынып арасында өткелі отырған сайысымызды ашу үшін құттықтау сөз.................... беріледі.

Кейде асқақтау, тәкаппар басып өктем,
Кейде жылы қараса - қасіретке ем.
Көп ішінен Ай тұлға көрінгенде,
Кемсеңдеген сәбидің жасы кепкен,
Сырбаз қылық батырды асқақ еткен,
Жыр жаздырып ғашықты ақын еткен,
Құдіреттен жаралған жан қыздар - ай, гүл қыздар - ай!- деп сайыскер қыздарымызды ортаға шақырамыз.
Сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздыр:................

Сайыс бөлімдері:
I. Таныстыру. (Әр топ атын өлеңмен, слайд арқылы таныстыру. Слайдта топ аты, қыздардың аналарымен бірге түскен суреттері, топ қыздарының дайындығы, көктемгі көріністермен байланысу керек).
II. «Халықтың игі дәстүрі - біздің асыл мұрамыз» (Салт - дәстүрден сұрақтар және мақал - мәтел жалғау арқылы білімдері сынға түседі).
III. «Қазақтың дарқан дастарқаны»(қолдан әзірленген тағамдармен дастарқан әзірлеу, оның ішінде ұлттық тағамдар болуы керек)
IV.«Өмірде кең бол, өнерде өр бол»( аналарға арнау, ән, би жолдау, және үй тапсырмасына ою бейнеленген бұйым, қолдарынан келетін өнерлерін көрсетеді.)
V. Сән үлгісі.( көктемгі сән)
VI. Мерекелік сыйлық( топтар бір - біріне қолдан әзірленген сыйлық пен мерекелік құттықтау жолдайды)

VII. Ойын
Әр топ жеребе суырып, қатысу кезегін біледі.
Таныстыру
Тартып алып ай, күннің нұр жамалын
Жүресіңдер, сыңғырлап сырғаларың.
Сендердікі алғашқы шырын сырлар,
Барлығың да тал мүсін, сұлусыңдар,
Әділқазының бағасы.

Аққу мойын, қолаң шаш, Ару қыздар, деп таныстыруға кезек береміз.
«Халықтың игі дәстүрі біздің асыл мұрамыз» атты бөлімде көркіне ақылы мен білімі сай қыздарымыздың салт - дәстүрімізді бойына сіңіріп, Қыз Жібектей хылқының мақтанышына айналған ару қыздары екеніне көз жеткіземіз.
Бірінші топ. Базарлық, құйрық бауыр асату деген дәстүрімізге мағынасын ашып, қысқаша түсінік беру керек.
Мақал мәтел. Ұлың жақсы болса, қонысың кеңейеді,
(Қызың жақсы болса, өрісің кеңейеді)
Ұлды асырай алмаған құл етеді,
(Қызды асырай алмаған күң етеді)
Екінші топ. Бата, бастаңғы. Мақал мәтел
Ұл орнындағы ту
(Қыз айдыныңда ұшатын қу)
Қалыңсыз қыз болса да,
(Кәдесіз қыз болмайды)
Үшінші топ. Кит, қалжа. Мақал - мәтел.
Ұл өнерлі келсін
(Қыз мінезді келсін)
Астың дәмін келтірген тұз әулие,
(Елдің сәнін келтірген қыз әулие.) әділқазының бағасы.
Қызыл жасыл келгендей қырға көктем
Қызы бар үй думан мен жырға бөккен.
Тағзым етіп алдында басын иген
Дүниені менсінбес тұлға да өктем.
Біреуінің бағы үшін мұңмен өткен,
Сенімі асқар, аптабы Күн, қыздар ай,

Арулар ай деп қыздарымыздың дастарқан мәзірін әзірлеуде ептіліктерін байқайық.
Әділқазының бағасы.
Болса еді Күн де аман, дала да аман,
Тынбаса деп аяулы анадан ән,
Жан күйінің, күлкі қуанышын,
Күрсініп кірпікке қамалаған.
Тыныштыққа жаны алаң, жанары алаң,
Сәл күреуке жүрегін жаралаған.
Сәуле шашқан өмірге нұр қыздар - ай
Көрік болған көгімде жұлдыздар - ай
Беу, қыздар ай! Деп ендігі кезекті өнерге береміз.



© 2010-2022