Урок по информатики на тему Power Point

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән мұғалімі Ершебаева А.А. Тексерген__________________

Күні: 24.01.2014 ж.

Сыныбы: 8а сынып

Сабақтың тақырыбы: Презентация. Суреттерді, бейнені кірістіру.

Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Power Point мүмкіндіктерін пайдаланып

презентация құрастыруды үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу,

шығармашылық, жарнамалық слайдтар жасау

қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ақпараттық

мәдениеттілікке, өзін-өзі бағалауға,

уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикум элементтері бар түсіндірмелі- көрнекілікті аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру-көрсету, деңгейлік тапсырмаларды орындау, жобалық қызмет, жобалық жұмысты қорғау.

Сабақтың қолданылатын көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, компьютерлер, интернет жүйесі

Пән-аралық байланысы: қазақ тілі.

Сабақтың жоспары:

I.Ұйымдастыру кезеңі: журнал бойынша тексеру, назарларын сабаққа аудару.

II.Үй жұмысын тексеру:

1. Сұрақ-жауап арқылы (слайдтарды қолдану)

- Power Point не үшін арналған бағдарлама?

- Power Point-ты іске қалай қосуға болады?

- Power Point меню құрамы неден тұрады?

- Слайд дегеніміз не?

-Слайд-фильм(презентация) деп нені атайды?

-Слайдтарды қалай қосуға болады?

- Слайдтарға қандай графикалық объектілерді орналастыруға болады?

-Графикалық объектілерді орналастыру қалай жүзеге асырылады?

Презентацияны ашу, сақтау, терезе элементтерін қайталау, еске түсіру, түртіп алып отыру.

III.Жаңа сабақ.

1.Сабақтың мақсатымен таныстыру:

Power Point бағдарламасында презентация құрастыру.

2.Электрондық оқулықпен жұмыс (интерактивті тақта арқылы түсіндіру- көрсету).

-Белгілі бір тақырып бойынша бірыңғай стильде безендірілген слайдтардың және тиісті жолдама материалдарға (презентация жоспарына,баяндамашы ескертпелеріне,тыңдаушыларға үлестірілетін материалдарға) сәйкес келетін слайдтардың жиынтығы презентация деп аталады.

Презентация жасау үшін мына әрекеттерді орындау керек:

1.Power Point-ті іске қосу.Файл-Создать командасын таңдау.

2. Безендіру шаблонын жасау үшін

Файл-Создать-Шаблон-Оформления командасын қолдану

3.Әр слайдқа үлгі мәтіннің орнына қажетті мәтінді теру.

4. Слайдқа объект немесе сурет енгізу үшін Вставка

менюіне кіріп керекті опцияны тадау.

5.Мәтін мен кез келген объект үшін анимация енгізу үшін

Анимации-Настройка анимации командасын таңдау.

6.Құрылым тәртібіне өтіп,презентация жоспарын қарап шығу.

7.Презентация экранда қалай көрінетінін көру үшін,

Вид-Показ слайдов командасын орындау.

8.Презентацияны сақтау үшін Файл-Сохранить командасын

орындап,ат беріп,сақтау.

Презентация жасағанда мына ұсыныстарды ескеру керек:

  • презентацияны алдын ала жоспарлау-оның мақсаты мен жалпы мазмұнын анық білу;

  • әр слайд мәнді және есте қаларлықтай болуы керек;

  • слайдтағы ақпарат қысқа және қарапайым болғаны жөн;

  • импортталатын бейне пішімін таңдағанда көрсету құралының мүмкіндіктерін ескеру;

  • кескіндегі объект фоннан түсі бойынша ерекшеленуі керек;

  • фотокескінді редакциялау үшін арнайы програмаларды қолдану тиімді;

  • слайдтарды беендіру үшін үйлесімді түстерді таңдау;

  • презентацияның кейбір сәттеріне аудиторияның назарын аудару үшін анимациялық өтулерді,бейне,дыбыс және басқа құралдарды пайдалану.

IV.Бекіту. Тапсырма: Практикалық жұмыс (презентация құрастыру). «Sulpak», «Technodom», «Планета электроники» магазиндерінен келген жарнамалау бөлімінің менеджерлері ретінде слайдтан оқушыларға әр магазинді таңдату. «Бізде компьютерлерге керемет акция» тақырыбы бойынша презентация әзірлеу. Бір-біріне жарнамалау әдісі арқылы қорғау. Сыныптастарының арасынан көбірек клиент жинау.

1- деңгейлік тапсырма:

1.Тақырып таңдау. «Бізде компьютерлерге керемет акция»

2.1-7 көлемінде слайдтар дайындау.

3. Презентацияны сақтау

2- деңгейлік тапсырма:

1.Слайдтарға тақырыпқа сай графикалық объектілер енгізу. (Интернеттен қажетті суреттерді көшіріп алу).

2.Слайдтарға анимациялық эффектілер кіргізу.

3. Слайдтарды безендіру. (Шектеу жоқ. Әр оқушы қажетінше интернеттен ала алады).

3- деңгейлік тапсырма:

1.Презентацияны қорғау. (Оқушы жасаған слайдты интерактивті тақта арқылы көрсету. Оқушы қорғайды.)

2.Мазмұнын ашу (Тапсырма бойынша компьютерлерді сату үшін клиент қызығатындай жарнамашы болу).

3.Уақытты үнемдеу (Бірінші болып қорғауға тырысу).

Слайдта орналасқан ұяшықтарды таңдау.

V. Қорытындылау. Сұрақтарға жауап беру.

VI .Үйге тапсырма беру.

«Қазақстан -2030» тақырыбына слайд;

«Менің жолдастарым» тақырыбына презентация құрастыру.

VII. Бағалау.










Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылы

«№8 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»

мемлекеттік коммуналдық мекемесі










Ашық сабақ


Тақырыбы: «Презентация. Суреттерді, бейнені кірістіру.

Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету.»






Пән мұғалімі Ершебаева А.А.









2013-2014 оқу жылы





© 2010-2022