Конспекты по информатике на тему Стандартты программалар (7 сынып)

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні

Информатика 7 сынып

Сабақтың тақырыбы

Стандартты программалар

Сілтеме

Информатика. Атамұра 2013

Жалпы мақсаты

Стандартты программалармен жұмыс жасай алу.


Оқу нәтижелері


  • Оқушылар стандартты программаларды толық біледі.

  • Оқушылар дербес, жұппен және топта талдау арқылы Стандартты программалардың мүмкіндіктерін айта алады.

  • Оқушылар Стандартты программалармен жұмыс жасай алады.

Негізгі идеялар

Стандартты программаларды қажет кезінде пайдалана алу.

Тапсырмалар


1. «Екі шеңбер» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

2. «Көпір тапсырмалары» (графикалық редактор терезесінің элементтерін жазу)

3. «Жұмыс бастамасы» (Компьютерді қосу, өшіру әрекет тізбегін толтыру)

4. Артығын тап (артық сөзді табу)

5. Сиқырлы сөзді тап (шатастырылған әріптерден сөз құрастыру)

Білу

(2 минут)



( 8 минут)

Сәлемдесу тренингі. (Ынтымақтастық атмосферасын құру)

Сәлем достым! (амандасады)

Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)

Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)

Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)

Сен келдің (қолдарын жаяды)

Жақсы болды (құшақтайды)

Оқушыларды 2 топқа «Өз орныңды тап» ойыны арқылы бөлу.

  1. Топ Блокнот

  2. Топ Калькулятор

1-тапсырма

«Екі шеңбер әдісі» арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер болып айналады, музыка тоқтағанда бір-біріне қарап ішкі шеңбердегі оқушы сыртқы шеңбердегі оқушыға сұрақ қояды. Екінші айналғанда сыртқы шеңбердегі оқушы өзіне қарсы тұрған ішкі шеңбердегі оқушыға сұрақ қояды.

Сұрақ-жауап: Жұппен жұмыс

Жабдықтар: Оқушылар шеңбер болып тұру .

Түсіну

(10 минут)

2-тапсырма

«Көпір тапсырмалары» Топ болып жұмыс істейді.

Оқушылар графикалық редактор терезесінің элементтерін жазады және қарсы топпен алмасады. Топтар бір -бірінің жұмыстарын тексеріп, бағалайды.

Жабдықтар: Интрактивті тақта, постер.

Қолдану

(6 минут)

3-тапсырма

«Жұмыс бастамасы» Топ болып жұмыс істейді.

Оқушылар компьютерді қосу, өшіру әрекет тізбегін толтырады. Екі топ бір -бірінің жұмыстарын ым ишара арқылы бағалайды.

Жабдықтар: Интрактивті тақта, постер.

Талдау

(10 минут)

4-тапсырма

«Артығын тап» Дербес, топпен жұмыс.

Оқушылар тақтада берілген сөздердің ішінен артық сөзді табады.

Жабдықтар: Интерактивті тақта.ануіндіркарточка, пты ашып алады.

Жинақтау

(6 минут)

5-тапсырма

«Сиқырлы сөзді тап» Дербес, жұппен, топтық жұмыс.

Оқушылар шатастырылған әріптерден тақырыпқа байланысты сөздер табады.

Жабдықтар: Интерактивті тақта, үлестірмелі карточка.


Бағалау

(2 минут)

Оқушылар бағалау парағы арқылы өздерін бағалап, бағаларын түстер арқылы көрсетеді.

Үйге тапсырма

(1 минут)

  • Қосымша ақпарат көздерінен Стандартты программалар туралы оқып келу.

  • Стандартты программалар тақырыбына реферат жазу.




© 2010-2022