Тарау бойынша 6-шы сыныптарға арналған тест жинағы

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6 - сынып Информатика пәнінен тест сұрақтары

АҚПАРАТ ЖƏНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҮДЕРІСТЕР

1. Ақпарат термині латын тілінің «informatio» сөзінен аударылғандағы ұғым:

  1. баяндау, түсіндіру, мәлімет;

  2. есептеу, мілімдеу, айту;

  3. орындау, өңдеу, сақтау;

  4. жеткізу, мәлімдеу, жоспарлау;

  5. бағыттау, бағдарлау, жүйелеу;

2. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым:

  1. физика;

  2. математика;

  3. информатика;

  4. информация;

  5. география.

3. Ақпараттық процестер бола алмайды:

  1. сақтау;

  2. жіберу;

  3. өңдеу;

  4. жинақтау;

  5. толтыру.

4. Ақпаратты жіберу, сақтау және өңдеу процесі дегеніміз?

  1. шифрлеу процесі;

  2. дешифрлеу процесі;

  3. ақпараттандыру процесі;

  4. кодтау процесі;

  5. өңдеу процесі.

5. Хабардың ұзындығы, яғни хабарды жазу үшін пайдаланылған символдар саны

  1. ақпараттық көлем;

  2. ақпараттық тіл;

  3. ақпараттық өлшем;

  4. ақпараттық сигнал;

  5. ақпарттық белгі;

6. Төмендегілердің қайсысы ақпарат қасиеттеріне жатпайды?

  1. құндылық;

  2. анық және түсінікті болу;

  3. өзектілік;

  4. толықтылық;

  5. заңдылық;

7. Осы уақыттағы маңызды ақпаратты қалай атайды?

  1. пайдалы;

  2. өзекті;

  3. анық;

  4. объективтік;

  5. толық;

8. Қойылған мақсатты шешуге жеткілікті ақпаратты қалай атаймыз?

  1. түсінікті;

  2. өзекті;

  3. анық;

  4. пайдалы;

  5. толық;

9. Компьютерлік вирус:

  1. объект жөнінде алынған ақпарат;

  2. объектінің қасиеттерін өзгерісін көрсету мүмкіндігі бар программа;

  3. шын мәніндегі нақты объектін өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады;

  4. процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады;

  5. өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі.

10. Мұрағататушы бағдарламалар дегеніміз не?

  1. файлдың ақпараттық көлемін қысуға арналған бағдарлама;

  2. файлдардың көшірмесін алуға арналған бағдарлама;

  3. интерпретатор;

  4. транслятор;

  5. мәліметтер базасын басқаруға арналған жүйе.

11. Вирустардың компьютерге енуінің мүмкіндігі:

  1. ақпаратты ауыстырып тасушылардағы жинақтаушылар мен желілік коммуникация құралдары;

  2. уақыт барысындағы объектінің қасиеттерін өзгерісін көрсету мүмкіндігін;

  3. шын мәніндегі нақты объектін өте жоғары дәлдікпен бейнелейді;

  4. процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында;

  5. көрнекті оқу құралы, әр түрлі машықтандыруды, үйретуші программалар әсерінен.

12. Антивирустық программалар:

  1. MS Word, MS Excel, MS Access;

  2. MS DOS, NC;

  3. Doctor Web, Kaspersky KAV;

  4. AutoCAD, CorelDraw;

  5. ARJ, RAR, ZIP.

13. Дискіде аз орын алу үшін бумаларды қысуға арналған:

  1. вирустық программалар;

  2. мұрағаттаушы пограммалар;

  3. драйверлер;

  4. утиллиттер;

  5. амалдық жүйелер.

14. Вирус - ол...

  1. дискілерді тексеру құралы;

  2. файлдарды көшіруге арналған программа;

  3. операциялық жүйедегі қателердің салдары;

  4. көбеюге қабілетті зақымдаушы программа;

  5. берілгендерді жоятын программа.

15. Вирустың компьютерге өтуінің көзі бола алмайтын құрылғы:

  1. модем;

  2. электрондық пошта;

  3. қатты диск;

  4. ажырап алынатын тасығыштар;

  5. флопи-диск.

16. Антивирус - ол...

