Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы

Ақсу ауданы

Құрақсу ауылы

Қ.Мұқашев атындағы негізгі орта мектебі м.д.ш.о.к.м.м

информатика пәні мұғалімі Оспанова Асель Жолболдина

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.

Сабақтың мақсаты: Windows қосымшасында ақпаратты сақтау, оқу, нысандарды іздеу ережелерімен таныстыру.

Білімділігі: Ақпаратты сақтау ережесін, "сохранить" және "сохранить как" командасынан бөлек, жұмыстарды іздестіру алгоритм командасынан "Пуск-поиск" орындалуын.

Дамытушылығы: Нысандарды іздестіруді жүзеге асыруды Windows стандарттық программасында ақпаратты сақтауды, оқуды; "сохранить" және "сохранить как" командасын пайдаланып, ыңғайлы тәсілдерді пайдалануды.

Тәрбиелігі: Компьютерлік сауатылыққа баулу, ұқыптылыққа, жауапкершілікке үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, кітап, дәптер, әңгімелеу арқылы түсіндіру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Психологиялық ахуал орнату

2) Оқушылармен амандасу, түгендеу

3) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

§12 бойынша тест алу

ІІІ. Білімді өзектендіру сұрақтары

1. Жұмыс үстелінде қандай нысандар орналасқан?

2. Бас мәзірді не үшін пайдаланады?

3. Экранның шектелген аумағы қалай аталады?

4. Программамен жұмысты аяқтауда қандай тәсілдерді білесіңдер?

5. Программаны қалай іске қосамыз?

6. Өз істеген жұмыстарымызды программада қалай сақтаймыз?

7. Аты белгілі файл мен қапшықты қалай табамыз?

IV. Жаңа сабақты түсіндіру.

Нысанды іздеу - нысанды бумадан жылдам іздеу.

Ізделетін нысан орналасқан буманы ашып, нысанның атауындағы бірінші әріп бар пернені басу керек. Атауы осы символмен басталатын ең жақын нысан ерекшеленеді. Сол пернені қайта басқанда келесі ұқсас нысан ерекшеленеді. Соңымен, буманың атаулары осы символдан басталатын барлық нысандар тексеріледі. Сендер жылдам іздеуді тек ізделетін нысанның қандай бумада орналасқаның білетін жағдайда ғана пайдалана аласыңдар. Ал егер олай болмаса, онда кеңейтілген іздеуді қолдану керек.

Кеңейтілген іздеу файлдың немесе буманың атауын Бас мәзірдің іздеу терезесіне енгізу керек. Программа сендер көрсеткен атауы бар барлық нысандарды табады. Сендердің сұраныстарын бойынша табылған файлдар терезенің жоғары бөлігінде көрсетіледі. Таңдалған файылды тышқанмен шертсеңдер іске қосылады. Windows- тің барлық қосымшаларында ақпаратты сақтау мен оқудың қабылданған жалпы ережелері бар.

Құрылған суретті немесе құжатты файлға бірінші рет сақтау үшін мына әрекеттерді орындауларын керек:

- Сақтау (сохранить) немесе Қалай сақтау (сохранить как) бұйрығын таңдау.

- Терезеде сеңдердің файлдарың сақталатын бума көрсетіледі. Қажет болған жағдайда басқа сақтайтын орынды таңдауға болады.

- Файлдың атын өзгерту; (теру)

- Сақтау батырмасын басу.

Программамен жұмыс істегенде файлдарды жиі-жиі сақтап отыруларын керек . Егер файл бұған дейін сақталған болса және атау берілген болса, онда сақтау жұмысы жеңілдейді.

Дискіде жазылған ақпаратты қажетті файлды іске қосу (ашу) арқылы оқиды. Файл атауының кеңейтілуі нәтижесінде Windows операциялық жүйе файлды қандай программаның көмегімен ашу керек екенің өзі анықтайды. Файлды қосымшаның өз терезесінде де ашуға болады. Ол үшін Ашу (открыть) бұйрығын (немесе CTRL+O пернелері) орындау керек.

V. Сабақты қорытындылау: Оқушыларға деңгейлеріне қарай компьютерде тәжірибелік тапсырма орындату

VI. Үйге тапсырма: Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісі.

VI. Бағалау



© 2010-2022