Тарбаков Б А - «Е-learning» электронды оқыту жүйесі»

Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» «БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»

АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ФИЛИАЛЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»



Тарбаков Б А - «Е-learning» электронды оқыту жүйесі»



ӨЗІНДІК ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Е-learning» электронды оқыту жүйесі»



Қабылдаған: Избасаров Е.Х.

Орындаған: Тарбаков Б.А



ТАРАЗ 2015

Жоспар



  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  1. «E-learning» электронды оқыту жүйесінің мақсаты.

  2. Электрондық оқыту әдістері

  3. Білімді бағалау әдістемелері

  4. Электронды журнал жүйесінің мүмкіндіктері.

  5. «E-learning» білім жүйесінің болашағы, тәжірибелер, проблемалары.

  1. Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер






























КІРІСПЕ


Еліміздің даму жолындағы жаңа белесі «E-learning» электронды оқыту жүйесін Қазақстан Республикасы мектептеріне енгізу. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында электрондық оқытудың мақсаты: Білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету. Ауыл және қала мектептеріндегі білім деңгейлерін теңестіру, ойлау қабілеті жоғары және технологиялық сауатты оқушыны дайындау.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу қажет:

-қойылған мақсатқа қол жеткізу- сыртқы ортаның ақпараттық кірігуін, білімді басқару тиімділігін, білім сапасын көтеру;

-қажетті нормативтік негізді жасау.

Электронды оқытуды енгізу бірқатар нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді.

Дамыған елдерде кең тараған «E-learning» электронды оқыту жүйесін меңгере бастадық. Оның құқықтық және методологиялық базасы қалыптасуда. 44 білім беру ұйымында «E-learning» пилоттық жобасы басталды. 2012 жылдан олардың санын 537-ге жеткізіп, жылдамдығы жоғары (секундына 4-тен 10 Мбитк) Интернетпен қамтамасыз етіледі деп жоспарланған.

Өзекті міндеттердің бірі - білім саласы дамыған елдердің (Оңтүстік Корея, АҚШ, Ұлыбритания, Малайзия, Канада, Австралия және т,б) тәжірибесіне сүйеніп «E-learning» жүйесін және оқу ресурстарының контентін Қазақстан жағдайына бейімдеп, дамыту.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда педагог мәртебесін арттыруға ерекше көңіл бөлуде. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа Жолдауында педагогтар құрамының сапасын арттыруға ерекше көңіл бөле отырып, «Базалық педагогикалық білімнің стандартын, оқытушылардың біліктілігіне қойылатын талаптарды күшейту қажет»,- деп атап өтті.

«E-Learning» дегеніміз бұл - барлық әлем елдерінің білім беру жүйесіне жаңа ақпараттық коммуникациялық технологиялармен келген, бүгінгі экономика мен қоғамның бірде-бір саласының мазмұнын оларсыз іске асыру мүмкін емес, электрондық оқыту жүйесі.





НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Компьютерлiк оқыту жүйесiнiң бiрi электрондық оқулық, оның мүмкiндiгiне байданысты әртүрлi типке жатады. Көптеген авторлардың пiкiрi бойынша электрондық оқулық бiлiмдi меңгергенiн тексерiп, ақпараттың жаңа түрлерiн көрсете бiлуi керек. Соған сай электрондық оқулық автоматты оқу жүйесiмен бiр деңгейде болады.

Электрондық оқулық - компьютерлiк педагогикалық проблемалық құрылғы, бiрiншi ретте жаңа ақпаратты алу үшiн, жеке және жекеленген оқытуда қолдану мен қажеттi бiлiмдi алу үшiн қолданылады.

Электрондық оқулық жаңа оқыту құралы сияқты толық, ашық және жартылай ашық жүйе бола алады. Ол мәлiметтердiң мағынасын және кiтаптың тарауларын өзгерте алады. Осылай бола отырып ол кiтаптың өзгертiлген бөлiмiн талдайды. Бiрiншiден электрондық оқулықта автордың жiберген қателiгiн өзгерту үшiн пароль немесе жүйелiк пароль қажет. Екiншiден егер қандай да бiр мүмкiндiк болса, жақсы маман немесе бiлiмдi ұстазға ғана қолдануға болады. Өйткенi электрондық оқулықтың мағынасы өзгермеуi қажет. Электрондық оқулық тек жазбаша басылымда ғана қайталанып қана қоймай, барлық компьютерлiк технологияларда қолдану керек.

