Меншіктеу операторы. Сандық функциялар

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

4

Сабақ жоспары

Күні: 12/15.11.2014 Бекітемін:

Пәні: Информатика Оқу ісінің І ауысым

Сыныбы: 9 «А», «Б», «В», «Г», «Д», «Е» меңгерушісі

_____________

Сабақтың тақырыбы: Меншіктеу операторы. Сандық функциялар

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушыларды Паскаль тілінің меншіктеу

операторы және сандық функциялармен таныстыру,

меншіктеу операторы мен сандық функцияларды

есеп шығаруда қолдана білуге үйрету.

ә) дамытушылық: Оқушылардың меншіктеу операторы

мен сандық функцияларды қолдану

дағдысын қалыптастыру.

б) тәрбиелік: Оқушылардың информатика пәніне деген

қызығушылығын жан - жақты тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Баяндау, түсіндіру

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесіп, сыныптың тазалығына назар аудару, қауіпсіздік ережесіне сай сырт кейіпі мен заттарының орнында болуын қадағалау;

  2. Оқушыларды түгендеп, журналға белгі қою;

  3. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың барысымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Паскаль тілінің неше типі бар?(скалярлық және құрылымдық)

  2. Скалярлық тип нешеге бөлінеді? (стандартты және жасанды)

  3. Стандартты типтерді атаңыз (integer, real, boolean, string, text)

  4. Құрылымдық типтерді атаңыз (array, record, set, file)

ІІІ. Жаңа сабақ

Меншіктеу операторы. Сандық функциялар

Меншіктеу операторы - берілген өрнектердің мәнін есептеп, оны айнымалыға меншіктеу үшін қолданылады. Ол кез - келген бағдарламаның негізгі операторының бірі болып табылады.

Меншіктеу операторының жазылу ережесі:

<айнымалы атауы> := <өрнек>;

Мұндағы <айнымалы атауы> - айнымалы иденфикаторы, := - меншіктеу белгісі,яғни айнымалының мәні өрнектің есептелген сан мәнін қабылдайды, <өрнек > - арифметикалық өрнек немесе сан.

айнымалы

өрнек

:=



Бұл оператор екі міндет атқарады:

  1. Айнымалылардың белгілі мәндері бойынша арифметикалық өрнектің сандық мәнін есептейді.

  2. Табылған мән айнымалы атауына меншіктеледі, яғни анықталған мән сол айнымалыға сәйкес компьютер жады ұяшығына орналасады.

Мысалы: х:=3;

Турбо Паскаль тілінде алдын ала программалары жасалып стандартты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын объектілер бар. Солардың бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады.

  1. Арифметикалық функциялар - бүтін және нақты шамалар үшін пайдаланылады.

Мысалы: abs(x) - аргументтің абсалюттік шамасы,

ln (x)- х санының натурал логарифмі ,

sqr (x)- х - тің квадраты т.б.

  1. Типтерді өзгерту функциялары - шамалардың типтерін өзгерту үшін пайдаланылады.

Chr(x) - х санын символға ауыстырады. Мұнда аргументтің типі (0..255) аралығында бүтін сан болуы қажет.

High(x)- шаманың максимум мәнін береді.

Low(x)- шаманың минимум мәнін береді.

Ord(x) - саналатын типті бүтін типке көшіреді.М: аргумент реттелген типте (логикалық, символдық, саналатын) болса, онда нәтиже типі longint болады.

Round(x)- нақты санды бүтін санға дөңгелектейді.

Trunc(x) - нақты санның бүтін бөлігін береді.

  1. Реттелген типтегі шамаларға пайдаланылатын функциялар- бұл осы типті шамалардың элементінің алдындағы немесе соңындағы элементті анықтау т.б. Олар:

Odd(x) - х сандық шамасының тақ екендігін тексеру.

Pred(x) - реттелген мәндер тізбегіндегі х - тің алдындағы элементін табу.

Succ(x)- реттелген х - тен кейінгі элементін табу. Егер бұл функция соңғы элементке пайдаланылса, онда қате кеткендігі туралы хабарлама шығады.

IV. Сабақты бекіту

  1. Шаманың максимум мәнін қандай шамамен өрнектейміз

  2. Типтерді өзгерту функцияларының атқаратын қызметі қандай?

  3. Меншіктеу операторы дегеніміз не?

V. Қорытынды

Үйге тапсырма. Меншіктеу операторы. Сандық функциялар.

Рысалды Ақбілек Сағадиллақызы


© 2010-2022