Открытый урок по информатике 8 класс Форматирование текста

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Открытый урок по информатике 8 класс Форматирование текстаОткрытый урок по информатике 8 класс Форматирование текстаСабақтың тақырыбы: Мәтіндік құжатты пішімдеу

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: : Оқушыларға МS Word редакторында мәтін жазу ережелерін, мәтін бөліктерін ерекшелеу әдістерін, қаріптер көмегімен мәтінді пішімдеу тәсілдерін үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылардың компьютерге қызығушылығын, ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істеру шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және осы сабақта алған білімдерін практикада пайдалана білуге ықпал жасау.

3. Тәрбиелік: Шығармашылыққа, іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа

тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: орыс тілі, қазақ тілі, география

Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру сабағы.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер, проектор, экран, электрондық оқулық, сабақтың өту жоспары презентация түрінде дайындалған

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

• Оқушылармен амандасу
• Оларды түгелдеу
• Тыныштандырып, назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Сабақты бастамас бұрын сендерге Өзін-өзі бағалау парағы беріледі, сабақтың әр бөліміне сәйкес өздеріңді бағалап отыруларың керек.

-Балалар үй жұмысын қайталайық:

Сұрақтар:
1. МS Word қандай бағдарлама?

Өткен тақырыптарды қайталау үшін электронды оқулықтан тапсырмаларды орындайық.

2. МS Word бағдарламасын қалай іске қосамыз

3. Microsoft Word құжаты терезесі элементтерінің атауларын жақтауға
енгізіңіз?
4. Word құжатын ашыңыз?
5. Стандартты құралдар үстелінде мына амалды орындау үшін қолданылатын батырманы басыңыз?
• Мәтін үзіндісін көшіру?
• Емле ережелерін тексеру параметрлерін баптау?
• Ағымдағы құжатты сақтау?
• Аралық сақтағыштан мәтін үзіндісін кірістіру?
• Жаңа құжат жасау?
• Мәтін үзіндісін қиып алу?
• Сақталған құжатты ашу?
• Соңғы әрекетті болдырмау?
• Мәтінді газет бағандарына бөлу?МS Word

6. Мәтіндік құжатты редакциялау дегеніміз не?

7. Редакциялауда жиі қолданылатын қандай пернелерді білесіңдер?

ІІІ. «Жолсапар»

Жаңа сабақ түсіндіріледі.

Елбасы өз Жолдауында Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына кіру керектігін айтып өтті. ХХІ ғасыр жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры. Қазіргі кезде компьютер адам өмірінің барлық саласында толық енгізілді. Сондықтан да келешек ұрпақтың, оқушылардың алдында тұрған ең негізгі міндеті - өмірге заман ағымына сай ілесе алатын азамат болу. Соның бір жолы компьютер тілін үйрену болып табылады. Компьютерді білу -екінші сауаттылық. Қазіргі кезде қай салада болмасын ең керекті бағдарламалардың бірі ол әрине MS Word бүгінгі сабақта біз сендермен MS Word бағдарламасында мәтінді пішімдеумен танысамыз

Мына көрмеге назар аударайық /шағын көрме көрсетіледі/

Пішімдеу деп мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтады. Құжатқа пішімдеуді құжат құрғанға дейін де, сол сияқты одан кейінде жүргізуге болады.

Пішімдеу әрекеттерін орындай отырып:

  • әр түрлі қаріптерді пайдалануға;

  • мәтінді бағандарға бөлуге;

  • мәтінді жиектеудің әр түрлі типтерін қолдауға;

  • нөмірленген тізім, маркерленген тізім жасауға ;

  • Жұмыс өрісінің шекараларын өзгертуге, сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрістерін айқындауға;

  • Беттегі мәтінді туралауға:

  • Жоларалық интервалды орнатуға және өзгертуге

Пішімдеу кезінде аспаптар панеліндегі батырмаларды да, меню командаларын да, пернелердің арнайы комбинацияларын да пайдалануға болады.

Пішімдеу операцияларын бүкіл мәтінмен де оның бөлімдері: символмен сөзбен, жолмен, абзацпен, бөліммен, бетпен де жүргізуге болады. Ол үшін пішімделетін бөлікті белгілеу керек.

