Мультимедиа түсінігі. Ашық сабақ 10 сынып

Раздел Информатика
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ҒАНИ МҰРАТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСАЙ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ.

Ф/Е - 10/6



Әдістемелік талдама.

Тақырыбы: Мультимедиа түсінігі.





Орындаған: Гулмира Бұйрабаева Өтегенқызы.

"Математика,информатика,физика және ТОҚ"

кафедрасының отырысында қаралды.

№ хаттама « »___________ 2014ж.

Кафедра меңгерушісі: Мырзақасова Г.Е.

Жетісай-2014ж.

Күні: 31.03.2014ж

Пән: «Web-дизайн»

Топ: ТБ11-9/1

Мамандығы: «Техник бағдарламашы»

Сабақтың тақырыбы: Мультимедиа түсінігі.
Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Студенттерге мультимедиа түсінігін түсіндіру. Білімді жүйелеу, тиянақтау, білімділікке үйрету.
2.Дамытушылық:Студенттердің логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, білімділік дағдыларын қалыптастыру.Студенттің өз бетімен жұмыс істеуі, шығармашылық қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік: Студенттерді сауаттылыққа, ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдістері: түсіндіру,сұрақ-жауап, ой қозғау, мағынаны ашу, өз бетімен жұмыс,
Сабақтың көрнекіліктері: компьютер, сызбалар,интерактивті тақта.кеспе қағаздар,плакаттар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (3мин)
ІІ. Жаңа сабақтың жоспарын хабарлау (2мин)

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру (30мин)

Үйге берілген тапсырманы тексеру мақсатында топқа жалпылама тесттер үлестірдім. (10мин)

1.Internet-тегі Қазақстанға тиесілі жоғары деңгейлі доменді көрсетіңіз.

А kz

B .org

C .kaz

D. .kz +

2.Браузер [мысалы,Microsoft Internet Explorer] ... болып саналады.

A. Internet серверлері

В. Вирусқа қарсы бағдарламалар

С. Бағдарлама тілінің трансляторы

D. Web-парақтарды қарау құралы +

3. « Браузер» түсінігінің дұрыс анықтамасын атаңдар:

A. Internet қор көзедіріне шолу жасау бағдарламасы +

В. Элоктронды пошта

С. Internet қызыметтерін ұсыну

D. Іздеу сервері

4. Гипермәтін - бұл ...

А. Өте үлкен мәтін

В. Компьютерде терілген мәтін

С. Өлшемі үлкен қаріпті пайдаланылатын мәтін

D. Ерекшелінген ентаңбалар бойынша өту мүмкіндікттерін жүзеге асыра алатын мәтін +

5. Провайдер - бұл...

А. Телефон байланысы, Internet қызметін ұсынушы компания +

В.Электрондық поштаны баптау және жөндеу жұмыстарын ұсынушы компания

С.Жалғастырушы байланыс қызметін ұсынушы компания

D. Электрондық пошта қызметін жарнамалаушы компания

6. Internet FTP қызметінің мақсаты -...

А.Файдарды жөнелту +

В. Нақты уақыт аралығы режимінде сөйлесу

С. Тестілеу

D. Ау райын болжау

7. Web-бетіндегі еренсілтеме...өтуді қамасыз ете алады.

А.Тек берілген Web-беті шегінде ғана

В. Тек берілген сервер Web-бетіне

С. Берілген аймақтық кез келген Web-бетіне

D. Internet-тің кез келген серверінің кез келген Web-бетіне+

8. Электрондық пошта қызметі...үшін қажет

А. Электрондық хаттарды жөнелту мен алуға+

В. Internet-тің барлық пайдаланушыларының электрондық поштасын қарап шығу

С. Internet-беттерін қарап шығу

D.Сенің үйіңнің пошталық мекен жайыңа келген хаттарды қарап шығу

9. Гиперсілтеме - бұл ...

А. Өте үлкен сілтеме

В. Берілген аймақтың кез-келген бетіне өтуді қамтамасыз ете алады +

С. Өлшемі үлкен қаріпті пайдаланылатын мәтін

D. Ерекшелінген ентаңбалар бойынша өту мүмкіндікттерін жүзеге асыра алатын мәтін

10. WWW (World Wide Web) - бұл..

А.Бүкіләлемдік тор +

В.Телеконференция

С.Жергілікті желі

D.Электрондық пошта

Студенттерден сұрақ-жауап түрінде үй тапсырмасын сұрау. (20мин)

Мультимедиа түсінігі. Ашық сабақ 10 сынып

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары. (35мин)

1. Мультимедиа түсінігі.

