І тоқсан. Тест. (7 сынып)

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

І тоқсан. Тест. (7 сынып)І тоқсан. Тест. (7 сынып)І тоқсан. Тест. (7 сынып)І тоқсан.

7 сынып. І нұсқа.

  1. Компьютердегі жұмысты аяқтаған оқушы не істеуі керек?

А) Мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмысты аяқтап, жұмыс орнын ретке келтіру

В) Компьютерді ажырату батырмасын басу

С) Тұрып кабинеттен шығу

Д) Бөлмені ылғалдап сүртіп шығу және желдету

  1. Компьютермен жұмыс істеу кезінде қандай сақтық ережесін білу керек?

А) мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды

В) Жұмыс кезінде сымдарды қозғамау, тиіспеу

С) Үстелге, компьютер жанына, пернетақтаның үстіне бөгде заттарды: сөмке, портфель, кәтап қоюға болмайды

Д) Компьютермен жұмыс істеу кезінде көз бен экранның арақашықтығы 60-70 см болуы

  1. Қауіпсіздік ережелері неше бөлімге бөлінеді: ..........

А) 3 В) 4 С) 5 Д) 6



  1. Компьютер көмегімен . .................., ................, ................, ..............., бейне ақпараттарды өңдеуге болады.

  2. Компьютерде ақпарат қалай өңделеді?

А) мәтін түрінде

В) екілік кодта

С) сигнал түрінде

Д) ондық жүйеде

  1. Код дегеніміз не?

А) ақпаратты белгілі бір ережеге сәйкес түрлендіру

В) ақпаратты екілік кодтан адамға түсінікті түрге түрлендіру

С) ақпаратты ондық жүйеде берлуі

Д) ақпараттың сандық түрде берілуі

  1. 1 мбайт неге тең?

А) 1000 кбайт

В) 1020 кбайт

С) 1024 кбайт

Д) 1024 бит

  1. Ақпараттың ең үлкен өлшем бірлігі:

А) бит;

В) Мбит;

С) Гбайт;

Д) байт;

  1. 1 байттың көмегімен неше символды кодтауға болады?

А) 512;

В) 256;

С)1024;

Д) 1000;

  1. Ағылшын тілінде мәтіндік ақпаратты кодтау үшін ... қажет

А) ASCII кестесі

В) екілік есептеу жүйесіне көшу

С) ағылшын тіліне көшу

Д) мәтіндік символдардың санын санау

  1. Мәтіндік ақпаратты кодталуында бір символға кодтау үшін ... қажет

А)2 бит

В) 4 бит

С) 6 бит

Д) 1 байт

  1. Түрлі түсті графикалық ақпаратты 1 пиксельге кодтау үшін ... қажет

А) 2 бит

В) 4 бит

С) 6 бит

Д) 1 байт

  1. Аналық тақшада қандай жад орналасқан?

А) қатқыл диск

В) дискет

С) Жедел жадтау құрылғысы

Д) лазерлік диск

  1. Сервер-ол:

А) Компьютерлік желілердің орталық торабы табылатын компьютер

В) Суперкомпьютер

С) Үлкен компьютер

Д) Ақпарат сақтауға арналған компьютер

  1. Ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін қызмет ететін құрылғы?

А) жедел жад

В) Процессор

С) Дискжетек

Д) сыртқы тасуыштар

  1. Алғашқы ОЖ-нің интерфейсі қандай болды?

А) графикалық

В) қолданушылық

С) бұйрықты жолдар

Д) ыңғайсыз

  1. Операциялық жүйе дегеніміз ... (дұрыс жауабын көрсетіңіз):

А. Компьютерде эр түрлі есептер шығару үшін программалар жасауға арналған жүйе;

В. Компьютердің сыртқы құрылғыларын басқару ісін атқаратын программалық жүйе;

С. Компьютер мен адамдар арасында қарым-қатынасты ұйымдастыратын программалар тобы

Д. Компьютердегі мәліметтерді көшіретін, өшіретін, орнын ауыстыратын, қағазға шығаратын және оларды жаңадан жасайтын программа;

  1. Паскаль тілін 1968-1971 жылдары швециялық ғалым ................ ................... қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын.


  1. Программалу тілінде белгілі бір іс-әрекетті тізбектеп орындай алатын ең қарапайым сөйлем ... деп аталады.

А) алгоритм

В) оператор

С) өрнек

Д) синтаксисі



  1. «Менің компьютерімдегі операциялық жүйе тақырыбына» (5-6 сөйлем) тұратын эссе жазыңдар.






