«Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері»

«Paint-тың қосымша мүмкіндіктері»   Сабақтың мақсаты: 1.    «Paint графикалық редакторы» тақырыбы бойынша алған білімдерін нығайту, пысықтау; 2.    Paint графикалық редакторынан алған теориялық білімдерін тереңдетіп, практикалық дағдысын дамыта түсу; 3.    Топтасып, жеке өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету, шығармашылыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу, эстетикалық талғамын қалыптастыру. Сабақтың түрі:                  қайталау сабағы Сабақтың әдісі:                 жеке және топтық жұмыс, Ку...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Молда Мұса атындағы жалпы орта мектебі Информатика Бекеева Г.М.

«Paint-тың қосымша мүмкіндіктері»


Сабақтың мақсаты:

  1. «Paint графикалық редакторы» тақырыбы бойынша алған білімдерін нығайту, пысықтау;

  2. Paint графикалық редакторынан алған теориялық білімдерін тереңдетіп, практикалық дағдысын дамыта түсу;

  3. Топтасып, жеке өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету, шығармашылыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу, эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: жеке және топтық жұмыс, Кубизм.

Пәнаралық байланыс: қазақ, ағылшын, орыс тілдері,

бейнелеу өнері.

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, тест, бүктемелер, сөзжұмбақ,

кубик.

Жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Бой сергіту.

ІІІ. Сәйкестендіру тесті.

ІV. Сөзжұмбақ шешу.

V. Информатикалық диктант.

VІ. Кубизм . (Шешендік өнер)

VІІ. «Тіл - өнер»

VІІІ. Топтастыру.

ІХ. Қорытынды.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Paint-тың қосымша мүмкіндіктері» және ерекшелігі бұл сабақ сайыс түрінде өтеді. Сайысымыздың барысында оқушылардың біліміне өздерінің әділ бағаларын беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Оқушыларды екі топқа бөлеміз. Кәнекей, екі топтың топ басшысы ортаға шығып карточканы ашып топтарына ат таңдайды:

1. Компьютер

2. Процессор

ІІ. Бой сергіту

Топтардың сабаққа дайындығын тексеру мақсатында екі топқа қайталау сұрақтары қойылады.

Компьютер тобына

  1. Ең алғаш ЭЕМ қашан, қайда жасалды, аты? (1946 ж. АҚШ-та, ENIAC)

  2. Морзе әліппесінде қандай таңбалар бар? (нүкте, сызық)

  3. ЭЕМ-нің даму тарихы неше буыннан тұрады? (5)

  4. Компьютердің негізгі құрылғылары? (процессор, монитор, пернетақта)

  5. Ақпаратты баспаға шығару құрылғысы (принтер)

  6. Paint қандай редактор? (графикалық)

  7. Принтердің неше түрі бар? (3)

Процессор тобына

  1. Информатика нені зерттейді? (ақпараттық процестер)

  2. Компьютер жанына қойылатын өсімдік (кактус)

  3. Бэббидж машинасына алғашқы программа жазған кім? (Ада Лавлеис)

  4. Компьютердің миы деп нені айтады? (процессор)

  5. Принтердің түрлерін ата (лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш)

  6. Paint редакторын іске қосу жолы (Пуск-Программы-Стандартные-Paint)

  7. Paint терезесінің ең жоғарғы жолы (тақырып жолы)

ІІІ. Сәйкестендіру тесті

Мұнда екі топқа сәйкестендіру тесті беріліп, оқушылар жеке жұмыс орындайды. Оқушылар сәйкестендіру тестінде берілген Paint құралдары мен қызметтерін сәйкестендіруі керек.




Сәйкестендіру тесті

Құралдар

Аты

Сәйкестік

1

«Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері»

А)

Кисть

2

«Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері»

Ә)

Ерікті аймақты белгілеу

3

«Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері»

Б)

Бүріккіш

4

«Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері»

В)

Түс таңдау

5

«Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері»

Г)

Масштаб

6

«Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері»

Д)

Жазу

7

«Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері»

Ж)

Көпбұрыш

8

«Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері»

З)

Қисық сызық

9

«Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері»

Е)

Өшіргіш

10

«Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері»

К)

Құю

11

«Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері»

Л)

Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш

12

«Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері»

М)

Қылқалам

13

«Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері»

Н)

Эллипс

14

«Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері»

О)

Белгілеу

15

«Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері»

П)

Түзу сызық

16

«Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері»

Р)

Тік төртбұрыш



ІV. Сөзжұмбақ шешу

Бұл кезеңде оқушылар топпен жұмыс істейді. Екі топқа алдын ала дайындалған сөзжұмбақтар беріледі. Сөзжұмбақтағы ерекшеленген тордағы сөзді тауып, ол туралы айтып береді.

Компьютер тобына



















1. Төртбұрыш салу құралы (тік төртбұрыш)

2. Суреттің бөлінген бөлігі (үзінді)

3. Түзу сызық салу құралы (сызық)

4. Ерікті сызықтар салу құралы (кисть)

5. Сурет салатын түс (негізгі)

6. Суреттің белгілі бір бөліктерін өшіру құралы (өшіргіш)

Процессор тобына























1. Сурет салу құралы (қылқалам)

2. «Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері» қандай құрал (көпбұрыш)

3. «Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері» - қандай құрал (төртбұрыш)

4. Суреттің үзінділерін үлкейтіп көрсететін құрал (масштаб)

5. Суреттің тік төртбұрыш үзіндісін таңдау қызметін атқаратын құрал (белгілеу)

6. Түс түрі (фондық)

7. Сурет ішіне мәтін орналастыратын құрал (жазу)

8. Бүрку эффектісін жасайтын құрал (бүріккіш)

V. Информатикалық диктант

Бұл кезеңде екі топқа бірдей сұрақтар беріледі. Мұнда оқушылар жеке жұмыс жасайды.

