Информатика пәні бойынша 9-сынып Ақпаратты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін»

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: А.А.Калиева

Сабақ № 2 Уақыты:09.09.2015

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы

Сабақтың мақсаты:Білімділік - Ақпаратты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен таныстыру.

Дамытушылық - Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек

көрсете білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік - оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу.

Барысы:
1.Ұйымдастыру
ІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автоматтандыру - адам еңбегін жеңілдету және оның нысандарын ығыстыру, үдерістердің өнімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында ақпаратты өңдеу, жүйелендіру, сақтау және беру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;
1-1) ақпараттандыру - ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастыру, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық үдеріс;
2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
3) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) ақпараттандыру саласындағы оператор - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау жөніндегі, ақпараттандыру саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыруға қатысу жөніндегі міндеттер, «электрондық үкіметтің» инфрақұрылымы жобалық интеграторының функциялары жүктелген заңды тұлға;
5) ақпараттық жұмыстар - электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді құру жөніндегі қызмет;
6) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;
7) ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке беру (бұдан әрі - депозитке беру) - бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың даналарын депозитарийге сақтауға беру;
8) ақпараттық жүйелердің аудиті - ақпараттық жүйенің ағымдағы жай-күйінің, онда болып жатқан іс-әрекеттердің және оқиғалардың белгілі бір критерийлерге, техникалық регламенттерге, стандарттарға, нормативтік-техникалық құжаттамаға және (немесе) тапсырыс берушінің талаптарына сәйкестік деңгейін белгілейтін, оларды бағалаудың жүйелі процесі;
9) ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың депозитарийі (бұдан әрі - депозитарий) - бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың даналарын оларға ілеспе нормативтік-техникалық құжаттамасымен бірге жинақтауды, сипаттауды, сақтауды және жүйелеуді қамтамасыз етуге арналған арнаулы сақтау орны;
10) ақпараттық-коммуникациялық желі - ақпараттық жүйелер арасындағы немесе олардың құрамдастары арасындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ ақпараттық ресурстарды беруді қамтамасыз ететін техникалық және аппараттық-техникалық құралдардың жиынтығы;
10-1) ақпараттық-коммуникациялық желілер мониторингі жүйесі - компьютерлік оқиғаларға ден қоюды қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілер мен электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелеріне, иеленушілеріне және оларды пайдаланушыларға жәрдем көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешені;
11) ақпараттық қызмет көрсету - пайдаланушыларға ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету;
12) ақпараттық процестер - ақпаратты құру, жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, іздеу, тарату және тұтыну процестері;
13) ақпараттық технологиялар - әдістердің, өндірістік процестердің және ақпаратты жинауды, құруды, сақтауды, жинақтауды, өңдеуді, іздестіруді, шығаруды, көшірмесін түсіруді, беру мен таратуды қамтамасыз ететін технологиялық кешенге біріктірілген бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;
14) аппараттық-бағдарламалық кешен - ақпараттық процестерді қамтамасыз ететін бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;
15) ашық кілттер инфрақұрылымы - Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес тіркеу куәліктерін басқаруға бағытталған ақпараттық жүйелер, ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешені;
16) бағдарламалық өнім - ақпаратты өңдеу жүйесінің компьютерлік бағдарламаларының, рәсімдерінің, әдістерінің, қағидалары мен ілеспе құжаттамасының жиынтығы;
17) алып тасталды - ҚР 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
18) домендік атау - Интернет желісіндегі адрестеу ережелеріне сәйкес қалыптастырылған, желі объектісіне атаулы жолданымға арналған және белгілі бір желілік мекенжайға сәйкес келетін нышандық (әріптік-цифрлық) белгі;
19) интерактивтік қызмет көрсету - өзара ақпарат алмасуды қажет ететін, пайдаланушыларға олардың сұраулары бойынша немесе тараптардың келісімі бойынша электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету;
20) интернет-ресурс - ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым;
21) интернет-ресурстың меншік иесі - интернет-ресурсты иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын толық көлемде іске асыратын субъект;
22) компьютерлік оқиға - ақпараттық жүйелердің, ақпараттық ресурстардың, ақпараттық-коммуникациялық желілердің тиісінше жұмыс істеуіне қауіп төндіретін және (немесе) олардың айналысындағы ақпаратты заңсыз алу, көшірмесін түсіру, тарату, бұрмалау, түрлендіру, жою немесе бұғаттау үшін жағдай жасайтын, олардың жұмысында жекелеген немесе сериялы түрде туындайтын олқылықтар;
23) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы - «электрондық үкіметті» қалыптастыруды және мемлекеттік органдарды ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган;
24) құжатталған ақпарат - материалдық жеткізгіште тіркелген, өзін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректемелері бар ақпарат;
25) құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар - мемлекеттік құпияларды қамтымайтын электрондық ақпараттық ресурстар, оларға қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шектеледі немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасындакөзделген жағдайларда олардың меншік иесі не иемденушісі шектейді;
26) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі - мекенжайлар және олардың құрамдас бөліктері туралы мәліметтерді жасауға, жинақтау мен өңдеуге және Қазақстан Республикасының мекенжай алаңын біріздендіруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
27) мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк ортасы - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, ведомствоаралық ақпараттық-коммуникациялық желiден тұратын, басқару және ұйымдастыру мақсаттарын iске асыруға және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың өзара іс-әрекетіне арналған, сондай-ақ «электрондық үкiметтiң» электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiнiң өзара iс-әрекетін қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желiсi;
28) мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк ортасының операторы - мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк ортасының аппараттық-бағдарламалық кешенi бар және мемлекеттiк органдарға, аумақтық бөлiмшелер мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға байланыс қызметiн көрсететiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
28-1) мемлекеттік техникалық қызмет - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
29) пайдаланушы - өзіне қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;
30) транзакциялық қызмет көрсету - электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету;

IV. Бекіту

Тақырып негізінде постер қорғайды. Сосын әр топтар бір-біріне түсіндіреді, сқрақтар қояды.

V.Бағалау

Оқушыларды бағалау

VІ.Үй жұмысы



© 2010-2022