Урок: Паскаль программалау тілі бойынша тест

Раздел Информатика
Класс 11 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шайхсламова Ақмаржан Нұрмаханқызы

Астана қаласы

«Қаржы академиясы АҚ» колледжінің

информатика пәнінің оқытушысы





Паскаль программалау тілі бойынша тест

ІІ тоқсан

1.Паскаль тілі қай жылдарда жасалды

А) 1965 - 1968 Ә) 1985-1987

Б) 1968 - 1971 В) 1963 - 1970

2. с = а+b , мұндағы a, b - ның типі integer болса, с - ның типі ... болады.

А) integer Ә) real

Б) var В) const

3. Паскаль тілінде енгізу операторын көрсет.

А) PRINT Ә) WRITE

Б ) OUTPUT В) READ

4. Паскаль тілінде Х санының бөлшек бөлігін алу үшін қандай функция қолданылады?

А) INT (X) Ә) ABS (X)

Б) FRAC (X) В) TRUNC (X)

5. Сonst қызметші сөзі не үшін қолданылады?

А) тұрақтыларды сипаттау

Ә) белгілерді сипаттау

Б) айнымалыларды сипаттау

В) программа тақырыбы

6. Айнымалыларды сипаттау операторын көрсет?

А) char Ә) const

Б) var В) Label

7. b = a, мұндағы a бүтін сан болса, b -нің типі .... болады.

А) Real Ә) integer

Б) string В) character

8. IF (шарт) THEN (1-серия) ELSE (2-серия) …..

А) Шартсыз көшу операторы Ә) Шартты көшу операторы

Б) Баспаға шығару операторы В) Программаның басы - соңы операторы

9. Программа денесі қандай қызметші сөзбен басталады?

А) PROGRAM Ә) END Б ) BEGIN В) DATA

10. Программа денесі қандай қызметші сөзбен аяқталады?

А) PROGRAM Ә) END Б ) BEGIN В) DATA

Жауаптары:

ІІ нұсқа

1

Б

2

А

3

В

4

Б

5

А

6

Б

7

Ә

8

Ә

9

Б

10

Ә


© 2010-2022