  1. файлдарды сығуға арналған программа;

  2. файлдарды көшіруге арналған программа;

  3. компьютерлік вирустарды жоюға арналған программа;

  4. вирустарды құруға арналған программа;

  5. берілгендерді жоятын программа.

17. Компьютерлік вирустар орналасқан орындарына қарай топтарға бөлінуі:

  1. резидентті, резидентті емес;

  2. желілік, файлдық, жүктелетін;

  3. стелс, макро, палиморфик;

  4. зиянсыз, қауіпсіз, қауіпті, өте қауіпті;

  5. студентті, кампаньон, құжаттар.

18. Компьютердің вируспен зақымданудың алдын алудағы бұрыс (қате) кеңес:

  1. бейтаныс адамдар жіберген хаттарды және хаттардың тіркемелерін ешқашан ашпау;

  2. компьютерде «әкімшілік (администратор)» мәртебесінде емес, шектелген есепке алу жазбасында жұмыс істеу;

  3. компьютердегі барлық бумаларға толық қол жеткізу құқын әрқашан ашып қою;

  4. вирусқа қарсы қорларды жүйелі түрде жаңартып отыру;

  5. тасымалдаушыларды вирусқа тексеру.

19. Компьютерлік вирус түрлері:

  1. резидентті, резидентті емес;

  2. жүктелетін, жүктелмейтін;

  3. зиянды, зиянсыз;

  4. драйверлік, желілік;

  5. файлдык, желілік.

20. Мұрағаттаушы программалар:

  1. MS Word, MS Excel, MS Access;

  2. MS DOS, NC;

  3. Doctor Web, Kaspersky KAV;

  4. AutoCAD, CorelDraw;

  5. WinRAR, WinZIP.









КОМПЬЮТЕР

1. 1946 жылы ЭЕМ-нің жұмысы мен құрылымының принциптерін баяндаған американ математигі:

  1. Робертсон;

  2. Джон фон Нейман;*

  3. Джон Непер;

  4. Ада Лавлайс;

  5. Аль Фараби.

2. Екінші буындағы ЭЕМ-дерге электрондық шамдардың орнына пайдаланған құрал:

  1. электро-магниттік сәулелер;

  2. перфокарта деп аталатын қатырма қағаздар;

  3. жартылыай өткізгіштер - транзисторлар;*

  4. шағын жартылай өткізгіш кристалдар;

  5. электронды-акустикалық линиялар.

3. Интегралды схемалар ...

  1. шағын жартылай өткізгіш кристалдар; *

  2. электронды-вакуумды шамдар;

  3. электронды-акустикалық линиялар;

  4. перфокарта деп аталатын қатырма қағаздар;

  5. жартылыай өткізгіштер - транзисторлар;

4. Интегралды схема негізінде құрастырылған ЭЕМ-дер...

  1. бірінші буын;

  2. екінші буын;

  3. үшінші буын; *

  4. төртінші буын;

  5. бесінші буын.

5. 70 жылдардан бастап өндіріске енген қазіргі кездегі ЭЕМ - дер ...

  1. бірінші буын;

  2. екінші буын;

  3. үшінші буын;

  4. төртінші буын; *

  5. бесінші буын.

6. 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған ғалым:

  1. Лейбниц Паскаль;

  2. Джон Непер;

  3. Ада Лавлейс; *

  4. Әл-Хорезми;

  5. В.Лебедев;

7. ЭЕМ-нің бірінші буынына жататын ЭЕМ-дерге пайдаланған құрал:

  1. жартылыай өткізгіштерді;

  2. электрондық шамдар; *

  3. интегралдық схемалар;

  4. транзисторлар;

  5. микро сызбалар.

8. Үшінші буындағы ЭЕМ-дердің мүмкіндігі:

  1. механикаландыру құралдарының қызметін атқарды;

  2. секундына 10000 амал орындады;

  3. бір машинада бірнше бағдарламаларды қатар орындады;*

  4. бірнеше қолданушы жұмыс жасай алды;

  5. дербес қолдануға арналды;

9. Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып адамдар пайдаланған санау құралы:

  1. қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды; *

  2. есепшотты ;

  3. калькуляторды;

  4. шотты;

  5. сызбаларды.

10. «Абак» деп есепшотты атаған халық:

  1. қытайлықтар;

  2. орыстар;

  3. үндістер

  4. гректер;*

  5. жапондықтар.

