Сайыс сабақ сынып. (5 сынып)

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Информатика тапқырлары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың информатика пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, практикум, көрсете баяндау, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Сабақтың презентациясын көшіріп алыңыз.

- Интерактивті тақта (ойын презентациясын көрсетуге арналады).

Cабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі..

  2. Барлықтарыңызды бізбен бірге қызықты «Информатика тапқырлары» сайыс сабағын тамашалауға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, күлкіні, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар.

Біздің информатика тапқырлары атты сайыс сабағымызға 3 топ қатысқалы отыр олар

«Болашақ»

«Жұлдыздар»

«Бәйтерек»

Бүгін сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

1.

2.

3.

Олай болса, бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Бұл ойын мына бөлімдер бойынша болады:

1 - бөлім «Таныстыру»

2 - бөлім «Құпия алаң»

3 - бөлім «Шешімін тап»

4 - бөлім «Бәйге»

5 - бөлім «Мен ойлаған»

6 - бөлім «Кім епті, еркін ойлы?»

7 - бөлім «Сөзжұмбақ»

8 - бөлім «Полиглот»

9 - бөлім «Логикалық тапсырмалар»

10 - бөлім «Пікірталас»

Әр бөлімнен кейін әділ-қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларының қорытындысын айтып отырады.

Асып әсте саспайық,

Сайыс қызығын ей достар.

Осылайша шабытпен,

Қане енді бастайық

1- бөлім - «Таныстыру». Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады.

1-топ «Болашақ»

Білімді ұрпақ - еліміздің тірегі!

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар.

Девизі: «Тапқырлық таныту мақсатымыз,

Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»

2-топ «Бәйтерек»

Сәлемдесу - игі дәстүр киелі,

Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда

Жолданады сайыскерлер сәлемі.

Девизі: «Асау тұлпар желдей ескен арынды,

Оқу менен еңбекке сал барыңды»

3-топ «Жұлдыз»

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден - жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол - еңбектену, жалықпау.

Девизі: «Болашақтың ұрпағымыз білімді,

Көрсетпекпіз колледжде алған білімді»

Мінекей 3 топтың таныстыруын тыңдадық бұл бөлімге ұпай берілмейді.

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап, жым отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,

Соқ қолыңды білімді жас талантқа. - деп

2- бөлімді бастайық «Құпия алаң» әр топ оқылған сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі..

1-топ «Болашақ»

1. Компьютер миі? (жүйелік блок)

2. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы? (модем)

3. Мәлімет енгізу құрылғысы? (пернетақта)

4. Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)

5. Графикалық редактор? (Paint)

2-топ «Бәйтерек»

6. Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама (калькулятор)

7. Дауыс жазуға арналған құрылғы? (микрофон)

8. Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы(сканер)

9. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама? (Word)

10. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан? (латын)

3-топ «Жұлдыз»

11. Қатқыл диск қайда орналасқан? (жүйелік блоктың ішінде)

12. Жыпылықтап тұратын тік сызықша? (меңзер)

13. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі (интерфеис)

14. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым (информатика)

15.Ақпараттық процестер? (өңдеу, сақтау, түрлендіру)

Осымен 2- бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

Сайыс - толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.- деп

3 -бөлімді «Шешімін тап!!!» бастайық. Бұл кезеңде қай топтың ұпай саны көп болса, сол топтың капитаны ойынды бастайды. Топ капитандары ортаға шығып, жасырылған жұмбақ пен жұмбақ есептің жауабын шешеді және жұмбақтың шешімі бойынша шыққан сөздің қызметін айтуы тиіс. Бағалануы әр жұмбаққа - 10 ұпай.

1-топтың жұмбағы:

1) Батырманы басасың,

Қажетіңді ашасың.

(«Еnter» батырмасы)

2) Самолет А қаласынан Б қаласына дейінгі қашықтықты 1 сағат 20 минут ұшып өтті, ал қайтар жолда 80-ақ минут ұшты. Бұл қалай?

2-топтың жұмбағы:

1) Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді.

(Принтер)

2) Дәрігер ауру адамға 4 дәрі беріп: «әрқайсысынан әрбір жарты сағатта ішіп отырыңыз», - деді. Дәрілерді ішіп бітіруге ауру адамның қанша сағат уақыты кетеді?

3-топтың жұмбағы:

1) Ақпаратты сақтап таратқан,

Жұртты өзіне қаратқан

(Тасымалдаушы дискілер)

2) Математик кішкентай қалашыққа тоқтады да, шашын қырықтырмақшы болды. Қалада тек екі шаштараз бар. Бірінші шаштараздағы шебердің шашы онша жақсы қырқылмаған. Математик қай шеберге барады?

Осымен 3-бөлім аяқталды. Әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен!

Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,

Шапшандық бұл сайыста қажет екен, - деп

4 - бөлімді бастайық «Бәйге» бұл бөлімде топтар берілген түсті конверттерді таңдап, ішіндегі берілген сұрақтарға жауап береді, әр сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпай беріледі.

