БАЯНДАМА, БжС технологиясын информатика сабагында пайдалану

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазіргі уақытта білім сапасына қойылатын мақсат білім сапасын арттыру.Білім сапасын арттырудың бір жолы ол жаңа инновациялық технологияларды енгізу.Қазіргі уақытта жаңа технологияларды сабақтарда қолданып келеміз.

Жаңа инновациялық технологияның бірі ретінде Ф.Я.Вассерманның «Биоақпарат және синергетика» технологиясымен жұмыс істеп келемін.

Менің әдістемелік тақырыбым «Биоақпарат және синергетика технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.»

Биоақпарат дегеніміз- биологиялық кеңістіктегі бірнеше ақпараттың алмасу заңдары мен принциптері.

Синергетика дегеніміз- күрделі ( бір қалыпты емес) жүйелердің өзін-өзі басқаруы.

«БжС» технологиясының басқа технологияларға қарағанда ерекшелігі бар. «БжС» технологиясы үш жақты қамтамасыз етеді: оқу, даму, тәрбие.Осы технологиямен өткізілген сабақты дәстүрлі сабақпен салыстыратын болсақ:

«БжС» технологиясы 9 технологиялық картадан тұрады: алгоритм, биоинтернет, жаттықтырғыш, ауызша сабақ 1, ауызша сабақ 2, ауызша сабақ 3, қисын, көшбасшы, КТС, БАЖ.

«БжС» технологиясы бойынша өткізілген сабақтардың дәстүрлі сабақтардан айырмашылықтары:
- Әр сабақ сергіту жаттығуларымен басталады.
-Жаңа сабақ оқу әрекетінің жалпыланған әдісі (ОӘЖӘ) арқылы түсіндіріледі.
-Тапсырма деңгейлеп беріледі.
-Тапсырманы орындауға уақытты шектеп көрсетеді.
Сыныптағы 5 оқушы тапсырманы орындап болғаннан кейін, қалған оқушыларға тапсырманы орындап бітіруіне 30 секунд уақыт беріледі.
«Биоақпараттану және синергетика» білім беру технологиясының карталары мұғалімдерге сабақты жоғары деңгейде сапалы өткізуіне ықпал жасайды.Қазіргі заман талабына сай білім берудің жаңа технологияларын, ұтымды әдіс-тәсілдерін пайдалану, білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды мәселелердің бірі болып отыр.Білім сапасы мен деңгейін арттыруда тәжірибеде дәлелденген тиімді жаңа білім беру технологиялары қажет-ақ. Бұл технологияда сабақ барлық пән бойынша өзіне сәйкес келетін технологиялық карталармен жоспарланады.

Әр картаның өзіндік ерекшелігі, құрылымы, мақсаттары бар. Олар гуманитарлық пәндеріне де, жаратылыстану пәндеріне де негізделген.
«БжС» білім беру технологиясының ерекшелігі:мұнда мұғалім тек басқарушылық рөл атқарады, көп түсіндіре бермейді, қажетті мәліметтерді қайдан табуға болатынын және қалай оқып-үйренетінін айтып, жасатып отырады. Мұғалім - пікірталасты ұйымдастырушы, білім алуды ұйымдастырушы. Ғалым-практик Ф.Я.Вассерман жүргізген зерттеу тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының нәтижиесінде оқыту сапасының нормативтік көрсеткішін құрды. Ол көрсеткіш 63% төмен емес. Әр сабақтағы оқушылардың білім сапасын есептеп, 63% салыстырып отыру керек. Аталған технологияның өлшеуіштер жүйесінің бірі «қиындықты есептеу формуласы». Тапсырманың күрделілігінің деңгейін анықтау әдісі ретінде ұсынылған «қиындықты есептеу формуласы»- әртүрлі тест, тапсырмалар мазмұнының құрылымының нормалар және стандарттар жүйесі. Бұл формула құрылымы жағынан өзара байланысты өлшеу және бақылаудың екі бөлігінен тұрады:

  • оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейі бойынша даралау.

  • оқу материалының мазмұнының деңгейі бойынша даралау.

Оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейі бойынша өлшеу, бақылау және мазмұнды даралау механизмі үш өлшем бірлігінен тұрады:

  • Қиындықтың төменгі деңгейі. (ТҚШ) Бұл баланың негізгі даму деңгейіне сәйкес келеді. (Выготский бойынша ) Төмендегі көрсетілген кері байланысты синергетикалық өлшемдерге байланысты ең аз мөлшердегі оқу элементтерін беруді жоспарлайды.

  • Қиындықтың орташа деңгейі. (АҚШ)Жоғарыдағы оқу элементтерін аралық мөлшерде меңгеруді жоспарлайды.

  • Қиындықтың жоғарғы деңгейі.(ЖҚШ) Баланың жақын арадағы даму деңгейіне сәйкес келеді. (Выготский бойынша). Бұл қиындықтың орташа деңгейіне қатысты оқу материалындағы оқу элементтерінің мазмұнынан 2 есе, қиындықтың төменгі деңгейіндегі оқу элементтерімен салыстырғанда 3 есе күрделі.

«Биоинформатика және синергетика» технологиясы бойынша тақырыптық жоспарлау төмендегідей қадамдардан тұрады:

  • берілген тақырып бойынша қандай білім, білік, дағды бар екенін анықтай білу;

  • білім, білік, дағды уақыты бойынша бөлу;

  • жеке сабақтағы білім, білік, дағдының әрбір компонентін меңгеруін жоспарлай білу.

Сабақтарда байқалғаным:

  • оқушылар көп уақыт бойы белсенді, тапсырмаларды өз беттерінше орындайды;

  • дағды қалыптасады, шаршамайды және өз білетінін басқаға үйретеді ;

  • өзара қарым-қатынас қалыптасады;

  • жұппен, топпен, ұжымдық жұмыс түрлері қолданылады;

  • бағалаудың түрлі формаларын пайдаланады;

  • машықтандыру жаттығулары жасалады;

  • оқушылардың шебер орындауы үнемі уақытпен шектеледі;

  • сыныптағы ешбір оқушы қалыс қалмайды;

  • сыныптағы әр оқушымен жұмыс жасауға мүмкіндігі бар.

Оқушылардың еске сақтау қабілетін, зейінін, ойлау қабілетін, жылдамдығын дамытуға ықпалы зор.Білімнің үлкен көлемін меңгеруде де оқушылар жаппай ой қозғалысына түседі де бүкіл сыныпқа жүктеме бөлінеді, сөйтіп тану қуанышына мүмкіндік туады.
Есеп шығарудың саны да, тапсырмалар көлемі де 3 есе артты.
Материалды жоғары деңгейде меңгертуде, жыламдықты, есте сақтауды, зейінді жаттықтыруда, оқылатын материалға, жалпы оқу үрдісіне деген қызығушылықты қалыптастыруда, ұжымдық шығармашылықты тұрақтандыруда «БжС» технологиясының әсері зор.
Қазіргі заманғы мектеп бала үшін қызмет ету керек, ол білімді өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам дайындау керек. Мақсаты мектеп бітірушінің барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді өзі біліп, іздеп табуға үйренуі, оқу, кәсіптік тұрмыс мәселесін кез келген жағдайда шешіп іс-әрекет жасай алатын болу керек. Аталған мәселені шешетін технологиялардың бірі- «Биоақпараттандыру және синергетика» педагогикалық технологиясы.
Қорыта келе, «Биоақпараттандыру және синергетика» арқылы төмендегі көкейтесті мәселелер шешімін табатынын айтуға болады.
1. Оқушылардың білім сапасы көтеріледі, олар әрбір пән бойынша мемлекеттік стандарт деңгейінің ең аз қажетті көлемін 100% үлгеріммен қамтытуынакепілдік алады.
2. Оқушы қабілеті жететін пәндерден жоғары деңгейлерге дейін көтеріле алады.
3. Дарынды балалар дер кезінде анықталынып дами алады.
4. Оқыту сапасының мониторингісі және диагностикасы оқушы білімін бағалаудың әділеттілігі қамтамасыз етіледі



© 2010-2022