Ақпараттық – коммуникациялық технология негізінде

Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Аққорған ауылы

№256 орта мектебінің

информатика пәнінің мұғалімі

Амалбеков Данияр



Ақпараттық - коммуникациялық технология негізінде

Қазақстан Республикасы болашақта өсіп -өркендеп, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің бірі болуы бүгінгі жастарды жоғарғы дәрежелі білімді, мәдениетті маман етіп тәрбиелеуге тікелей байланысты. Демек, жоғарғы оқу орындарына қойылатын негізгі талап - жан-жақты білімді, кәсіби мамандығын жете игерген, қабілетті, іскер маман дайындау.Бұндай маман дайындау қазіргі оқу жүйесіне көптеген өзгерістер талап етеді.Соның бірі ақпараттық коммуникациялық технология негізінде болашақ ұстаздар тәрбиелеу болып табылады.

«Технологиялық білім» термині ХХ ғасырдың 40-50 жылдары пайда болды.Бұл термин тұрмыстық құрал-жабдықтарға (үнтаспа, телевизор т.б.) сол сияқты оқу үрдісінде техникалық құрал -жабдықтарға байланысты қолданылып келген болатын.

50-60 жылдары «технологиялық білім» термині бағдарламалы оқыту идеясын тарату мақсатында педагогикалық үрдісте әдіс-тәсіл жиынтығы ретінде қолданылған.

Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» түсінігінің жаңа даму кезеңі жүріп жатыр, бұл түсінік 1980 жылдары арнайы компьютерлер арқылы жан-жақты ақпаратты-бағдарлама жүйесінде оқыту пайда болған кезден дамыған. Оның жан-жақтылығы сандық жүйені әр түрлі шолып байқау арқылы анықталып, оқудың жаңа мүмкіндіктері пайда болды.

Технология жүйесін ұйымдастыру білім беру технологиясына сүйене отырып жүргізіледі. Яғни, «материалдық орта - оқытушы - оқушы» бірлікте жұмыс жүргізе отырып, негізгі оқу формасына негізделеді(жеке, топтық, ұжымдық).

Соңғы технологиялық жүйе - бұл, шын мәнінде, оқыту әдісі. Біз педагогикалық жүйенің келесі бөлігіне ерекше көңіл бөлеміз; оқытудың мақсаты; оқу материалының мазмұны; оқу әдіс-тәсілдері; оқытушы мен оқушының жұмыс әдісі; оқу үрдісін ұйымдастыру формасы; оқытушы мен оқушының іс-әрекеті. Педагогикалық жүйеде оқушыға білім дайын күйінде берілмейді, олар өздері жан-жақты іздену арқылы қабылдайды, яғни зерттеу жұмыстары, шығармашылық жұмыстар жүргізе отырып қажетті білімді қабылдайды. Оқушының білім-білік дағдыларын қалыптастыру арқылы, оның өз бетімен жұмыс жүргізе білуіне және алдына мақсат қоя білуінде.

Оқу үрдісінде оқытушы және оқушы, оқушы және оқыту әдісі арасындағы байланыс басты рөл атқарады.Оқушы іс-әрекетінің мазмұны ақпаратты қабылдау, оны ұғыну, білік-білім дағдыларын жетілдіру болып табылады.

Оқытушы міндеті оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру, ақпараттық жүйелеу, оны қабылдауға жағдай жасай отырып, оқушыға бағыт, бағдар беру болып табылады.

Арнайы компьютер пайда болғанға дейін білім оқытушылар мен кітап арқылы берілген, сондықтан да теориялық білімді оқытушы мен кітап арқылы алған.Осы уақытқа дейінгі білім беру тәжірибесіне көз жүгіртер болсақ, білімді бағалау және шешім қабылдауды оқытушылар жүргізген, зертханалық тәжірибелерді оқытушының нұсқауымен жүргізе отырып, бағаланған.Арнайы компьютер қолдану арқылы оқу-әдістеме жүйесі пайда болды, ол оқытушының іс-әрекетін атқара алады, оқытушы бағыт беруші қызметін атқарады. Мысалы ақпаратты ұйымдастыратын, тексеретін арнайы компьютер оқу әдісіндегі жүйеде бірінші және екінші құрылымда жұмыс жүргізе алады.Негізінде адам-машина бірлігінде жеке өз бетімен білім алуға мүмкіндік туады. Арнайы компьютер әр түрлі ақпарат бойынша жұмыс істеуге жол ашып отыр.Оқытушы магниттік дискі, телекоммуникациялық сеттер арқылы компьютерде берілген ақпараттарға сүйене отырып дәріс оқи алады. Арнайы компьютердегі өлшеу, есептеу мүмкіндіктері оқытушының көрсету тәжірибесін сапалы түрде өткізуге тиімді.

