Презентация по казахскому языку на тему Процедуралар мен функциялар

Раздел Информатика
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ 


Тақырыбы: Процедуралар мен функциялар

Күтілетін нәтиже:


Білім

•Процедура ұғымын таниды

•Процедураның қасиеттерін тұжырымдайды

•Процедураны енгізу және сипаттау тәсілдерін анықтайды

•Процедура ерекшеліктерін бейнелеп айтады

Түсінік

•Процедура терминін түсіндіреді

•Процедураның қолданылуын айырып таниды

•Белгілі бір есепті орындау тәртібінің түсіндірмесін береді

•Процедураның жазылу тәртібін түсінеді


Қолданыс

•Программа құру үшін процедурамен

манипуляция жасайды.

Анализ

•Процедуралар қолдана отырып, белгілі бір

есептің орындалу программасын талдайды

Синтез

•Процедуралар қолдана отырып, белгілі бір

есептің орындалу программасын

қайтақарайды.


Баға

•Процедуралар мен олардың жазылу тәртібі туралы білімін түйіндейді. Программалау кезінде нақты шешім қабылдайды.

Сабақ құрылымы:

І. Ақпарат алмасу (12 мин.)

ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.)

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.)

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.)

V. Бағамдау-бағалау (3 мин.)

Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру

Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративтік, топтық

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:

•Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру

•Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру

•Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға мысалдар көрсету

•Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге беру. Түсінбеген жағдайда дұрыс жауапқа сілтеу

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

•Процедура мен Функция. Процедураны шақырулар. Формальды параметрлер. Нақтылы параметрлер.Процедура тұлғасы. Координаталар. Локальды айнымалылар.

Оқушыда дағды қалыптастыру:

•Жаңа тақырыпты толық игеру

•Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау

•Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау

Ақпарат көздері:

1. Бөрібаев Б., Нақысбеков Б., Мадиярова Г. 2013. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы. Мектеп.

2. dipls.ucoz.kz/publ/algoritmdeu_zhne_programmalau/1-1-0-2

Оқушы жетістігін бағалау:

Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы
орындауы қажет.

Үй тапсырмасы:


  • Негізгі түсінік пен анықтамаларды жаттау

  • Сыныпта орындаған есептерге қосымша талдау жасау

  • Үйге берілген тапсырмаларды орындау

• Бонус-балл тапсырмасы

a,b,c,d кесінділері берілген. Осы кесінділердің үшбұрыш құруға болатын әрбір үшеуі үшін сол үшбұрыш ауданын басып шығарыңыз. Берілген x,y,z қабырғалары бойынша үшбұрыш ауданын оның бар-жоқтығын тексеретіндей етіп есептеуді процедура түрінде өрнектеңіз.

САБАҚ БЛОКТАРЫ 


і. аҚПАРАТ алмасу


Тақырып жоспары:

1. Процедура ұғымы. Процедураның қолданылуы

2. Процедураны орындау тәртібі

3. Процедураның ерекшеліктері. Процедураның мысалдары

Слайдтар:

1-слайд (титул)

2-слайд Сабақтың мақсаты

3-слайд Тақырып жоспары

4-слайд Процедуралар

Есеп: Мына фигураны құр

Презентация по казахскому языку на тему Процедуралар мен функциялар.

Ерекшелігі: үш ұқсас фигура

Жалпы: өлшемдері, айналу бұрышы

Айырмашылықтары: координаталары, түстері


5-слайд Процедуралар

Процедура - кейбір әрекеттерді орындау үшін қолданылатын көмекші.
Сонымен қатар, процедура белгілі бір әрекеттерді орындау мақсатында алдын-ала бекітілген аты бойынша шақырылып орындалатын программаның тәуелсіз бөлігі болып табылады.

Процедура - қандай да болмасын атпен аталған әрекеттердің жүйелілігі.

6-слайд Процедуралардың қолданылуы

  • Программаның әр жерінде орналасқан бірдей әрекеттерді орындау

  • Программаны түсіну оңай болу үшін оны бірнеше қосалқы бөліктерге бөлу

Презентация по казахскому языку на тему Процедуралар мен функциялар.

