Ашық сабақ жоспары Стилдермен жұмыс тақырыбына

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін

Оқу және өндірістік оқу

ісі жөніндегі директордың

орынбасары Қадырова А.А.

______________

«___» _____ 2015 ж

Ашық сабақ жоспары Стилдермен жұмыс тақырыбына

Өндірістік оқыту шебері: Утаралиева М.С.













Қапшағай қаласы 2015 жыл.

Сабақ жоспары № 21

Күні:11.02.2015 ж

Тақырыбы: Стильдермен жұмыс.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: MS Word редакторында стилдермен жұмыс жасауды үйрету,символдарды форматтау, мәтінді туралау, жоларалық интервал, сияқты мәтіндік құжаттарды форматтаудың жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Студенттердің компьютерге деген қызығушылығын және ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істеу шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және осы сабақта алған білімдерін пайдалана білуге ықпал жасау. Тәрбиелік: MS Word редакторында мәтінді сауатты теру. Жүйелікке, еңбекке, іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, слайдтар, нұсқаулық карта, карточкадағы орындалатын өзіндік жұмыстар.

Сабақтың барысы:

І.Кіріспе нұсқау(45 мин)
1. Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)
Студенттермен амандасып, оқу құралдарын қадағалап, назарларын сабаққа аудару.
2.Өткен материалды пысықтау (9 мин)
«Кім білгір» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау.
1.Сиқырлы шарлар
Форматтау панелінің батырмаларын тап?
(дұрыс тапсаң шар әуеге қалықтайды!)


2. Тосын сұрақтар.

Ашық сабақ жоспары Стилдермен жұмыс тақырыбына

3. Жұмбақты шешу.

Ашық сабақ жоспары Стилдермен жұмыс тақырыбына

3.Сабақтың мақсатын хабарлау: (1 мин)

  • Әр түрлі типті стильді кұжаттарды құрып үйрену;

  • Құжаттарды өндеу және безендірудің негізгі әдістерін меңгеру


4.Студенттердің теориялық дайындығын тексеру: (4 мин)
1.Стильдерді қолдану?
2.Word редакторының пішімдеу батырмалары қызметі ?
5.Тапсырмаға нұсқау беру кезеңі: (5 мин)

Стилдерді қолдану тапсырмалар аймағы

Стилдер терезесі ағымдағы құжатта қолданылып жатқан барлық стилдерді көруге мүмкіндік береді. Оны шақыру үшін Стилдер тобының төменгі бөлігіндегі, төменге бағытталған бағыттауыш түріндегі батырмаға шертіңіз

Ашық сабақ жоспары Стилдермен жұмыс тақырыбына

Стилдер терезесін шақыруға арналған батырма

Үнсіз келісім бойынша Жылдам- стилдер менюіндегі барлық стилдер Стилдер терезесінде бейнеленеді. Қалған барлық қол жетімді стилдерді көру үшін , Параметрлер сілтемесін шертіңіз және Стилдер аймағының параметрлері терезесіндегі Бейнеленген стилдер тізімінен Барлығы нұсқасын таңдаңыз

Ашық сабақ жоспары Стилдермен жұмыс тақырыбына

Стилдер аймағының параметрлері терезесі

Стилдер қалай көрінетінін бақылау үшін Алдын ала қарау жалаушасын орнатыңыз. Енді сіз барлық қол жетімді стилдерді қарай аласыз және қолайлы стилді таңдай аласыз.

Ашық сабақ жоспары Стилдермен жұмыс тақырыбына Стилдер терезесі

6 .Техникалық қауіпсіздік ережелері бойынша сұрақтар қою (7 мин)

Жалпы техника қауіпсіздігі

Жұмысты бастау алдындағы қауіпсіздік ережесі

Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі

Жұмысты аяқтау кезіндегі қауіпсіздік ережесі

Апат жағдайлардағы қауіпсіздік ережесі

Электр тоғымен зақымданғандағы қауіпсіздік ережесі

Ашық сабақ жоспары Стилдермен жұмыс тақырыбынаАшық сабақ жоспары Стилдермен жұмыс тақырыбына

7.Оқушыларға практикалық тапсырмалар беру (15 мин)

Пайдаланушы стилін құру
Пайдаланушы стилін құрудың бірнеше тәсілі бар:

 Пішімделген мәтінді қолдану арқылы;

 Бар стилді қайта түрлендіру арқылы;

 Пішімдеудің барлық баптауларын қолмен орнату арқылы.

Бірінші әдісті толық қарастырайық.

Пайдаланушы стилін құру

Егер сізде безендіруі үлгі болып табылатын мәтін болса, онда соның негізінде стиль құруға болады. Сіз құрылған стилді жұмыс жасап отырған құжаттың кез келген жерінде және басқа файлдарда да қолдана аласыз.

