Зертханалық жұмыс Excel электронды кестесі

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Зертханалық жұмыс Excel электронды кестесі, функция. операторлар.


Мақсаты: функция формасын түсіну. Функциялар шебері. Салыстыру, арифметикалық, мәтіндік, сілтеме операторлары, оларды қолдау. Формулалардың орындалу реті. Функциялардың дұрыс жазылмаған кездегі ұяшықта пайда болатын сөздердің мағыналарын көрсету.

Excel -де 300 -ден аса функция бар. Қолданушыға қиындық туғызбас үшін функциялар топтамаларға категория бойынша бөлінген.

  • Математикалық

  • Статистикалық

  • Логикалық

  • Сілтеме және массив

  • Уақытпен мерзім

  • Қаржылық

  • Мәтіндік

  • Мәліметтер базасы

Функция мынадай формадан тұрады: y=f(x)

Мұндағы у- ағымдағы функция нәтижесі.

х- аргумент

f- функция

Функция бөліктері: функция аты және оның аргументі.

Мыс: СЧЁТ (А2:А1)

Функция "=" таңбасынан кейін жазылады.

Аргумент дегеніміз- нәтиже алу үшін қолданылатын мәлімет. Аргументтерді беруде мына тәртіпті сақтау қажет:

  • Аргумент жай жақша ішінде жазылады.

  • Аргументтер бір-бірінен нүкте үтір ";" арқылы ажыратылады.

  • Аргумент саны 30-дан аспау қажет.

  • Аргумент құрамында: сілтеме, сан, мәтін, арифметикалық немесе логикалық мән, диапозон атулары мен функция болуы мүмкін.

Сілтемелер мен диапозон атауларын кірістіру формулаларды енгізу секілді жүзеге асады, яғни клавиатура немесе қажетті ұяшықтарда тышқанды шерту арқылы.

Мыс: =CYMM (B1:B12; ИТОГ; Лист 3!В10)=

=ПРОИЗВЕД (COS (A5*ПИ ()/2);3* SIN (A4* ПИ ()/4))=

=ЕСЛИ (А8>100: "норма"; ЕСЛИ (A8<50; A11;A17))

Функцияларды жұмыс парағында тікелей клавиатура арқылы енгізуге болады және функцияның синтаксистік жақшалары дұрыс енгізілуі қажет. Функцияларды қолдан енгізу кезінде аргументтердің жетіспеу, яғни енгізілмей қалуы кездеседі. Бұл кезде "Аргумент өте аз" (введено аргументов: слишком мало), # ИМЯ?, #ЗНАЧ? Сөздері пайда болады.

Функцияларды қолданудың өте ыңғайлы түрі Функциялар шебері (Мастер функции) қолданылады. Функциялар шеберін Кірістіру-Функция командасы арқылы немесе "Стандарттар" саймандар панеліндегі Зертханалық жұмыс Excel электронды кестесі батырмасын шертеміз.

Функциялар шебері терезесі екі бөліктен тұрады. Терезенің сол жақ бөлігінде функция категориялары, ал оң жақ бөлікте осы категорияға байланысты таңдалған функциялар жиыны орналасқан. Функцияны таңдау үшін қажет категорияны таңдап, керекті функцияда тышқанды екі рет шертесіз немесе функцияны ерекшелеп ОК батырмасын шертіңіз.Терезенің төменгі бөлігінде таңдалған функцияның атқаратын қызметі жөнінде анықтама жазылады. Бұл Функциялар шеберінің бірінші сұқбат терезесі (бірінші қадам).

Зертханалық жұмыс Excel электронды кестесі

Екінші сұқбат терезе (екінші қадам) формулалар тақтасы деп аталады және таңдалған функцияның арументтері енгізіледі. Аргументтер сол жағында аргумент аты жазылған, ал оң жағында аргумент типі жазылған ашық бөлікке енізесіз. Аргумент аты қою түсті шрифпен жазылады. Сұқбат терезенің төменгі бөлігінде аргумен туралы мәліметтер мен ағымдағы функциялардың орындалу нәтижесі жазылады. Әр қадамда Зертханалық жұмыс Excel электронды кестесі батырмасы арқылы таңдалған функция туралы мәлімет ала-аласыз.

