Тест на казахском языке (6 класс)

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Тест

  1. Неге компьютердің үстіне кітап, дәптер қоюға болмайды?

А) Өте ауыр

B) Ауа алмасуы(желдету) бұзылады

C) Ұнамсыз

D) Экран жабылып қалады

  1. Компьютермен жұмыс істегенде қандай ережелерді міндетті түрде сақтау керек?

А) Біріктіру сымдарының ажыратқыштарын ұстау

B) Компьютерді Power батырмасын басу арқылы өшіру

C) Пернелерді ақырын басу

D) Компьютерде кір және су қолдармен жұмыс істемеу

  1. Компьютермен жұмыс істегенде көзге шамадан тыс күш түсірмеу үшін не істеу керек?

А) Көзге арналған гимнастиканы әрбір 10-15 минут сайын жасап отыру

B) Төрт сағаттан артық үздіксіз жұмыс істемеу

C) Қолға арналған гимнастиканы әрбір 2 сағат сайын жасау

D) арасында мониторды өшіріп отыру

  1. Компьютердегі жұмысты аяқтаған оқушы не істеу керек?

А) Мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмысты аяқтап, жұмыс орынын ретке келтіру

B) Компьютердегі ажырату батырмасын басу

C) Тұрып, кабинеттен шығу

D) Бөлмені ылғалдап сүртіп шығу және желдету

  1. Компьютерде үздіксіз жұмыс істеу ... аспауы керек?

А) 6 сағаттан

B) 45 минуттан

C) 2 сағаттан

D) 15 минуттан

  1. Егер компьютер сендердің сұраныстарыңа жауап бермесе, не істейсіңдер?

А) Мұғалімді шақырамын

B) Ақауды өз бетіммен жоямын

C) Компьютерді электр желісінен ағытамын

D) Сыныптасымнан көмек сұраймын

  1. Көзден экранға дейінгі арақашықтық қанша болу керек?

А) 10-15 см

B) 20-30 см

C) 40-50 см

D) 55-65 см



  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерге флешкалар мен дискілерді қосуға болмайтын себептерді көрсетіңдер?

А) Мектеп компьютерінен керегі жоқ ақпаратты көшіріп алуы мүмкін

B) Компьютерді вируспен зақымдау қаупі бар

C) Компьютердің ажыратқыштарын жиі қолданғаннан олардың бұзылуы мүмкін

D) Компьютерге көп ақпарат тасығыш қосуға болмайды

  1. Адам ең көп тараған ақпаратты ненің көмегімен алады?

А) сезу және көрудің

B) иіскеу мен естудің

C) есту мен көрудің

D) көру және дәмін тату арқылы

  1. Сендер электрондық хатта көрген фильмдерің туралы баяндадыңдар делік. Бұл ақпараттың қай түріне жатады?

А) есту

B) сезу

C) көру

D) жазбаша

  1. Кітапта көрсетілген мәліметтер негізінен ақпараттың қай түріне жатады?

А) мәтіндік және графикалық

B) графикалық және естілетін

C) электромагниттік және көрінетін

D) цифрлық және музыкалық

  1. Ақпаратты сақтау үшін адамдар нені қолданбайды?

А) қағазды

B) дискіні

C) тасты

D) суды

  1. Ақпаратты сақтау үшін ерте замандағы адамдар нені пайдаланды?

А) биді

B) суреттерді

C) қимылды

D) дыбысты

  1. Дыбыстық ақпаратты не арқылы жеткіземіз?

А) кітап

B) радио

C) журнал

D) плакат

© 2010-2022