Пішімделген мәтін негізінде стиль құру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1. Үлгі қызметін атқаратын мәтінді ерекшелеңіз;

2. Лентада Стилдер тобындағы Қосымша параметрлер батырмасын шертіп, Жылдам- стилдер менюін шақырыңыз (1. Сурет)

Ашық сабақ жоспары Стилдермен жұмыс тақырыбына

1. Сурет. Қосымша параметрлер батырмасы

3. Ерекшеленген үзіндіні жаңа жылдам- стиль сияқты сақтау командасын таңдаңыз;

4. Стилді құру терезесінде стилдің атын енгізіңіз және ОК батырмасын басыңыз (1.1. Сурет)

Ашық сабақ жоспары Стилдермен жұмыс тақырыбына

1.1. Сурет. Стилді құру терезесі

5. Егер сіз стилдің қосымша параметрлерін бергіңіз келсе, Стилді құру терезесіндегі Өзгерту батырмасын басыңыз;

6. Жаңа стилдін барлық параметрлерін сіз Стилді құру диалогтық терезесінде көре аласыз (1.2. Сурет). Сіз қажет болған жағдайда олардың кейбіреуісін өзгерте аласыз. Ат өрісінде стилдін атын енгізу қажет;

Ашық сабақ жоспары Стилдермен жұмыс тақырыбына

1.2. Сурет. Стилді құру диалогтық терезесі

7. Егер сіз құрылған стилді тек белсенді құжатта ғана емес барлық құжатта пайдаланғыңыз келсе, онда Осы үлгіні қолданатын барлық құжаттарда күйіне қосуды орнатыңыз. Стилді жылдам- стилдер менюіне қосу үшін, Жылдам- стилдер тізіміне қосу жалаушасын орнатыңыз;

8. Жаңа стилдін құрылғанын растау үшін Ок батырмасын басыңыз. Сіз оның Жылдам- стилдер тізімнен орын алғанын көресіз (1.3. Сурет)

Ашық сабақ жоспары Стилдермен жұмыс тақырыбына

1.3. Сурет. Жылдам- стилдер менюіне жаңа стилді қосу



Тапсырма

Word текстік редакторының көмегімен тапсырмаларды орындап, осы шағын әңгімемен мына әрекеттерді орында.

  • Стилдер тобынан стил таңдап стилін өзгерту.

  • Пайдалаушы стилін құрыңдар
    1. «Менің туған жерім» атты тақырыпта шағын әңгіме жаз.Тақырыбы барлығы қарайтылған бас әріппен және қаріп өлшемі - 20 түсі-жасыл, ал қалған мәтінді өлшемі - 16 қарпімен көк түспен тер. Сурет қой.
    2. «Менің ең жақсы көретін пәнім» атты тақырыпта шағын әңгіме жаз.Тақырыбы барлығы қарайтылған бас әріппен және қаріп өлшемі - 20 түсі-қызыл, ал қалған мәтінді өлшемі - 16 қарпімен көгілдір түспен тер. Сурет қой.

3. «Менің досым» атты тақырыпта шағын әңгіме жаз. Тақырыбы барлығы қарайтылған бас әріппен және қаріп өлшемі - 20 түсі-қою көк, ал қалған мәтінді өлшемі - 16 қарпімен қою қызыл түспен тер. Сурет қой.

4. «Менің бос уақытым». атты тақырыпта шағын әңгіме жаз. Тақырыбы барлығы қарайтылған бас әріппен және қаріп өлшемі - 20 түсі-қоңыр - жасыл, ал қалған мәтінді өлшемі - 16 қарпімен фиолетовый түспен тер. Сурет қой.
5. «Менің тобым» атты тақырыпта шағын әңгіме жаз. Тақырыбы барлығы қарайтылған бас әріппен және қаріп өлшемі - 20 түсі-қоңыр - жасыл, ал қалған мәтінді өлшемі - 16 қарпімен фиолетовый түспен тер. Сурет қой.

8. Дәптермен жұмыс (3 мин) Студенттер жаңа тақырып бойынша дәптерге қысқаша мағлұмат жазып алады.
ІІ. Ағымды нұсқау (180 мин)
Тапсырмалар таратылады. Әр студент жеке компьютерде тапсырманы орындайды.

1-аралау.Студенттерді орындарына бөлу

2-аралау. Техника қауіпсіздігін сақтауына және тапсырманың орындалуын бақылау.

3-аралау. Тапсырманы орындау барысында жіберілген қателеріне дұрыс нұсқау беру.

ІІІ. Қорытынды нұсқау. (45)

1 Берілген тапсырма бойынша есеп алу (42 мин)

Әр студент жеке практикалық тапсырмаларын қорғайды, қателері айтылып түсініктемелер беріледі.

Ашық сабақ жоспары Стилдермен жұмыс тақырыбынаАшық сабақ жоспары Стилдермен жұмыс тақырыбына

  1. Өзіндік жұмыс

2.Манекенді сәнді киіндіру арқылы сабақтың бекіту сұрақтарына жауап беру.

Абзац және символдар үшін қажет стилді қалай таңдаймыз ?
Кестелер және тізімдер үшін стилді таңдау жолы?
Жылдам стилдер менюінің көмегімен стиль таңдау?

Ашық сабақ жоспары Стилдермен жұмыс тақырыбынаАшық сабақ жоспары Стилдермен жұмыс тақырыбына



  • Жасалынған жұмыстарға сараптама жасау;

  • Жеткен жетістіктерді айту;

  • Жіберілген кемшіліктерді көрсету;

  • Компьютерді өшіру;

  • Жұмыс орнын жинау.

2. Үйге тапсырма беру(1 мин)

Ашық сабақ жоспары Стилдермен жұмыс тақырыбына

3. Бағалау (2 мин)

Студенттердің есеп берулеріне байланысты бағалау

Ашық сабақ жоспары Стилдермен жұмыс тақырыбынаАшық сабақ жоспары Стилдермен жұмыс тақырыбына

Ө/о шебері: __________________ Утаралиева М.С.

Аға шебер: __________________ Молдабеков С.Т.





© 2010-2022