11. «Суан-пан» деп есепшотты атаған халық:

  1. еуропалықтар;

  2. жапондықтар;

  3. қытайлықтар; *

  4. үндістер;

  5. гректер.

12. «Серобаян» деп есепшотты атаған халық:

  1. дүнгендер;

  2. азиялықтар;

  3. жапондықтар;*

  4. үндістер;

  5. гректер;

13. 1694 жылы Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып құрастырылған машина атауы:

  1. арифмометр; *

  2. логарифм сызғышы;

  3. механикалық машина;

  4. калькулятор;

  5. электронды құрылғы;

14. Ресей ғалымдары Чебыйшев пен Однер ойлап тапқан құрылғы:

  1. Марк-1;

  2. Есепшот;

  3. Калькулятор;*

  4. ЭЕМ;

  5. Ениак.

15. «Компьютердін атасы» атанған ғалым:

  1. Блез Паскаль;

  2. Чарлз Бэббидж;*

  3. Робертсон;

  4. Ада Лавлейс;

  5. Джон Непр.

16. Бірінші электрондық машина атауы:

  1. ENIAC;*

  2. EDSAC;

  3. ESCORD;

  4. EDAC;

  5. ECKU.

17. ENIAC машинасының конструкторлары:

  1. Непер және Робертсон;

  2. Маучли және Эккерт;*

  3. Блез Паскаль және Лейбниц Паскаль;

  4. Лейбниц және Робертсон;

  5. Чарлз Бэббидж;

18. ЭЕМ жұмысының басты принципі:

  1. жадта сақталатын бағдарлама;*

  2. ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жад;

  3. компьютердің жұмысы туралы ақпарат;

  4. берілген мәліметтерді тасымалдау;

  5. компьютерде жұмыс жасау.

19. Он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет «Қосу машинасын» ойлап тапқан:

  1. Неміс математигі Лейбниц;

  2. Орыс өнертапқышы П.Л.Чебышев;

  3. Ағылшын Д.Робертсон;

  4. Француз матиматигі Блез Паскаль;*

  5. Американдық Герман Холлерит.

20. 1944 жылы американдық математик Говард Айкен ойлап тапқан, программамен басқарылатын автоматты есептеуіш машинасының атауы:

  1. Холерит машинасы;

  2. Беббидж машинасы;

  3. БЭМС-2 машинасы

  4. Марк-1 электромеханикалық есептеуіш машина; *

  5. Паскаль машинасы.









АЛГОРИТМДЕУ ЖƏНЕ МОДЕЛЬДЕУ

1. Алгоритм дегеніміз ...

  1. белгілі бір мәселені шешу үшін қойылған мақсатқа бағытталған іс - әрекет тізбегі;

  2. белгілі бір мақсатқа жету үшін қойылған шарттар тізбегі;

  3. белгілі бір іс - әрекетке жету үшін қойылған мақсатты орындау;

  4. белгілі бір ақпараттық мәліметтерді шешу үшін орындалатын мақсаттар тізбегі;

  5. белгілі бір мәселені шешу тізбегі;

2 Алгоритм термині төмендегі ғалым- математиктің атымен аталған:

  1. Джон фон Нейман;

  2. Чарльз Беббидж;

  3. Мухаммед аль-Хорезми;

  4. Вильгельм Лейбниц;

  5. Ада Лавлейс.

3. Сызықтық алгоритм деген ...

  1. шартқа байланысты әрекет ету;

  2. бір әрекетті қайталау;

  3. Әрекеттердің тізбектей орындалуы;

  4. әрекет графика түрінде берілу;

  5. белгілі бір мақсатты орындау.

4. Циклдік алгоритм:

  1. әрекет графика түрінде берілу;

  2. белгілі бір мақсатты орындау;

  3. арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі;

  4. белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалуы;

  5. әрекеттердің тізбектей орындалуы,

5. Орындаушы дегеніміз:

  1. нұсқауларды орындаушы;

  2. машина, робот;

  3. берілген алгоритмді орындай алатын субъект немесе объект;

  4. берілген алгоритмді орындай алатын объект;

  5. берілген алгоритмді орындай алатын адам.

6. Алгоритмді бейнелеудің әдістері:

  1. сөздік, символдық, графикалық;

  2. мектептік, алгоритмдік, графикалық;

  3. блок-схема, программа, мәтін;

  4. мектептік, алгоритмдік;

  5. сөздік, операторлық, графикалық.

