Файлдар мен бумаларды іздеу 8 класс

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 07.12.11

Пәні: Информатика

Сыныбы: 8 «Б»

Пән мұғалімі: Көбекова Әйгерім

Сабақтың тақырыбы: «Файлдар мен бумаларды іздеу»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға файлдар мен бумаларды іздеу әдістері мен тәсілдерін меңгерту.

Тәрбиелік: өз бетімен ізденуге баулу, оқушыларды тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу, ақпараттық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушыларды ой-өрісін, таным белсенділігін, өз бетінше компьютерде практикалық жұмыстарды орындау дағдысын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, практикалық жұмыстар, «Ойлан тап!» ойыны, сұрақ-жауап, техникалық диктант

Сабақтың көрнекілігі: техникалық диктант таратпалары, мультимедиалық проектор, компьютер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- сабақта оқушылармен сәлемдесу;

- сабаққа оқушылардың қатысуын кезекші арқылы түгелдеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Операциялық жүйелер:

  • уақыт пен күнді баптау;

  • жұмыс үстелін баптау;

  • қыстырма бет (заставка) арқылы «Көлемдік мәтін» таңдап, «Жаңа жыл - 2012» сөзін жазу;

  • Жұмыс үстеліне өз атыңмен жаңа бума құру. Оның ішіне «Мектеп» деген атпен файл сақтау.

ІІІ. Жаңа сабаққа әзірлік кезеңі

«Ойлан тап!» ойыны. Оқушылар бағыт бойынша жасырылған сөзді тауып, анықтама береді.

Файлдар мен бумаларды іздеу 8 класс

  1. Бума(қапшық) дегеніміз не? - бұл объектілер бірлестігі.

  2. Файл дегеніміз не? - аты бар бірқатар байттар тізбегі.

  3. Іздеу.

ІҮ. Жаңа сабақ

Мынадай жағдайды елестетіңіз, сіз жақсы көретін кітабыңызды жоғалтып, оны еш жерден таба алмадыңыз. Бірақ сіз оны ата-анаңыздан сұрауыңызға болады, мүмкін анаңыз оны басқа жерге қойған шығар. Сол сияқты компьютерде де қандай да бір файлды жоғалтып алуға болады, бірақ компьютер оны қайда қоййғанын айта алмайды. Бұл жағдайда көмекке ІЗДЕУ (ПОИСК) немесе ТАБУ (НАЙТИ) командалары келеді.

Іздеу командасы компьютерде кез-келген файлды тез тауып бере алады. Ол үшін объектіні, оның атын, құрылу датасын, өлшемін білу керек. Іздеу терезесі 1-суретте көрсетілген.

Команданы шақыру үшін мына әрекеттерді орындау қажет:

  1. Жіберу батырмасына шертіңіз;

  2. Табу пунктін таңдаңыз;

  3. Файлдар және бумалар пунктін таңдаңыз;

  4. Файлдар және бумалар атын іздеу өрісінде файл атын немесе файл атының фрагментін енгізіңіз:

  5. Мәтінді іздеу өрісіне мәтін фрагментін енгізуге болады;

  6. Қайдан іздеу өрісінен іздеу жүргізілетін диск немесе басқа объекті таңдауға болады;

  7. Табу батырмасына шертіңіз.

Іздеу қосымша параметрлерін енгізу үшін Іздеу параметрлері жазуына шертуге болады, содан кейін терезеде жаңа элеменеттер пайда болады. Олардың көмегімен құру немесе соңғы өзгерту уақыты, өлшемі және тағы басқа бойынша іздеу салуға болады.




Файлдар мен бумаларды іздеу 8 класс

1-сурет: Іздеу терезесі: мәтін үзіндісі, аты бойынша іздеу.

Файлдар мен бумаларды іздеу 8 класс

2-сурет: Соңғы өзгерту уақыты бойынша іздеу

Файлдар мен бумаларды іздеу 8 класс

3-сурет: Өлшемі бойынша іздеу.

Сергіту сәті: «Көз жаттығуы»

- көзді оңға және солға, жоғары және төмен қозғау;

- көзді сағат тілінің бағыты бойынша және сағат тіліне қарсы бағытта қозғау.

Ү. Сабақты бекіту

Практикум. Компьютерде әр оқушы тапсырма орындайды.

5.4-тапсырма. Файлдар және бумаларды іздеу.

Объектілерді тез іздеу командасын пайдаланып, calc.exe - Калькулятор программасы объектісін табыңыз.

  1. Жіберу (пуск) батырмасына басыңыз және негізгі менюден Табу - Файлдар және бумалар пунктін таңдаңыз.

  2. Файлдар және бумалар атын іздеу диалогтік терезесінде пернетақтадан calc.exe сөзін теріңіз. Диалогтік терезеде енгізу курсоры болуы керек, егер болмаса тышқан сілтемесін диалогтік терезеге алып келіп, шертіңіз.

  3. Іздеу орнын көрсетіңіз. Ол үшін "Қайдан іздеу" далогтік терезесінің оң жағында Нұсқама қосымша бетін жандандырыңыз және Менің компьютерім (Мой компьютер) пунктін таңдаңыз.

  4. Табу қосымша бетін жандандырыңыз.

ҮІ. Қорытынды

Техникалық диктант

Іздеу командасы компьютерде тауып бере алады. Ол үшін объектіні, , , өлшемін білу керек.

Команданы шақыру үшін:

  1. батырмасына шертіңіз;

  2. пунктін таңдаңыз;

  3. пунктін таңдаңыз;

  4. Файлдар және бумалар атын іздеу өрісінде енгізіңіз:

  5. Мәтінді іздеу өрісіне енгізуге болады;

  6. Қайдан іздеу өрісінен іздеу жүргізілетін диск немесе басқа объекті таңдауға болады;

  7. батырмасына шертіңіз.

ҮІІ. Оқушыларды бағалау.

р/с

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Жаңа сабаққа даярлық кезеңі

Жаңа сабақты бекіту

Қорытынды

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

§5.4 «Файлдар мен бумаларды іздеу» тақырыбын оқу.











р/с

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Жаңа сабаққа даярлық кезеңі

Жаңа сабақты бекіту

Қорытынды

1

Айбазарова Гүлфара






р/с

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Жаңа сабаққа даярлық кезеңі

Жаңа сабақты бекіту

Қорытынды

1

Айбытова Көркем






р/с

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Жаңа сабаққа даярлық кезеңі

Жаңа сабақты бекіту

Қорытынды

1

Әбілханова Айдана






р/с

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Жаңа сабаққа даярлық кезеңі

Жаңа сабақты бекіту

Қорытынды

1

Әзірбекова Аймереке






р/с

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Жаңа сабаққа даярлық кезеңі

Жаңа сабақты бекіту

Қорытынды

1

Ермағамбетов Нұрлыбек





р/с

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Жаңа сабаққа даярлық кезеңі

Жаңа сабақты бекіту

Қорытынды

1

Искаков Азамат






р/с

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Жаңа сабаққа даярлық кезеңі

Жаңа сабақты бекіту

Қорытынды

1

Сағымбаев Айбек






р/с

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Жаңа сабаққа даярлық кезеңі

Жаңа сабақты бекіту

Қорытынды

1

Сқақова Фатима






р/с

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Жаңа сабаққа даярлық кезеңі

Жаңа сабақты бекіту

Қорытынды

1

Тәменов Шакидулат






р/с

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Жаңа сабаққа даярлық кезеңі

Жаңа сабақты бекіту

Қорытынды

1

Ұзақбаева Назгүл






© 2010-2022