Сыныптан тыс сабақ 7класс

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Хакерлер сайысы

(білгірлер, тапқырлар білім сайысы)

Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау. Алған білімдерін нығайту.

2. Дамытушылық: Ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Ұйымшыл болуға, әдептілікке, сабырлылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабағы.

Көрнекіліктер: ДК, Интерактивті тақта, карточкалар, слайд.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, «Хакерлер сайысы» атты білгірлер мен тапқырлар білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.

Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

«Хакерлер сайысы»

Ендігі кезек өзінің білімін сынауға, алғырлығымен, тапқырлығымен шыңдауға келген оқушыларда. (Топтар өзіндерін таныстырады). Таныстыруда әр топ 5 ұпайдан алады.

Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпін. Ал, жас қырандар І-турымызды бастаймыз. І-турда топтардың капитандары сайысады.

І - тур. «БӘЙГЕ»

Берілген түрлі анықтамалардың шешімін шапшаң жауап берген оқушылар 8 ұпайға ие болады.

І-топтың сұрақтары:

1. Алғашқы есептеу құрылғысы. (саусақ)

2. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас. (интерфейс)

3. Монитор мен көздің арақашықтығы қандай болу керек? (60-70).

4. Принтер түрлері. (лазерлік, құйылмалы, матрицалық)

5. Компьютердің негізгі құралдарын ата. (жүйелік блок, монитор, пернетақта)

6. Есептер панеліндегі пуск батырмасын басқанда не шығады? (бас меню)

7. Өшірілген файлдар қай папкада сақталады? (корзина)

8. Ең бірінші программа құрған оқымысты (Ада Лавлейс)

ІІ-топтың сұрақтары:

1.8 биттен тұратын өлшем бірлік. (байт)

2. txt. Қандай файл? (блокнот)

3. Компьютердің атасы кім? (Ч.Бэбидж)

4. Ең алғашқы ЭЕМ қай жерде, қай жылы жасалды? (1946 ж. АҚШ-та)

5.ЭЕМ-нің бірінші буынында компьютерлер немен жұмыс істеді? (электрондық шамдар)

6. Компьютер жанындағы өсімдік? (кактус)

7. Вирусқа қарсы программа. (антивирус)

8. Winzip, winrar қандай программа. (архивтік)

ІІ - тур. «Тапқырлар»

Әр топқа компьютер құрылғыларының суреттері беріледі. Әр құрылғыға сәйкес аттарын қою керек. Толық жауабын тапса 7 ұпай алады.

ІІІ - тур. «Жұмбақ әлем»

Бұл турда жұмбақтың жауабын табу керек. Әр дұрыс берген жауапқа 5 ұпай.

1. Үш отау ауылдың шетінде орналасқан, олар сол ауылды басқарады.

Бірінші отаудың есігін қақсаң, ауыл түгел оранып жатып алады.

Екінші отаудың есігін қақсаң, жайылып қалпына келеді.

Үшінші отаудың есігін қақсаң, есіктерін тіпті тас қылып жауып алады.

2. Оларды компьютердің қосымша бөліктері деп атайды.

Олар ағалы-інілі.

Олар сыбырлап та, айқайлап та сөйлейді.

3. Оның үш түрі бар.

Оның кейбіреулері инемен жұмыс істегенді ұнатады.

Оның істеген жұмыстарының нәтижесін тек қағаздан ғана көруге болады.

4. Биологияда бұл паразит

Көзге зорға көрінер

Информатикада өлшем бірлігі

Ақпаратты өлшер?

ІV - тур. «Қанша тілді білесің?»

Берілген сұрақтардың жауабын үш тілде атау керек. Әр дұрыс берген жауапқа 5 ұпай алады.

І-топтың сұрақтары:

1. Компьютердің енгізу құрылғысы, манипулятор. (тышқан-мышка-маус)

2. Жұмыс үстелінің негізгі мәзірі. (Бастау-Пуск-Start)

1. Терезені жабу батырмасының аты. (Жабу-закрыть-exit)

ІІ-топтың сұрақтары:

1. Сурет салу қаламы. (қарындаш-карандаш-pensil)

2. Құжатты сақтау батырмасының аты. (Сақтау-сохранить как-Save as)

3.Қажет емес символды алып тастау пернесі. (алып тастау-удалить-delete)

V - тур. «Ғажайып алаң».

Бұл турда әр топ әртүрлі тақырыптан таңдап жауап береді.

1-тақырып: Дербес компьютер.

10 - Компьютердегі мәліметтерді сақтайтын негізгі құрылғы қалай аталады? (қатты диск)

20 - Компьютердің қандай құрылғысында информация өңделеді? (процессор)

30 - Мультимедия дегеніміз не? (дыбыстық,музыкалық, графикалық және видео инф. бірігуі)

2-тақырып: Windows ОЖ.

10 - ОЖ дегеніміз не? (басқарушы және қолданбалы программа)

20 - Файл дегеніміз не? (Дискідегі аты бар бірқатар байттар тізбегі)

30 - ОЖ сыртқы құрылғылармен байланысын қамтамасыз ететін программалар (драйверлер)

3-тақырып: MS Office.

10 - Формат-Тізім командасымен не істеуге болады?

20 - Құжатты сақтау пернесін ата. (F12)

30 - MS Office пакетіне кіретін программаларды ата.

4-тақырып: Жалпы.

10 - Вирусты жоятын бағдарламаларды ата (Doctor Web, Kaspersky, Nod 32)

20 - Интернетке кіру броузерлерін ата. (Internet Explorer, Opera, Mozilla Firefox)

30 - Билл Гейтс (MS фирмасының иегері) алғашқы программасын неше жаста құрды? (13)

Қорыту: Әр топтың жиналған ұпайларына қарап жеңімпаз топ анықталады. Жеңімпаз топ мақтау қағазымен марапатталады.

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз бажаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағыда үйренеміз аман болсақ!



© 2010-2022