7-слайд Процедураны орындау тәртібі

  • Бірдей немесе ұқсас әрекеттерді ерекшелеп алу (үш фигура)

  • Олардың ұқсас жерлері (өлшемі, пішіні, айналу бұрышы) мен айырмашылықтарын ( координаталары, түсі) табу

  • Айырмашылықтарын белгіссіз айнымалылар түрінде өрнектеу, осы айнымалылар процедураның параметрлері болады Презентация по казахскому языку на тему Процедуралар мен функциялар.

8-слайд Программа

Презентация по казахскому языку на тему Процедуралар мен функциялар.

9-слайд Процедураның ерекшеліктері

  • Барлық процедуралар негізгі программаның үстінде орналасқан

  • Процедураның тақырыбында формальды параметрлер жазылады,

олар кейде өзгеріп отыратындықтан атаулармен белгіленеді

Презентация по казахскому языку на тему Процедуралар мен функциялар.

  • Процедураны шақыру кезінде жақша ішінде нақтылы параметрлер (сандар немесе арифметикалық өрнектер) көрсетіледі

Презентация по казахскому языку на тему Процедуралар мен функциялар.

10-слайд Процедураның ерекшеліктері

  • Әрбір формалды параметрдің қос нүктеден кейін типі көрсетілуі қажет

Презентация по казахскому языку на тему Процедуралар мен функциялар.

  • Егер типтері бірдей параметрлер бірінен кейін бірі орналасса, олардың арасы үтірмен ажыратылады

Презентация по казахскому языку на тему Процедуралар мен функциялар.

  • Процедураның ішіндегі параметрлер айнымалылар секілді қолданылады

11-слайд Процедураның ерекшеліктері

  • Процедурада қосымша айнымалы ретінде жергілікті (локальді) айнымалыларды пайдалануға болады, басқа процедуралар оған қатынай алмайды

Презентация по казахскому языку на тему Процедуралар мен функциялар.

12-слайд Параметр-айнымалылар

Есеп: екі айнымалы мәндерінің орындарын ауыстыратын процедураны құру.

Ерекшеліктері: Процедурада жасалған өзгертулер шақырушы программаға белгілі болуы қажет.

Презентация по казахскому языку на тему Процедуралар мен функциялар.

13-слайд Параметр-айнымалылар

Презентация по казахскому языку на тему Процедуралар мен функциялар.

Қолданылуы: Процедура (және функция) осындай әдіс арқылы бірнеше мән бере алады.

Шақыртудың тыйым салынған нұсқалары:

Презентация по казахскому языку на тему Процедуралар мен функциялар.

14-слайд Тапсырмалар (1-нұсқа)

  1. Процедураны пайдалана отырып, мына фигураны құрастыру.

Презентация по казахскому языку на тему Процедуралар мен функциялар.Презентация по казахскому языку на тему Процедуралар мен функциялар.

  1. n саны берілген. Осы санның барлық жай бөлгіштерін алу керек. Жай санды тану процедурасын өзінше өрнектеңіз. (Жай сан деп бір мен өзінен басқа бүтін санды бөлгіштері жоқ санды айтады)

15-слайд Тапсырмалар (2-нұсқа)

  1. a/b бөлшегін қысқармайтын p/q бөлшегіне келтіріп және оның жұмысын тексеретін kisk (a,b,p,q) процедурасын бүтін параметрлер бойынша сипаттаңыз.

  2. Процедураларды пайдалана отырып, мына фигураны құрастыру.

Презентация по казахскому языку на тему Процедуралар мен функциялар.


іі. алғашқы бекіту


Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Процедураның қолданылуы

Процедураны орындау тәртібі

Процедураның ерекшеліктері


Қорытынды:___________________________________________________________



ііі. құзырлылық қалыптастыру


Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Процедура терминін түсіндір.

Процедура - қандай да болмасын атпен аталған әрекеттердің жүйелілігі.

  1. Процедураның қолданылуын жаз.

Программаның әр жерінде орналасқан бірдей әрекеттерді орындау

Программаны түсіну оңай болу үшін оны бірнеше қосалқы бөліктерге бөлу.

  1. Белгілі бір есептегі процедураның орындау тәртібінің түсіндірмесін бер.

Бірдей немесе ұқсас әрекеттерді ерекшелеп алу (үш фигура)

Олардың ұқсас жерлері (өлшемі, пішіні, айналу бұрышы) мен айырмашылықтарын ( координаталары, түсі) табу

Айырмашылықтарын белгіссіз айнымалылар түрінде өрнектеу, осы айнымалылар процедураның параметрлері болады.