2. Презентация, анимация.слайд түсінігі

3. Интерактивтілік түсінігі.

1.Мультимедиа түсінігі.
Қазіргі кезде компьютер тек жазып, оқып, сурет салып қана қоймай, видеофильмдер көрсетеді және компакт - дискіден музыкалық шығармалар тыңдата алады. Осының бәрі компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктері болып табылады. Ол үшін компьютер компакт - дискілерді оқитын құрылғылармен, дыбыс карталарымен, микрофонмен және колонкалармен жабдықталған.
Мультимедиа - дыбыс, графика, анимация (қимыл - қозғалыс), көріністік фрагменттерді және мәтіндерді қатар пайдалана отырып динамикалық түрдегі бейнелер мен дыбыстық мәліметтер алу мүмкіндігін беретін арнайы жабдық. Windows ортасында дыбыстық файлдар құрып оларды құжаттар құрамына енгізуге, кез келген компакт - дискілерде жазылған музыка мен қимылдайтын бейнелерді ойнатуға болады.

Мультимедиа технологиясын қолданудың негізгі салалары:

  • Білім беру мен оқытып-үйретудегі мультимедиа

  • Фирмалық тұсаукесер(презентация) және өнімді жарнамалау.

  • Компьютерде модельдеу және кибернетикалық кеңістік

  • Бағдарлау жүйелері.

  • Қызмет көрсету және жөндеу.

  • Өндіріс және өндірістік бақылау

  • Мұрағаттау және құжаттау.

  • Мультимедиа -тұсаукесерлер.


Мультимедиалық мүмкіндіктерді толық пайдалану үшін компьютер 16 разрядты SVGA мониторымен, MIDI форматын қолдайтын 16 разрядты дыбыстық тақшамен және компакт дискіні оқуға арналған CD - ROM дискіжетегімен жабдықталуы қажет. Жұмыс барысындағы жағдайларға қарай мұнан басқа да көптеген компоненттерді орнатуға болады.
Дыбыстық фрагменттерді қосу кезінде компьютердің мүмкіндіктері айқын көрінеді. Дыбыстық фрагменттерді жазу және оқу үшін, компьютерде дыбыстық тақша орнатылуы керек. Дыбыстық тақшаға динамик жалғанады (дыбысты компьютердің құрамындағы динамикпен тыңдау мүмкіндігі шектеулі). Дыбысты жазу үшін микрофон, тыңдау үшін құлаққалқан (наушник) болуы қажет.

2. Презентация, анимация.слайд түсінігі

Презентация ұғымы өзінің толық мағынасында (лат. ргаеяепіо тапсырамын немесе ағыл. ргезепі - ұсыну) өзін көрсету, баяндама, жобаны, ессп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сұрауларды және басқа да көптеген дүниені ұсыну. Қорытып айтқаңда, ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізат пен қызмет түрлерін ұсыну - бүл әрдайым презентация.Біз презентация деген кезде оның техникалық жағын, яғни белгілі бір тақырыпқа байланысты слайдтардың сатылы жиынтығын түсінеміз. Олар әдетте бір стильде және тиесілі қосақтаса жүретін материалдар - презентация жоспары, баяндамашы ескертулері, тындаушыларға тарататын материал.
Слайд -деп көзге көрінетін күрделі объектіні айтамыз. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалык кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді. Әрбір слайд ескерту парағымен бірге келеді. Бүл параққа түсініктеме мәтінді оны жасау кезінде де, демонстрация кезінде де енгізуге болады. Бұл мәтін презентацияның басты, керекті сәттерін жөне оған қатысты жағдайларды фиксациялау кезінде колданылады.Презентацияны белгілі тақырыптағы слайд-фильм деп те атайды. Слайд-фильмдерді жасап шығаруға арналған арнайы қүралдар - графикалык. пакеттер де бар. Осы құралдардың бірі - МS Оffice құрамдасы windows-тың қосымшасы PowerPoint программасы Microsoft Power Point программасында әртүрлі анимациялық эффектілер және мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдана отырып, презентацияны жандандыруға болады. Мәтін элементтерінің өзіне жеке әріптер, сөз, абзац, түрінде әртүрлі эффектімен пайда болатындай етіп жасау мүмкіндігі бар. Тек мәтін элементтері емес графикалық объектілер, диагрммаларға да анимациялық эффектілер қосуға болады.Презентацияларға мәтінмен бірге суреттер, графиктер, кестелер, бейнекөрініс және музыкалық сүйемелдеулерді кірістіру қажет. Мульти- медиялық презентациялардың артықшылықтары мынадай:
1. Барлық оқушылар зейінін белсендіріді;
2. Оқушылардың сыныптық және сыныптан тыс жұмыстарын байланыстырады;
3. Оқу уақытың үнемдейді;
4. Презентацияға интерактивті тақтаны қолдану жаңа лексикалық, грамматикалық, фонетикалық материалдарды көрнекі жүйелеуге мүмкіндік жасайды және де барлық тілдік әрекеттерді оқытуға тірек болады;
5. Түрлі мәтіндік аудио және бейне көрнекіліктерді қиыстырады

