Сабақ жоспары Компьютер-әмбебап есептеуіш машина

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Cабақтың тақырыбы: ІІ тарау. Компьютер-әмбебап есептеуіш машина(33-35 беттер).

Сабақтың мақсаты: оқушыларды «компьютер» түсінігімен таныстыру, компьютердің құрылымы, қызметі туралы алғашқы түсінік.

Оқушылар білуі тиіс: «Компьютердің» анықтамасын, компьютердің түрлерін, пайдалану саласын анықтауды.

Оқушылар үйренуі тиіс: адам өмірінде компьютерді қолдануға мысал келтіріп, сыртқы түрі бойынша құрылысын анықтауды, оның қызметін; оқылған құрылғыларына сипаттама беруді, пернетақтаны қолдануды.

Сабақтың мақсаты:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. §4 бойынша тест жұмысын тексеру.

ІV. Білімді өзектендіру.

Сұрақтар:

  1. Ақпараттың минималды бірлігін атаңдар? Ол қандай мағынаны қабылдайды?

  2. 1000 байт артық па, әлде 1 килобайт артық па?

  3. Тағы қандай ақпараттың өлшем бірліктерін білесіңдер?

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын жариялайды.

V. Жаңа сабақты түсіндіру. Тақырыпты түсіндіру оқулық бойынша жүргізіледі. Тақырып қиын емес, компьютерлік техниканы қолдану саласына басты назар аударылады.

Компьютер-күрделі құрылғылардың(микросызбалардың) жиыны.ол жұмыс жасау үшін ПЖ-лар қажет. Компьютердің жұмыс істеуі үшін ең қажетті программа-оның жұмыс қабілеті мен басқарауды қамтамасыз ететін операциялық жүйе. Компьютерде орындалған барлық жұмыстар, тапсырмалар, қойылған есептер қосымша программалардың көмегімен шешіледі. Компьютер тек сол программалардың жұмысын, жұмыс жылдамдығын қамтамасыз ету міндетін атқарады.

Компьютеді қолдану:

  • Алғашқы компьютерлер атауларында көрініс тапқандай, тек есептеулер үшін жасалып шыққан болатын.

  • Есептеулерден кейін компьютерлер үлкен көлемді ақпараттық электрондық (қағаздық емес) түрде сақтау үшін қолданыла бастады. Ондай ақпараттар арнайы ақпараттық өнімдерде-дерек қорларында орналастырылады. Осындай дерек қорлар үшін қосымша құрылғыларды қосатын күрделірек компьютерлер қажет болды.

  • Компьютерді қолданудың елесі сатысы-әртүрлі құрылғыларды басқару(16-сурет). Бүгінгі құрылғылардың көпшілігінің құрамында ішкі енгізілген компьютерлер бар, мысалы: ұялы телефондар, дүкендердегі кассалық аппараттар, әртүрлі есеп айыру құрылғылары.

  • Заманауи суперкомпьютерлер эксперимент жүргізуге болмайтын салаларда модель құру үшін қолданылады. Мысалы, тірі ағзаларда немесе ғарыштық денелерде жүретін үдерістерді анықтауда(17-сурет).





Компьютер түрлері.

Компьютер

Суперкомпьютер

Үлкенкомпьютер

Сервер

Дербескомпьютер

үстелүстілік

Алып жүретін

Алақан









VІ. Сабақты бекіту. Деңгей бойынша орындалған тәжірибелік жаңа білім алудың жалғасы болып табылады. Оқушылар оқу барысында ққызығушылық танытқан бөлімдеріне байланысты, қосымша акпаратты өз беттерімен ала алады. В-деңгейлі тапсырманы уақыт қалса бүкіл сыныпқа беруге болады.

˅ІІ. Сабақты қорытындылау. Компьютерде орындалған тәжірибелік жұмыс бағаланады.

Үй тапсырмасы. §5 сұрақтарына жауап беру, 13,14 тапсырма, тест жұмысы.

Тест жауаптары.

Өзіңді тексер!

  1. Компьютердің қазіргі уақыттағы негізгі функциясы қандай?

А. Есептеу

Б. Басқару *

С. Ақпаратты іздеу

Д. Құжат құру

  1. Жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін программа:

А. Интернет

Б. Операциялық жүйе *

С. Операциялық қа-быршық

Д. Windows

  1. Артығын көрсет:

А. Суперкомпьютер

Б. Үлкен компьютер

С. Дербес компью-тер

Д. Кіші компьютер*

  1. Суперкомпьютерлер қайда қолданылады?

А. Үйде

Б. Офисте

С. Өндірісте

Д. Ірі ұйымдарда нақ-ты есептер шығару үшін*

  1. Үлкен дерек қорларын өңдеу және сақтау үшін қолданылатын компьютер:

А. Үлкен компьютер

Б. Дербес компьютер

С. Суперкомпьютер

Д. Серверлер*

  1. Ноутбуктер компьютерлердің қай түріне жатады?

А. Суперкомпьютер

Б. Үлкен компьютер

С. Дербес компью-тер*

Д. Серверлер

  1. Нетбук деген не?

А. Шағын мөлшерлі ноутбук*

Б. Алақан компью-тері

С. Интернетке қосы-латын ДК

Д. Оқыту мақсатын-дағы компьютердің арнай түрі

  1. Сервер-ол:

А. Компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын компьютер*

Б. Суперкомпьютер

С. Үлкен компьютер

Д. Ақпаратты сақтауға арналған компьютер



© 2010-2022