Электрондық оқыту (e-learning) жүйесі - заман талабы. Қоғамның дамуы бүгінгі таңдағы білім беру процесінде дамыған елдер стандартына деген ұмтылысты қажет етуде. Ал әлемдік білім кеңістігіне ену, әрине,бәсекеге қабілеттілік ұғымымен байланысты. Қажеттілік, қабілет, мүмкіндіктен туындайтын нәтиже даму мен ұмтылыс арқылы жүзеге асады. Осыған орай, жаңа қабылданған «Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» - Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын жүзеге асырудың өзекті бағыттарының бірі. Жаңа бағдарламаның ерекшелігі - жаңашылдығы. Атап айтсақ,бағдарламада білім беру саласына электрондық оқыту жүйесін енгізу жеке бір бағыт ретінде қарастырылған.

Бұл жүйені ұйымдастыру жағынан қамтамасыз етуді білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталықтары жүзеге асыратын болады.

Электрондық оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат - білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқу үрдісін автоматтандыруды енгізуге жағдай жасау қажет. Мақсатқа қол жеткізу оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады.

Білім беру жүйесін басқаруды қолдаудағы басты құрал болуы себепті электрондық оқыту жүйесі білім беру ортасы жайлы барлық қажетті мәліметтерді сақтауы тиіс. Сондай-ақ, ол - білімді дамытудың ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету құралы, екіншіден, электрондық оқыту жүйесінің кез келген түйінінен мәліметтерді орталықтандырып жинақтау арқылы білім беру жүйесінің мониторингін жасау құралы, үшіншіден, білім беру жүйесі туралы қажетті статистикалық мәліметтерді және түрлі аспектілер бойынша есеп беруді қалыптастыруды қамтамасыз ететін шешім қабылдау құралы ретінде әрекет етуі тиіс.

Электрондық оқыту жүйесі барлық білім беру мекемелері, мұғалім, оқушы және олардың білім беру ортасында ауысып отыруы туралы мәліметтерді сақтайды.

Қорыта айтқанда, электронды оқыту жүйесі төмендегідей ішкі жүйелерден тұрады:

  • Ұлттық білімдік мәліметтер қоры;

  • Мектептерді басқарудың ішкі жүйесі (мектеп іс қағаздарын жүргізу,т.с.с)

  • «Электрондық оқулықтар» ішкі жүйесі-e-Book;

  • Оқыту үрдісін басқару ішкі жүйесі-LMS;

  • Оқу мазмұнын басқару ішкі жүйесі-LCMS;

  • Тестіні басқарудың ішкі жүйесі-TMS;

  • Дамытуды басқару ішкі жүйесі-DM;

  • Мониторинг және талдау ішкі жүйесі,

  • Сыртқы ақпараттық жүйелермен біріктіру модулі.

e-Learning электрондық оқыту жүйесі - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды мемлекеттік жоба.

Жобаның негізгі мақсаты - үздік білім ресурстары мен технологияларға білім беру процесінің барлық қатысушыларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Мақсаттары:
  • мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру;

  • байланыстың және цифрлық технологиялардың заманауи құралдары мүмкіншіліктерін пайдаланумен оқу процесіне қатысушылар үшін сапалы білім беру қызметтерін дамыту;

  • оқытудың жаңа құралдарын енгізу есебінен білім беру ресурстарына қолжетімділіктің тең жағдайларын қамтамасыз ету;




Электронды оқулықтар

Қазіргі кездегі жапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.

Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болуы шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни, этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет. Ғаламдасуға байланысты «интернет» жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары, жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болуы қажет. Осыған қарап ХХІ ғасырда мұғалімге қойылатын талаптар зор екенін көреміз.

ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы.

Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім - оқытушы, мұғалім - ұстаз, мұғалім - оқулық авторы, мұғалім - технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.

Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Жаңа ақпараттық технологияларға (ЖАТ) ғалымдар әр түрлі анықтама беріп отыр. Мысалы, Н.Макарова «ЖАТ - қысқаша компьютер негізіндегі технология» деп тұжырымдайды. М.И.Жильдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді. Ол «ЖАТ - адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы» дейді.

Біз жоғарыдағы анықтамаларды өз іс-тәжірибемізге қолдану бағытында оларды негізге ала отырып жұмыс істеп жатырмыз. Әсіресе ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісіне ерекше мән беріп отырамын. Себебі әр түрлі зерттеулерге қарағанда дәстүрлі оқыту кезінде кез келген жақсы оқитын оқушы информатика заңдылықтарын тұжырымдайды, мысалдар келтіреді. Оқушылардың көпшілігі алған білімдерін практикада қолдана алады. Бұл оқушылардың оқу материалын формальды жағынан да жақсы білетінін көрсетеді. Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.

Компьютерлік оқыту үрдісінің құрылымдық сызбасын қарастырайық.

