Урок: Мәтінді теру және түзету ережелері (5 класс)

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№21-22 сабақ

Пән аты: Информатика

Пән мұғалімі Қ.Арынов Тексерген:_________________

Сыныбы: 5 «А», 5 «Ә», 5 «Б», 5 «Г»

Күні:___________________________

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру және түзету ережелері. Мәтін бөліктерін ерекшелеу.

Сабақтың мақсаты: мәтін теруді ережеге сәйкес үйрету, мәтін бөліктерін көшіруді, ауыстыруды үйрету.

Оқушылар білуі тиіс: мәтін теру ережесін, «редакциялау» түсінігін, редакциялаудағы пернелер мен командалардың қолданылуын, мәтінді ретімен теруді, пернетақта мен тышкан- ды пайдаланып мәтінді жылжытуды, әрекетті кері қайтару командаларын.

Оқушылар үйренуі тиіс: ережеге сәйкес мәтін теруді, пернетақта мен тышқанды пай- даланып мәтінді жылжытуды, алмасу буферін пайдаланып экранда мәтінді көшіруді, мәтінді жоюды, мәтін енгізудің тәртібін өзгертуді.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

  3. Үй тапсырмасын тексеру

§20 бойынша бақылау сүрактарына жауап беру.

  1. Білімді өзектендіру

  1. Мәтін құрған кезде құжатта қандай белгі пайда болады? (азатжол белгісі).

  2. Оны өшіруге бола ма?

  3. Жаңа азатжолды қалай коямыз?

  4. Жаңа жол қалай қосылады?

  5. Тыныс белгілері үшін қандай пернелер пайдаланылады?

3-5 бақылау сұрақтарына жауап беру, 7-тапсырманы орындау.

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Мәтінді пішімдегенде кате терілген мэтінмен не болатындығын корсету (бос орындар- дың жоқтығы, жақшалар ашылғанда, тырнакшаларда). Мәтінді енгізуде мәтін құжаттарының маңыздылығы туралы корытынды шығару.

Тәжірибелік тапсырма ретінде мәтін теруді ұсыну. Компьютерде А деңгейінің тапсырмасын орындау.

Мәтіндермен жұмыс істегенде кейде оларды біріктіруге, кейде фрагменттерді әр құжаттардан алып, оның жаңасын құруға тура келеді. Егер барлық құжаттарды әртүрлі ережелер бойынша құратын болсақ, онда нәтижесінде мәтін көріксіз болып көрінеді. Мысалы, сендер дәптердің шетінен бастап жазбайсыңдарғой? Кітаптарданда ондайды көрмейсіңдер. Тырнақшаларды, жақшаларды мәтіннен кенет бөлініп қалмайтындай етіп қойып шығу, осының бәрі маңызды.

Мәтін бойынша жылжыту.

Курсорды мәтін бойынша стрелкалармен, Home(жолдың басына), End (жолдың аяғына), PageUp, PageDown (бір бетке жоғары немесе төмен) пернелерімен жылжытуға болады. Егер құжат беті көп болса, мәтіннің соңына бірден қалай жетуге болады? Көмекке Ctrl+End пернелерінің тіркемесі келеді.

Түзетуге жататындар: мәтін фрагменттерін жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыру.

Мәтінді ерекшелеу үшін пернетақтамен тышқанды қолданған қолайлы. Мәтін бойынша жылжу пернелері мен Ctrl, Shift пернелерін бірге пайдаланылуы мүмкін.

Мәтін бөліктерін ерекшелеу.

Мәтінді теріп болған соң түзету және пішімдеу үшін мәтін бөліктерін (фрагмент) ерекшелей білу керек. Тышқанның көмегімен ерекшелеу үшін құжаттың сол жақ, «ерекшелеу ернеуі» деп аталатын, ернеуін қолданады.. тышқанның сілтемесі оңға қарай бұрылған стрелка түріне айналады. Пернетақтадан ерекшеленген кезде Shift және Ctrl пернелері тіркесімдерін бірге басу керек.

Мәтін бөліктерін ерекшелеу тәсілдері.

Кейде экранда бірден жолды, абзацты немесе тұтастай мәтінді ерекшелеген ыңғайлы. Бұл жағдайлар үшін арнайы тәсілдер ойластырылған.

  1. Тұтас жолды ерекшелеу. Егер тышқанның сол жақ батырмасымен жолдың басын бір рет шертсеңдер, жол тұтастай ерекшеленеді. Тышқанның сілтемесі бұл жерде ақ стрелка кейпіне енеді.

  2. Егер экранның осы жерінде тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертсек, онда тұтас абзац ерекшеленеді.

  3. Тышқанның сол жақ батырмасын үш рет шерту мәтінді тұтастай ерекшелейді.

Мәтінді тұтастай бірден ерекшелеу үшін пернетақтадан бір мезгілде Ctrl пернесімен цифрлық қосымша пернетақтадан «5» санын басуға да болады. Windows операциялық жүйесінде басқа нысандар сияқты, мәтіндердегі нысандарда Delete пернесімен - курсордан оң жақта орналасқан символды, BackSpace пернесімен - курсордың сол жағында орналасқан символды жоюға болады. Егер мәтінді Ауыстыру режимінде терсек, онда бұрын болған символдарды алмасытруға болады. Ол Insert пернесін басқанда қосылады. Мәтінді қосуды жалғастыру үшін, Insert пернесін қайта басу керек. Егер мәтіннің барлық бөлігінде тұтас сөзді немесе сөз тіркесін алмастыру керек болса, онда Алмастыру бұйрығын қолданған ыңғайлы.

Мәтіннің ерекшеленген бөлігін 2 тәсілмен Жылжытуға болады:

  • Тышқанмен сүйреу;

  • Алмасу буферін қолдану: мәтін бөлігін ерекшелеп, оны алмасу буферіне қиып алу (жолақтағы Вырезать батырмасы), мәтіндік курсорды ккерек жерге апарып, бөлікті алмасу буферіне кірістіру, яғни ВСТАВИТЬ командасы таңдалады.


  1. Сабақты бекіту

Таңдалған деңгей бойынша тәжірибелік жұмысты компьютерде орындау.

Сұрақтар:

  1. Алмасу буферінен мәтіннің қанша көшірмесін қоюға болады?

  2. Алмасу буферінен басқа құжатқа бөлікті қоюга бола ма?

  3. «Вырезать» және «Копировать» командалары арасында қандай айырмашылық бар?

  1. Сабақты қорытындылау

Тәжірибелік жұмыстарын тексеріп, бағалау.

VIIIҮй тапсырмасы

§21, бақылау сұрақтарына жауап беру. Тәжірибелік жұмысты аяқтау.

Тест жауаптары:

1

2

3

4

5

А

С

D

с

D











© 2010-2022