Жаңа ақпараттық технологияның жылдан-жылға кең құлаш жайып дамуы адам қызметінің

барлық салаларына енуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік техниканы пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерлерге деген оң көзқарасын қалыптастырумен қатар, оқушы-лардың сыныпта және сыныптан тыс оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру «Қазақстан - 2030» бағдарламасында көрсетілгендей көкейкесті мәселелердің бірі. Бұл мәселе бойынша тәжірибелер жинақталуда. Қазірден бастап балаларды кішкентайынан өздерін қоршаған ортамен жан-жақты таныстыру, олардың логикалық ой-өрісін шығармашылық жағынан дамыту, сөйлеу және жүріс-тұрыс мәдениеттілігін арттыру, оларды «компьютер әлеміне» баулу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр.

Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық-психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейлерін көтере алмайды. Сол себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындайды. Бастауыш сынып оқушыларына информатика мен жаңа ақпараттық технология элементтерін енгізудің қажет екендігі зерттеу жұмыстары арқылы толық жүргізіліп, оқыту әдістемелері жан-жақты қарастырылды. Атап айтатын болсақ, отан-дық және шет елдік зерттеулермен таныса отырып, алдымен теориялық материалдар жинал-ды, кейін осы жиналған матермалдарға қатысты бағдарлама жасалды. Ол үшін алдымен бас-тауыш мектептерге арналған әртүрлі басылымдағы педагогикалық-психологиялық теорияға негізделген көзқарастарды, мектептегі тәжірибелі мамандар-бастауыш сынып мұғалімдерінің көзқарастарын есепке алып, осы мақсатта жүргізілген ата-аналар пікірі мен экспериментар жұмыстың қорытындысын қолдана отырып 1-сыныптан бастап мектеп оқушыларына информатика пәні бойынша жүргізілетін сабақтардың жылдық күнтізбелік - тақырыптық жоспар үлгісі жасалды.

Оқушылар информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде, олардың қазіргі өмір ағымына деген көзқарастарының жан-жақты жоғары дәрежеде дамуына байланысты, енді инфор-матика пәнін тіпті 1-сыныптан бастап енгізуге болады деген пікірлер ұсынылуда.

Информатикалық қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін алдымен логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, өзара қарым-қатынасқа үйрету керек. Психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады.

Ақпаратты - логикалық. Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден, оқушылардың қоршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу қабілеттерін дамытса, екіншіден, ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар байқағыштығын, зейінін, берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді жолын таба білу қабілетінің дамуына әсері мол: Психологтардың зерттеуінше, ойлаудың логикалық құрылымының негіздері 5-11 жас аралығында қалыптасады. Сондықтан да алгоритімдік ойлау қабілеттерін барынша ерте жастан қалыптастыру қажеттігі өзінен-өзі туындайды.

Отандық және шетелдік оқытушылар оқушылардың ақпаратты қабылдау іс-әрекеті негізінде және ұйымдастыра білу үлгісінде топтастыра отырып педагогикалық технологияның келесі түрлерін атап көрсетті; нақтылы дәріс беру; аудио, көзбен көру техникалық құралдар арқылы оқыту; оқу кітабы арқылы оқыту; аз топ жүйесі, топтық, дифференциялық жүйе арқылы білім беру; компьютерлік білім беру; репетитор - жеке білім беру жүйесі; бағдарлы оқыту.

Оқытушы басты рөлде болмайды, оқушы білім жүйесінде басты тұлға бола отырып, өзіне қажетті ақпаратты ала отырып жұмыс жүргізеді, оқытушы тек көмек беріп отырады.

Білімді жобалауда басты қалыптасқан жүйе дайын білімді қабылдау жүйесі өзгереді.

Оқу үрдісінде негізгі элемент білім емес, ақпарат болып есептеледі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.А.Хамзина, Г.Молдағалиева, Г.Қабдисалиева.

Бастауыш сыныпта информатиканы енгізудің қажеттілігі

(Информатика негіздері №5(41), 2008)

2. Эльмира Мажитова,

Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ойлау қабілеттері мен коммуникативтік дағдыларын дамыту

(Информатика негіздері №6(42), 2008)

3. Б.Барсай.

Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамалары.

(Бастауыш мектеп, 1999, №8-9)

4. А.Байдыбеков.

Компьютерді оқытуда қолдану.

(Бастауыш мектеп, 1999, №7 )



















© 2010-2022