Оның құраушы элементтері мұғалім, оқушы, дидактикалық материалдар мен дербес компьютер. (Сызба 1) Осы элементтердің барлығы да бір-біріне өзара әсер ететін ақпараттар ағынымен байланысқан. Осы құрылымда алғашқы маңызды аспект ролін мұғалім мен оқушының компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуі, яғни олардың компьютермен және оның сыртқы құрылымдарымен жұмыс істей білу деңгейлері, компьютердің жалпы қызмет ету принциптерін түсінуі, осы жүйенің жалпы мүмкіндіктерін ұғынуы саналады.

Дәстүрлі оқыту меңгерудің 4 деңгейінің (репродуктивтік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) тек алғашқы екеуін ғана қамтиды, нәтижесінде материалдар жеткілікті дәреже меңгерілмейді, білімнің жүйелілігі, беріктілігі қалыптаспайды. Компьютердің көмегімен тақырыпты оқу, зерттеу негізінде меңгеруді эвристикалық және шығармашылық деңгейге жатқызуға болады. Оқушылар электронды оқулықтан оқығанын, көргенін елестете отырып тақырыпқа берілген тест сұрақтарын шешеді. Ал электронды оқулықта тест сұрақтары күрделенген тест және жеңілдетілген тест түрінде болады. Қорыта айтқанда компьютерді сабақта қолдану барысында оқушылар:

1. Қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын терең түсінеді;

2. Оқушы жұмысты орындау барысында ғылыми зерттеу жұмысына тартылады, оның бойында зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптаса бастайды.

Кез келген пән мұғалімін компьютерлік кабинетке тартып отырған не? Ең бірінші кезекте сабақты түрлендіру және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Компьютерлік сыныпта өткен сабақта үйреншікті тыныштық жоқ. Сабақ кезінде оқушылар проблемаларды талқылайды, сабақтың барысын қызығушылықпен бақылайды. Бұл кезде мұғалім - оқушы арақашықтығын ұстау болмайды.

Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарына тоқталайық.

Тиімді жақтары

Тиімсіз жақтары

  1. Оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды.

  2. Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады.

  3. Тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар, клиптер, аудиохабарларды пайдаланады.

  4. Сарамандық жұмыстар жылдам түсіндіріледі.

  5. Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен қамтамасыз етілген.

  6. Көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады.

  7. Мүғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады.

  8. Оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді.

  9. ҰБТ-ге даярлаудағы тиімділігі жоғары

1. Психология-педагогикалық талаптардың жоқтығы.

2.Пән аралық байланыстың аздығы.

3.Көрнекілік материалдарда бірыңғай таңдау.

4.Оқып үйренудегі мамандық бойынша бағыты ескерілмеген.

5.Материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару.

6.Оқушының жеке ерекшелігі, денсаулық жағдайы ескерілмеген.

7.Берілген материалдағы санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталмауы.

8.Компьютердің графикалық мүмкіншілігінің қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі.

9.Оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі «тірі» қарым-қатынасқа түсе алмауы.

Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсыныс жасауға болады:

1. Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану;

2. Компьютерді пайдалану уақытын сақтау;

3. Компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;

4. Дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу. Себебі электронды оқыту - оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалар жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:

 Кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді;

 Жай оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды электронды оқулықтардан қысқа уақытта табуға болады;

 Гипермәтінді түсіндірмелерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.

Кез келген сабақ бойынша ең бастысы электронды оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек.

Осыған байланысты электронды оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескерген жөн:

 Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған оқулықтың сол пәннің типтік бағдарлаиасына сәйкес болуы;

 Электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі сарамандық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдарға анықтама, библиографиялық көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;

 Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмау.

Түрлі сабақтарда электронды оқулықпен жұмыс нәтижелерін бағалау үшін түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар:

1. Білім мониторингісі;

2. Сауалнамалар;

3. Түрліше тестілік бақылаулар;

4. Жеке оқушылармен әңгіме, пікір алмасу т.б.

5. Оқушыларды сырттай бақылау

Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығын жоғарыда айттық. Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан қолдана алады.

Заман табына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды география сабағында пайдалану - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу қажет деп ойлаймыз.

Білім беруді ақпараттандырудың президенттік бағдарламасы электронды оқулықтарды жасауға себепші болды. Бүгінгі күнде мектептегі білім берудің мазмұнының 60%-ы және кәсіби білім берудің 10%-ы түрлі сандық интерактивті мультимедиалық білім беру ресурстарын (СИМБР): электронды оқулықтарды (ЭУ); мультимедиалық оқыту бағдарламасын (МОБ); виртуалды саяхаттарды (ВС); электронды дидактикалық құралдарды (ЭДҚ) және т.б. жасау жолымен сандық форматқа көшірілгені бізді қуантады.

