Мәтінді теру ережелері 5-сынып ашық сабақ

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы Кербұлақ ауданы

Аралтөбе орта мектебі мектепке дейінгі

шағын орталығының информатика пәнінің мұғалімі

Тұрды Лаура Мырзахметқызы

Cабақтың тақырыбы: Мәтінді теру және түзету ережелері

Сабақтың мақсаты : мәтін теруді ережеге сәйкес үйрету, мәтін бөліктерін көшіруді, ауыстыруды үйрету.

Оқушылар білуі тиіс : мәтін теру ережесін, «редакциялау» түсінігін, редакциялаудағы пернелер мен командалардың қолданылуын, мәтінді ретімен теруді, пернетақта мен тышқанды пайдаланып мәтінді жылжытуды, әрекетті кері қайтару командаларын.

Оқушылар үйренуі тиіс : ережеге сәйкес мәтін теруді, пернетақта мен тышқанды пайдаланып мәтінді жылжытуды, алмасу буферін пайдаланып экранда мәтінді көшіруді, мәтінді жоюды, мәтін енгізудің тәртібін өзгертуді.

І. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)

Бір-біріміздің көңіл-күйімізді тұрақтандыру және сабаққа зейінімзді толық аудару үшін

Психологиялық ахуал қалыптастырып алайық.

«Үйшіктер және адамдар» ойынын ойнап жағымды ахуал қалыптастырып және топтасып алайық.

1.2.Топқа бөлу. (3 минут)

І топ «WordPad» , ІІ топ: «Мәтіндік» болып оқушылар топтарға бөлінеді.

ІІ. Үй тапсырмасы «Серпілген сауал» ойыны арқылы сұрақтарға жауап алу арқылы жүзеге асырайық

Ойынның шарты: Бәріміз шеңбер болып тұрып , допты бір-бірімізге лақтыру арқылы

Сұрақтарға жауап беру, лақтырғаннан бала сұрақ қояды. Қағып алған бала жауап береді.

  1. WordPad қандай редактор?

  2. Мәтіндік редактор дегеніміз не?

  3. WordPad редакторының терезе элементтері қандай?

  4. WordPad-ты қалай іске қосамыз?

  5. Жаңа құжатты қалай сақтаймыз?

  6. Мәтінді не арқылы тереміз?

  7. WordPad мәтіндік редакторының парақ өлшемі?

  8. WordPad редакторында үнсіз келісім бойынша жұмыс бетінде жыпылықтап тұратын І тәріздес қандай белгі?

  9. Мәтіндік редактордан қалай шығамыз?

  10. WordPad-та жызылған мәтін баспаға шыға ма?

ІІІ. Жаңа тақрыпты түсіндіру

Мәтінді теру ережелері 5-сынып ашық сабақ

Пернетақтаның қандай қызметін білесіңдер?

Мәтіндермен жұмыс істегенде кейде оларды біріктіруге, кейде фрагменттіерді әр құжаттардан алып, оның жаңасын құруға тура келеді. Егер барлық құжаттарды әртүрлі ережелер бойынша құратын болсақ, онда нәтижесінде мәтін көріксіз болып көрінеді. Мысалы, сендер дәптердің шетінен бастап жазбайсыңдар ғой ? Кітаптардан да ондайды көрмейсіңдер. Тырнақшаларды, жақшаларды мәтінен кенет бөлініп қалмайтындай етіп қойып шығу, осының бәрі маңызды.

Біз бұған дейін бірнеше құжатқа мәтін теру ережелерін айттық, енді олардың бәрін атайық:

1. Бас әріпті немесе символды жоғарғы регистрден енгізу үшін Shift пернесін басып, жібермей ұстап тұру керек.

2. Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса - CapsLock пернесін қос.

3. Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады .

4. Дефис бос орынсыз қойылады. Мысалы : жан-жақты, батпе-бет.

5. Ұзын сызықша (тире) алдынан да, соңынан да бос орынмен қойылады :

6. Даталарды, қысқартылған аты мен әкесінің аты енгізілгенде және ұқсас жағдайларда үзілмейтін бос орын тізбектемесін терумен орындалады. Мысалы: 2013ж.,1 қыркүйек, Ш.Уәлиханов.

7. Тырнақшаларға немесе жақшаларға алып жазылған сөздер олардан бос орынмен ажыратылмайдды:

8. Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады.

