Компьютер және оның негізгі құрылғылары

"Описание материала: Сабаққа байланысты жазылған мәтін әр оқушыға беріледі. Өз аттарына папка ашып, документті сол папкаға сақтап.,құжатты 18шрифпен жазу. Пернетақта – компьютерге I. Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады. 1. Информатика дегеніміз не ? Ақпараттық процестерді зерттейтін "Компьютер және оның негізгі " құрылғыларымен жұмыс жасауға машықтандыру "" " "" ""ә) Тәрбиелігі: "Адамгершілікке, ұқыптылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу "" ""б) Дамытушылы...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



АШЫҚ САБАҚ

Сабақтың тақырыбы

Компьютер және оның негізгі құрылғылары



Пән мұғалімі : Мақашова Л. А

7 сынып


Сабақтың тақырыбы : Компьютер және оның негізгі

құрылғылары

Сабақтың мақсаты :

а) Білімділігі : Компьютер және оның негізгі

құрылғыларымен жұмыс жасауға машықтандыру

ә) Тәрбиелігі: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу

б) Дамытушылығы : Логикалық ойлау қабілетін дамыту. Компьютерге

деген қызығушылығын арттыру

Сабақтың көрнекілігі : Интерактивті тақта, компьютерлер, слайдтар, карточкалар, лабораториялық жұмыстар

Сабақ барысы :


  1. Ұйымдастыру


  1. Үй тапсырмасын сұрау

I. Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады.

1. Информатика дегеніміз не ?

Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым информатика деп аталады

2. Компьютер дегеніміз не ?

Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал - компьютер

3.Ақпарат дегеніміз не ?

"Ақпарат " сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан.

4. Процессор дегеніміз не ?

Процессор- компьютердің ең басты бөлігі. Ол -компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламалардағы барлық командаларды орындайды.

II. Компьютер және оның негізгі құрылғыларына толық мәлімет беру үшін слайдтар көрсетіледі. Слайдтар көру арқылы оқушылар білімдерін толықтырады.

III. Оқушылардың алған білімдерін тексеру мақсатында оқушылардан өзін - өзі тексеру тесті алынады.


  1. Лабораториялық жұмыс

Сабаққа байланысты жазылған мәтін әр оқушыға беріледі.

Өз аттарына папка ашып, документті сол папкаға сақтап.,құжатты 18шрифпен жазу.

Пернетақта - компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы.

Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге

кез келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі

компьютерлердің пернетақтасында 102 немесе одан да көп перне болады.

Маус -бұл манипуляторлық типті енгізу құрылғысы, оның тегіс кілемше бетінде жылжуы экранда бейнеленеді. Меңзерді экранда тез жылжытуға және обьектілерді басқаруға арналған.

VI. Компьютер құрамына енетін негізгі құрылғыларды жазыңдар :

Компьютер және оның негізгі құрылғыларыКомпьютер және оның негізгі құрылғылары

VII. Интерактивті тақтаны пайдаланып «Ассоцация құру »

Компьютер және оның негізгі құрылғылары

принтер

сканер

научник

Веб камера

VIII. Интерактивті тақтаны пайдаланып, кітапхана қорынан компьютер және оның негізгі құрылғыларын флипчарт терезесіне құрастырып жинақтау.

IX. Арнайы пернелердің қызмет кестесін толтыру :

Перне аты

Перненің қызметі

Enter

Енгізуді аяқтау сигналы

Backspase

Бұл перне меңзердің сол жағында тұрған символды өшіреді.

Delete

Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді.

Caps Lock

Егер бұл пернені бір рет басса, бас әріптер енгізіледі, тағы бір рет басса, қайта кіші әріптер енгізіледі.

Shift

Үлкен/ кіші әріптерді ауыстырып қосу

Бос орын пернесі

Символдарды бір - бірінен ажыратып жазу үшін қолданылады.

Num Lock

Сандық пернетақтаны жұмысқа қосады.


X. Оқушылармен « Форум » өткізу

Тақырыбы : Сабақтан алған әсерім, не үйрендім , нені білгім келеді ?

Әр оқушы өздері алдын - ала дайындалған жұмыс столындағы Бағалау парағын ашып толтырады.

XI. Тақырыпты қорыту

XII. Үй тапсырмасы : Компьютер және оның негізгі

құрылғылары

XIII . Оқушыларды бағалау






© 2010-2022