Сабақтың тақырыбы: Контурды жасау және редакциялау

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 7 «А»

Күні: 03.03.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Контурды жасау және редакциялау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды графикалық ұғымымен таныстыра отырып,графиканың түрлері,редакторлары,контураларды жасау,оларды редакциялау және фигураларды салу туралы білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеуге үйрету арқылы теориялық білімін,ой-өрісін,шапшаң ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақты баулуға,жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану барысында жүйелікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер,стикер,интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Өткен тақырыпты қайталау

3.Жаңа сабақты баяндау

4.Бағалау

5.Үйге тапсырма беру

Өткен тақырыпты қайталау

1.Нысан көлемін өзгертетін алгоритмнің сипаттамасын жазыңдар.

2.Нысандарды топтау не үшін қажет және ол қалай орындалады?

3.Клон дегеніміз не?

4.Клондау амалының қосарлаудан айырмашылығы неде?

Жаңа сабақты баяндау

Кескіндерді тек нысан-фигуралардан барлық уақытта жасай алмаймыз.Көбінесе кескіндер күрделірек .Кез келген фигураны контурға түрлендіруге болады: оның бір әдісі-Контур-Нысанды контурлар (Контур-Оконтурить объект) бұйрығын арқылы орындалады.

Контурлармен жұмыс істеуге арналған құралдар: Түйіндер,Қарындаш,Қаламұш,Каллиграфиялық қаламұш.

Қарындаш

Қағазға қолмен сурет салған сияқты Қарындашты пайдаланып,еркін қисықтар салуға болады.Нәтижесінде көптеген түйіндерді бар қисық алынады.Құралдар параметрлерінің панеліндегі Түйіндердегі батырмамен жоюға болады.

Одан басқа Қарындаш құралы үшін Құралдар параметрлері панеліндегі тізімінен бірнеше қолжетімді пішінді таңдап алуға болады.

Сабақтың тақырыбы: Контурды жасау және редакциялау

Қаламұш

Құралдар қисықтармен қоса ,түзу контурларды да алуға мүмкіндік береді.

Төрт режім қолжетімді:

-Безье қисығы;

-Спиро қисығы;

-тік кесінділердің тізбектелуін салу (бір-біріне қатысты кез келген бұрыштарды);

-тік кесінділердің тізбектеліун салу (бір-біріне қатысты тікбұрыштарда)

Каллиграфиялық қаламұш

Каллиграфиялық қаламұш құралы Қарындашқа ұқсас,бірақ өзара тұйықталған параллель екі контурды құрайды.

Сабақтың тақырыбы: Контурды жасау және редакциялау

Түйіндерді редакциялау

Өздеріңнің көздерің жеткендей,Түйіндер құралын пайдаланып,түйіндерді қосуға,жоюға,ерекшелеуге,жылжытуға болады.Аталғандардан басқа,Түйіндер құралында тағы бірнеше параметр бар.

Сабақтың тақырыбы: Контурды жасау және редакциялау

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

Сабақтың тақырыбы: Контурды жасау және редакциялау

Сабақтың тақырыбы: Контурды жасау және редакциялау

Сабақтың тақырыбы: Контурды жасау және редакциялау

В деңгейі

Қазақтың ұлттық өрнегінің элементін жасаңдар.

С деңгейі

Киіз үйді салып,оны қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен безендіріңдер.

Бекіту.

Үйге тапсырма. Түйін.

© 2010-2022