• Преподавателю
  • Информатика
  • "Сабақ тақырыбы: Дербес компьютердің аппараттық құрылғылары Сабақ мақсаты: 1. Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндетімен таныстыру. 2. Компьютердің құрылғылары туралы түсініктерін дамыту; Танымдық ойлау қабілетін, ой-ө"

"Сабақ тақырыбы: Дербес компьютердің аппараттық құрылғылары Сабақ мақсаты: 1. Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндетімен таныстыру. 2. Компьютердің құрылғылары туралы түсініктерін дамыту; Танымдық ойлау қабілетін, ой-ө"

Сабақ тақырыбы: Дербес компьютердің аппараттық құрылғыларыСабақ мақсаты: 1.Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндетімен таныстыру. 2.Компьютердің құрылғылары туралы түсініктерін дамыту; Танымдық ойлау қабілетін, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру. 3.Жауапкершілікке, саналылыққа тәрбиелеу. Алған білімдерін тиянақтай білуге, тапқырлыққа, ізденіп шешім қабылдауға, ауызбіршілікке, ойын жинақтай білу...
Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Дербес компьютердің аппараттық құрылғылары

Сабақ мақсаты:

1.Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндетімен таныстыру.

2.Компьютердің құрылғылары туралы түсініктерін дамыту; Танымдық ойлау қабілетін, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

3.Жауапкершілікке, саналылыққа тәрбиелеу. Алған білімдерін тиянақтай білуге, тапқырлыққа, ізденіп шешім қабылдауға, ауызбіршілікке, ойын жинақтай білуге, біріне-бірі көмектесуге баулу. Ой -пікір көзқарас қалыптастыру.

Сабақ типі: Түсіндіру сабақ.

Сабақтың түрі: Презентациялық сабақ.

Сабақ әдістері: Сұрақ-жауап, пікірлесіп-түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі.

Программалық дидактикалық қамтылуы: Жұмыс дәптері, компьютер, интерактивті тақта, «Дербес компьютердің құрылғылары» презентация.

Білім мен білікке қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:

  • Компьютер деген не екенін;

  • Аппараттық құрылғылардың жиынына не кіретінін;

  • Компьютердің құрылғыларының міндетін (арналуын)

  • Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғылардың аттарын;

Оқушылар үйрену тиіс:

- ДК-мен, оның негізгі блоктарын және олардың міндеттерін.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  2. Үй тапсырмасына шолу.

Өткен тақырыптар бойынша сұрақ-жауап алу

1- тапсырма /интерактивті тақтада сұрақтары беріледі,ауызша жауаптары тыңдалады/.

  1. Алғашқы есептеу құрылғысы?

  2. Шығыстағы ескі көне есептеуіш құрылғы?

  3. Бірінші электронды-есептеуіш машина қалай аталған? Ол қай жылы жасалды?

  4. ЭЕМ буындарын атаңдар?

  5. Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?

2-тапсырма: Тақтада қалдырылған сөзді тауып жазу.

(Жауабын оқушылар тақтаға жазады.).

Қалдырылған сөзді тауып жаз.

  1. Көне есептеу құралы адамның ___________ болды.

  2. Б. э. д. Ү ғасырда Египетте, Грецияда, Римде _______________ кеңінен тарады.

  3. Есептеуіш машинасын құру тарихы француз философы, жазушысы, математигі және физигі ________ атымен байланысты.

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру. /презентация көрсетілуі/.

«Дербес компьютер деген не?» сұрағына түсініктеме беремін.

«Компьютер» сөзі «есептеуіш дегенді білдіреді, Компьютер деректерді программалап өңдеуге арналған электрондық құрылғы. ДК өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоктардан тұрады. Блоктардың номенклатурасы (тізімі) әр түрлі болуы мүмкін, бірақ кез келген компьютер жұмыс істеуі үшін үш блоктан тұратын жинақ керек (компьютердің негізгі жинағы). Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады.

Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі - жүйелік қорап. ДК-дің жүйелік қорабы - компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша, онда:

  • Аналық (материнская, системная)

  • Процессор

  • Қоректендіру блогы

  • Жедел жад

  • Қатты диск

  • CD-ROM

  • Көрініс платасы

  • Дыбыс платасы

  • Және т.б. құрылғылар орналасқан.

Монитор (дисплей)-бұл кез-келген ақпараттарды (текстік, графиктік және т.б) экранға шығаруға негізделген құрылғы. Монитор түрлеріне тоқталып, пиксель атауына түсініктеме беремін.

Пернетақта (клавиатура)-бұл кез-келген ақпараттарды (сандық, символдық және т.б) компьютерге енгізуге негізделген құрылғы. Олардың үш түрі болады. Олардың айырмашылығын түсіндіріп өтемін.

Бұлардан басқа, компьютердің көптеген құрылғылары бар, оларды енгізу-шығару құрылғылары деп атайды.

Тышқан (мышь)-бұл компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы

Басу құрылғысы (принтер)-бұл кез-келген ақпараттарды компьютерден қағаз бетіне шығаруға негізделген құрылғы.

Сканер-бұл графиктік немесе текстік ақпараттарды компьютерден тікелей оқитын құрылғы.

Дыбыс колонкалары -дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы

Құлақшын - дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы

Микорфон - Дыбыстық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы

Джойстик /терте/ - Компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын тетік.