Электронды оқулықтардың, дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы «жанды» болып келеді және педагогика ғылымдарының негізін салушы Ян Амос Каменский тұжырымдаған: «Барлық мүмкін деген нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек, атап айтқанда: қабылдау үшін көруді, көзбен; естуді есту қабілетімен; иістерді иіс түйсігімен; дәмге тиістіні дәммен; түйсікке қатыстыны түйсіну жолымен. Егер қандайда болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезімді салу» дидактиканың алтын ережелеріне сәйкес келеді.

Оқылатын пәннің әр тақырыбын авторлар көзбен көру арқылы ұсынған. Мектеп оқушылары оқу материалын көру арқылы қабылдауды қамтамасыз ететін түрлі суреттер, сызбалар, фотосуреттерді көре алады, тарихи және географиялық карталарды, көркем экспонаттарды және тағы басқа көптеген нәрселерді қарастыра алады. Электронды оқулықта, қарастырылып жатқан құбылыстардың өзара байланысын және олардың түпкі мағыналарын ашатын жан бітірімдер ерекше орын алады. Мысалы, оқушы физика, химия, биология пәнінен тәжірибелер жүргізіп және зертханалық жұмыстарын үйде отырып компьютерде орындай алады.

Тарбаков Б А - «Е-learning» электронды оқыту жүйесі»

Оқу материалын бірнеше рет көре алу мүмкіндігі балалардың жеке басының ерекшелігіне сай: біреулеріне өмір бойы есте сақтап қалу үшін бірақ рет қарап шығу жеткілікті, екіншілеріне - материалды бірнеше рет қарап шығу қажет. Бұның барлығы мүмкін, өйткені оқушы электронды оқулықпен жеке жұмыс жасайды.

Ал бұның мұғалімге қандай көмегі бар! Оқу материалы түгелдей көркемделген. Мұғалімге көрнекі дидактикалық құралдарды даярлау қажет емес. Көркемделуі кәсіби деңгейде орындалған. Слайдтар - бұл принтер арқылы қағазға басып шығаруға болатын қолайлы таратылым материалы..

Электронды оқулықтар және СИМБҚ-ның басқа да түрлері интерактивті, олар дыбысталған, оларда оқушының жауаптары елеусіз қалмайтын шынайы қарым-қатынастың элементтері бар. Оқушы мәтінді оқып қана қоймай, сонымен қатар тапсырмаларды орындай және сұрақтарға жауап бере отырып оқу үрдісінің белсенді қатысушысы болады.

Барлық электронды оқулықтар қазақстандық білім беру стандартына сәйкес жасалған. Олар нақты бір сабаққа бағытталып қана қоймай, сондай-ақ жалпы оқытылу пәнінің мазмұнына бағытталған, бұл оқушыға оқу материалын біртұтас етіп және олардың өзара байланысын көрсете алады. Оқытудың педагогикалық маңыздылығы бар интерактивті орта пайда болады.

Тарбаков Б А - «Е-learning» электронды оқыту жүйесі»

Әрбір электронды оқулық үлкен авторлық ұжыммен даярланады, біріншіден ғылым докторлар мен кандидаттар, профессорлар мен доценттер, республикамыздағы қандай да болмасын пән саласындағы ең жақсы мамандар. Сонымен қатар, авторлық ұжымға педагог-технолог, әдіскер және міндетті түрде бағдарламалаушы, құрастырушы, дизайнер, дыбыс операторлары және басқалар кіреді.

Үштік бағамен оқығысы келетін балалар болмайды. Олар әр түрлі жағдайға байланысты: ауырып бірнеше сабақты жіберіп алуы; жаңа материалды тыңдамай, түсінбей қалуы; бірден ойды түсінбей қалуы, осының барлығы жиналып қала береді.

Электронды оқулықтар мұндай қарама-қайшылықтарды жоққа шығарады, олар оқушыға оқу материалына жугінуін қаншалықты қажет етсе, соншалықты мүмкіндік береді. Ол бір тапсырманы, оның ең жақсы нәтижесіне жеткенше орындауы мүмкін. Бұл дұрыс емес пе?!

Әр ата-ана өз баласына сапалы білім беруді қалайды. Сабақтан сабаққа, сыныптан сыныпқа бұған көмекке келетін мектеп. Ал біздің электронды оқулықтар, өзінше бір репетитор ретінде мұғалімге оның дербес өздік жұмысын сапалы ұйымдастыруға көмектеседі. Бірақ бір маңыздылығы, мұғалім бұл электронды оқулықпен өзі таныс болуы тиіс, ол бұл оқулық арқылы балалардың алға жылжуын көре отырып және қазір көптеген мектептерде интерактивті тақталар мен мультимедиалық кабинеттер бар болғандықтан, өз сабағының қойылымына электронды оқулықтың көріністерін қосуы керек.

