Компьютердің логикалық негіздері (8 сынып)

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В», 8 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің логикалық негіздері

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Компьютердің логикалық негіздері, логикалық пікірлердің негізгі түсініктері

логикалық операциялары туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикум жұмыстарын тексеру).

Логикалық амалдар.

Логикалық көбейту (коньюнкция). Екі немесе одан көп пікірлерді «және» жалғаулығы көмегімен біріктіру амалылогикалық көбейту немесе коньюнкция деп аталады.

Коньюнкция:

-табиғи тілде «және» жалғаулығына сәйкес келеді.

-пікірлер алгебрасында ^ немесе & белгілернің бірімен таңбаланады.

Коньюнкция - ол әрбір қарапайым екі пікірге, пікірлердің екеуі де ақиқат болғанда ғана ақиқат мән қабылдайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.

Логикалық көбейту функциясының ақиқаттық кестесі мен графиктік бейнеленуі 1-суретте көрсетілген.

Логикалық көбейту функциясының ақиқаттық кестесі мен графиктік бейнеленуі

Ақиқаттық кестесі

Эйлер-Венн диаграммасы

А



В



А^В

0



0



0



0



1



0



1

0

0

1

1

1









Логикалық қосу (дизьюнкция). Екі немесе одан көп пікірлерді «немесе» жалғаулығы көмегімен біріктіру амалы логикалық қосу немесе дизьюнкция деп аталады.

Дизьюнкция:

-табиғи тілде «немесе» жалғаулығына сәйкес келеді.

-пікірлер алгебрасында ٧ белгісімен таңбаланады.

Дизьюнкция - ол әрбір қарапайым екі пікірге, пікірлердің екеуі де жалған болғанда ғана жалған мән қабылдайтын, пікірлердің ең болмағанда біреуі ақиқат болғандаа ақиқат мән қабылдайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.

Логикалық теріске шығару (инверсия) . «Емес» жалғауының көмегімен пікірді теріске шығару амалылогикалық теріске шығару немесе инверсия деп аталады.

Инверсия:

-табиғи тілдегі «дұрыс емес», «теріске шығару» сөздеріне және «емес» жалғауына сәйкес келеді.

-пікірлер алгебрасында Компьютердің логикалық негіздері (8 сынып) белгісімен таңбаланады.

Теріске шығару - ол әрбір қарапайым пікірге, негізгі пікірдің жалған екенін қорытындылайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. Коньюнкция дегеніміз не?

2. Дизьюнкция дегеніміз не?

3. Логикалық көбейтуді қалай түсінеміз?

4. Логикалық қосуды қалай түсінеміз?

5. Логикалық теріске шығаруды қалай түсінеміз?

Үйге тапсырма: Ақиқат кестелері. Компьютердің логикалық негіздері

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,

бағалау.

Оқушыларды бағалау.



© 2010-2022