9. Enter пернесін абзацтың соңында басады. Жолдарды тасымалдау автоматты түрде жүзеге асады.

Мәтін бойынша жылжу

Курсорды мәтін бойынша стрелкалармен Home, End, PageUp, PageDown пернелерімен жылжытуға болады. Егер құжат беті көп болса, мәтіннің соңына бірден қалай жетуге болады ? Көмекке Ctrl+End пернелер тіркесімі келеді.

ІV .Оқулықпен жұмыс

1 -топ мәтінді теру және түзету ережелері

2-топ мәтін бойынша жылжу

V. «Түртіп алу» стратегиясы арқылы оқулық мәтіні бойынша тақырыптан керекті мәліметтерді білгісі келетін сұрақтарды дәптерге жазып алу.

VІ. Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау» (10 минут)

А-деңгейі

Мәтін теру ережесін сақтау отырып, теріңдер. (Полкан деген ит мәтіні бойынша)

( Қаріпі -Times New Roman. Размері- 12) . Жазылу формасы - кәдімгі.(обычный)

В-деңгейі:

Мәтін теру ережесін сақтау отырып, теріңдер. (Ғалым кісі мәтіні бойынша)

( Қаріпі -Times New Roman. Размері- 12) . Мәтін терілуі- қисайтылған (Курсив)

Осы тақырыпты оқи отырып, түсінгендеріңізді постерге түсіріңіздер

әр топтан екі адам шығып қорғайды.

Топтардың өзара бағалауы (критерийлер арқылы) (2 минут)

Бағалау критерийлері

І-топтың жұмысы


ІІ-топтың бағалау жүргізуі

1.Тапсырманың эстетикалық талғаммен орындалуы

2.Ақпараттардың нақтылығы

3.Тапсырманың орындалу ерекшелігі

Жалпы ұпайы


Сергіту сәті (1 минут)





VII. «Қатесін тап!» тапсырмалары

Мәтінді редакциялау

Enter - бас әріпті теру

Shift жаңа жолдан бастап жазу

CapsLock - бас әріптер режиміне ауысу

- кесте жолдарын бағыттау

Delete -меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру

Дұрыс жауабы

Enter -жаңа жолға шығу

Shift -бас әріпті теру

CapsLock - бас әріптер режиміне ауысу

Backspace -меңзердің сол жағындағы символдарды

Delete -меңзердің оң жағындағы символдарды

Сабақты бекіту

«Домино» ойыны арқылы сабағымызды қорытайық

Мына конверттің ішінде сұрақтар мен жауаптар бар. Домино құрастыру арқылы сұрақтың нақты жауабын сәйкестендіріп шығыңдар.

1.Бас әріпті қалай енгіземіз?

2. Бос орын қай кезде қойылады?

3. Enter пернесін қай кезде басу керек?

4. Ұзын сызықша (тире) қалай қойылады?

5. Мәтін бойынша жылжу пернелерін атаңдар?

6. Мәтіндік редактордың терезесінде кішкене жыпылықтайтын сызықша?

7. Мәтіннің элементтері?

8. Абзацтың қандай қасиеттерін білесіңдер?

9. Символ дегеніміз не?

10. Мәтін құрған кезде құжатта қандай белгі пайда болады?

Оқушылардың білімін бағалау парағы арқылы бағалау

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 20 мазмұндау,тест сұрақтарына жауап беру.

С-деңгейінің тапсырмасын үйге орындау.

Балалар бүгінгі сабаққа рефлекция жасап , кері байланыс орнатайық.

Екі жұлдыз бір тілек арқылы

Сіздерге сабақ несімен ұнады?

Қандай жаңа мәлімет алдыңдар?

Бәріненде неге риза болдыңыздар?

Тақтада тұрған смайликтерге жапсыру













Менің арманым...


ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуальды ойнын мен үнемі Ел арна телеарнасынан тамашалаймын.

Менің де арманым, сабақты жақсы оқып, осы аталған телеойынға қатысу

Тұжырымдамалар

Иә және Жоқ

А) Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады.

Иә және Жоқ

Б) Келесі сөзді жазу үшін Enter пернесін басамыз.

Иә және Жоқ

С) Сөйлемнің келесі абзацына түсу үшін бос орын пернесін басамыз.

Иә және Жоқ

ЕСКЕРТУ: жоғарыда берілген жауаптарыңызға түсіндірме жазыңыз.

1.

2.

3.

VІ.Жеке жұмыс: «Блум таксономиясы» (5 минут)

«Блум таксономиясы»

Білу

WordPad қандай редактор?

