Білім беру саласында электронды оқулықпен оқытудың маңыздылығы

Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болуы шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни, этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет. Ғаламдасуға байланысты «интернет» ...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласында электронды оқулықпен оқытудың маңыздылығы

Кожахметова Акмарал Ерболатовна Петропавл қаласы

Қазіргі кездегі жапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі əлемдік бəсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар əлем елдерінің бəсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Қазақстанның əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бəсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, əлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасының жасампаздығын жəне іс-əрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дəрежесі, оның кəсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кəсіпкерліктің нəтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.

Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болуы шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни, этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет. Ғаламдасуға байланысты «интернет» жүйесін жетік меңгерген, əлемдік білімге сай, мəдениеті жоғары, жеке тұлға тəрбиелей алатын ұстаз болуы қажет. Осыған қарап ХХІ ғасырда мұғалімге қойылатын талаптар зор екенін көреміз.

ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дəуірі, технологиялық мəдениет дəуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кəсіби мəдениеттілігіне мұқият қарайтын дəуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пəн мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы.

Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім - оқытушы, мұғалім - ұстаз, мұғалім - оқулық авторы, мұғалім - технолог, мұғалім-жаңалықты дəріптеуші, таратушы.

Қазіргі таңда дəстүрлі оқыту əдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тəжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған əдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тəрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Жаңа ақпараттық технологияларға (ЖАТ) ғалымдар əр түрлі анықтама беріп отыр. Мысалы, Н.Макарова «ЖАТ - қысқаша компьютер негізіндегі технология» деп тұжырымдайды. М.И.Жильдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді. Ол «ЖАТ - адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық жəне əлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау жəне жеткізудің техникалық құралдары мен əдістерінің жиынтығы» дейді.

Біз жоғарыдағы анықтамаларды өз іс-тəжірибемізге қолдану бағытында оларды негізге ала отырып жұмыс істеп жатырмыз. Əсіресе ақпаратты оқушыға компьютер арқылы əзірлеу мен тарату үрдісіне ерекше мəн беріп отырамын. Себебі əр түрлі зерттеулерге қарағанда дəстүрлі оқыту кезінде кез келген жақсы оқитын оқушы информатика заңдылықтарын тұжырымдайды, мысалдар келтіреді. Оқушылардың көпшілігі алған білімдерін практикада қолдана алады. Бұл оқушылардың оқу материалын формальды жағынан да жақсы білетінін көрсетеді. Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін үздіксіз жəне толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.

Компьютерлік оқыту үрдісінің құрылымдық сызбасын қарастырайық.

мұғалім

компьютер

дидактикалық

материал

оқушы



Сызба 1

Оның құраушы элементтері мұғалім, оқушы, дидактикалық материалдар мен дербес компьютер. (Сызба 1) Осы элементтердің барлығы да бір-біріне өзара əсер ететін ақпараттар ағынымен байланысқан. Осы құрылымда алғашқы маңызды аспект ролін мұғалім мен оқушының компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуі, яғни олардың компьютермен жəне оның сыртқы құрылымдарымен жұмыс істей білу деңгейлері, компьютердің жалпы қызмет ету принциптерін түсінуі, осы жүйенің жалпы мүмкіндіктерін ұғынуы саналады.

Дəстүрлі оқыту меңгерудің 4 деңгейінің (репродуктивтік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) тек алғашқы екеуін ғана қамтиды, нəтижесінде материалдар жеткілікті дəреже меңгерілмейді, білімнің жүйелілігі, беріктілігі қалыптаспайды. Компьютердің көмегімен тақырыпты оқу, зерттеу негізінде меңгеруді эвристикалық жəне шығармашылық деңгейге жатқызуға болады. Оқушылар электронды оқулықтан оқығанын, көргенін елестете отырып тақырыпқа берілген тест сұрақтарын шешеді. Ал электронды оқулықта тест сұрақтары күрделенген тест жəне жеңілдетілген тест түрінде болады. Қорыта айтқанда компьютерді сабақта қолдану барысында оқушылар:

  1. Қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын терең түсінеді;

  2. Оқушы жұмысты орындау барысында ғылыми зерттеу жұмысына тартылады, оның бойында зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптаса бастайды.

Кез келген пəн мұғалімін компьютерлік кабинетке тартып отырған не? Ең бірінші кезекте сабақты түрлендіру жəне оқушылардың пəнге деген қызығушылығын арттыру. Компьютерлік сыныпта өткен сабақта үйреншікті тыныштық жоқ. Сабақ кезінде оқушылар проблемаларды талқылайды, сабақтың барысын қызығушылықпен бақылайды. Бұл кезде мұғалім - оқушы арақашықтығын ұстау болмайды.

Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді жəне тиімсіз жақтарына тоқталайық.

Тиімді жа тары

Тиімсіз жа тары

Оқушыны уақытын үнемдейді,

оқу материалын іздеп отырмайды.

Оқушы оқулықты қажет етпей-

ақ информатика негіздерінен кез келген мəліметті алып, оқып йренуіне болады.

Тақырыпты үлкен, қиын біліктерін өткенде қосымша бейнехабар, клиптер, аудиохабарларды пайдаланады.

Таңдап алған хабарды көшіруге

мүмкіндік бар.

Сараманды жұмыстар жылдам түсіндіріледі.

Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен қамтамасыз етілген.

Көрнекілік құралдарға деген мұңтаждықты азайтады.

Мұғалім əр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады.

Оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді.

Зерттеушілік қабілеті бар тұлға

қалыптасады.

(ҰБТ-ге даярлаудағы тиімділігі

жоғары

Психология-педагогикалы талаптарды жоқтығы.

Пəн аралық байланыстың

аздығы.

Оқып үйренудегі мамандық

бойынша бағыты ескерілмеген.

Материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару.

Оқушыны жеке ерекшелігі,

денсаулы жағдайы ескерілмеген.

Берілген материалдағы санитарлық-гигиеналық нормаларды сақталмауы.

Компьютерді графикалық мүмкіншілігінің қолданылуының нашарлығы жəне əлсіздігі.

Оқушының тіл мəдениетінің төмендеуің «тірі» қарым-қатынасқа түсе алмауы.

Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсыныс жасауға болады:

  1. Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану;

  2. Компьютерді пайдалану уақытын сақтау;

  3. Компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;

  4. Дəстүрлі жəне электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу. Себебі электронды оқыту - оқу пəнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалар жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:

Кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді;

Жай оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды электронды оқулықтардан қысқа уақытта табуға болады;

Гипермəтінді түсіндірмелерге өту барысында уақытты үнемдеуге

көмектеседі.

Кез келген сабақ бойынша ең бастысы электронды оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек.

Осыған байланысты электронды оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескерген жөн:

Белгілі бір пəнге байланысты дайындалған оқулықтың сол пəннің типтік бағдарламасына сəйкес болуы;

Электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дəріс конспектісін қамтитын негізгі сарамандық жəне тəжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдарға анықтама, библиографиялық көмекші, аралық жəне қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест материалдарды дайындауда пайдаланылған əдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;

Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмау.

Түрлі сабақтарда электронды оқулықпен жұмыс нəтижелерін бағалау үшін түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар:

  1. Білім мониторингісі;

  2. Сауалнамалар;

  3. Түрліше тестілік бақылаулар;

  4. Жеке оқушылармен əңгіме, пікір алмасу т.б.

  5. Оқушыларды сырттай бақылау

Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығын жоғарыда айттық. Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті əдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан қолдана алады.

Заман табына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды география сабағында пайдалану - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мəнінде жүргізу қажет деп ойлаймыз.

ЭО негізгі қасиеттері: Жинақтылық

Жүйелілік

Эстетикалық көркемділігі Жылдамдылығы жəне т.б.

ЭО құрылымы

  1. Материалдың мəтін, сурет,график, кескін, кесте жəне т.б. түрде баяндалуы. Ол оның дəстүрлі оқулықтан ерекшелігін көрсетеді.

  2. Материалддың кескін түрінде баяндалуы-оқулық мазмұнының графиктік-мəтіндік түрде бейнеленуі. Онда оқу материалының негізгі идеясын айқындайтын үзінділерін оқушының меңгеруіне ыңғайлы етіп, графиктік түрде бейнелеу.

  3. Өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың) тестілік жүйесі. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.

ЭО құрылымдық элементтері:

Сыртқы беті;

Титулдық экран;

Мазмұны;

Аннотация;

Оқу материалының толық баяндалуы;

Оқу материалының қысқаша мазмұны;

Қосымша əдебиеттер;

Өзіндік білімді тексеру жүйесі;

Өзіндік бақылау жүйесі;

Мəтіндік үзінділерді іздеу функциясы;

Авторлар тізімі;

Терминдік сөздер;

Оқулықтың элементтерін басқару бойынша анықтамалық жүйе; Оқулықпен жұмысты басқару жүйесі.