7 сынып. ІІ нұсқа.

  1. Компьютерде жұмысты бастамас бұрын оқушы не істеуі керек?

А) Компьютер жабдықтамаларында немесе жалғағыш сымдарында ақаудың жоқ екеніне көз жеткізу керек

Б) Мониторды көз деңгейімен бірдей етіп, көру бұрышына перпендикуляр орналастыру керек

С) Оқу құралдарын үстел үстіне орналастыру керек

Д) Сыныпта компьютерді аралап жүру керек

  1. Қауіпсіздік ережелері қандай топтарға бөлінеді:

1. жалпы қауіпсіздік ереже, 2. ......................., 3.компьютермен жұмыс істеу кезінде, 4. ......................, 5. ....................................................... .

  1. Жалпы қауіпсіздік ережесін көрсет

А) мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды

В) Жұмыс кезінде сымдарды қозғамау, тиіспеу

С) Үстелге, компьютер жанына, пернетақтаның үстіне бөгде заттарды: сөмке, портфель, кәтап қоюға болмайды

Д) Компьютермен жұмыс істеу кезінде көз бен экранның арақашықтығы 60-70 см болуы

  1. Мұғалімнің сабақты түсіндіруі ақпараттың қандай түріне жатады

А) сандық В) бейне С) дыбықтық Д) мәтіндік

  1. Сәйкестеңдір:

    Мәтіндік

    Арман М.Мақатаев шығармасын тыңдады

    Сандық

    Графикалық

    Менің атым Қожа оқушылар көріп талқылады

    дыбыстық

    123, 12+25, 5*56 т.б.

    бейне

    Менің алғашқы бағдарламам

  2. Кері кодтау дегеніміз не?

А) ақпаратты ондық жүйеде берлуі

В) ақпаратты белгілі бір ережеге сәйкес түрлендіру

С) ақпаратты екілік кодтан адамға түсінікті түрге түрлендіру

Д) ақпараттың сандық түрде берілуі

  1. Мәтіндік ақпаратты UNICODE кодталуында бір символға кодтау үшін ... қажет

А) 2 бит

В) 6 бит

С) 16 бит

Д) 1 байт

  1. Растрлық суреттер - ... тәсілмен кодталған суреттер.

А) графиктік

В) нүктелік

С) сандық

Д) екілік

9. 5 килобайтта:

А) 5000 байт;

В) 5000 бит;

С) 5120 байт;

Д) 1024 байт;

10. Санау жүйесі екі үлкен топқа бөлінеді: .................... , ............................. .

11. Компьютерде ақпаратты кодтау үшін қандай есептеу жүйесі қолданылады?

А) ондық

В) екілік

С) он алтылық

Д) сегіздік

12. Операциялық жүйе дегеніміз не?

А) ДК -дің белгілі бір жалғаулары;

В) ДК-ң жұмысын қамтамасыз ететін программалар жиынтығы;

С) Сандық және цифрлық берілгендерді өңдеу программасы;

Д) Мәтіндік ақпаратты өндейтін бағдарлама

13. Операциялық жүйенің атқаратын қызметіне енбейді:

А) Есептеулерді орындау

В) Автоматты түрде іске қосу

С) Компьютердің аппараттық және программалық ресурстарын жалпы басқару

Д) Басқару пультінен интерфейстерді басқару

14. Компьютер өшіргенде кезде ақпарат:

А) жедел жадтан жойлады

В) тұрақты есте сақтайтын құрылғыдан жойылады

С) қатқыл дискіден өшіріледі

Д) компакт-дискіден өшіріледі

15. Нетбук деген не?

А) Шағын мөлшерлі ноутбук

В) Алақан компьютері

С) Интернетке қосылған дербес компьютер

Д) Оқыту мақсатындағы компьютердің арнайы түрі

16. Компьютер құрылғыларының қайсысы жүйелік блок құрамына кірмейді?

А) Процессор

В) Принтер

С) Дискжетек

Д) Жедел жады

17. Алфавит символдарынан программаны дұрыс құру тәсілдерін анықтайтын ережелер жиыны

программалау тілінің ... .

А) синтаксисі

В) операторы

С) сипаттамасы

Д) идентификаторы

18. Паскаль тілінде программа 3 бөліктен тұрады: ............. , ................, .................. .

19. Программа жазылуы қандай сөзден басталады?…

А) PROGRAM

В) BEGIN

С) DATA

Д) VAR

20. «Операциялық жүйелер қандай қызметтерді орындайды» (5-6 сөйлемнен) эссе жазыңдар

© 2010-2022