Информатика жұлдыздары сыныптан тыс шара (10 класс)

Раздел Информатика
Класс 10 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гиназиясы













Сыныптан тыс шара


«Информатика жұлдыздары»


10 кластар аралығында







Өткізген: Мамытжанова Г


















2013-2014 оқу жылы



«Информатика жұлдыздары» сайысы


Армысыздар, құрметті мұғалімдер, оқушылар, информатика ғылымын сүйер қауым!

Бүгін міне, «Ақпараттанған әлем негізгі ғылымдар тілімен» атты апталықтың екінші күні. Бүгін 10 класс оқушылары арасында «Информатика жұлдыздары» сайысы өткелі отыр. Сайысқа қатысушы оқушылар 10 кластар арасынан іріктелініп алынған ғылым сүйгіш оқушыларды ортаға шақырамыз. Алдарыңызда «APPLE» және «MICROSOFT» тобы!

Енді осы сайыскерлерге әділін айтып, төрелік ететін әділ-қазылар алқасымен таныса кетейік:

Сайыскерлер ортаға келіп болса, онда сайысымыздың түрлерімен таныстырайық:

І-сайыс. «Серпілткен сегіздік»

ІІ- сайыс «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап»

ІІІ- сайыс. «Байқампаз бағдарламашы»

ІV- сайыс. «Ептілік таныт»

V- сайыс. «Информатика-үшінші мыңжылдықта»

VI- сайыс. «Айлалы ақыл-ой»

VIІ сайыс. «Түсін мені», бұл сайыстар қатысушылардың білімі мен тапқырлығын, ұшқыр, терең ойлылығымен тапқырлығын анықтауға арналған. Енді :

1.Болмасаңда ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз,

Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз,-деп Абай атамыз айтқандай қазіргі сайысымыз «Серпілткен сегіздік» атты информатика ғылымы бойынша әртүрлі еңбектері бар ғалымдар туралы болмақ, сіздер сол ғалымның еңбегіне қарай есімін табуыңыз керек. Бұл сайыста 8 ғалым туралы айтылады, әр дұрыс жауапқа 1 балл-дан есептеледі.

Слайдта ғалымдардың суреттері, олардың еңбектері көрсетіледі. Сайыскерлер қай ғалым екенін анықтау керек.

2. Бүгін міне, ортамызға ойы жүйрік, білімді, тапқыр оқушылар жиналды десек, онда келесі сайысымыз олар үшін қиын бола қоймас. Шапшаңдық пен тапқырлықты қажет ететін «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» атты келесі сайысымызда адасып кеткен әріптерді орынына келтіріп, белгілі бір жүйемен реттелген сөздердің артығын табу: Әр дұрыс жауапқа 2 балл-дан есептеледі. Бұл тапсырмаға 8 минут уақыт беріледі.

«APPLE» тобына

Адасып кеткен әріптерді орынына келтіріп, белгілі бір жүйемен реттелген сөздердің артығын табу:

терчесвин

такедис

акткомксиди

сорецпро

рептьюкром

тамикатема

азакиф

лиягоибо


«MICROSOFT» тобына


Адасып кеткен әріптерді орынына келтіріп, белгілі бір жүйемен реттелген сөздердің артығын табу:



марамгроп

ныштақ

дакротре

енюм

малімғұ

инрпрет

ушықо

кәртіш


3.Біздің күнделікті өміріміздегі әрекеттеріміздің өзі алгоритмнен тұрады, мұны біз байқай білмейміз, ал енді күнделікті тіршілігін алдын-ала жоспарлап, нақты қадамдар жасайтын оқушыларымызда бар, соларды анықтау үшін келесі «Байқампаз бағдарламашы» сайысымызды ұсынамыз, бұл сайыста Паскаль бағдарламалау тілінде жазылған программаның қатесін табу керек.

Әр дұрыс жауапқа 2 балл-дан есептеледі.