Электрондық оқулықтар негізгі білім беру электрондық басылымдары болып табылады. Электрондық оқулықтар жоғары ғылыми және әдістемелік деңгейде жасалады және бағдарлама мен стандарттың дидактикалық бірліктерін анықтайтын, мамандықтың білім беру стандарттарына толығымен сәйкес келуі керек. Одан басқа, электрондық оқулықтар интерактивті кері байланысты жүзеге асыратын информатиканы оқыту барысында дидактикалық жүйенің үздіксіздігін және толықтығын қамтамасыз ету керек. Электрондық оқулықтардың негізгі қасиеттерінің бірі оның мазмұнын қағаз жүзінде шығаруға мүмкіндік жасау болып табылады.

Электрондық оқулық - ғылыми-педагогикалық құрал. Электрондық оқулықтардың тиімділігі:

  • теориялық материалды өз бетімен оқып үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;

  • сабақты иллюстрациялық материалдармен жабдықтауға көмектеседі;

  • сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әр түрлі деңгейлі шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді.

Мультимедиалық технологиялардың қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауды және де басқа оқып үйренуге арналған құралдар жасауда көп қолданылады. Мультимедиялық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологиялардын дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді.

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту үдерісі оқышуның жаңаша оқу қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.

Оқу үдерісінде ақпараттық және қатынастық технология құралдарын кешенді пайдалану мүмкіндігін тәжірибе жүзінде жүзеге асыру бұрыннан таныс бағдарлама құралдары мен дүниежүзілік алғы шепке сәйкес келетін жаңа құралдар болып табылатын көп функционалды білім берудің электрондық басылымдарын жасау және қолдану арқылы да жетуге де болады.

Компьютерлiк оқыту жүйесiнiң бiрi электрондық оқулық, оның мүмкiндiгiне байданысты әртүрлi типке жатады. Көптеген авторлардың пiкiрi бойынша электрондық оқулық бiлiмдi меңгергенiн тексерiп, ақпараттың жаңа түрлерiн көрсете бiлуi керек. Соған сай электрондық оқулық автоматты оқу жүйесiмен бiр деңгейде болады.

Электрондық оқулық - компьютерлiк педагогикалық проблемалық құрылғы, бiрiншi ретте жаңа ақпаратты алу үшiн, жеке және жекеленген оқытуда қолдану мен қажеттi бiлiмдi алу үшiн қолданылады.

Электрондық оқулық жаңа оқыту құралы сияқты толық, ашық және жартылай ашық жүйе бола алады. Ол мәлiметтердiң мағынасын және кiтаптың тарауларын өзгерте алады. Осылай бола отырып ол кiтаптың өзгертiлген бөлiмiн талдайды. Бiрiншiден электрондық оқулықта автордың жiберген қателiгiн өзгерту үшiн пароль немесе жүйелiк пароль қажет. Екiншiден егер қандай да бiр мүмкiндiк болса, жақсы маман немесе бiлiмдi ұстазға ғана қолдануға болады. Өйткенi электрондық оқулықтың мағынасы өзгермеуi қажет. Электрондық оқулық тек жазбаша басылымда ғана қайталанып қана қоймай, барлық компьютерлiк технологияларда қолдану керек.

Электронды оқулықтың кейбiр бөлiктерiне тоқталайық.

Электрондық оқулық кiшкене ғана мәтіндік мәлiметтердi сақтап, ұзақ уақытқа дейiн экранға шығарып бiлiмдi жетiлдiредi. Мазмұнының көлемi және қарiптiң өлшемi болады. Электрондық оқулық кейбiр сөздi бөлiп алуды, түрлi түстерге бояуды толықтырады, болмаса оқуды қиындатып немесе жеңiлдетiп көрсетедi. Мұндай оқулықтар көптеген мәлiметтердi өзiнде сақтайды.

Дәстүрлi оқытуда жаңа материалдарды түсiндiргенде вербальды түрге енедi. Осыған байланысты аудио фрагменттердi электрондық оқулықта пайдалану ақпараты игерiп қана қоймай, сонымен қатар жаңа материалды жақсы түсiнiп, мидың жұмысын, есту және көру мүшелерiнiң жұмыс iстеуiн жақсартады. ЮНЕСКО берiлгендерi бойынша қабылданатын ақпарат аудио-қабылдау арқылы 12%, визуальды - 25%, ал егер аудио-визуальды-65%-iн қабылдайды. Қазiргi кезде мультимедиялық жүйенiң жақсы дамуына байланысты оқытуда пайдаланылатын компьютердiң көп бөлiгi дыбыстық жүйемен қамтылған. Аудиториялық сабақ кезiнде дыбысты құлаққаптар (наушник) арқылы естуге болады.

