• Преподавателю
  • Информатика
  • Методические доклад по предмету информатики на тему Үш өлшемді модельдеудің қызметі мен мүмкіндіктері

Методические доклад по предмету информатики на тему Үш өлшемді модельдеудің қызметі мен мүмкіндіктері

Раздел Информатика
Класс 12 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жумахан Алия Ануарқызы

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің магистранты



Үш өлшемді модельдеудің қызметі мен мүмкіндіктері

3ds MAX бағдарламасы Autodesk компаниясының жеке меншігі болып табылады және сол компанияның компьютерлік графика және анимацияға арналған программаларды құруға мамандандырылған бөлімінде, яғни Discreet фирмасында жасалған. 3ds MAX бағдарламасы үш өлшемді компьтерлік графика немесе 3d графикаға (3 Dimensional-3 өлшемді ) арналған программалардың тобына жатады және шын мәнді өмірдегі немесе ойдан құрастырылған әлемдегі фотографикалық сипат және сапамен көрінетін, сондай-ақ анимация деп аталатын обьектілердің қимыл әрекетін көрсететін көріністерді имитациялайтын бөлек-бөлек кескіндерді синтездеуге арналған. Тез дамуының нәтижесінде Мах салалық стандартқа айналды, оның қолдану аясы үлкен және көп қырлы. Негізінде, бұл үш өлшемді модельдеу және анимация бағдарламасы дүние жүзіндегі үйдегі қолданушылар мен кәсіпқой киноиндустрия мамандарының арасында үлкен сұранысқа ие болды. Мах авторларының идеялары, практикада керемет іске асырылады, қазіргі кезде бұл ең күшті ғана емес, сонымен қатар үш өлшемді әлемдегі ең сатылымды пакеті. Сәулетшілдік ішкі көріністерді және фасадтарды модельдеу, кейіпкерді анимациялау, Internetке арналған шындыққа негізделген фотолық 3D сахналар, физикалық процесстерді визуализациялау-бұлар бағдарлама мүмкіндіктерінің бірі ғана. Сонымен қатар, сіздің пәтеріңізде жиһазды қалай үйлесімді етіп орналастырып қоюды көрсетуге, құттықтауға арналған роликтер құруға, курстық немесе дипломдық проекттер жасауға, бүкіл интернет-сервердің коммерциялық орындауларын немесе ірі компанияның жарнамалық видеобейнесін жасауға болады. Масштабталуы және пакеттің модульдік құрылымына байланысты, 3Dді өздігінен үйренуші бірнеше сағаттық жұмыстан кейін жақсы нәтижеге жетуіне болады. Кәсіпқой қолданушыға творчестволық ізденуге арналған шексіз құралдар және толық жетілдірулер пайдалануға берілген. Үш өлшемді сахналарды Моделдеу, Жанбітірім (Анимация) және Визуализация. Бағдарламаның жұмыс істеуі нәтижесінде статикалық сахналар құрылады, олар үшөлшемді геометриялық объектілердің жиынтығынан құралған (жалпақ және көлемді), яғни үш кординаталармен сипатталады.

Қарапайым бұл кординаталарды ұзындығы, ені және биіктігі деп атауға болады. Төртінші өлшеуіш - уақыт, Анимацияны (жан бітіруді) қолданатын сахналарда немесе динамикалық сахналарда қатысады. Статикалық сахнаны сипаттаудың негізгі үлгісі - обьект сәулетінің үшөлшемді моделі, автомобиль двигателінің динамикалық жұмысын демонстрациялау және жарнамалық роликтерді ұйымдастыру.

Кез-келген сахна стандартты алгоритмнен қалыптасады және ол келесі бейнеде сипатталуы мүмкін:

• Геометрия құру.

• Жарық көздерін, түсіру камераларын және материалдарды жөндеу.

• Жанбітірімді баптау.

• Визуализациялау. Статикалық үш өлшемді сахнаның жұмысын аяқтайтын ақырғы нәтиже «сурет»- бейнелеу графикалық файлы болып табылады. Сахна обьектілерінің әрбір кадрының өзгерістерін көрсететін динамикалық сахна « суреттердің » жиынтығын немесе анимациялық жүйелілікті береді[3]. Визуализация нәтижелері қағазға, пленкаға, матаға аударылуы немесе бейнелентаға CD дискке және т.б. жазылуы мүмкін. Үш өлшемді сахнаны визуализациялауға және жөндеуге, жұмыс алгоритмінің негізгі пункттарына қысқаша тоқталып өтсек.

Геометрия құру немесе Моделдеу. Мах ортасының инстументтері мен негізгі командаларын білу және маңызды дағдыларды білумен сипатталатын талаптар - бұлар жұмыстың негізгі сатысы болып табылады. Және де олардың физикалық қасиеттеріне немесе әрекеттестіктеріне емес, тек денелердің геометриясына негізделеді. Сахнаны модельдеу жұмыстарын меңгере келе алғашқы сабақтарды кез-келген үйренуші тез қабылдайды, және ақырғы нәтижеге оңай қол жеткізуге болады.

Жан бітірім. Жеке обьекттерді, бүтін топтарды, динамикалық сахнаны модельдеу кезінде қозғалысты басқаратын күшті механизмдер нақты нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Бейнекамерамен түсірілген бейнелерге өте ұқсас етіп нақты кадрлар жасауға болады. Баяулату мен тездету, циклдер мен қайталаулар, уақыт аралықтарын масштабтау және басқа да параметрлер жанбітірімді басқарады және қолданушыға қолайлы инструмент береді.

Визуализация. Соңғы саты, параметрлерді баптау, алынған « суреттің » сапасын дұрыстау, генерацияланатын кадрлардың форматы мен типі, арнайы эффекттерді үстемелеу (нұр шашу, бейненің түсуі мен камера линзасындағы дақтар, ашықтықты өзгерту, тез болатын қимылдардың жақсы шығуы, тұман және т.с.с.). Әрбір кадрдың тез оқылуы сахнаның күрделілігіне, қолданылған материалдарға және жұмыс істеп отырған компьютерге тікелей байланысты.




© 2010-2022