Анимация - дегеніміз суреттерге жан бітіру

3.Интерактивтілік түсінігі.

«Интерактивті»- сөзін ағылшын тілінен аударғанда «бірлесіп әрекет жасау» деген мағынаны білдіреді. Білім берудегі интерактивтік технология - бұл сабақ барысында оқушының ұжымдық жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бірі толықтыратын және барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту технологиясы.

Интерактивтік тақта (ИТ) - дәріскерге немесе мұғалімге екі түрлі құралдарды, атап айтқанда, ақпарат кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіріп қолдануға негізделген құрал. Интерактивтік технологияның жеделдетіп дамуына байланысты тақтаның түрлері де күннен күнге оның типтері даму үстінде.Сондықтан аталған тақта түрлеріне салыстырмалы түрде сипаттама берейік.

1 Interwrite Board интерактивті тақтасы. Бұл тақта АҚШ-та жасақталған. Бұл тақтада дәстүрлі сызу құралдары (сызғыш, транспортир, бұрыштама және т.б.) қолданылады. Олар геометрия, алгебра, сызу, физика және т.б. мектеп пәндері үшін кеңінен қолдануға болады. Тақтаның беті бүлінбейді және ол білім мекемелерінде үлкен сұранысқа ие.

2 Interwrite Workspace интерактивтік тақтасы. Суреттер кітапханасы және шаблондарымен бірге өз материалдарын толықтыруға мүмкіндік беретін қарапайым құралдары бар тақта. Оған барлық ақпараттарды сақтап, басу құрылғысына және электрондық пошта арқылы ақпараттарды жіберуге болады.

3 Hitachi экраны және интерактивті тақтасы. Бұл 24 функциональды батырмалардан, 72 виртуальды түстермен сурет салуға мүмкіндік беретін жаңа StarBoard FX Duo софт-ның негізінде Интернет арқылы 50 басқа StarBoard FX бір мезетте байланысқа шығуға және қашықтықтан конференциялар өткізуге негізделген тақта болып табылады.

4 Webster интерактивтік тақтасы. Электронды Webster интерактивті тақтасы- кәсіптік презентациясы өткізуге арналған құрал. Комплектіге «Webster тақтасы, дербес компьютер, мультимедиа проектор» жатады.

«Маркер Тақта» Маркер 4 түсті (қызыл, қара, жасыл, көк) және өшіргіштің көмегімен қарапайым тақта тәрізді кез келген жазбамен суреттерді салуға, құруға және редакторлеуге болады. «Электронды тақта» маркермен немесе саусақпен басқара отырып қажетті операцияларды атқарғанда компьютерлік тышқанның қызметін атқарады..

Internet ортасының басты сипаттамасы оның интерактивтілігі болып табылады. Интерактивтілік - бұл коммуникациялық хабарламалардың бір біріне қатысты орналасуын білдіретін, коммуникация процесінің жүзеге асуын көрсететін сипаттама. Интерактивтік өзара байланыс үшін ақпараттың немесе хабарламаның келуіне жауапты іс- әрекеттің болуы тән, сонымен қатар, жауап алдындағы хабарламаның контекстінде болуы қажет.

IV.Сабақты пысықтау. (10мин)

Сабақты пысықтау ретінде сөзжұмбақтар пайдаланамын.

V. Студенттерді бағалау. (5мин)

Әр студенттің смайликтерін қорытындылау .

VI.Үйге тапсырма беру. (5мин)

1.Мультимедиалық файлдармен жұмыс.

2.Тақырыпқа слайдтар жасап, оған анимация жасау.





© 2010-2022