Стример - Мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы

Плоттер - Сызбаларды (графиктерді) қағазға шығаруға арналған құрылғы

Модем-бұл телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпараттарды алмасуға арналған құрылғы

Желілік адаптерлер - Компьютерді жергілікті желіде қолдануға мүмкіндік береді.

Презентациялар ретімен көрсетілуі барысында оқушыларға жаңа атауларды, енгізу-шығару құрылғыларының атауларын жаздырамын.

Бұл құрылғылардың әр қайсымен тереңірек келесі сабақтарда танысатын боламыз.

IV. Тақырыпты бекіту:

Интерактивті тақтада оқушы әр құрылғының атауын қатесіз жазып шығуы керек.

1Сабақ тақырыбы: Дербес компьютердің аппараттық құрылғылары Сабақ мақсаты: 1.Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндетімен таныстыру. 2.Компьютердің құрылғылары туралы түсініктерін дамыту; Танымдық ойлау қабілетін, ой-өСабақ тақырыбы: Дербес компьютердің аппараттық құрылғылары Сабақ мақсаты: 1.Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндетімен таныстыру. 2.Компьютердің құрылғылары туралы түсініктерін дамыту; Танымдық ойлау қабілетін, ой-өСабақ тақырыбы: Дербес компьютердің аппараттық құрылғылары Сабақ мақсаты: 1.Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндетімен таныстыру. 2.Компьютердің құрылғылары туралы түсініктерін дамыту; Танымдық ойлау қабілетін, ой-ө. Компьютерлік жүйенің негізгі бөлшектерінің атауларын жаз:


Сабақ тақырыбы: Дербес компьютердің аппараттық құрылғылары Сабақ мақсаты: 1.Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндетімен таныстыру. 2.Компьютердің құрылғылары туралы түсініктерін дамыту; Танымдық ойлау қабілетін, ой-ө

Сабақ тақырыбы: Дербес компьютердің аппараттық құрылғылары Сабақ мақсаты: 1.Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндетімен таныстыру. 2.Компьютердің құрылғылары туралы түсініктерін дамыту; Танымдық ойлау қабілетін, ой-ө

2. Қалдырып кеткен сөздерді тап:

Пернетақта

Пернетақтаның көмегімен компьютерге ақпаратты енгізуге және басқаруға болады. Пернетақтада жүзден астам пернелер бар. Пернелер көбінесе информация енгізу міндетін атқарады, бірақ олардың кейбіреулері компьютерді басқару үшін қажет. /Оқушылар жасырын тұрған сөзді тауып, оны өшіргіш құралын пайдаланып ашуы керек/.

3. Қалдырып кеткен сөздерді тауып жаз

Тышқан

Тышқан компьютерді басқаруға арналған. Оның екі батырмасы бар, бірақ олардың көмегімен әртүрлі көп жұмыс жасауға болады. Тышқанды үстел бетінде жылжытқанда, онымен бірге монитордың экранында тышқанның нұсқағышы да жылжиды. Команда беру үшін нұсқағыш графикалық басқару элементіне апарып, содан кейін тышқанның батырмаларының бірімен жылдам шерту керек. Шерткен кезде компьютер команда алады. /Оқушылар жасырын тұрған сөзді тауып, оны өшіргіш құралын пайдаланып ашуы керек/.

4. Төмендегі сөйлемдерді толықтырып жаз.

Монитор мәтіндерді, бейнелерді экранға шығару міндетін атқарады.

Пернетақта компьютерге мәтіндік информацияны енгізуге арналған.

Тышқан компьютерді басқаруға арналған.

Компьютер орындайтын барлық есептеулер жүйелік қорапта жүреді.

Дыбыс колонкалары дыбысты информацияны шығаруға арналған.

/Оқушылар жасырын тұрған сөзді тауып, оны өшіргіш құралын пайдаланып ашуы керек/.

  1. Қорытындылау:

  1. Тест (Шторка құралын пайдаланамын.Дұрыс жауаптың жанына жалауша орнатамын).

Тест тапсырмалары:

1. Компьютердің қандай бөліктері мәтіндер мен суреттерді басып шығаруға арналған? Жауаптың дұрыс нұсқаларын белгіле.

  1. Жүйелі блок

  2. Монитор

  3. Принтер

  4. Сканер

  5. Пернетақта

  6. Маус

2. Компьютердің қандай бөліктері мәтіндерді немесе суреттерді енгізуге арналған?
Жауаптың дұрыс нұсқаларын белгіле.

  1. Жүйелі блок

  2. Монитор

  3. Принтер

  4. Сканер

  5. Пернетақта

  6. Маус

3. Компьютердің қандай бөлігінде басқарушы және жадыда сақтайтын құрылғылар бар? Жауаптың дұрыс нұсқаларын белгіле.

  1. Жүйелі блок

  2. Монитор

  3. Принтер

  4. Сканер

  5. Пернетақта

  6. Маус

4. Компьютердің құрамына кіретін құрылғылардың тізімін құр. Оларды екі: негізгі және қосымша бөлікке бөліп ата.


  1. Бағалау;

  2. Үй тапсырмасын беру: сөзжұмбақ құрастыру, п. 2;

© 2010-2022