Сабақ жоспары Калькулятор бағдарламасы 3-сынып

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы Садуақас Сатыбалдин атындағы орта мектеп Информатика пәнінің мұғалімі Жакупбекова Инкар Муратовна   Сабақтың тақырыбы: Калькулятор бағдарламасы. Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларға Калькулятор бағдарламасы туралы толық түсінік беру, іске қосу жолы, калькулятордың негізгі батырмалармен таныстыру. Оқушыларды калькулятор бағдарламасын пайдаланып есеп шығаруды үйрету. Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, тәртіптіл... Калькулятордың терезесінің өлшемі бекітілген тақырып жолынан басқа оның менюі, терілген сандарды көруге және нәтиже беруге арналған енгізу өрісі, есептеуге арналған батырмалары бар аумағы болады. Калькулятордың жұмысы оның тақтасында маусты басу арқылы басқарылады. Сандық пернетақтадан енгізу үшін Num Lock пернесін басу қажет. Num Lock пернесінің міндеті - сандық режімде жұмыс істеу үшін, пернетақтаның қосымша блогын активті жағдайға келтіреді.  Калькулятордың функционалдық батырмалары: “Back S...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы

Садуақас Сатыбалдин атындағы орта мектеп

Информатика пәнінің мұғалімі Жакупбекова Инкар Муратовна

Сабақтың тақырыбы: Калькулятор бағдарламасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Калькулятор бағдарламасы туралы толық түсінік беру, іске қосу жолы, калькулятордың негізгі батырмалармен таныстыру. Оқушыларды калькулятор бағдарламасын пайдаланып есеп шығаруды үйрету.
Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылармен компьютерді пайдалана отырып,шығармашылығын,ойлау қабілетін дамыту,пәнге деген қызығушылығын,белсенділігін арттыру,компьютерлік іскерлігін дамыту.
Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру: Интерактивтік тақта, компьютер, слайд, оқулық.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың типі: аралас.
Пәнаралық байланыс: математика
Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру

А) Сәлемдесу, түгендеу.
2.Жаңа тақырып түсіндіру
3. Сабақты бекіту.
4. Бағалау.
5. Үй тапсырмасы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Оқушылардың білімін жинақтау

Калькулятор бағдарламасы - бұл кәдімгі калькулятордың компьютерлік аналогі, ол әр түрлі есептеулерді: сандарда бір санау жүйесінен басқасына ауыстыруға және

логикалық арифметика командаларының амалдарын жүргізуге арналған.

Калькулятор сандық ақпараттармен жұмыс істеуге, есептеулерді жедел орындауға, есептеулер нәтижелерін Windows-тың басқа бағдарламаларына жіберуге, сандарды бір санау жүйесінен басқасына ауыстыруға, логикалық арифметика амалдарын орындауға, дәл есептеулер жүргізуге арналған.
Калькулятордың екі түрі бар:

  • Қарапайым

  • Инженерлік

Сабақ жоспары Калькулятор бағдарламасы 3-сыныпСабақ жоспары Калькулятор бағдарламасы 3-сынып

Іске қосу жолы:
Пуск - программы - стандартные - Калькулятор.


Сабақ жоспары Калькулятор бағдарламасы 3-сынып

Калькулятордың терезесінің өлшемі бекітілген тақырып жолынан басқа оның менюі, терілген сандарды көруге және нәтиже беруге арналған енгізу өрісі, есептеуге арналған батырмалары бар аумағы болады. Калькулятордың жұмысы оның тақтасында маусты басу арқылы басқарылады. Сандық пернетақтадан енгізу үшін Num Lock пернесін басу қажет. Num Lock пернесінің міндеті - сандық режімде жұмыс істеу үшін, пернетақтаның қосымша блогын активті жағдайға келтіреді.
Калькулятордың функционалдық батырмалары:
"Back Space" - соңғы ендірілген санды өшіреді.
"C" - барлық ендірілген санды өшіреді.
"СЕ" - енгізілген мәнді өшіреді.

"/" - енгізілген мәнді бөледі.
"*" - ендірілген мәнді көбейтеді.
"+" - ендірілген мәнді қосады.
"-" - ендірілген мәнді азайтады.
"=" - амал нәтижесін индикаторға шығарады.
Sqrt - квадрат түбірін табады.
% - санның пайызын табады.
1/x - индикация өрісіндегі санның кері мәнін есептейді.
Калькулятордың кейбір нәтижелері сақтауға арналған ішкі жады бар. Егер жадқа нөлден басқа сан болса, онда индикатордың астында сол жақ терезеде М әрпі пайда болады. Ал егер жадқа басқа мән енгізілсе, онда алдыңғы мән өшіріледі.
MR- жадтағыны өшіреді.
MC- жадтағы санды индикаторға көшіреді.
MS- индикатордағы мәнді жадқа жазады.
M+ - индикатордағы санды жадтағы санға қосады.
Калькулятор бағдарламасының көмегімен күрделі есептерді шешу үшін, калькулятордың инженерлік типін қолданады.
Инженерлік калькулятор кәдімгі қарапайым калькуляторға ұқсас, бірақ оның батырмалары көбірек. Бұл калькулятор жайлы біз жоғарғы сыныптарда танысамыз.

7. Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,алақанды ұрамыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып аламыз.

Тапсырмалар:


Калькулятор көмегімен есептер шығарайық.


1-есеп
18358:2=
876:25=
1023*30=
156:12=
6072:6=


2-есеп

28535,2+759,43=29294,63

1863-558=1305

331*17=5627

18358/2=9179

3-есеп

Қаржы шығынын есептеу есебі
Жөндеу жұмысына жұмсалған әр түрлі жабдықтар бағасы белгілі.
• Бояу 15 987 теңге
• Әк 1 053 теңге
• Түсқағаз 25 413 теңге
• Құрал-саймандар 32 489 теңге
• Жұмыс ақысы 54 235 теңге
Есептеу керек:
1. Жөндеуге жұмсалған барлық қаржыны.
Шешімі: 1. Жөндеуге жұмсалған барлық қаржы -129 177 теңге.

4-есеп


Курс $ = 150 теңге

Тауар аты

$
бағасымен

Теңге бағасымен

1

Ғарышкердің киімі

750

2

Шлем

350

3

Қолғап

100

4

Аяқ киім

270

5

Арнайы тағам

980

6

Су

500

7

Дәрілер қорабы

860

8

Гигиенаға қажетті заттар

764

Барлығы:

Курс $ = 150 теңге

Тауар аты

$
бағасымен

Теңге бағасымен

1

Ғарышкердің киімі

750

112500

2

Шлем

350

52500

3

Қолғап

100

15000

4

Аяқ киім

270

40500

5

Арнайы тағам

980

147000

6

Су

500

75000

7

Дәрілер қорабы

860

129000

8

Гигиенаға қажетті заттар

764

114600

Барлығы:

4574

686100

ІІІ. Сабақты бекіту:
«Пернелер қызметі» сөзжұмбақ арқылы сабақты бекіту.

Есептер:
28535,2+759,43+4029,07=
12345.67+987.54=
555.77+998.33=
1863-558=
5678,99-456,73=
267689.05-45678.98=
555.66-45.99=
331*17=
57.35*14=
315*9=
18358:2=

ІҮ. Оқушыларды бағалау.
Ү. Үй тапсырмасы: Есептер шығару, «Калькулятор» сөзіне ребус құрастыру.
Келесі кездескенше, сау болыңыздар!

© 2010-2022