АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ


Какенова Д.М.

№ 41 ЖББОМ

"Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім алу өте қажет", - деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім және тәрбие беру жолында ақпараттық коммуникациялық технологияны оңтайландыру /1,3-бет/ мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор.

Қазіргі ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі № 6345 өкімімен бекітілген "Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы" мектептегі білім беруді ақпараттандыруға негіз қалап отыр./2,18-бет/

Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты-оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ақпаратты мәдениет дегеніміз - тек компьтермен дұрыс жұмыс істей білу емес, кез келген ақпарат көзін: анықтамаларды, сөздіктерді, энциклопедияларды т.с.с.дұрыс пайдалана білу деген сөз.

Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі - оқу үрдісінде электрондық оқулықтарды енгізу. Оқу материалдарын ұтымды игеруде электрондық оқулықтардың атқаратын ролі орасан зор. Теориялық материалдар әр түрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылы толықтырылып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсіну және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтеді және материалды қорыту үрдісі ұтымды болады. /3,27-бет/

Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі - бұл мұғалімге мектептегі оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пән аралық байланысты күшейте отырып оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.

Бастауыш мектепте оқу үрдісінде ақпараттық технология құралдарын қолданудағы мақсатымыз оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыра отырып, оқыту үрдісінің тиімділігін арттыруға, белсенді өміршең позицияны ұстауға мүмкіндік береді.

Жаңа ақпараттық комуникативтік технологиялар-бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. /5,9-бет/

Бастауыш сыныпта қазіргі ақпараттық техналогияларды оқу үрдісіне пайдалану, оқушыларға білімді сапалы да шығармашылық деңгейде қабылдауға мүмкіндік беру мен қатар, оларды осы үрдістің белсенді субъектісіне айналуына да қолайлы жағдай туғызады.

Ақпараттық коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педогогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы мол.

Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын білім беру жүйесіне енгізу білім алушылардың танымдық қабілеттерін арттырудың бірден бір көзі. Сабақ барысында әр түрлі тәсілдер қолдану оқушылардың есінде ұзақ сақталады және білім мазмұнынан тыс яғни оқу материалынан өзгеше мағлұматтар ала отырып, сабаққа деген белсенділігін, пәнге деген қызығушылықтарының артқанын байқадық. Мысалы ана тілі, қазақ тілі, дүниетану, математика сабақтарында топтастыру, сәйкестендіру тестерін қолданамыз.

Математикада түрлі геометриялық фигураларды салу,салыстыру, құрау жұмыстары оқушылардың таным қабілеттерін арттыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын дамытамыз.

Бастауыш білім берудегі педагогикалық ақпараттық коммуникативтік технология құралдарын оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде,жаңа сабақты түсіндіруде, алынған білімді бекітуде, қайталауда, білім, білік, дағдыларын бақылау барысында қолдануға болады. /4,12-бет/

Ақпараттық технология көптеген оқу бағдарламаларының тууына, дамуына ықпал етеді. Оқушыларға уақытты орынды пайдаланып, оларға жаңа мағлұмат, тың дүние беру-жаңа технологиялардың, ақпараттық технологиялардың жетістігі. Жеке тұлғаның ақыл-ой санасы, оқу, білім алу барысында қалыптасады. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлемін. Оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы олардың белсенділігін арттырады.

Мен өз сабақтарымда пәнішілік интеграцияны жүзеге асыра отырып,оқушы бойына тіл заңдылықтарын зерделеп, қолдана білу, ауыз екі сөйлеу және ойын жазбаша беру біліктерін, дағдыларын тиімді меңгеріп беруді мақсат етіп қоямын. Қызықтыра оқытуға ұмтылған мұғалім бір мезетте оқушылар зердесінің белсенділікке, көңіл-күй толғанысына, еріктік ұмтылысына ықпал етеді. Оқытудың әртүрлі сатыларында танымдық қызығудың түрлі жолдарын қарастырады. Оқыту материалдарына қызықты дәйектерді, іс-әрекеттің жаңа түрлерін, ойын элементін, жарыстар, сайыстар енгізудің де үлкен маңызы бар. Танымдық қызығуға итермелейтін қатынастарға әсерлену деңгейі, оқушылардың өз мүмкіндіктері мен танымдық күштеріне сенім артуы, өзара көмек, жарыс, мадақтау жатады. Қызығу белгілері үш топқа бөлінеді: 1. Оқу үрдісіндегі оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктері: 2. Сабақтан тыс уақытта байқалатын мінез-құлық пен іс-әрекет ерекшеліктері: 3. Оқушылардың өмір сүру ерекшеліктері.

