Паскаль-программалау тілі 9 сынып

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Паскаль-программалау тілі 9 сыныпПаскаль-программалау тілі 9 сыныпПаскаль-программалау тілі 9 сыныпДаулетбаева Гуляим Калмахановна

Информаттика пәнінің мұғалімі

Алматы ооблысы, Ескелді ауданы

«Ескелді ауданды әкімдігінің

Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

9 - сынып

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Паскаль-программалау тілі

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

«Жүректен - жүрекке» шеңбері

- Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те - бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар үлестіріледі

Оқушылар таңдаған фигураларына сай топтарға бөлініп отырады.

Қызығушылықты ояту

Жаңа тақырыпқа арналған таныстырылым тамашалау

Шығармашылық тапсырма

1-топ

Сөзжүмбақ

2-топ

Ребус

3-топ

Тест құрастыру

Сергіту сәті

«Халықтар» биі

Жаңа сабақ

Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Мәтінмен жұмыс

Паскаль тілін 1968 - 1971 жылдары Швейцарияда профессор Никлаус Вирт оқып - үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды.
Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады.
Паскаль тілінің негізгі элементтері
Паскаль тіліндегі программа жеке - жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программада әрбір жолдан кейін нүктелі үтір (;) қойылады.
Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.
Кез - келген программа Program сөзінен басталып, оның тақырыбы жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі.
Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі - болып табылады.
Орындалатын іс - әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке - жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады.
Program тақырып бөлімі

сипаттау бөлімі
begin
оператор бөлімі
end.

Тілдің алфавиті
Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер (символдар) жатады.
Тіл ерекшеліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады:
атаулар (идентификатор);
цифрлар;
айыру белгілері;
арнайы символдар.
Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады.
Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.
Арифметикалық амал белгілері:
(+) - қосу; (-) - азайту;
(*) - көбейту; (/) - бөлу.
DIV - және (логикалық көбейту) операциясы;
MOD - қалдықты табу. Мысалы: 10 MOD 3 амалының нәтижесі 1;
Логикалық амал белгілері:
AND - және (логикалық көбейту) операциясы;
OR - немесе (логикалық қосу) операциясы;
NOT - емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;
XOR - арифметикалық немесе амалы;
SHL - биттер (1 мен 0 - дер) тіркесін солға ығыстыру;
SHR - биттер (1 мен 0 - дер) тіркесін оңға ығыстыру;
Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері, ENTER (келесі жолға көшу) пернесін басу белгісі және түсініктемелер жатады.
Сонымен айыру белгілері: ____ (бос орын);, (үтір);. (нүкте);: (қос нүкте);(нүктелі үтір); ` (апостроф); (;); [;]; {;}.
Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері: = (тең), <>(тең емес), (үлкен), = (үлкен не тең).
Программалау тілдерінде «өрнек», «операторлар», «тіл синтаксисі» мен «семантикасы» ұғымдары кең пайдаланады.
Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар атаулар, функциялар, жиымдар т. б. мағынасы бар сөздер тізбегі - өрнек деп аталады.
Программалау тілінің белгілі бір іс - әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлем - оператор деп аталады.
Тілі объектілерін, яғни программадағы пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны - программаның сипаттамасы болып табылады.
Синтаксистік диаграммаларда екі геометриялық фигура тіктөртбұрыш және (кейде дөңгелек) кең пайдаланады. Тіктөртбұрыш ішінде тілдің анықталатын элементтер ал элипс ішінде терминалдық символдар, яғни анықтауды қажет етпейтін таңбала жазылады.
1 - мысал. Екі санның қосындысын табу программасын құру керек.
Program kosindi; тақырып бөлімі
Var a, b, x integer; сипаттау бөлімі

Begin
Write ('a, b - сандарын енгіз');
Readln(a, b); оператор бөлімі
X:=a+b;
Writeln('x =', x);
End.

Ой толғаныс

БББ кестесі

Білем

Білдім

Білгім келеді



Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Паскаль-программалау тілі 9 сынып



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



© 2010-2022