Алгоритм түсiнiгi. Алгоритм қасиеттерi. Алгоритмдi бейнелеу тәсiлдерi. Блок-схема

Тақырыбы: «Алгоритм түсiнiгi.Алгоритм қасиеттерi.Алгоритмдi бейнелеу тәсiлдерi. Блок-схема». Мақсаты: Алгоритм түсiнiгiмен таныстыру; Алгоритмдi бейнелеу тәсiлдерiн көрсету; Блок-схема сызу жолдарымен таныстыру;  САБАҚ БАРЫСЫ:  I.                    ұйымдастыру сәтi: оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушыларды түгендеу, сынып журналын толтыру.  II.                 Өткен сабақты қайталау: ·         Информатика кабинетiндегi қауiпсiздiк ережелерiн сақтау; ·         Қандай жағдайларда компью...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ИНФОРМАТИКА 9 сынып

Тақырыбы: «Алгоритм түсiнiгi.Алгоритм қасиеттерi.Алгоритмдi бейнелеу тәсiлдерi. Блок-схема».

Мақсаты:

  • Алгоритм түсiнiгiмен таныстыру;

  • Алгоритмдi бейнелеу тәсiлдерiн көрсету;

  • Блок-схема сызу жолдарымен таныстыру;

САБАҚ БАРЫСЫ:


  1. ұйымдастыру сәтi: оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушыларды түгендеу, сынып журналын толтыру.


  1. Өткен сабақты қайталау:

    • Информатика кабинетiндегi қауiпсiздiк ережелерiн сақтау;

    • Қандай жағдайларда компьютерде жұмыс iстеуге болмайды?

    • Көз жаттығулары қалай орындалады?


  1. ЖАҢА САБАҚ ӨТУ:


  1. Алгоритм түсiнiгi.

«Алгоритм» сөзi IХ ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигi Әл-Хорезми атының латынша жазылуы - algorithmi - қалпынан шыққан.

Белгiленген мақсатқа жету үшiн орындалатын реттелген нұсқаулар жиынтығын алгоритм деп атаймыз.


  1. Алгоритм қасиеттерi:

    • Алгоритм аяқталған жеке қадамдардан тұруы қажет. Келесi қадамға көшу үшiн алдыңғысы аяқталуы қажет, бұл қасиетi алгоритмнiң дискреттiгi деп аталады.


  • Алгоритiмнiң әр ұйғарымы немесе командасы орындаушыға түсiнiктi болуға тиiс, бұл қасиетi анықтығы деп аталады.


  • Алгоритм нақты бiр мәселенi емес, бүкiл бiртиптi мәселелердi шеше алуы қажет, бұл қасиетi көпшiлiкке бiрдейлiгi деп аталады.


  • Орындап отырған әрекеттер тiзiмi мәселенi қолайлы мерзiмде шешуi қажет, бұл қасиетi нәтижелiгi деп аталады.


  1. Алгоритмдi бейнелеу тәсiлдерi.

Алгоритмдi бейнелеудiң 4 түрi бар:


  1. Табиғи тiл - орыс, қазақ, ағылшын тiлдерiнiң сөздерi.


  1. Алгоритмдерді блок-схемалар түріндегі берілуі.

Алгоритмнің берілуінің ең көрнекі әдісі болып блок-схемалар түріндегі графикалық берілуі болып табылады. Алгоритм бұл жерде бағытталған байланысы бар геометриялық фигуралармен сипатталып беріледі. Геометриялық фигуралардың ішіне орындалып жатқан әрекеттерді түсіндіретін ақпарат орналасқан.


  1. Алгоритмдерді алгоритмдік тілде көрсетілуі.

Алгоритмдік тіл - бұл алгоритмдер мен оларды орындаудың біртекті және дәл жазбаларына арналған белгілер мен ережелер жүйесі.

Алгоритмдік тіл, бір жағынан, табиғи тілге жақын, сондықтан әдеттегі мәтін ретінде оқылады және жазылады.


  1. Алгоритмдерді программалау тілінде көрсету

Алгоритмдерді программалау тілінде көрсету программа деп аталады.

Алгоритмдерді көрсетудің бұл түрі программаны орындаушы компьютер болған жағдайда пайдаланылады.


  1. Блок-схема

Алгоритм түсiнiгi.Алгоритм қасиеттерi.Алгоритмдi бейнелеу тәсiлдерi. Блок-схемаАлгоритм түсiнiгi.Алгоритм қасиеттерi.Алгоритмдi бейнелеу тәсiлдерi. Блок-схема






  1. САБАҚТЫ ПЫСЫҚТАУ:


  • Алгоритм дегенiмiз не?

  • Алгоритмнiң қандай қасиеттерiн бiлесiң?

  • Блок-схема қалай кескiнделедi?


  1. САБАҚТЫ БАҒАЛАУ, ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ.


© 2010-2022