Қазіргі кезде оқушының алған білімі мен іс-әрекет түрлерін іс жүзінде пайдалана алатындай дәрежеге жеткізудің маңызы зор.

Оқушының өз бетімен жұмыс істеуін әр түрлі деңгейде ұйымдастыруға болады. Өз бетімен жұмыстың тапсырмаларын құрастырғанда оның қиындық дәрежесі оқушының оқу мүмкіншілігіне қарай әзірленеді. Сонымен қатар топқа бөліп оқыту тәжірибиесін қолдану керек. Топқа бөліп оқыту тиімділігі нашар оқушы көлеңкеде қалмайды, берілген тапсырманы ақылдасып, бір-біріне түсіндіру арқылы дұрыс орындауға мүмкіндік береді. Тиімді жағы күнделікті сабақта түгел оқушы бағаланады. Ал тәрбиелік жағынан әділ болуға үйренеді, өз араларында беделге ие болады.

Сабақты түрлендіріп қызықты өткізуге көмектесетін, оқушылардың танымдық кабілеттерін арттыратын ойын элементтерін пайдалану, ребустар, сөз жұмбақтар құрастыру жатады. Ойын элементтері оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырып, сөз байлығын кеңейтіп, елестету және қалыптан тыс ойлауын, сөздерді жадында сақтауға үйретеді.

Бастауыш сынып оқушысының жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық түрткілерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады. Оқу іс-әрекеті арқылы адам қоғамдағы тарихи мағылұматтар мен білім қорын меңгеріп, өзінің рухани дүниесін байытады, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады. Әрекеттердің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге бағытталады. Оқу іс-әрекетінде оқушы алдына мақсат қойып, содан нәтиже шығаруға тырысады.

Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын оқу үрдісіне тиімді қолданғанда: оқушыға берілген білімнің сапасы артады; Танымдық қызығушылығы қалыптасады; ақпараттық мәдениет қалыптасады; оқыту үрдісінің тиімділігін арттыру; оқу-зерттеу жұмыстарын да шығармашылықпен жұмыс жасауға үйретеді;

Үнемі сабақ барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға байланысты жұмыстарды тиімді ұйымдастыру олардың теориялық білімді қолдану біліктілігін арттырып қана қоймай шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда танымдық көзқарастарын дамытуда ерекше рөл атқарады. Қорыта келгенде тұрақты даму үшін білім беру үдерісінде АКТ сабақтың мақсат міндетіне сай пайдаланылған жағдайда оқушылардың таным қабілеттерін арттыруда тиімділігіне көз жеткіздік. Сапалы ақпараттық білім беру -тұрақты даму тетігі.

Әдебиеттер:

1."2006-2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының Кешенді бағдарламасы". 2005ж. 3-бет.

2.ҚР-ның білім беру жүйесін 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы." Қазақстан мектебі" №3, 2004ж.18-бет.

3.Досжанов Б, Алменаева Р, Қазақ тілінде электрондық оқулықтармен web-парақтар даярлау әдістері. Информатика негіздері. №3. 2008ж.27-бет.

4. Білімдегі жаңалықтар. №4, 2008ж. 12-бет.

5. Оқыту тәрбиелеу технологиясы. №4, 2009ж. 9-бет.



Аты-жөні (толық) Какенова Даметкен Мугдариевна

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ____________________________________

Жұмыс орны, қызметі № 41 ЖББОМ, Бастауыш сынып мұғалімі

Мекен-жайы Н.Әбдіров көшесі 37/1

Телефон (қаланың коды), е-mail 8 (7212) 510027 [email protected]

Мақаланың тақырыбы АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ

Секцияның атауы Жаңа технологиялар және заманауи қоғамды ақпараттандыру

Қонақ үйіне бронның қажеттілігі ----



© 2010-2022