  1. Процедураны программаға енгізу үшін қандай команда қолданамыз?

Procedure Төмендегі мәтіннен қате тап. Дұрыс жауабын жаз.

  1. Процедураны шақыру кезінде жақша ішінде формальды параметрлер (x,y,r,t) көрсетіледі.Процедураны шақыру кезінде жақша ішінде нақтылы параметрлер (сандар немесе арифметикалық өрнектер) көрсетіледі

6. Процедурада қосымша айнымалы ретінде глобальды айнымалыларды пайдалануға болады. Процедурада қосымша айнымалы ретінде локальды айнымалыларды пайдалануға болады.

Төмендегі программа бөлігінен қате тап. Дұрыс жауабын жаз.

7. Procedure (x = real, y = integer, z = float) Procedure pro(x : real; y : integer; z : float);

ІІ деңгей тапсырмалары

  1. a,b,c,d сандары берілген. x=max(a,b), y=max(c,d), z=max(x,y) мәндерін анықтаңыз. max(k,m) (к және м екі санның үлкенін табу) мәнін есептеуді функция арқылы өрнектеңіз.

Program e10_1;

var a,b,c,d,x,y,z: real;

function max(k,m:real): real;

begin if k>m then max:=k else max:=m end;

begin

writeln; write('a,b,c,d мәнін енгізіңіз:'); readln(a,b,c,d);

x:=max(a,b); y:=max(c,d); z:=max(x,y);

writeln('x=',x,'y=',y,'z=',z)

end.\

  1. a,b,c,d кесінділері берілген. Осы кесінділердің үшбұрыш құруға болатын әрбір үшеуі үшін сол үшбұрыш ауданын басып шығарыңыз. Берілген x,y,z қабырғалары бойынша үшбұрыш ауданын оның бар-жоқтығын тексеретіндей етіп есептеуді процедура түрінде өрнектеңіз.

program e10_6;

var a,b,c,d:real;

procedure yshb(x,y,z:real);

label 15,18;

var s,p:real;

begin

if (xthen goto 15 else goto 18;

ІІІ деңгей тапсырмалары

Үш үштік: a1,b1,c1; a2,b2,c2; a3,b3,c3 сандары берілген. Әр үштіктің ең үлкені мен ең кішісін, сонан соң табылған үлкендері мен кішілерінің ішінен олардың

ең үлкені және ең кішісін жеке-жеке табыңыз.

Program mys10_2;

var a1,b1,c1,a2,b2,c2,a3,b3,c3:real;

var max1,max2,max3,min1,min2,min3,max4,min4,max5,min5:real;

procedure maxmin(x,y,z:real; var max,min:real);

begin

if (x>=y) and (x>=z) then max:=x;

if (x<=y) and (x<=z) then min:=x;

if (y>=x) and (y>=z) then max:=y;

if (y<=x) and (y<=z) then min:=y;

if (z>=x) and (z>=y) then max:=z;

if (z<=x) and (z<=y) then min:=z;

end;

begin write('a1,b1,c1-ді енгіз:');readln(a1,b1,c1);

write('a2,b2,c2-ні енгіз:');readln(a2,b2,c2);

write('a3,b3,c3-ті енгіз:');readln(a3,b3,c3);

maxmin(a1,b1,c1,max1,min1);

maxmin(a2,b2,c2,max2,min2);

maxmin(a3,b3,c3,max3,min3);

maxmin(max1,max2,max3,max4,min4);

maxmin(min1,min2,min3,max5,min5);

writeln('1-үштіктің ең үлкені-',max1,'ең кішісі-',min1);

writeln('2-үштіктің ең үлкені-',max2,'ең кішісі-',min2);

writeln('3-үштіктің ең үлкені-',max3,'ең кішісі-',min3);

writeln('Үлкендерінің ең үлкені-',max4,'ең кішісі-',min4);

writeln('Кішілерінің ең үлкені-',max5,'ең кішісі-',min5);

end.


іV. шығармашылық әрекет


Топтық жұмыс.

1-топ:

Презентация по казахскому языку на тему Процедуралар мен функциялар.

2-топ:

Презентация по казахскому языку на тему Процедуралар мен функциялар.


V. бағамдау-бағалау


Сабақтың күтілетін нәтижесіне қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

________

© 2010-2022