Күрделі шарттар 8 сынып

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 27-.11.15

Пәні

Информатика

Мұғалім аты-жөні

Джалмағанбетова Р

8 «а, ә, б, в, г, д»

Оқу-ісінің меңгерушісі

________ Е.Дайнашов

Сабақтың тақырыбы

Күрделі шарттар

Жалпы мақсаты

Күрделі шартты операторларды жазылу тәртібімен танысу, бағдарламалау тілінде жұмыс жасай білу

Күтілетін нәтижелер

Тармақталу операторларының түрлерін, күрделі шарттардың программада жазылуын біледі

Тапсырмалар,

әдіс-тәсілдер:

Жеке, топтық жұмыс, АКТ, «сиқырлы сандар», «домино» ойыны.

Керекті жабдықтар

Информатика оқулығы, интерактивті тақта, компьютер, постер, маркер.

Сабақ барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Білу

ІІ.Үй тапсырмасы

І. Ұйымдастыру

1. Шаттық шеңберін өткізу.

2. Топқа бөлу.

Туылған күнінің күні бойынша бөлу, яғни күн 3-ке бөлінсе 3-топ, 2-ге бөлінсе 2-топ, бөлінбесе 1 топ

«Сыйқырла сандар» ойыны

Бұл жерде экранда жылдар жазылған ұяшықтар тұрады, жылдар берілген сұрақтардың жауабы. Ұяшықтардың астында үй тапсырмасын сұрауға арналған сұрақтар орналасқан.

Сұрақтар:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы қабылданды? 1995 ж 30 тамыз

  2. Желтоқсан оқиғасы қайжылы болды? 1986 ж. 16-17 желтоқсан

  3. ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды? 1991 ж. 16 желтоқсан

  4. ҚР Президент күні? 1991ж. 1 желтоқсан

  5. ҚР рәміздері қай жылы қабылданды? 1992ж. 4 маусым

Ұяшық сұрақтары:

  1. Алгоритм дегеніміз не?

  2. Алгоритмнің неше түрі бар? (үш, сызықтық, тармақталған, циклдық)

  3. Алгоритм түрлеріне анықтама бер?

  4. Тармақталған алгоритмнің неше түрібар? (2 түрі, толық және толық емес)

  5. Тармақталған алгоритмде шарт қандай фигурамен беріледі? (ромб)

  6. Алгоритмнің бірнеше рет қайталануы ол қандай алгоритм деп аталады (циклдық)

1.Оқушылар ортаға шығып, бір-бірінің қолынан ұстап, бір-біріне жақсы тілектер айтады

Туған күні бойынша топқа бөлінеді.

Сұрақ бойынша топпен бірлесіп жауап береді.

ІІІ. Шаттық шеңбері


Оқушыларға шаттық шеңберінің ережесімен таныстыру. Оқушылар ортаға шығып бір - бірінің жұмсақ ойыншық ұсынып жақсы тілектер айтады.


Негізгі бөлім

Түсіну

Жаңа тақырыппен жұмыс:

Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Күрделі шартты тармақталған алгоритмдерді программалаған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады: if - егер , then - онда , else - әйтпесе

if - егер , then - онда , else - әйтпесе сөздерімен біріктірілген, бірнеше қарапайым шарттардан тұратын шарттар (логикалық өрнектер) күрделі шарттар деп аталады.

Оператор программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады. Оператордың жазылу түрі:
{Егер шарт онда 1 оператор әйтпесе 2 оператор орындалады.}
IF THEN ELSE ;
Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады.
Шарт өрнегін жазу үшін мынадай салыстыру белгілерін пайдаланамыз:

= Тең
= Үлкен немесе тең
<> Тең емес
тақырыпты оқып постерге түсіреді


Берілген тақырып бөлігін топта талқылай ды, түсінгендерін баяндайды, бір-біріне түсіндіреді. Постер құрау

Қорытынды

Жинақтау


Пысықтау сұрақтары:

1. Күрделі шарттар дегеніміз не?

2. Шарт өрнегін жазу үшін қандай салыстыру

белгілерін пайдаланамыз

Оператордың жазылу түрі?

3. Күрделі шарттың берілу формаларын ата?

4. Күрделі шарт операторлары программалау тілінде қалай

жазылады?

5. Не үшін бұл күрделі шарт деп аталады?

Оқушылар топпен бірлесіп сұрақтарға жауап береді



Бағалау

Оқушылардың пікірімен санаса отырып бағалайды

оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан

ортақ баға қояды.

Бірін -бірі бағалайды

Формативті бағалау


Рефлексия

«Ашық хат»

Бүгін мен не үйрендім?

Маған не ұнады?

Маған не ұнамады?






Оқушыларға қағазға тақтадағы бүгін не үйренді, не ұнады, не ұнамады соны қағазға жазып, ашық хатқа қоямыз.

Үйге тапсырма

Мұғалім үй тапсырмасын жариялайды.

Күнделіктеріне үйге берілген тапсырманы жазып алады



© 2010-2022