Тәлімгер - мектеп өмірінің айнасы баяндама

Тәлімгер менің түсінігімше, мектептің тәрбие жұмысына үнемі атсалысып,  балаларға қамқор боп жүретін, тәрбие мен өнерді үйретуші, үйлестіруші жан.  Өйткені  тәлімгер балалардың ортасында жүріп, олардың қоғамдық жұмыстарға араласуына, жан-жақты болып өсуіне бірден-бір септігін тигізетін жан.      Самалы бол Отанның салқындаған,                                     Сандуғаш бол, сайратсын  алтын далаң.                                     Семсері бол Отанның қынабында,                               ...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәлімгер менің түсінігімше, мектептің тәрбие жұмысына үнемі атсалысып, балаларға қамқор боп жүретін, тәрбие мен өнерді үйретуші, үйлестіруші жан. Өйткені тәлімгер балалардың ортасында жүріп, олардың қоғамдық жұмыстарға араласуына, жан-жақты болып өсуіне бірден-бір септігін тигізетін жан.

Баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін әрине, алдымен тәлімгердің өзінің жеке басы соған сай болуы тиіс. Бұл тұрғыда белгілі орыс педагогы К.Ушинский былай деген екен: «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы да, бағдарлама да оның орнын баса алмайды». Шынтуайтына келгенде, тәлімгердің өзі өзгеге үлгі боларлықтай болуы қажет деген сөз. Яғни оның бойынан барлық адамгершілік қасиеттер: мейірімділік, қарапайымдылық, әділдік, т.б. табылуы тиіс. Сондықтан тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар жүктеледі. Ерік-қайраты күшті, мінезге бай жасөспірімдерді қалыптастыру үшін мұғалімнің жеке басы сол талаптарға сай болуы керек. Тәлімгер мұғалімнің жеке басында, сөз бен ісінің арасында алшақтық болмау керек деп ойлаймын.

Бүгінгі таңда мұғалім болу, тәрбиеші, тәлімгер болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды. Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Оның сапасы сызғышпен өлшеп, әрбір мысқалына дейін таразыға тартатын дүние емес. Қиыны мен қызығы, талабы мен жемісі қатар жүретін өз мамандығымызды бағалағанымыз жөн. Өйткені, бұл мамандық біздің жүрек қалауымыз. Менің ойымша тәлімгер мұғалімдерге қарағанда оқушыларға жақын деп ойлаймын. Себебі түрлі тәрбиелік шараларды өткізе жүріп, олардың бойындағы қасиеттерін танып-біліп, бағалап-ескеріп, жан-дүниесін түсінуге тырысамыз. Әр оқушының бойындағы көрінбей жүрген талантын жарыққа шығарып, жеке тұлға болып қалыптасуына көмектесеміз.Сондай-ақ белгілі педагог Я.А.Коменскийдің өзі балаларға тәлім-тәрбие беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалаған: «Мұғалім - мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес».

Тәлімгер - ол кім? Жоғарыда айтып кеткенімдей, тәлімгер - балаға жан-жақты тәлім беруші. Тәлім жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. С.А.Назарбаеваның «Ұстаздан ұлағат» атты кітабында: «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен, баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту, сезімді тәрбиелеу - баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық-қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз - адамзатқа қызмет ету», - деп жазылған.

Бала тәрбиесі ең алдымен, аға ұрпақтың жас жеткіншекке деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығынан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды. Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, іс-қимылынан танылып, сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре

білудің мәні зор. Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар, тәрбиеші мен мұғалімнің ролі зор. Яғни, мұғалім мамандығының иелеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. «Өзіңнен өзіңді ізде, өзіңе өзің бағын, өзіңді өзің тани біл», - дегеніндей, әр мұғалім өзінің бала болғанын, өзінің ата-ана екендігін, өзінің оқытушы болып қалыптасып келе жатқанын ой елегінен жиі-жиі өткізіп отырса, өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Мұғалім өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есінде сақтаса, оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады, соншалықты оның әрбір мақтауы балаларды шаттандырады, оның әрбір ескертуі баланың жүрегіне терең орнығады, демек, баламен кездескен сәттен бастап, оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде баламен тікелей қарым-қатынаста екенін,онымен ішкі сезімі байланыста болатынын бір сәт естен шығармағаны абзал. Сонда ғана ел білікті, парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едәуір табыстарға қол жеткізе алады демекпін.

Қазақ ағартушысы М.Жұмабаев «...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген. Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен, мұғалімнің даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты. Тәлімгер мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік -саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып,биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу-тәлімгердің басты міндеті.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндетіміздің бірі» деген. Ендеше, тәлімгерлердің басты міндеті - оқушы бойында отаншылдық сезімін ояту болып табылады. Өйткені, біздің елімізге болашықта да адами құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген, таза, елжанды азамат керек.

Самалы бол Отанның салқындаған,

Сандуғаш бол, сайратсын алтын далаң.

Семсері бол Отанның қынабында,

Сертке ұстаса, селт етпей жалтылдаған - деп, Мұқағали Мақатаев айтқандай қорыта келгенде айтарым, қазіргі заман тәлімгері - заман талабына сай, жан-жақты, білім мен тәрбиені ұштастыра білген, жаңа технологиялармен қаруланған бала жанының бағбаны.


АТәлімгер - мектеп өмірінің айнасы баяндамаТәлімгер - мектеп өмірінің айнасы баяндама.Хұсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі


Тәлімгер - мектеп өмірінің айнасы баяндама



Баяндама

(Аудандық тамыз кеңесі)


Тақырыбы:

Тәлімгер - мектеп өмірінің айнасы баяндама

«Тәлімгер мектеп өмірінің айнасы»

Тәлімгер - мектеп өмірінің айнасы баяндама










Орындағын: Ермекқалиев Ғ.Х.




2013-2014жжТәлімгер - мектеп өмірінің айнасы баяндама

© 2010-2022