Мақал-мәтелдер

Тақырыбы: Мақал-мәтелдер. Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет Мақсаты: Балаларды халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстыру. Мақал-мәтелдердің мазмұнымен таныстыру. Балалардың сөздік қорын молайту, имандылыққа, адамгершілікке, балалардың бірін-бірі сыйлауға, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап. Көрнекіліктері: Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер, DVD, аю атрибуты, пластмас талдар, ұлттық ойындар суреті, тақ... Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Ынталандыру, сезімді ояту               Ізденістер         Ұйымдастыру                                                                                                                                                                                           Рефлекциялық қорытушы         «Сөз ...     Күтілетін нәтиже: Балалар, мақал-мәтелдердің неғұрлым көп түрімен танысып, айту. Қарапайым сөйлеуге үйрету. Үлкендерге құрмет көрсету, әдепті, иманды, еңбекқор болу. Білу керек: Халық ауыз әдебиетінің түрлерін, мақал-мәтелдің түрлерін, досты қадірлей,сыйлай білуі керек.
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Мақал-мәтелдер.

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Мақсаты: Балаларды халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстыру. Мақал-мәтелдердің мазмұнымен таныстыру. Балалардың сөздік қорын молайту, имандылыққа, адамгершілікке, балалардың бірін-бірі сыйлауға, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктері: Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер, DVD, аю атрибуты, пластмас талдар, ұлттық ойындар суреті, тақта

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту


Ізденістер


Ұйымдастыру
























Рефлекциялық қорытушы


«Сөз басы - сәлем!» демекші балалар, келген қонақтармен сәлемдесейік.

Шаттық шеңберін құрайық.

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз

Қонақтарды көргенде

Сәлеметсіздер ме? - деп

Сәлемдесіп аламыз.

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктем мезгілінде неше ай бар?

Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті, мақал - мәтелдер. Ауыз әдебиеті халқымыздың асылда, мол мұрасы. Аты айтып тұрғандай ол ауызша шығарып, ауызша айтылған. Халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлері мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, жаңылтпаштар т.б. Біздің қазақ халқы тиым сөздерге, мақал-мәтелдерге өте бай. Сендер жыл мезгілдеріне, табиғат құбылыстарына байланысты қандай мақал-мәтел білесіңдер?




Жарайсыңдар балалар!

Мақал-мәтелдер түрлері өте көп. Мыс: Батырлық, достық, тәлім-тәрбие, жыл мезгілдері, табиғат құбылыстары, үй-іші отбасы, ынтымақ-бірлік, жақсылық пен жамандық, өнер, білім, әдептілік пен еңбек туралы көптеген мақал-мәтелдер бар.

Балалар, енді екі дос туралы шағын көріністі тамашалайық.

Орманда екі дос келе жатады. Алдарынан аю шығады. Екеуі аюдан зәрелері ұшып қорқады. Көбей қаша жөнеледі де, бір ағаштың төбесіне шығып кетеді. Жомарт не істерін білмей әбден сасады. Аю болса жақындап қалды. Жомарт жерге жата қалады. Аю келіп, адамды иіскей бастайды, өліп қалған екен деп әрі қарай кетіп қалады. Аю кете салысымен Көбей ағаштан түсіп, күледі де:

  • Не болды? Аю құлағына не деп сыбырлады деп сұрайды?

Жомарт:

  • Қауіп-қатер төнгенде досың тастап қашып кеткен адамдар жаман болады деді.

Көбей:

  • Кешір мені, мен енді досымды қиын жағдайда ешқашан тастап кетпеймін, - деп екеуі қол алысады. Содан екеуінің достығы мәңгілікке созылыпты.

Балалар, көрдіңдер ме досты ешқашан сатпау керек. Сендер достық туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?






Сергіту сәті:

Ал, балалар тұрайық

Алақанды ұрайық

Оңға бір бұрылып,

Солға бір бұрылып

Бір отырып, бір тұрып

Біз тынығып алайық

Ал, енді балалар ойын ойнайық. «Ұлттық ойынды көрсет»

Ойынның шарты:

Әр топтан бір баладан шығып, үстел үстіндегі суреттердің ішінен ұлттық ойынның суретін тауып, тақтаға іледі, кім суретті көп ілсе, сол топтың ұпай саны көбейеді.


Балалар, келген қонақтарға назар аударады, шаттық шеңберін құрады, қимылмен көрсетеді.

Көктем

3 ай бар. Наурыз, сәуір, мамыр




Көбей:

Шағала келмей жаз болмас,

Шаңқай болмай боз болмас

Жомарт:

Тамшыдан тама берсе, дария болады.

Аяулым:

Нөсер алдында найзағай ойнайды.

Бағлан:

Тау кезеңсіз болмас,

Өлке өзенсіз болмас

Асылан:

Тау мен тасты су бұзар,

Адамзатты сөз бұзар








Балалар, көріністі тамашалайды.



Аяжан:

Досы көпті жау алмайды

Ақылы көпті дау алмайды

Нұрай:

Досынның көзінде болғанша

Көңілінде бол

Аружан:

Жаман аттан аяғым артық

Жаман жолдастан таяғым артық

Қарақат:

Жақсы дос үшін жан пида

Нұрасыл:

Жолдасы көптің,

Қолдасы көп

Айбек:

Жүз теңген болғанша

Жүз досың болсын

Аяулым:

Аққуды атпа,

Досыңды сатпа

Айзере:

Дос бәріненде қымбат

Сергіту сәтін қимылмен орындайды.


Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Балалар, мақал-мәтелдердің неғұрлым көп түрімен танысып, айту. Қарапайым сөйлеуге үйрету. Үлкендерге құрмет көрсету, әдепті, иманды, еңбекқор болу.

Білу керек: Халық ауыз әдебиетінің түрлерін, мақал-мәтелдің түрлерін, досты қадірлей,сыйлай білуі керек.


© 2010-2022