Зертханалық жұмыс Excel электронды кестесі


Функцияларды пішіндеп болғасын Enter немесе ОК батырмасын шертіңіз.

Операторлар

Операторлар формулалардың операндаларын орындайтын операцияларды белгілейді. Excel оператордың 4 түрі бар: арифметикалық, мәтіндік, салыстыру, сілтеме.

Арифметикалық оператор

Арифметикалық операторлар: қосу, азайту, бөлу, көбейту. Бұл операторлар арифметикалық операцияларды орындауға қызмет етеді. Операциялар сандар арқылы орындалады.


Арифметикалық оператор

Мағынасы. (Мысал)

«+» қосу белгісі (плюс)

Сандарды қосады. 4+7, =А2+В5

«-» азайту белгісі (минус)

Сандарды азайтады. 8-7, =А2-В5

Теріске шығару. (-7)

«*» жұлдызша

Көбейту. 4*7, =А2*В5

«/» қиғаш сызық

Бөлу. 4/2, =А2/В5

«%»- пайыздық белгі

Пайыз. 30%

«^»- қақпақ

Дәрежелеу. 4^2

Салыстыру операторы

Салыстыру операторы: Екі мәнді салыстыру үшін қолданылады. Салыстыру нәтижесі логикалық мәнді береді: не АҚИҚАТ, не ЖАЛҒАН.


Салыстыру операторы

Мағынасы. (Мысал)

«=» - теңдік белгісі

Тең. А7=B3

«>» - үлкен белгісі

Үлкен. A7>B3

«<»- кіші белгісі

Кіші. A7

«>=»- үлкен не тең белгісі

Үлкен не тең. A7>=B3

«<=»- кіші не тең белгісі

Кіші не тең. A7<=B3

«<>» - тең емес белгісі

Тең емес. A7<>B3

Мәтіндік оператор

Мәтіндік оператордың конкетенациясы «&» - амперсанд белгісі. Ол бірнеше мәтіндік жолдарды бір жолға біріктіру үшін қолданылады. Мыс: А2- ұяшығында «Информатика», В2- ұяшығында « -ғылыми пән» деген мәтіндер болса, екі мәтінді біріктіру үшін С2 ұяшығына «А2 & В2» біріктіру формуласын жазамыз. Нәтижесінде С2 ұяшығында «Информатика- ғылыми пән » сөйлемі пайда болады.

Сілтеме операторы

Сілтеме операторы- Диапазонның ұяшықтарына сілтемелер жасау үшін қолданылады.


Сілтеме операторы

Мағынасы. (Мысал)

«:»- қос нүкте белгісі

Диапазонның бірінші және соңғы ұяшықтары сілтемелері арасына қойылады. А2:В2

«,»- нүкте үтір белгісі

Біріктіру. Бірнеше сілтемелерді бір сілтемеге біріктіру және жеке ұяшықтарды біріктіру. СУММ (А2:В2; В7:С9), СРЗНАЧ(А3; А9; В7)

« »- ашық жер белгісі

Жиындарды кесіп өту операторы. Екі диапозонның жалпы ортақ ұяшықтарына сілтеме жасау үшін қолданылады.

Формулаларда әрекеттердің орындалу реті

Excel-де формулалардың алдына «=» теңдік белгісі қойылып жазылады. Теңдік белгісі келесі белгілердің формуланы құрастыратынын куәландырады. Теңдіктен кейінгі элементтер есептеулерді бөлуші операторлардың операндасы болып саналады. Формулада әрбір оператор айқын реттік сәйкестікпен солдан оңға қарай жазылады.

Ұяшықтарда формуламен функциялардың дұрыс жазылмаған кезде пайда болатын сөздердің мағыналары:

«# # #»- Берілген мәлімет өте үлкен ұяшыққа сыймайды немесе сіз ұяшыққа мәндерді қате салғансыз. Сондықтан сізге теріс жауап шығады. Формуланы тексеріңіз.

«#ДЕЛ/О!» - Сіз алған ұяшық бос немесе 0-ге тең. Егер бұл жағдай сіз жаңағана толтырған ұяшықта пайда болса, онда қажет ұяшыққа абсолютті сілтеме қажет.

