Білім бағамен ғана бағаланбайды

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім бағамен ғана бағаланбайды.

Баланың сабақты баға үшін ғана емес, шынайы жүрегі, шын көңілімен оқуы үшін мына қағидаттарды назарда ұстаған жөн.

  1. Барлық оқушыны сабақта ерікті жұмыс істей білуге үйрету керек. Яғни әр бала сол күнгі сабақта назардан тыс қалмауы тиіс. Бір сұрақ қойса да, бір сөйлем айтса да сабаққа атсалысуы қажет. Сонда «менен сабақ сұрайды» деген оймен бала сабаққа қатысу ерігін қалыптастырады.

  2. Сабақта оқушы зейінін тұрақтандыру үшін өтілетін материалды қызықты оқиғалармен байланыстыра білу керек. Сонда оқушы сабаққа белсенді түрде қатысып, түрлі сұрақ қойып отырады. Келесі сабаққа да «не айтылады екен» деген оймен қызыға қатысады.

  3. Сабақта оқушылар белсенділігін арттырудың тиімді бір жолы- проблемалық оқыту. Атап айтқанда, «неге, неліктен, не себепті» сұрақтарын қоя отырып, тақырып мазмұнын оқушылардың өзі ашып, қорытынды түйін жасауына мүмкіндік беру.

  4. Үнемі бір сарындылықты сақтай отырып, аралас сабақты өткізе беру балаларды жалықтырады. Ол үшін өтілетін тақырыптың көлеміне, мазмұнына қарай оқытудың түрлі әдісін пайдалануы қажет.

Оқушыларға тақырыпты өз бетінше меңгеруді үйретудің бір жолы- өтілетін тақырып бойынша тірек конспектісін жасау. Оқушы 5-7 минут ішінде тақырып бойынша сызбанұсқа жасап, соны айтып береді.

Тірек сызбанұсқа арқылы оқушылардың оқушылардың сөйлеу, ойлау қабілеті дамиды. Бұл жұмыс сынып оқушыларын түгелдей қамтиды, біріншіші екіншісін толықтырады.

Сабаққа деген белсенділікті арттырудың тиімді әдісінің бірі - дифференциалдап оқыту. Бұл балаларды білім дәрежесіне қарай топтап оқыту. Бұл әдіс арқылы қабілетті оқушылар іріктеліп, олармен қосымша жұмыс істеу мүмкіндігі туады. Қабілетті топқа қосымша материалды күрделендіре беріп, тереңдете түссек, ал кабілеті орта деңгейдегі оқушыға жеңіл материалдар беру қажет. Себебі орта деңгейдегі оқушы күрделі материалды меңгере алмай, қатарынан бірнеше төмен баға алады да пәнді оқуды мүлдем қояды.

Өтілген тақырып бойынша қосымша материал, мақал-мәтел, жұмбақтар жинату, реферат жаздыру да оқушылардың пәнді қызыға оқуына мүмкіндік береді.

Оқушылардың танымдық қызығушылығы артпайынша пән бойынша сапалы білім алу мүмкін емес. Сондықтан әр шәкірттің ойына өзгеріс енгізіп, санасына сілкініс туғызу біздерге, яғни, ұстаздар қауымына байланысты. Олай болса сабақты қызықты өткізудің жолдарын іздеп, оны әр сабақта жалықпай қолдана білу қажеттігін жадымызда ұстауымыз қажет.



© 2010-2022