Символдық және жолдық мәліметтермен жұмыс істеуге арналған функция

Сабақтың тақырыбы: Символдық жолдармен жұмыс істеуге арналған функция   Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өткен сабақта алған білімдерін программада қолдануға үйрету                                     Білімділік: Оқушылардың символдық және жолдық мәліметтермен жұмыс істеу  және мәліметтерді өңдеу функциясын тиімді қолдануға үйрету                                                             Дамытушылық:                                 Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,                                   ...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Информатика 21-сабақ

Күні: 7.02.15

Класы: 9"А"

Сабақтың тақырыбы: Символдық жолдармен жұмыс істеуге арналған функция

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өткен сабақта алған білімдерін программада қолдануға үйрету

Білімділік:

Оқушылардың символдық және жолдық мәліметтермен жұмыс істеу және мәліметтерді өңдеу функциясын тиімді қолдануға үйрету

Дамытушылық:

Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,

Өз бетінше жұмыс жасау қабілетін дамыту

Тәрбиелілік :

Жинақылыққа, жауапкершілікке, тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Қорыту сабағы

Сабақтың әдісі: Репродуктивті

Көрнекілігі: Презентация, деңгейлік тапсырма

Сабақтың барысы: 1)Ұйымдастыру

2) Тақырыпты еске түсіру

3) Деңгейлік тапсырмалар орындату

4) Сергіту, көз жаттығулары

5) Бекіту кезеңі (тест)

6) Бағалау

7)Үйге тапсырма

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,сыныпты түгендеу, сабақ мақсатын айтып, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2. Тақырыпты еске түсіру: Слайд арқылы көрсету

1) Delete

2) Copy

3) Concat

4) Insert

5) Upcaze

3. Есептерге программа құру:

Деңгейлік есептерге программа құру, нәтижесін көру

1

І - деңгейлік тапсырма:

S1:='бай'; S2:='бура'; сөздерін біріктіріп нәтижесін 'бурабай' шығатын программа құрыңыз.

ІІ - деңгейлік тапсырма:

a:='Дудар-ай'; сөзінен нәтижесі 'айдар' сөзі шығатын программа салыңыз.

ІІІ - деңгейлік тапсырма:

S1:='ма'; S2:='Форт'; сөздерінен нәтижесі 'Формат' сөзі шығатын программа құрыңыз.

2

І - деңгейлік тапсырма:

S:='монитор';сөзінен 'мотор' сөзін нәтижеге шығарыңдар.

ІІ- деңгейлік тапсырма:

'Студент' сөзі берілген. 'н' әріпі нешінші нөмірде тұрғанын нәтижеге шығарыңдар

ІІІ - деңгейлік тапсырма:

'Интернет-бүкіләлемдік желі' сөйлемінің ұзындығын табатын программа салу

4) Сабақты бекіту:

Барлық функция мен процедураларға арналған тест сұрақтарын компьютерде орындау.

Компьютерлік класты басқаруға арналған жүйелік бағдарлама арқылы тексеру.

Тест нәтижесін маркерлі-интерактивті тақтадан диаграмма түрінде көрсету.

5) Бағалау:

Программалау нәтижелеріне және тест нәтижесіне қарай оқушыларды бағалау.

6) Үйге тапсырма:

Өткен тақырыптарды қайталау

Есеп:

Кіші латын әрпімен енгізілген жолды, үлкен латын әріптеріне ауыстыру программасын құру.

© 2010-2022