ЭО қойылатын талаптар:

  1. Жан-жақтылығы

  2. Ізгіліктілік

  3. Бейімділігі

  4. Модульдік

  5. Экономикалық тиімділігі

  6. Тұтынушыға бағдарлау


ЭО құрастыру алгоритмі:

Оқу пəнінің мазмұндық көлемін бағалау

Үйренушінің білімділік, икемділік дағдыларын қалыптастыру

Оқу материалын өзіндік білім алу деңгейіне бөлу

Глоссарий дайындау

Лекциялар конспектісін дайындау

Тест материалын дайындау

Материалдарды электрондық түрде дайындау

Өзіндік жəне практикалық сабақтардың материалын дайындау

ЭО құрамы: аннотация;

пəн туралы қысқаша ақпарат; жұмыс бағдарламалары; электрондық оқулықпен жəне оның бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы

əдiстемелiк нұсқаулар;

ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары; теориялық материалдар (лекция конспектiлерi); теориялық материалдарға негiзделген оқу құралы; практикалық жұмыстарды орындауға негiзделген əдiстемелiк құрал; практикалық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының тiзiмi;

бақылау тапсырмалары; лабораториялық жұмыстардың əдiстемелiк нұсқалары; бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын тапсырмалар; бақылау тестiлерiнiң жинағы; телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация

түрлерi мен графигi;

глоссарий; əдебиеттер тiзiмi жəне Интернеттiң ақпараттық ресурстарына

сiлтемелер;

озат мұғалiмдердiң жасақтаған қосымша авторлық материалдары; үйренушiнiң жұмыс папкасы; мұғалiмнiң жұмыс папкасы.

Электронды оқулықтың артықшылығы неде?

Кейінгі кезде білім беру саласында электронды оқулықпен жұмыс істеу үрдісі қалыптаса бастады. Оның кəдімгі оқулықтан қандай артықшылықтары бар?

Технологиялар дамыған сайын оқу үрдiсiнде дəстүрлi оқыту мен қоса дəстүрлi емес құралдармен оқыту да кең тарауда. Соның бiрi - электронды оқулық. Электронды оқулық дегенiмiз - бұл дидактикалық əдiс-тəсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе. Оның дəстүрлi оқудан артықшылықтары көп.

Электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында белгілі бір тақырыпты бiрнеше рет қайталап оқуға, тыңдауға, тiптi түсiнбеген сөздi бөлiп, анықтама бөлiмiнен қарап, түсiндiрмесiн бiлуiне, оның грамматикалық жасалу жолдарын анықтауға көп көмегiн тигiзедi.

Аталған оқулықтарда əр тақырыптағы тапсырмалар жаттығулар түрінде берiлiп отырады. Ондағы жаттығулар мен тапсырмаларды орындауда өз бетiнше алдыңғы тақырыптарды қайталап, кейбiр сiлтемелер мен анықтамаларға қайта жүгінуге мүмкiндiктер бар.

Жалпы, электронды оқулықтар бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дəстүрлi оқытуда əр студенттi оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң əр кезеңі бақылауда болады. Сонымен қатар электронды оқулықтың көмегімен белгілі тақырыпқа байланысты оқушы өз ойларын микрофонның көмегiмен компьютерге басып, өзiн-өзi тексеріп, дұрыс сөйлеуге бейімделе алады.

Пайдаланылған əдебиеттер:

  1. Н.Ерлеков, Н.Стифутина «Инфарматика» 7-сынып оқу құралы. Алматы

«Атамұра» 2003

  1. Н.Ерлеков, Н.Стифутина «Инфарматика» 8-сынып оқу құралы. Алматы

«Жазушы» 2002

  1. «Инфарматика» /Под.ред. Н.В. Маркаровой М.Финансы и статистика, 1997

  2. Инфарматика. Базоый курс / Под.ред. С.В,Смонрвича. М.СПб.2004,-640с.

  3. Гук М.Аппаратные срества IBM PC. Энциклопедия-СПб; «издательство Питер», 1999г.

6.Фигурнов В.Э IBM PC дде пользавателя. Кратки курс.- М Финансы и стстистика, 1997.

  1. Мюллер Скот Модернизация и ремонт ПК. Перевод с англ Уч. Пособие М «Вильямс», 2001,1184с.

  2. Гукин Д. ІВМ-совместимость персональный компьютер: Устройства и модернизация: Пер. с англ.- М.:Мир, 1993 г.

  3. «Информатика негіздері» журнал 2007 № 1, 12-16 бет.

  4. Интернет.

© 2010-2022