Электрондық оқулықтың оқу элементтерiне гиперсiлтемесi және басқа бөлiмдерi мен анықтамаларға сiлтемесi болуы керек. Керек бетке тез ауысу мүмкiндiгi болады. Мәтіндік, графиктiк және басқа материалдар бойынша дидактикалық түсiндiрмесi болады. Жаңа ақпаратты қабылдау сапасы, сараптау және саралау мүмкiндiгi, сақтау жылдамдығы, оқу материалын толық қамтылғаны бетте (компьютер экранында) орналасқанына ғана емес, сонымен қатар бiрiнен кейiн бiрi орналасқан беттерге де қатысты. Қағаз кiтапта бiр мезгiлде екi бетке бiрдей қарауға болады, ал электрондық оқулықта бұлай етуге болмайды. Бiрақ жоғарыда айтылғандарға байланысты электрондық оқулықта кез келген жерге қыстырма қоюға болады .

Электрондық оқулықта пайдаланған әдебиеттер тiзiмi болуы керек. Жоғарыда ескерткендей электрондық оқулық белгiлi бiр ЖОО-ның оқу жоспарына байланыста болады және әдебиеттер тiзiмi де соған байланысты болады.

Электрондық оқулық ешқашан да кiтаптың орнын ауыстыра алмайды. Әдебиет туындысының сахнада көрiнуi басқа жанрға жатады, сол сияқты электрондық оқулық та оқудың басқа жанрына жатады. Электрондық оқулық құру үшiн тек қана жақсы кiтапты алып қана қоймай, оған сай иллюстративтi материалды, мультимедиялық мүмкiндiктi және жаңа ақпаратты қамтамасыз етiп қана қоймау керек. Электрондық оқулық суретi бар мәтiнге немесе анықтамалық функцияға айналып кетпеуi керек. Электрондық оқулық қағида мен мысалдарды бiлудi және есте сақтауды жеңiлдету керек. Мәтіндік құраушы шектелген болуы керек - компьютер материалын оқығаннан кейiн оны тереңiрек түсiну үшiн кiтапты оқу керек.

Информатика пәнi бойынша электрондық оқулықты құрудың кейбiр принциптерi.

Кванттық принциптерi: көлем бойынша минимальды, бiрақ мазмұны көрiнбей тұратын материалдарды тарауға бөлу.

Толықтыру принципi: кез-келген модульды келесi компоненттерге бөлу керек.

1. Теоретикалық негiз;

2. Теория бойынша бақылау жұмысы;

Мысалдар, өзiндiк жұмыс үшiн тапсырма мен жаттығулар, барлық модульге арналған бақылау сұрақтары мен жауаптары, бақылау жұмысы, қосымша анықтамалар (HELP) тарихи пiкiрлер.

Көзқарас принциптерi: мұнда әр модуль аз мәтiн мен визуализация арқылы құрылуы керек, ол жаңа түсiнiктер, қағидаларды, әдiстердi оңай есте ақтау керек.

Тармақталған принциптерi кез келген модульге еркiн енетiндей етiп, әр модуль келесi модулге гипермәтiндiк сiлтеме арқылы байланысу керек.

Сәйкестендiру принципi: оқушы кадрдың ауысымын өздiгiнен басқара алады, экранда кез келген мысалды шақыра алады, тапсырманың шешуiн, сонымен қатар өзiн-өзi тексеру, бақылау сұрақтарына жауап беру және бақылау жұмыстарын орындай алады.

Компьютерлiк қолдау принципi: кез келген уақытта оқушы компьютерлiк қолдау көре алады, ол оқуға берген материалдарды тез игеруге, есептердi және мысалдарды тез шешу жолдарын көруге мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар компьютердегi үлкен жұмыстарды атқарып қана қоймай, әртүрлi есептеулер мен графикалық салуларды орындайды, және кез келген деңгейдегi математикалық операцияларды орындайды.

Жинақтау принципi: Электрондық оқулық форматта орындалуы керек, оларды бiр электронды комплекске бiрiктiрiп, үлкейтiп және жаңа тараулар мен тақырыптарды толықтырып, сонымен қатар әр пән бойынша электрондық кiтапханаларға немесе оқушының, оқытушының және зерттеушiнiң жеке электронды кiтапханаларына талдау керек.

Электрондық оқулықты жасаудың негiзгi кезеңдерi.

  • негiзiн таңдау;

  • қайта жасау құқығы туралы автормен келiсiм жүргiзу;

  • модульдi тарау бойынша тесттi қайта жасау немесе құрылуы;

  • электрондық формада гипермәтiндi қолдану;

  • компьютерлiк қолдау құру;

  • мультимедиялық жаулау үшiн материалдар теру;

  • дыбыстық тасымалдау құру;

  • визуальдау үшiн материал даярлау.