Сөзді ерекшелеу

Сөзде маусты екі рет шерту

Сөйлемді ерекшелеу

Ctrl пернесін басып тұрып, сөйлемнің

кез келген жерінде маусты бір рет шерту керек.

Абзацты ерекшелеу

Үш рет басу керек.

Бүкіл құжатты ерекшелеу

Ctrl +A пернелерінің комбинациясын

басамыз немесе Правка менюінен

Выделить все командасын орындаймыз.

Пішімдеудің бірнеше баптауын бірден өзгерту үшін Пішім /Формат /менюінен Қаріп /Шрифт/ командасын орындаймыз. Нәтижесінде Қаріп сұхбат терезесі пайда болады.

Символдарды пішімдеу. Символдарды пішімдеудің ең жылдам тәсілі пішімдеу панелінің батырмаларын пайдалану.
Ж «жартылай қарайтылған».
К «курсив»
Ч «асты сызылған»

Пішімдеудің бірнеше баптауын бірден өзгерту үшін Формат → Шрифт командасын орындаймыз. Экранда одан қажетті параметрлерді таңдауға болатын Шрифт терезесі пайда болады

11

100

Открытый урок по информатике 8 класс Форматирование текста

2

1


6

7

5

4

3

13

12

9

8

Открытый урок по информатике 8 класс Форматирование текста

- Қаріп түрі

Открытый урок по информатике 8 класс Форматирование текста

- қаріп өлшемі

обычный - қалыпты сызылым

Открытый урок по информатике 8 класс Форматирование текста

- Қарайтылған сызылым /полужирный/

Открытый урок по информатике 8 класс Форматирование текста

- курсивті сызылым /курсив/

Открытый урок по информатике 8 класс Форматирование текста

- асты сызылған

Открытый урок по информатике 8 класс Форматирование текста

- екі сызықпен сызу

Открытый урок по информатике 8 класс Форматирование текста

Төменгі индекс

Жоғарғы индекс

Открытый урок по информатике 8 класс Форматирование текста

Открытый урок по информатике 8 класс Форматирование текста

- қаріп өлшемін үлкейту,кішірейту

Открытый урок по информатике 8 класс Форматирование текста

- түспен белгілеу

Открытый урок по информатике 8 класс Форматирование текста

- түс таңдау

Открытый урок по информатике 8 класс Форматирование текста

Мысалы Сөйлемді талдау : Алия мектептен ерте келді.

Пішімдеуге арналған пернелер комбинациялары

Пернелер

комбинациясы

Пішімдеу

кезіндегі әрекеттері

+

Курсив (К)

+

Асты сызылған (Ч)

+

Жартылай қарайтылған (Ж)

IV Сабақты бекіту / « Информатика патшалығына саяхат»

Балалар, барлықтарын «6-сынып» деп аталған кемеге отырыңдар, саяхатымызды бастайық. Саяхат барысында кемемен мұхитта жүзіп, әр түрлі аралдарда тоқтап «Информатика патшалығына» жетулерін керек Информатика патшалығана жету үшін, сендер аралдардағы әртүрлі тапсырмаларды орындау керексіңдер

Кеменің жүзу бағыты:

1.Ыстық пернелер аралы

2.Құжатты рәсімдеу аралы

а/ құжатты бағдарлау /ориентация/

ә/ бағандарға бөлу /2 колонки/

3. Суреттер мен жақтаулар /жиектер/ аралы

4. Құжатты пішімдеу аралы /практикалық жұмыс/

Балалар біз сендермен ыстық пернелер аралына да келіп қалдық

Бұл аралды сендер пернелер комбинациясы сәйкес келетін командаларды іздеп табу керексіңдер

Ыстық пернелер

Ctrl+O құжатты сақтау

Ctrl+N сақталған құжатты ашу

Ctrl+W жаңа құжат жасау

Ctrl+X мәтінді көшіру

Ctrl+C бағдарлама терезесін жабу

Ctrl+V тіл индикаторын ауыстыру

Alt+F4 алмасу буферінен қою

Shift+Alt мәтінді немесе мәтін бөлігін қию

Дұрыс жауабы

Ыстық пернелер

Ctrl+O - сақталған құжатты ашу

Ctrl+N - жаңа құжат жасау

Ctrl+W - құжатты сақтау

Ctrl+X -қию

Ctrl+C - көшіру

Ctrl+V - алмасу буферінен қою

Alt+F4 - Бағдарлама терезесін жабу

Shift+Alt- тіл индикаторын ауыстыру

Жақсы бұл аралдан аман есен өттік, саяхатымызды жалғастырайық

2 арал: Құжатты рәсімдеу аралы

Бұл аралда MS Word бағдарламасында жаңа құжат ашып

Құжатты рәсімдеу керек яғни құжатт бағдарлауын /ориентация/ « альбомды» пішімге келтіру және құжатты екі бағанға бөлу керек екен.