Сары конверт сұрақтары:

1. Баспа құрылғысы (принтер)

2. Компьютер теледидары (монитор)

3. Үлкен темір қорап (жүйелік блок)

4. Функционалдық пернелер (F1- ден F12-дейін)

5. Зиянкес бағдарлама (вирус)

6. Файлдар жиыны (бума)

7. Таңбалар мен сигналдар жиыны (ақпарат)

8. Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым (информатика)

9. Меңзердің оң жағында тұрған символдарды өшіретін перне (Delete)

10. Сурет салуға арналған бағдарлама (Paint)

Қызыл конверт сұрақтары:

1. Адам мен компьютер арасындағы байланыс (опер жүйе немесе интерфейс)

2. Компьютердің негізгі құрылғысы (жүйелік блок)

3. Құжаттарды көшірмелеу құрылғысы (ксерокопия)

4. Дербес компьютердің кішкентай құрылғысы (тышқан)

5. Офистік бағдарламадағы мәтіндік редактор (Word)

6. Дыбыс естілетін қорап (колонка)

7. Мәлімент енгізу құрылғысы (пернетақта)

8. Компьютердің маманы (программист)

9. Бүкіләлемдік желі (интернет)

10. Компьютерді вирустан қорғайтын бағдарлама (антивирус)

Жасыл конверт сұрақтары:

1. Көп батырмалы құрылғы (пернетақта)

2. Паскаль қандай тіл (программалау тілі)

3. Компьютер сымдары (кабель)

4. Алгоритм деген не (белгілі бір мақсатқа жету жолы)

5. Презентациялармен жұмыс істейтін бағдарлама (Power Point)

6. Корзинаның қызметі ( жойылған файлдарды жинау)

7. Ең ұзын перне (пробел)

8. Ақпарат енгізу құрылғысы (пернетақта)

9. Информатика пәні қай сыныптан бастап оқытылады? (5- сыныптан)

10. Екілік жүйенің сандары (0,1)

Осымен 4-бөлім аяқталды. Әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ тапсырма болса-деп

5-бөлімді бастайық «Мен ойлаған...». Бұл сайыста әр топ алдарына берілген плактқа болашақта ойлап тапқысы келетін жаңа технологияның суретін салуы қажет. 10-минут беріледі.

6-бөлім. «Кім епті, еркін ойлы?». Шарты: Берілген сөздерді жұмбақтап, ыммен түсіндіру. Әр дұрыс табылған сөзге - 1 ұпайдан.

І топқа: модем, веб-камера, тышқан, процессор, Enter

ІІ топқа: кактус, сканер, диск, компьютер, электрондық пошта

ІІІ топқа: себет, пуск, MS Word, колонка, Paint

Осымен 6-бөлім аяқталды. Әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

Айналайын алға ұмтылған Дарындар!

Айналайын жеңіс құшқан қырандар!

Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,

Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.-деп

7-бөлімді бастайық «Сөзжұмбақ» бұл бөлімде топ басшылар тақтадағы созжұмбақты шешуі тиіс дұрысына 1 ұпай беріледі.

Осымен 7-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.-деп

8-бөлімді бастайық «Полиглот» топтар берілген сұрақтарға жауап беріп, жауапты үш тілде айту керек, үш тілде жауап берсе 15 ұпай, екі тілде 10 ұпай, бір тілде 5 ұпай беріледі.

1.Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз?

/ ақпарат , информация, information/

2.Сақталған құжатты ашу командасы?

/Файл - ашу, файл-открыть, file-open/

3. Windows - дегеніміз не?

/ОЖ, операционная система, Operation system/

4. Қажет емес символды алып тастау пернесі -

(өшіру, удалить, delete)

5.Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған.

(себет-корзина - basket)

6.Экрандағы төрт бұрышты аймақ. Ол не?

(терезе-окно-windows)

7.Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор.

(кітапша-блокнот-notebook)

8.Биологияда паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпаратты өлшер.

(бит-бит-bit)

9.Бір байтта қанша бит бар?

(сегіз, восемь, эйт)

10.ЭЕМ-нің дамуы неше буыннан тұрады?

Бес, пять, фаив

Осымен 8-бөлім аяқталды. Әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

9-бөлімді бастайық «Логикалық тапсырмалар»

1.1 жұмыртқа 3 минут қайнайды, ал 4 жұмыртқа неше минут қайнайды? (3 мин)

2.Үш страус ұшып келе жатты. Аңшы олардың біреуін атып өлтірді.

Олардың қаншасы қалды? (страустар ұшпайды)

3.Астанадан Алматыға қарай бет алған ұшақ екі қаланың арасын 1,5 сағатта ұшып өтті. Ал дәл осы бағытта небары 90 минут қажет етті. Неге? (90мин=1,5сағат)

4.Үстел үстінде 3 стакан шие тұр. Марат 1 стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? (3 стакан)

5.Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? (4 мысық)

10-бөлім пікірталас компьютердің пайдасы мен зияны

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ! - деп әділқазылар алқасы ұпай сандарды есептеп қорытынды шығарғанша біз жанкүерлермен ойын өткізейік.

Көрермендермен ойын:

С әрпінен келетін информатикалық сөздер айту

2. «Сөз тапқанға қолқа жоқ».

Шарты: Сұраққа тек қана берілген әріптермен басталатын сөздермен жауап беру.

Сенің атың кім?

Жасың нешеде?

Ең жақсы көретін тамағың?

Сенің мектебің қалай аталады?

Таңертең не жедің?

Сенің фамилияң қалай?

Нешінші сыныпта оқисың?

Мектепке немен келесің?

Түнде аспанда не болады?

Қандай пәнді ұнатасың?

Жетпесіңе жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген.

Бар ғылымды сыйдырып,

Білетіні көп бізден.

Жаңалықтың жаршысы,

Жұртты елең еткізген

Информатикаға мың алғыс! - деп әділқазылар алқасына сөз береміз.

( топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды, марапаттау рәсімі).

© 2010-2022