Сабақтың тақырыбы: Қоршаған әлемдегі және табиғаттағы ақпарат

Сабақтың тақырыбы.Қоршаған әлемдегі және табиғаттағы ақпарат.Дәм сезу,иіс сезу және сипап сезу ақпараттары түрлері. Сабақтың мақсаты1.Ақпараттың жаңа түрлерін қарастыру2.Оқушыларға ақпарат түрлерін ажырата білуді үйрету.3.Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.Әдістемелік нұсқаулар.Оқушыларға ақпарат және оның түрлері туралы материалдарды қайталау ұсынылады.Жаңа тақырыпты меңгерту мен оны оқушылармен бірге қорытындылау мына түрде өткізіледі         Адам қоршаған ортадағы барлық ақпаратт...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы.Қоршаған әлемдегі және табиғаттағы ақпарат.

Дәм сезу,иіс сезу және сипап сезу ақпараттары түрлері.

Сабақтың мақсаты

1.Ақпараттың жаңа түрлерін қарастыру

2.Оқушыларға ақпарат түрлерін ажырата білуді үйрету.

3.Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Әдістемелік нұсқаулар.

Оқушыларға ақпарат және оның түрлері туралы материалдарды қайталау ұсынылады.

Жаңа тақырыпты меңгерту мен оны оқушылармен бірге қорытындылау мына түрде өткізіледі

 Адам қоршаған ортадағы барлық ақпаратты иіс сезу,сипап сезу және дәм сезу мүшелерінің көмегімен қабылдайды.

 Егер біз ақпаратты денеміздің терісі арқылы қабылдасақ,онда ол сипап сезу ақпараты болып табылады. Ал оның ғылыми атауы-тактильдік ақпарат.

 Егер біз ақпаратты иіс арқылы қабылдасақ,онда онда ол иіс сезу ақпараты болып табылады.

 Егер біз ақпаратты тіліміз арқылы қабылдасақ,онда онда ол дәм сезу ақпараты болып табылады.

 Есту,көру,сипап сезу,иіс және дәм сезу мүшелері ақпаратты алу арналары болып табылады.

Мұғалімге арналған мазмұндық бөлім.

Біз денеміз арқылы сипап сезу ақпараттарын ала аламыз.Мысалы,өзендегі су жылы ма,әлде үтік ыстық па,т.б. әрекеттерді денеміз арқылы байқаймыз.

Бізді қоршаған иістер де маңызды ақпараттар қатарына енеді.Егер газдың иісін сезсеңдер,онда не істер едіңдер?Ондай жағдайда жедел жәрдем қызметіне хабар береміз.Жаңа жылда қандай иістер сезесіңдер Мәселен,шыршаның иісі,анаңның жасаған бауырсақтарынан дәмді иіс шығады.Бұл ақпараттарды біз иіс сезу мүшелері арқылы анықтаймыз.сондықтан ол иіс сезу мүшесі арқылы анықталатын ақпарат деп аталады.

Ал енді мына бір көрініске назар аударайық.Аруна Әлімге алма берді.Әлім Аруна берген алманың қышқыл,не тәтті екенін қалай біледі Бұл жағдайда ол дәм сезу мүшесі-тіл арқылы анықтайды.Ол дәм сезу ақпараты деп аталады.

Сонымен, ақпаратты мынадай сезім мүшелері арқылы қабылдаймыз есту,көру,сипап сезу,иіс сезу және дәм сезу.Көру,есту,сипап сезу,иіс сезу және дәм сезу ақпаратты қабылдау арналары болып табылады.

4-сабаққа арналған тапсырмалар:

Суретте не бейнеленгенін әңгімеле.Боя.

Аруна мен Әлімнің қандай ақпарат түрлерін алатынын оқушылармен бірге талқылау қажет.

1-сурет-дәм сезу ақпараты.

2-сурет-сипап сезу ақпараты.

3-сурет-иіс сезу ақпараты.

2.Қайсысы қай тағамды ұнатады? Сызықтар арқылы қос және боя.

3.Гүл мен оның атауын сызықтар арқылы қос.Боя.

Бұл тапсырманы орындау барысында гүлдердің иіс сезу ақпараттарына енетінін талқылаған дұрыс.

4.Суретте не бейнеленгенін әңгімеле.Боя.

5.Суреттерде қандай ақпарат түрлері бейнеленген

6.Сөздерді әріптермен қос.

Бұл сөздердің қандай ақпараттүрлерімен байланысты екенін талқылау керек.

5-сабаққа арналған тапсырмалар:

1.Суреттер ішінен дәмі тәтті,тұзды,қышқыл,ащы заттарды тап.

2.Сөздерді жина (торт,сары,суық,түтін,дыбыс).

3.Қатарды жалғастыр (тақ сандар-1,3,5,7,9).

4.Жеуге болатын заттарды боя.

5.Тиісті әріптерді қойып,шыққан сөздерді оқы (елік,есік,ара,аша).

6.Суреттерді сәйкес әріптермен қос (піл,от,шырша,әтеш).

7.Тізбекті жалғастыр.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай бөбектер

Үлкен болып өседі.

Балалар ағаштардай тербеледі,желдің қозғалысын көрсетеді,"кіп-кішкентай" сөзіне отырып,"үлкен" сөзіне тұрады.



© 2010-2022