Түсіну

WordPad -тың негізгі мүмкіндіктерін атап түсіндіріңіз?

Қолдану

WordPad мәтіндік редакторының терезе элементін реттілігімен сәйкестендіріңіз?

1.

Жолақ

2.

Сызғыш

3.

Жай-күй жолы

4.

WordPad батырмасы

5.

Жылдам қолжеткізу тақтасы





1-топ. SHIFT
2-топ. CAPS LOCK
3-топ. ПРОБЕЛ
Топқа бөлу:
"Ассоциация" әдісі
"СЕМАНТИКАЛЫҚ КАРТА" әдісі
САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:
КОМПЬЮТЕРДЕГІ
ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС

WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар. Теру ережелерін пайдаланып, мәтінді теріңдер.
С деңгейінің тапсырмасы
"ТҮРТІП АЛУ" әдісі
"V" - маған таныс
"+" - мен үшін жаңа
"-" - мен білетін түсінікке
сәйкес келмейді
"?" - бұл туралы тереңірек
білгім келеді
СЕРГІТУ СӘТІ
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтінді теру және түзету ережелері
5-класс
Мәтін теру,
түзету
ережелері
Меңзерді мәтін бойынша жылжыту
(159-бет)
(161-бет)
Ұқыпсыз теруші мақал - мәтелдерді тере бастап, бәрін шатастырып алыпты. Терушіге қателерін түзетуге көмектиесіңдер.
Мәтін теру және түзету ережелері
"СӘЙКЕСТЕНДІР" әдісі
Мәтін бойынша
жылжу
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
"ЕРЕЖЕ" сөзіне Синкуйен құрастыру
БАҒАЛАУ
20-22 ұпай - «5»
15-19 ұпай - «4»
3-14 ұпай - «3»
1-2 ұпай - «2»




Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру ережелері
Сабақтың мақсаты:
білімділігі: Word Pad редакторымен жұмыс істеуді үйрету. Тақырып бойынша алынған теориялық білімдерін тапсырмаларды орындау кезінде тиімді пайдалану, алдына қойған мақсаттарына жету;
тәрбиелігі: Оқушылардың танымдық белсенділігі мен оқушылар алған білімдерін өздігнен іс жүзінде қолдана білуге үйрету, ой еңбегін жандандыруға бағыттау. Компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру
дамытушылығы: Компьютермен жұмыс істеу іскерлігін дамыту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, дербес компьютерлер, әр түрлі тапсырмалар, жұмбақтар
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Венн» диаграммасы, сәйкестендіру тесті, жеке және топтық жұмыс
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға жұмбақтар беріледі, соның шешімін тауып «Paint» редакторында үй тәрізді компьютер бейнесін салу керек.
Төртбұрышты әйнек, Бұтақ орнында мың бір инесі,
Тұнып тұрған әлек. Компьютер жаны мекені.
(монитор) (кактус)

Компьютердің «ақыл-ойы», ең басты бөлігі
(процессор)

Тетігін бассаң алаңсыз, жазады қалам, қағазсыз
(пернетақта)

ІІІ. Жаңа сабақ. V-тарау. «Word Pad мәтіндік редакторы.
Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау»
Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланады. Компьютердегі мәтінді түзетуге, оған мәтін үзінділерін қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге, жолдарды экран ортасына келтіруге, құжатты сақтап, баспаға қанша дана болса да шығаруға болады. Яғни осыларды жүзеге асыру үшін Word Pad мәтіндік редакторы қолданылады.
Word Pad мәтіндік редакторын іске қосу үшін:
Іске қосу → Бағдарламалар → Стандартты → Word Pad
(Пуск → Программы → Стандартные → Word Pad)
Командалар орындалғаннан кейін, экранға Word Pad мәтіндік редакторының терезесі ашылады. Терезе мынадай элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, стандартты құрал - саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш, терезенің жұмыс аймағы және қалып - күй жолы.