  1. Сурет салу кезеңдерін жаз (1. Құралды таңдап алу керек. 2. Сызықтың қалыңдығын, қылқаламнның түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау. 3. Кескіннің түсін таңдау. 4. Фонның түсін таңдау)

  2. Меню жолы командаларын ретімен жаз (Файл, Правка, Вид, Рисунок, Палитра, Справка)

  3. Салынған суретті түсқағаз ретінде пайдалану үшін қандай әрекеттер орындау керек. (Файл-Заполнить рабочий стол Windows немесе В центр рабочего стола)

  4. Үзінділерге қандай амалдар орындауға болады? (көшіруге, жылжытуға, созуға, өшіруге, үлкейтуге, қисайтуға, көбейтуге, бұруға)

  5. Үзіндіні көшіру үшін қандай команда орындалады. (1. Белгілеу 2. Правка - Копировать 3. Правка - Вставить)

VІ. Кубизм (Практикалық жұмыс)

Бұл кезеңде әр топтан ортаға бір оқушы шығып, кубик тастау арқылы Paint редакторында орындайтын практикалық жұмыстың тақырыбын таңдайды. Әр топ таңдалған тақырып бойынша компьютерде сурет салады.

Ұсынылатын тақырыптар:

  1. Тау бөктерінде.

  2. 8 наурыз - Аналар мейрамы

  3. Менің ауылым

  4. Еркін тақырып

  5. Алтын ұя мектебім

  6. Ел ордасы - Астана

Практикалық жұмысты орындауға 15 минут уақыт беріледі.

а) Шешендік өнер

Топ сурет салып жатқанда топбасшылары сайысқа түседі. Топбасшыларына карточкада жасырынған тақырыпты таңдап «Компьютердің пайдасы» және «Компьютердің зияны» туралы әңгімелеу, дәлелдеу тапсырмасына 5 минут уақыт беріледі.

VІІ. «Тіл - өнер»

«Ана тілім - арым бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте» - деп Қ.Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас қырандардың тілі білімін тамашалайық. Демек, келесі сайысымыз «Тіл-өнер» деп аталады. Сендер плакаттың сол жақ ұяшықтарындағы жасырынған жұмбақтар мен сұрақтардың жауабын тауып, 3 тілде жазуларың керек. Ортаға әр топтан 1 оқушыдан кезектесіп шығады, жауап беруге 30 секунд уақыт беріледі, егер оқушы жауап бере алмаса тобы көмектесуіне болады. Іске сәт!


  1. Ақпараттың қайнар көзі? (табиғат, природа, nature)

  2. Сәлем ненің патшасы? (сөз, слово, word)

  3. Кітап ненің бұлағы? (білім, знание, knowledge)

  4. Серігі бар қасында, кілемі бар астында,

Құлағы бар қалқиған, құйрығы бар процессорға жалғанған

(тышқан, мышь, mouse)

  1. Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшер (бит, бит, bit)

  1. Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары.

Қыдырмашы біреуі,

Бір күн бар да, бір күн жоқ.

Соны есепке алсақ.

Ұзын саны жүз жеті (пернетақта, клавиатура, keyboard)

  1. Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер, курсор, cursor)

  1. Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы

мәлімет (ақпарат, информация, information)

  1. Егер білсең, айта қойшы

Бұл қандай құрылғы

Ақпаратты қағаздағы

Компьютерге енгізеді? (мәтіналғы, сканер, scanner)

  1. Жіпке ілдім мен өзін,

Кіп-кішкентай күн көзін. (шам, лампочка, lamp)

  1. Ч.Бэббидж компьютердің кімі? (атасы, дедушка, grandfather)

  2. Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ.

(терезе, окно, window)

  1. Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған? (себет, корзина,

basket)

  1. Деректерді сақтауға арналған құрылғы? (жады, память,

memory)

VІІІ. Топтастыру

Оқушылардың білімдерін пысықтау мақсатында әр топ өз атына ассоциация құрады.

«Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері»«Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері»«Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері»«Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері»«Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері»«Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері»

«Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері»«Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері»

«Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері»«Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері»«Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері»


ІХ. Қорытынды

Оқушылардың сабақ бойына орындаған жұмыстары тексеріліп, бағалау парағына түсіріледі. Бағалау парағы бойынша оқушылар бағаланып, жеңімпаз топ анықталады.

Бағалау парағы ________________ тобы


Аты-жөні

Сәйкес-тендіру тесті

(жеке жұмыс)

1 балдық жүйемен

Сөзжұм-бақ (топтық жұмыс)

5 балдық жүйемен

Информа-тикалық диктант

(жеке жұмыс)

1 балдық жүйемен

Кубизм

(жеке жұмыс)

5 балдық жүйемен

Топ басшы-лар сайысы

5 балдық жүйемен

Топтас-тыру

(топтық жұмыс)

5 балдық жүйемен

1


2


3


4


5


6


7


8



Барлығы







- 8 -

© 2010-2022