Құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің негізгі әдіс-тәсілдері

Сабақтың тақырыбы: Құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің негізгі әдіс-тәсілдері Сабақтың мақсаты:  Білімділік: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету.  Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.  Тәрбиелік: оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Сабақтың түрі: Ашық сабақ. Сабақта қолданыла... 2.Мәтінді енгізу мен редакциялау. Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжытылып отырады. Мәтінді теру кезіндегі кейбір пернелердің қызметі: Enter- жаңа жолға көшу Shift-бас әріптерді теру. CapsLock - бас әріптер режиміне ауысу Backspace - меңзердің сол жағындағы символдарды өшіру Delete - меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру. 3.Мәтінді пішімдеу.  Мәтіннің әлпетін өзгерту және мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеу әрекеттерін орындау мәтінді пішімдеу деп аталады. Мәтіннің әлпеті: Ж- жартылай қалың, К- курсив, Ч- асты сызылған. Кәдімгі пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы Ж,К,Ч батырмаларын шерту арқылы жылдам орындалады. Мәтінді тегістеу үшін Пішімдеу құрал - саймандар тақтасындағы сол жақ шеті, оң жақ шеті, ортасы бойынша тегістеу батырмалары қолданылады. Бұл әрекетті Формат-Абзац командасы арқылы да орындауға болады. 1. Құжатты сақтау және ашу. WordPad мәтіндік редакторында құжатты сақтау үшін: Файл- Cохранить как командасын орындаймыз. Осы редакторда сақталған файлдың кеңейтілуі автоматты түрде *.doc болады. Сақталған құжатты ашу үшін: Файл –Открыть командасын орындаймыз. Жаңа құжатты құру үшін: Файл- Создать командасын орындаймыз. 2. Құжаттарды басу: құжатты құрудың соңғы сатысы – оны баспаға беру. Құжатты баспаға беру әрекеттері: 1) Файл- Предварительный просмотр (алдын-ала қарап шығу); 2) Файл – Печать. Бағалау: Оқушылардың білімін бағалау. Қорытындылау: Сұрақтарға берген жауаптарын толықтыра отырып, сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма: Құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің негізгі әдіс-тәсілдері
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
© 2010-2022