Тақырып жолы - терезенің жоғарғы бөлігіндегі қатар. Онда құжат аты мен Word Pad программасының аты және оның оң жақ шетінде терезенің басқару батырмалары - жималау, жаймалау, жабу батырмалары орналасқан.
Жималау батырмасы - терезені үжұмыс үстелінен уақытша алып тастайды.
Жаймалау батырмасы - терезені экран өлшеміне дейін үлкейтеді.
Жабу батырмасы - құжатты жабады немесе жұмысты аяқтайды.
Меню жолы - Word Pad редакторының барлық командаларына қол жеткізеді. Ондағы әр пункт бір бірімен байланысқан менюді ашады. Мысалы: Файл менюін ашу үшін, оны тышқан нұсқағышымен шертеміз. Сол кезде бізге құжатты экранда көрсету тәсілдерін орындайтын бірнеше командала солғын түспен көрсетілген. Мысалы: Соңғы файл (Последний файл) ағымдағы жағдайда активті емес, яғни жұмыс жасамай тұрған командалар осылай көрсетіледі.
Меню жолынан кейін стандартты құрал-саймандар тақтасы орналасқан. Ол жиі кездесетін амалдарды орындауға арналған батырмалардан тұрады. Мысалы: Файлды сақтау (Сохранить), баспаға беру (Печать) т.б.
Келесі қатар - пішімдеу тақтасы. бұл тақта мәтінді пішімдеуге арналған батырмалардан тұрады.
Пішімдеу тақтасынан кейін көлденең сызғыш орналасады. Координаталық сызғыш сантиметрмен бөлінген. Сызғыш меню қатарындағы Түр (Вид) → Сызғыш (Линейка) командаларын орындау арқылы экранға шығады немесе экраннан алынып тасталады.
Терезенің негізгі элементтерінің бірі болып, ашық түске боялған Жұмыс аймағы болып саналады. Барлық мәліметтер осында енгізіледі.
Қалып-күй қатары (Строка состояния) негізгі терезенің төменгі бөлігінде орналасқан. Одан әр түрлі хабарлама және анықтама ақпараттары шығады.
Word Pad мәтіндік редакторында 2 меңзер болады: кірістіру нүктесі және І-меңзері.
Кірістіру нүктесі - өшіп - жанып тұратын тік сызықша. Ол мәтінді енгізгенде символдың қай жерде пайда болатынын көрсетеді.
І меңзері - терезенің жұмыс аймағында тышқанның нұсқағышы латынның І әрпі түрінде, ал жұмыс бетінің сыртында тышқан нұсқағышы кәдімгі стандартты жебе түрінде болады.

IV. Бекіту. Компьютермен жеке жұмыс
1 - тапсырма.
Мәтінді теріп, қайталанған сөздерді «буферге көшіру, буферден қою» құралдарын пайдаланып жаз. Осы мәтіндегі «саулық» сөзін қызыл түске өзгерт. Мәтін өлшемі - 20, орта бойынша туралауда орында.
«Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі»
2 - тапсырма.
Мәтіннің өлшемін - 16, түсін - жасыл, сол жақ туралауда, түрін - жартылай қарайтылған курсивті қылып пішімдеңіз.
«Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені,
Еменнің иілгені - сынғаны»
3 - тапсырма.
Мәтінді теріңіз, оны белгілеп алып асты бір сызықпен сызылған, әрі қарайтылған, орта бойынша тураланған етіңіз. Мәтін өлшемі - 22, түсін - көкпен өзгертіңіз. Мәтіннің көшірмесін орындап, «Білім» атымен сақтаңыз.
«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»
4 - тапсырма.
Қателерді анықтау
Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықта.

Мен компьютермен жұмыс істегенде міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін терезелерге қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, колонкаға құжаттарымды сақтаймын. Жауабы: 7 қате

V. Қорытындылау. Сәйкестендіру тесті
Сұрақтары
1.Мәтіндік редактор қалай іске қосылады?
2.Файл, Түзету, Түр, Анықтама-жазылған
қатар қалай аталады?
3.Терезені жабу үшін қандай батырма
басады?
4.Word Pad мәтіндік редакторының
элементтерін көрсет
5.Терезенің ең төменгі бөлігі қалай аталады?
6.Мәтінді ең бірінші рет сақтағанда, қандай
амалдар орындаймыз?
7.Өшіп-жанып тұратын тік сызықша
8.Терезенің ең үлкен бөлігін бос кеңістік
қалай аталады?
9. Word Pad терезесіндегі ең жоғарғысында
қандай элемент тұрады?

10.Компьютерді өшіру қалай іске қосады?

Paint, Word Pad редакторларының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін Венн диаграммасы арқылы көрсету

VI. Оқушылардың білімдерін бағалау.
VIІ. Үйге тапсырма. Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау.
«Word Pad» сөзіне сөзжұмбақ, ребус құрап келу.

VІІІ. Сабақты аяқтау.














Постер

1.

© 2010-2022