3 арал Суреттер мен жақтаулар /жиектер/ аралы деп аталады

Суреттер мен жақтаулар аралында мәтіндік құжатқа жиектер /жақтаулар / жасап ,наурыз мерекесіне арналған суреттерді кірістіру керек.

-Балалар , біз сендермен «Мәтінді пішімдеу» аралына да келіп қалдық

Бұл арал 22 наурызға дайындалып жатқаны көрінеді. Сендерге Word бағдарламасында , көрсетілген пішімдеу параметрлері бойынша Наурыз мейрамына арналған құттықтау қағазын жасау керек. Уақыт шектеулі 15 минут

Саяхатымызды жалғастырмай тұрып техника қауіпсіздігі ережелерін еске түсірейікші

1. Компьютер мониторы мен адам арасындағы арақашықтық қанша см болу керек?

2. Компьютер алдында қалай отыру керек:

3. Сырттан кабинетке біреу келгенде тұру міндетті ме?

Енді кезекті сергіту сәтіне береміз

Ойын «Көршіңді тап» деп аталады

Сәл демелдыңдар деп ойлаймын, практикалық жұмысты бастайық!

Уақыт шектеулі 15 минут

Практикалық жұмыс №27

Тақырыбы: Мәтінді пішімдеу

1 тапсырма. Үлгідегі мәтінді теріңіз. Пішімдеу- «Наурыз мерекесі» мәтіні- қаріп түрі Times New Roman,

қаріп өлшемі 15,стилі қарапайм және жартылай қарайтылған,

қолданылатын түстер жасыл ,көк, қара

Наурыз мерекесі

Наурыз мейрамы- өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке.Ол парсымыз «Нау-рыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан.

Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі - «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды .

Наурыз күнгі тағам - "Наурызкөже"

Наурыз күнгі айтылатын ән: "Жарапазан"

Наурыз күнгі жауған қар - "Наурызша"

Наурыз күнгі тілекті қабыл қылатын қария - "Қызыр ата"

2 тапсырма Құттықтау сөзін - WordArt объектісі арқылы жазу

/қолданылатын меню командасы -Вставка- объект- WordArt /

Қаріп түрі-Arial, қаріп өлшемі-16, қаріп стилі қарапайым және қурсивті сызылым, қолданылатын түстер қызыл , жасыл, сары

Құттықтау

Открытый урок по информатике 8 класс Форматирование текста

Қымбатты ________________

Cізді Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтай отырып мына өлең жолдарын арнаймын:

Жыл сайын Наурыз айы келе берсін,

Жаңа жыл есікті ашып кіре берсін.

Ежелден көктем мейрамы Наурыз,

Еліме жаңа бақыт бере берсін!

Құжатты өз қапшықтарыңда «22 наурыз» деп сақтаңдар.

-Балалар, сендер кемемен «Информатика патшалығына » да жеттіңдер мен сендерді құттықтаймын.

Сабағымызды қорытындыла келе, сендерге саяхат сабағы ұнады ма, жоқ па білу үшін смайликтерден көңіл-күйіңе сәйкес суретті таңдап алып, «Информатика патшалығына » жабыстырып қойыңдар.

Бағалау: Оқушыларға алдын алдын - ала берілген «Өзін-өзі бағалау» парағына қойған бағалары мен оқушылардың практикалық жұмыстарын тексеріп,

қорытынды сұрақтарға жауап берулерін ескере отырып, бағалау

Қорытынды: Техника қауіпсіздігін сақтай отырып компьютерлерді сөндіру

Үйге : дәптерден мазмұндау, кесте толтыру

Не білемін

Не үйрендім

Не үйренгім келеді



© 2010-2022