Электрондық оқулық - бұл ақпаратты жүйенi ұсынушы кiтап, әдiстемелiк және бағдарламалық құрал-жабдықтарды нақты тәртiппен оқыту болып табылады. Оның құрылымы мен мазмұны оның қолдану мақсатына байланысты.

Интерактивті он-лайн оқытуға қол жеткізу республикамыздың мектептерін қамтудың арқасында мүмкін болды. Интерактивті тақта - бұл байланыстырылған компьютер, бейнені тақтада проектор арқылы көрсететін, сенсорлық экран. Тақта бетіне қол жүргізіп, компьютермен жұмысты бастауға болады. Интерактивті тақтаға арналған арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету мәтіндермен, объектілермен, аудио және видеоматериалдармен, Интернет-қорлармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді, ашық құжат үстіне қолмен жазуға және ақпарат сақтауға болады.

Тақтада слайд, видео көруге, белгілер қоюға болады, қарапайым тақта сияқты сурет салуға, түрлі сызбалар сызуға болады, нақты уақытта экранда үлкейтіп көрсетілген бейнеге белгілер қоюға, кез келген өзгерістерді енгізіп және оларды келешекте өңдеу үшін компьютерлік файл түрінде сақтауға, басып шығарғыштан шығаруға, факс немесе электронда пошта арқылы жіберуге болады.

Тарбаков Б А - «Е-learning» электронды оқыту жүйесі»

Интерактивті тақтаға арнайы электронды қаламмен (қаламұшпен) немесе саусақтармен жазу керек. Баяндамашы арнайы байрақша арқылы экрандағы бейнемен жұмыс жасайды: белгілейді, астын сызып, маңызды жерлерін көрсетіп, сызбаларды салып немесе оларды түзеп, мәтінге түзетулер енгізеді. Сенсорлық құрылғы қол тиген кезде оны «сезеді» және жазу кезінде қозғалысты бейнелейтін лайықты электронды сигналға таратады. Тақта түрлі түсті үш байрақшасы бар қағаз бергімен және өшіргішпен жабдықталған. Баяндаушы алдын ала өзіне керекті байрақша түсін белгілеп қойса, сонда ИТ лезде қағаз бергіден, мысалы, жасыл түсті байрақша немесе өшіргіш алынғанын білдіреді.

Оқушының ашық ақпараттық-білім беру кеңістігіне кіруі нақты коммуникативті ептілікті, басқа мектептердегі құрбы-құрдастарымен ынтымақтастықта түрлі мәселелерді шешудегі икемділікті қалыптастырады.

Он-лайн күйдегі интерактивті тақтамен жұмыс жасау оқушылардың түрлі ақпарат көздерімен, сонымен бірге Интернет желісімен белсенді өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Мектеп оқу үрдісіндегі интерактивті оқыту - бұл оқушылардың тұлғаға-бағдарланған оқытуға шығу түрін болжамдайтын, ауылдық білім беру ортаның мұнан ары байуы. Оқу-танымдық және оқыту ақпараты ағымында және өз білім траекториясын табуда өзін-өзі бағдар етуге жақындайды.

Адамгершілік педагогикасының негізгі принциптерін бейнелеп көрсететін тұлғаға-бағдарланған тәсіл әлем педагогикалық ынтымақтастығының қазіргі заманғы білім беру жүйесінің барлық формаларына басым екені мойындалған. Бұл оқу үрдісінде оқушының жеке мүмкіншілігі мен қабілетін есепке алатын танымдық іс-әрекеті жататынын білдіреді.

Оқу үрдісіне интерактивті оқытуды енгізу білім алуда өз қажеттігі бар жаңа ұрпақ оқушыларының, шығуына себеп болады, жаңа ой өрісі ептілігі, білім алуда жаңа мәдениет қалыптасады. Мұғалімге оқу үрдісінде көбінесе тьютор ролі беріледі.

Интерактивті оқытуда мұғалім мен оқушының жұмысы - ынтымақтастықта, яғни бірлесіп пайда болған қиыншылықтарды жеңіп шығуға, ой алмастыруға, алған білімдеріне сүйене отырып талқылауға мүмкіндік береді. Оқушыға түрлі табиғи, физикалық процестерді модельдеу, түрлі жағдайдағы құбылыстарды, олардың қасиеттерін сипаттайтын шамаларын өзгерте отырып меңгеру мүмкіндігі беріледі. Білімнің интерактивті электронды негізімен оқу, іздеу-танымдық іс-әрекеті маңызды мектептік, пәндік зерттеулерінің элементтеріне ие болады.





































ҚОРЫТЫНДЫ

Қазiргi заманғы жаңа технологияларды, оның iшiндегi электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың ақпаратпен жұмыс iстей бiлуiн қалыптастырады.

