Сыныптан тыс сабақ (внеклассные мероприятие)

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФЛОРИСТИКА КОЛЛЕДЖІ











СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚТЫҢ

ДӘЙЕКТЕМЕСІ

Тақырыбы: «Үздік мамандық иесі»


Сыныптан тыс сабақ(внеклассные мероприятие)












Тақырыбы: «Үздік мамандық иесі»

Мақсаты: Мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, болашақ маман иелерінің кәсіби біліктілігін арттыру.

Өтілу барысы:

  1. Топтың аты, ұраны, эмблема,үй тапсырмасы(Pinnacle Studio)

  2. Еңбек етсең ерінбей...

  3. Өзіңді шыңдай біл

  4. Баппен бастап, талғаммен аяқта

  5. Шебердің қолы ортақ

  6. Шешеннің сөзі ортақ

Мұғалім сөз:

Сыныптан тыс сабақ(внеклассные мероприятие)Сыныптан тыс сабақ(внеклассные мероприятие)

Жүргізуші 1: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар «Үздік мамандық иесі» кәсіби жарысымызға қош келдіңіздер! Әділқазылар алқасымен танысып қояйық.

1. Малбасова Ш.

2. Актамова Н.

3. Алиева Г.

4. Жүнісова З.

Жүргізуші 2: Әрқайсымыздың көкейімізде осы мамандықты таңдағанда қойған мақсатымыз тұр. Осы мақсатымызға жету үшін кәсіби шеберлігімізді шыңдай білуіміз қажет.

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден - жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол - еңбектену, жалықпау дей отырып шеберліктің алғашқы баспалдағынан сүрінбей өтулеріңізге сәттілік тілейміз.

Жүргізуші 1: Сайысымыздың өтілу барысымен таныстырайық.Сайыс 6 кезеңнен тұрады.

  1. Топтың аты, ұраны, эмблема,үй тапсырмасы(Pinnacle Studio)

  2. Еңбек етсең ерінбей...

  3. Өзіңді шыңдай біл

  4. Баппен бастап, талғаммен аяқта

  5. Шебердің қолы ортақ

  6. Шешеннің сөзі ортақ

Ал ендісайысымыздың алғашқы кезеңін бастайық. 1 кезең Топтың аты, ұраны, эмблема, үй тапсырмасы. Оқушылар өз топтарын таныстырады. Жалпы ұпай саны 20

Жүргізуші 2:

Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап, жым отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талантқа. - деп, 2 кезеңді бастасақ. Еңбек етсең ерінбей... - бұл бөлімде қатысушыларымыз визитка және ашық хат дайындап алып келген соны түсіндіріп, көрермендерге нарық бағасына сай өткізе білуі керек. Ұпай сандары өткізілген тауардан түскен жетондар санымен есептеледі.

Жүргізуші 1:

Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ тапсырма болса - деп 3 кезеңге өтейік. Өзіңді шыңдай біл кезеңінде әр оқушыға логикалық тапсырмалар беріледі, әр дұрыс тапсырмаға 10 ұпай.

Жүргізуші 2:

Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып - тасып, асықпа, қалыспа сен!
Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,
Шапшандық бұл сайыста қажет екен, - деп 4 кезеңімізді бастайық. Баппен бастап, талғаммен аяқта - 3 DS Max бағдарламасында болашақ жұмыс кабинетін жасақтау. Бұл сайысқа әр топтан 1 оқушыдан қатысады. Жалпы ұпай саны - 20.

Сыныптан тыс сабақ(внеклассные мероприятие)Сыныптан тыс сабақ(внеклассные мероприятие)

Жүргізуші 1:

Сайыс - толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста- деп 5- кезеңге өтейік. Шебердің қолы ортақ атты кезеңімізде - ДК-ді жинақтау. Бұл кезеңге әр топтан екі оқушы қатысады. Оқушылар ДК-ді жинақтап болғанша 2-О топ оқушыларының өнерін қабыл алыңыздар. Жалпы ұпай саны - 20.

Сыныптан тыс сабақ(внеклассные мероприятие)Сыныптан тыс сабақ(внеклассные мероприятие)

Жүргізуші 2:

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер деп соңғы кезеңіміз шешеннің сөзі ортақ деп аталады. Бұл бөлімде «ХХІ ғасыр техниканың озық дамыған ғасыры» - атты тақырыпта шешен сөйлеу.Сайысқа әр топтан екі оқушы қатысады.

Сыныптан тыс сабақ(внеклассные мероприятие)Сыныптан тыс сабақ(внеклассные мероприятие)


Сыныптан тыс сабақ(внеклассные мероприятие)

Жүргізуші 1:

Сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік...

Жүргізуші 2:

Үздік маман иесі болып ... топ оқушыларына марапат қағазын берсеңіздер.

Уақыт бөліп келгендеріңізге рахмет!






© 2010-2022