3 сайыс. «Байқампаз бағдарламашы»

1.Паскаль программалау тілінде программа фрагменті берілген:

a:=27;

if a>0 then a:=a*2 else a:=a+2

writeln(a);

Нәтижесінде экранға қандай жауап шығады?

Жауабы: 54

2.Программа жолдарын ретке келтір:

Берілгені Жауабы:

  1. s:=0;

  2. writeln(s);

  3. begin

  4. var i,s:integer;

  5. s:=s+i;

  6. end.

7)for i:=1 to 10 do

  1. var i,s:integer;

  2. begin

  3. s:=0;

  4. for i:=1 to 10 do

  5. s:=s+i;

  6. writeln(s);

7) end.



4. Міне қыс айыда басталды, әртүрлі вирустар көп болады, сол вирустардан денсаулығымызды сақтай білейік, сонымен қатар компьютерімізді де сақтауымыз керек, жо-жоқ мен тұмау туралы емес кәдімгі вирустар, қандай вирустар еді, әлгі троян, файлдық, тағы сол сияқты...Әйтседе вирустардан қулық қалған ба? Келесі сайысымызда ұсынғалы отырған ақпаратты вирус бүлдіріп кеткен, сайыскерлерге соны дұрыстау тапсырмасы ұсынылады. Әр дұрыс жауапқа 5 балл-дан есептеледі.

5. Біздің ғасырымыз-техника ғасыры, техника заманы, осындай уақытта өмір сүріп отырған жастардың да ойы ұшқыр, қиялдары да өте жоғары, осындай мақсатта берілген үй тапсырмасы «Информатика-үшінші мыңжылдықта» деп аталатын келесі сайысқа кезек берейік, сайыскерлер қиялындағы болашақты тамашалайық:

Үй тапсырмасының жоғарғы балы 5 балл-дан есептеледі.

6. Ата-бабамыздың тілі қазақ тілінде мақал-мәтелдер өте көп, жалпы қазағымыз өз тәжірбиесінен жинаған, көрген-білгенін өнеге қылып, мақал-мәтел түрінде ұрпаққа қалдырып отырған. Бізде бүгін, қанымызда бар көрегенділікпен информатика тіліндегі ақпаратты өзіміз білетін мақал-мәтелмен сәйкестендіріп көрелік, келесі сайысымыз «Айлалы ақыл-ой», әр дұрыс жауапқа 1 балл-дан есептеледі.

6 сайыс «Айлалы ақыл-ой»

"Ақпаратты мақал-мәтелдермен сәйкестендіріп өңдеу"

1. Жігітті компьютеріне қарап таны (Жігітті досына қарап таны)
2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке - кірмейді (шегірткеден қорыққан егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Атының сыры, иесіне мәлім)
5. Веб - дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасасада. (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
6. Білмесең, «анықтама» - дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
7. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (бір ақылдан, екі ақыл артық)
8. Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды. (Досы күштіні - жау алмайды)
9. Күлсең ескірген компьютерге күл (Күлсең кәріге күл)
10. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады (айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарар)

7.«Ымды түсінбеген, дымды түсінбейді» -дейді қазақ, сайыскерлеріміздің ауызбіршілігімен түсіністіктерін және топбасшының ептілігін айқындайтын келесі сайысымыз «Түсін мені» деп аталады. Әр топтың топ басшылары әділ-қазылардан өз тапсырмаларын алып, берілген екі тапсырманы топ мүшелеріне біртіндеп тек іс-қимыл арқылы түсіндіру керек. Топ мүшелері жасырылған сөзді тауып, жауабын айту керек. Әр дұрыс жауапқа 3 балл-дан есептеледі.

Осымен сайыскерлер барлық сайыстардан өтіп, өз өнерлерін көрсетті, енді осы топтарға қошемет көрсетіп қояйық. Әділдігін айтып, баға беретін әділ-қазыларға сөз берейік.

Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті, бүгінгі сайыста «Информатика жұлдыздары» болып ___________________ тобы танылды, құттықтаймыз!

Барлығыңызға да рахмет!