Оқушылар үшін электрондық оқулық - ол өзінің мектеп қабырғасында жүрген жылдарында өздігінен білімін толықтырып отыруға және мақсатты түрде бітіру емтихандарына дайындауға мүмкіндік беретін ақпарат көзі. Ал мұғалімдер үшін ол өзінің педагогикалық тәжірибесі арқылы толықтырып және дамытып отыруға болатын ашық әдістемелік жүйе.

Электрондық оқулықтармен оқыту жүйесiнiң сапасын арттырумен қатар бiрқатар пайдалы жақтары бар.

Біріншіден, әр оқушы өзiне тән қарқынмен деңгейiнде жұмыс жүргiзедi. Қойылған мақсатқа жету үшiн қажеттi төзiмдiлiктi қалыптастырады.

Екіншіден, оқушы өз еңбегiнiң нәтижесiн көрiп өзiн - өзi бағалайды. Өз бетiмен жұмыс iстеу оқушының бiлiмiне әсер етпей, мiнез құлқына зор ықпалын тигiзедi.

Оқушыларды тиянақтылыққа, бастаған iсiн жемiстi аяқтауға тәрбиелейдi. Жауапкершiлiгi оятады. Бұл өз ретiнде оқушының iзденiмпаздылығын, шығармашылық қабiлетiн дамытады.

Электрондық оқулықтың тиiмдiлiгi мынада:

  • оқушы арнайы бағдарламамен жұмыс iстейдi;

  • оқушы бiлiмi компьютерлiк жүйе арқылы бағаланады;

  • иллюстрациялық әдiс көп қолданылады;

  • қисынды ойлау жүйесiнiң дамуына түрткi болады;

  • берiлген тапсырмаға деген қызығушылығы артады.

Электронды оқулықтың нәтижелілігі мынада:

  • тез арада қайтарма байланыс болуын қамтамасыз етеді(интереактивті қасиеті)

  • қажетті ақпараттық материалдарды жылдам тауып алуға мүмкіндік береді.

  • гипермәтіндік түсіндіруден жан-жақты ақпараттық материалдар алады.

  • әрбір жеке тұлғаның, білімін, білік іскерлігін әрбір тараулар бойынша тексеруге, бағалауға мүмкіндік береді.

Электронды оқулықты мынандай жағдайларға қолдануға болады:

  • теориялық материалды өз бетімен оқып үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;

  • сабақты иллюстрациялық материал ретінде жабдықтауда мүмкіндік көмектеседі;

  • сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әртүрлі деңгейлі, шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік берілген;

  • емтиханға дайындық кезеңдерінде пайдаланылады.

Болашақ мұғалімдерді кәсіптік дайындауда электронды оқулықты қолдану өте тиімді. Оқушылар өздерінің білім көлемін өз бетімен толықтырып, емтихан материалдарына дайындалады және ақпараттық білім арқылы танымдық ойлауын қабілеттіліктерін дамытады. Ал оқушылар үшін ашық әдістемелік жүйе, өзінің іс-тәжірибесінің жинақталуына, шығармашылық ізденістері негізінде оқулықты толықтырып, дамытып, жетілдіруге мүмкіндік береді. Электронды белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді, оқыту үрдісін саралауға, жан-жақты ақпараттандыруға, білім мазмұнын ізгілендіруге көмектеседі.

Қазақстанда оқыту ісін ақпараттандыру білім беру сапасын көтереді, оқушылардың әдістемелік өсу деңгейін қамтамасыз етеді. Орта арнаулы оқу орындарында болашақ мұғалімдерді кәсіптік дайындық сапасын арттыруға және оқу - танымдық үрдісі ақпараттандыру арқылы жандандыруға мүмкіндік аламыз.

Қорыта келгенде, электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артатындығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдерге де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану-оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, кемшілік-жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді, анық болады.Web-беттер арқылы жасалған оқу құралы практика жүзінде тексеріліп, пайдаланылды және өзінің жұмысқа жарамдылығы дәлелденді. Сондықтан алға қойылған міндеттер енгізіліп, тапсырма толығымен орындалды деп есептеймін.







































Қолданылған әдебиеттер:

  1. Электрондық оқулық

  2. Интернет сайттары

  3. Мұхамбетжанова С.Т. Толықбаева Ғ.Н., Жартынова Ж.Ә.
    Электрондық оқыту бойынша мониторингінің жүргізу әдістемелік құралы. Алматы 2011

  4. Семченко А.А. Мұхамбетжанова С.Т. Толықбаева Ғ.Н. Жартынова Ж.А. Коровина С. В.Объектіге бағдарланған «MOODLE»ортасы арқылы білім контенттерін жасау. Алматы 2011

  5. М.А.Ғалымжанова. «Педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру бағыттары» Атырау 2012

  6. Жаңа білім беру үйесі. Wikipedia

© 2010-2022