«#Н/Д» - Сіз формулалардың міндетті параметрін орындамағансыз немесе мәліметтерді сақтаушы ұяшық қажетті нақты мәліметпен толтырылмаған.

«#ИМЯ?» - Сіз диапозозонның немесе функциялардың атын дұрыс көрсетпегенсіз, жоқ ұяшыққа сілтеме жасағансыз, формулада жақшаға алмай мәтін қолданғансыз, диапозонды беру негізінде қос нүкте қоймай кеткенсіз. Мыс: А2В2-дұрыс емес, А2:В2 болып жазылуы тиіс.

« #ПУСТО!» - Нақты түрде жоқ қиылысуларды бергенсіз

«#ЧИСЛО!»- Мәтіндік немесе сан енгізілу қажет жерде бос параметр көрсетпегенсіз, Excel-де өте үлкен, не өте кішкентай мәнге ие болатын формула енгізгенсіз.

«#ССЫЛКА!» - Формулада қажетті ұяшықты жойып жібергенсіз.

«#ЗНАЧ!»- Аргумент типі дұрыс емес.

Тапсырма:

1. В1 ұяшығына 123 санын, С1 ұяшығына а әріпін енгізіңіз. В2 ұяшығына =В1+С1 формуласын жазып, В2 ұяшығының мәнін қараңыз. Қай жерден қате кетті, табыңыз.

2. D2 ұяшығына =45/D1 формуласын енгіз. Нәтижесін қараңыз. Қай жерден қате кетті, табыңыз.

3. Е1 ұяшығына 45 санын енгізіңіз, Е2 ұяшығына ЕСЛИ функциясын жүктеп, шарт бөлігіне «Е1жН1», Ақиқат бөлігіне 4, Жалған 5 сандарын енгіз. Нәтижесін қараңыз. Қай жерден қате кетті, табыңыз.

4. А1 ұяшығына 464694 санын енгізіп, ұяшықтың енін қысқартыңыз. Нәтижесін қараңыз. Қай жерден қате кетті, табыңыз.

5. G1 ұяшығына 4578 санын, G2 ұяшығына =G1/Н1 формуласын, Н1 ұяшығына «/» белгісін, Н2 ұяшығына =G2/-45 формуласын енгізіңіз. Нәтижесін қараңыз. Қай жерден қате кетті, табыңыз.

6. А1 ұяшығына ЛД, А2-ге СД, А3-ке МД сөздерін, В1-ге 4, В2-ге 5, В3-ке 6 санын енгізіңіз. А5 ұяшығына ПРОСМОТР функциясын (сілтеме және массив категориясы) жүкте және «А6; А1:А3, В1:В3) енгізіп, нәтижесін қараңыз.

Бақылау сұрақтары:

  1. Excel-де қанша функция бар?

  2. Функция категорияларын ата ?

  3. Функция формасы.

  4. Функция бөліктерін ата.

  5. Функция қандай таңбадан кейін жазылады ?

  6. Аргумент дегеніміз не?

  7. Аргументті беру тәртібі.

  8. Функцияларды кірістіру командасы.

  9. Функция шебері терезесіне анықтама.

  10. Функция шеберінің і сұқбат терезесі.

  11. Функция шеберінің іі сұқбат терезесі.

  12. Оператор қызметі.

  13. Оператордың неше түрі бар?

  14. Арифметикалық оператор.

  15. Салыстыру операторы.

  16. Мәтіндік оператор.

  17. Сілтеме оператор.

  18. Формулаларда әрекеттердің орындалу реті қандай?

  19. «# # #»- сөзінің мағынасы қандай ?

  20. «#ДЕЛ/О!» - сөзінің мағынасы қандай ?

  21. «#Н/Д» - сөзінің мағынасы қандай ?

  22. «#ИМЯ?» сөзінің мағынасы қандай ?

  23. « #ПУСТО!» - сөзінің мағынасы қандай ?

  24. «#ЧИСЛО!»- сөзінің мағынасы қандай ?

  25. «#ССЫЛКА!» - сөзінің мағынасы қандай ?

  26. «#ЗНАЧ!»- сөзінің мағынасы қандай ?




© 2010-2022