6 сайыс. «Айлалы ақыл-ой»

1. Жігітті компьютеріне қарап таны

2. Байт биттен құралады

3. Вирустан қорыққан, интернетке - кірмейді

4. Компьютердің жұмысы иесіне мәлім

5. Веб - дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса да.
6. Білмесең, «Ғ1» - дан сұра .
7. Екі ядролы процессор жақсы, төрт ядролы одан да жақсы.
8. Антивирусы күштіні - вирус ала алмайды.
9. Күлсең ескірген компьютерге күл
10. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.

6 сайыс. «Айлалы ақыл-ой»

  1. Жігітті компьютеріне қарап таны

2. Байт биттен құралады

3. Вирустан қорыққан, интернетке - кірмейді

4. Компьютердің жұмысы иесіне мәлім

5. Веб - дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса да.
6. Білмесең, «Ғ1» - дан сұра .
7. Екі ядролы процессор жақсы, төрт ядролы одан да жақсы.
8. Антивирусы күштіні - вирус ала алмайды.
9. Күлсең ескірген компьютерге күл
10. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.

6 сайыс «Айлалы ақыл-ой»

"Ақпаратты мақал-мәтелдермен сәйкестендіріп өңдеу"

1. Жігітті компьютеріне қарап таны (Жігітті досына қарап таны)
2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке - кірмейді (шегірткеден қорыққан егін екпес)
4. Компьютердің жұмыс, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Веб - дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасасада. (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
6. Білмесең, «анықтама» - дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
7. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (бір ақылдан, екі ақыл артық)
8. Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды. (Досы күштіні - жау алмайды)
9. Күлсең ескірген компьютерге күл (Күлсең кәріге күл)
10. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады (айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарар)




3 сайыс. «Байқампаз бағдарламашы»

1.Паскаль программалау тілінде программа фрагменті берілген:

a:=27;

if a>0 then a:=a*2 else a:=a+2

writeln(a);

Нәтижесінде экранға қандай жауап шығады?

Жауабы: 54

2.Программа жолдарын ретке келтір:

Берілгені Жауабы:

  1. s:=0;

  2. writeln(s);

  3. begin

  4. var i,s:integer;

  5. s:=s+i;

  6. end.

7)for i:=1 to 10 do

  1. var i,s:integer;

  2. begin

  3. s:=0;

  4. for i:=1 to 10 do

  5. s:=s+i;

  6. writeln(s);

7) end.




«Информатика жұлдыздары» сайысының бөлімдері бойынша есептелетін балл:

І-сайыс. «Серпілткен сегіздік» - Бұл сайыста 8 ғалым туралы айтылады, әр дұрыс жауапқа 1 балл-дан есептеледі.

ІІ- сайыс «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» - адасып кеткен әріптерді орынына келтіріп, белгілі бір жүйемен реттелген сөздердің артығын табу: Әр дұрыс жауапқа 2 балл-дан есептеледі.

ІІІ- сайыс. «Байқампаз бағдарламашы» - Паскаль бағдарламалау тілінде жазылған программаның қатесін табу керек.

Әр дұрыс жауапқа 2 балл-дан есептеледі.

ІV- сайыс. «Ептілік таныт» - Әр дұрыс жауапқа 5 балл-дан есептеледі.

V- сайыс. «Информатика-үшінші мыңжылдықта» - Үй тапсырмасының жоғары балы 5 балл-дан есептеледі.

VI- сайыс. «Айлалы ақыл-ой» - әр дұрыс жауапқа 1 балл-дан есептеледі.

VIІ сайыс. «Түсін мені» - Әр топтың топ басшылары әділ-қазылардан өз тапсырмаларын алып, берілген екі тапсырманы топ мүшелеріне біртіндеп тек іс-қимыл арқылы түсіндіру керек. Топ мүшелері жасырылған сөзді тауып, жауабын айту керек. Әр дұрыс жауапқа 3 балл-дан есептеледі.


© 2010-2022