Циклдің алғы шарты (While oператоры)

Сабақтың  тақырыбы: Циклдің алғы шарты (While oператоры) Сабақтың  мақсаты:       1.  Білімдік: оқушыларды көшу  операторының  жазылу  тәртібімен таныстыру.  Циклдік алгоритмдерді программалау кезінде қолдансысқа  ие болған  қайталау  операторының қолданылуын айқындап ашып беру. 2.  Дамытушылық:  әртүрлі циклдік есептерді  беру арқылы оқушылардың  қайталау операторына деген түсініктерін арттыру  арқылы білімдерін  арттыру.  3.  Тәрбиелік:  оқушыларды есеп шығару кезінде есептің  шартына байланы...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Циклдің алғы шарты (While oператоры)

Сабақтың мақсаты:

1. Білімдік: оқушыларды көшу операторының жазылу тәртібімен таныстыру. Циклдік алгоритмдерді программалау кезінде қолдансысқа ие болған қайталау операторының қолданылуын айқындап ашып беру.

2. Дамытушылық: әртүрлі циклдік есептерді беру арқылы оқушылардың қайталау операторына деген түсініктерін арттыру арқылы білімдерін арттыру.

3. Тәрбиелік: оқушыларды есеп шығару кезінде есептің шартына байланысты оператор мен қызметші сөздерді жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: интегралды сабақ

Пән аралық байланыс: циклдік қосынды есептер ( математика пәні)

Көрнекіліктер: тақта, компьютер

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, есеп шығару

Сабақтың тәсілі: жаппай жұмыс, жекелей жұмыс, ауызша сұрақтарға жауап.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Өткенді қайталау

3. Жаңа сабақты түсіндіру

4. Пысықтау

5. Бағалау

6. Үй тапсырмасы

Өткенді қайталау

1.Циклдік алгоритм дегеніміз не?

2. Циклдің оператордвң неше түрі бпр?

3. If және Case операторларының айырмашылығы неде?

4. Көрсеткіш қай жерге жазылады?

5. Таңдау тұрақтыларының типі қандай болу керек?

6. Сase операторын қалай жабады?

7. Көрсеткіш типі қандай типтер бола алады?

Жаңа сабақты түсіндіру

Turbo Pascal тілінде қайталау процесін жүзеге асыратын циклдік операторлардың үш түрі бар: арифметикалық цикл -FOR, шартты алдын ала тексеретін цикл -While және шартты соңынан тексеретін цикл -Repeat.

Егер шарт алдын ала циклдегі операторды (немесе құрама операторды) неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану (аяқталу) шарты берілсе, онда While, Repeat операторлары пайдаланылады. Ал FOR операторы қайталану саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылады.

While операторы.

Алдын ала берілген шарт бойынша қайталануды жүзеге асыратын бұл оператор While (оқылуы: уаил, аударылуы: әзірше) және DO (оқылуы: ду, аударылуы: орындау) түйінді сөздері қолданылып орындалады.

Шартын алдын-ала тексеретiн қайталану саны белгiсiз операторы WHILЕ (әзiр) шарт ақиқат болғанда ғана орындалады. Егер шарт жалған болса, бұл цикл бiр рет те орындалмауы мүмкiн. Бұл оператордың жазылу түрi:

WHILЕ шарт DO оператор { бiр оператор қайталанады}

WHILE < шарт > DO

{бiрнеше оператор қайталанады}

ВЕGIN

< 1- оператор ;>

<2-оператор ; >

< n - оператор;>56

END.

1-мысал. Евклид алгоритмi бойынша екi натурал санның ең үлкен ортақ бөлгiшiн

табу (ЕҮОБ).

1) Егер екi сан тең болса, онда ЕҮОБ ретiнде екеуiнiң бiреуi алынып орындалу

тоқтатылады.

2) Сан тең болмаса, онда олардың үлкенiн табу керек.

3) үлкен санды, үлкен сан мен кiшi санның айырымына алмастырамыз да,

алгоритмдi басынан бастап қайта орындау керек.

Program ЕҮОБ;

Var m, n: integer;

Begin READLN(m, n);

WHILE m<>n do

IF m>n then m:=m-n

else n:=n-m;

WRITELN(m);

END.

Тапсырма. Циклдің алғы шарты (While oператоры)қосындысын есептеу.

Program қосынды-1;

Var i, n: integer; s: real;

Begin readln(n);

i:=1; s:=0;

While i<=n do

Begin s:=s+1/sqr(i);

i:=i+2;

end;

Writeln('қосынды =', s:4:2);

END.

Жаңа сабақты пысықтау

Оқушыларға жеке нұсқалы, екі есепті компьютерде шешуге таратылу қағаздары беріледі. Оқушылар орындағаннан кейін компьютер арқылы тексеріп, жауабын анықтап, бағалаймыз.

Ескерту:

  • WHILE операторындағы циклдің қайталану саны программаның жұмыс істеу барысында анықталады. Яғни, қайталану саны алдын ала белгісіз болып отырады;

  • WHILE циклдік операторындағы DO түйінді сөзінен кейін ; нүктелі үтір қойылмайды;

  • WHILE операторының программада жұмысын толық аяқтау үшін, цикл денесінде міндетті түрде циклдің орындалуына қойылған шартқа байланысты ереже болуы тиісті;

  • егер шарт ең басында жалған болса, онда цикл денесінің орындалу ретінде WHILE мүлде орындалмауы мүмкін;

  • ең соңғы ескерту бойынша WHILE циклі қарапайым әмбебап цикл болып саналады.

Бағалау.

Үйге тапсырма: Циклдің алғы шарты (While oператоры)

Тапсырма:х€[1; 3] аралығында ?= 0,2 қадаммен өзгергендегi y=Циклдің алғы шарты (While oператоры) функцияның мәнiн тап.

Program қадам;

Var x, y, h: real;

Begin x:=1; h:=0.2;

WHILE x<=3 do

Begin y:=sqrt(x+1)-1/x;

x:=x+h; end;57

Writeln('y=', y:4:2);

END.


© 2010-2022