7. Тармақтық алгоритм деген ...

  1. амалдар қатармен орындалады;

  2. бір әрекетті қайталау;

  3. арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі;

  4. белгілі бір мақсатты орындау;

  5. шарттарды қою және орындау;

8. Алгоритм түрлері:

  1. Қайталау, анықтылық, нәтижелік;

  2. Мағыналық, тармақтық, нәтижелік;

  3. Циклдік, тармақтық, анықтылық;

  4. Сызықтық, тармақтық, циклдік;

  5. Сызықтық, қайталау, мағыналық.

9. Блок-сызбалар:

  1. Программалау тілінде берілген нұсқаулар тізімі;

  2. Сызықтармен байланысқан команда жазылған блоктар түріндегі арнайы құрылымдар;

  3. Машиналық тілде берілген сөздер тізімі;

  4. Азпаздық нұсқаулыққа берілген электрондық кесте;

  5. Сызбалар жинағы.

10. Байланыс сызықтары дегеніміз ...

  1. схеманың басын және соңын міндетті түрде көрсетіп тұратын блок;

  2. шарттарды қосатын сызықтар;

  3. алгоритмдерді қосатын сызықтар;

  4. блоктарды қосатын сызықтар;

  5. аргументтердегі айнымалыларды байланыстыратын сызықтар.

11. Алгоритмнің негізгі қасиеттерін көрсет:

  1. алгоритмнің айқындылығы, түсініктілігі, тиістілігі;

  2. алгоритмнің айқындылығы, үздіктілігі, жалпыға бірдейлігі, нәтижелігі, формальді орындалуы;

  3. алгоритмнің үздіктілігі, түсініктілігі, тиістілігі, мақсаттылығы;

  4. алгоритмнің айқындығы, мақсатталығы, тиістілігі, жалпыға бірдейлігі;

  5. түсініктілігі

12. Толық және толық емес формадағы алгоритм:

  1. сызықтық;

  2. таңдау;

  3. қайталанушы;

  4. циклдік.

  5. тармақталған.

13. Тармақталу алгоритмінің блок-сызбасындағы шарттың берілуі сипатталатын фигура:

  1. тіктөртбұрыш;

  2. эллипс (сопақша шеңбер);

  3. алтыбұрыш;

  4. ромб;

  5. үшбұрыш.

14. Модельдеу:

  1. нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету;

  2. көрнекі оқу құралдары, әр түрлі машықтандырушы, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін;

  3. нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру;

  4. берілген қасиет бойынша нысанды құру;

  5. құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды тиімді басқару.

15. Статистикалық модель:

  1. уақыт барысындағы объектінің қасиеттерін өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді;

  2. шын мәніндегі нақты объектін өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады;

  3. объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады;

  4. процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады;

  5. көрнекті оқу құралы, әр түрлі машықтандыруды, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.

16. Модель:

  1. нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету;

  2. көрнекі оқу құралдары, әр түрлі машықтандырушы, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін;

  3. нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру;

  4. Берілген қасиет бойынша нысанды құру;

  5. Құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды тиімді басқару.

17. Динамикалық модель:

  1. объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады;

  2. уақыт барысындағы объектінің қасиеттерін өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді;

  3. шын мәніндегі нақты объектін өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады;

  4. процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады;

  5. көрнекті оқу құралы, әр түрлі машықтандыруды, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.

18. Модельдің уақыт факторына бөлінуі:

  1. Оқу және тәжірибелік;

  2. Статистикалық және динамикалық;

  3. Ғылыми және практикалық;

  4. Табиғи және жасанды;

  5. Арнайы және имитациялық.

19. Компьютерлік модель дегеніміз ...

  1. қағазға түсірілген модельдің сызбасы немесе үлгісі, есептеу формуласы;

  2. процестер мен құбылыстарды зерттеу;

  3. объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір бөлігі;

  4. программалық орта көмегімен жүзеге асыратын модель;

  5. берілген қасиет бойынша нысанды құру

20. Көрсетілу тәсіліне қарай модельдердің жіктелуі:

  1. Зертханалық, оқыту;

  2. Ойын, еліктеу;

  3. Статистикалық, динамикалық;

  4. Вербальдық, таңбалық;

  5. Материалдық, ақпараттық.







АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

1. Мәтін процессорлары қолданылады:

  1. Мәтінді енгізуге және өңдеуге;

  2. Графикалық информацияны құруға және өңдеуге;

  3. Полиграфиялық баспаларды парақтау процесін автоматтандыруға;

  4. Мәліметтер қорында қамтылған берілгендерді талдауға және пайдаланушылардың сұрауы бойынша ұсынуларды беруге;

  5. Басшының жұмыс орнын автоматтандыруға.

2. Word құжатты баспаға басуда бейнелеу режимін көруге мүмкіндік беретін режим:

  1. Қалыпты режим;

  2. Структуралық режим;

  3. Баспа режимі;

  4. Беттерді белгілеу;

  5. Web-құжат режимі.

3. Word бағарламасының Еже сұхбат терезесі қандай мүмкіндіктері

  1. Қаріпті, оның түсін, өлшемін және мәнерін өзгерту;

  2. Жан бітірім эффектілерін жасау;

  3. Жолдар аралығын, шегіністерді, табуляцияны өзгерту;

  4. Жүйені қайтадан іске қосу;

  5. Графикалық бейнелерді орналастыруға.

4. Мәтін беттерінің нөмірлерін қою үшін орындалатын әрекеттер:

  1. Файл- Бет өлшемдері- қажетті параметрлерді таңдау;

  2. Пішім- Бет нөмірлері- қажетті параметрлерді таңдау;

  3. Кірістіру- Бет нөмірлері- қажетті параметрлерді таңдау;

  4. Көрініс- Бет сызбасы- қажетті параметрлерді таңдау;

  5. Анықтама- Бет сызбасы- қажетті параметрлерді таңдау

5. Word бағдарламасында Пішім (Формат) мәзірінің Қаріп (Шрифт) қосымшасы мүмкіндік береді:

  1. Word бағдарламасын қайтадан іске қосу;

  2. Қаріпті, оның түсін, өлшемін және мәнерін белгілеу;

  3. Мәтінді бағандарға бөлуге;

  4. Байрақшалы тізімді белгілеуге;

  5. Маркерленген тізім құруға.

6. Word бағдарламасында мәтінді туралау түрлерінің бәрін атап көрсетіңдер:

  1. Ұзындығы бойынша, сол жақ шеті бойынша диагоналы бойынша;

  2. Тігінен, ортасы бойынша, көлденеңінен;

  3. Сол жақ шеті бойынша, ортасы бойынша, оң жақ шеті бойынша, ені бойынша;

  4. Ені бойынша, көлденеңінен;

  5. Көлдеңнен, тігінен, екі жақ шеті бойынша.

7. Microsoft Office дестесінің Microsoft Word бағдарламасының қызметі:

  1. Жан бітірімді, мультимедиалық нысандарды әзірлеуге арналған Microsoft Office бағдарламасы;

  2. Мәтіндік құжаттарды әзірлеу, қарап шығу, өңдеу және басып шығаруға арналған Microsoft Office дестесінің бағдарламасы;

  3. Өзі бағдарланатын кестелік процессор болып көрінетін Microsoft Office дестесінің ағдарламасы;

  4. Көрсетілімдерді, яғни сөйлесуге арналған суреттемелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office дестесінің бағдарламасы;

  5. Дыбыстық әуендерді, бейне роликтер көруге арналған бағдарлама.

8. Word бағдарламасында құжаттың бөлектелген мәтінін бірнеше бағанға бөлу үшін:

  1. Өңдеу- Бағандар;

  2. Пішім- Бағандар;

  3. Көрініс- Бағандар;

  4. Құралдар-Бағандар;

  5. Файл-Бағандар.

9. Word бағдарламасында жасалған құжаттың кеңейтімі:

  1. .bmp;

  2. .doc;

  3. .txt;

  4. .ppt;

  5. .xls;

10. Сақтау әмірін Word бағдарламасы мәзірінде орналасқан:

  1. Құралдар;

  2. Файл;

  3. Өңдеу;

  4. Пішім;

  5. Анықтама.

11. Құжаттың ағымдағы бетін бөлімнің нөмірін, беттін санын және т.б. бейнелейтін элемент- бұл ...

  1. Сызғыш;

  2. Стандартты үстел;

  3. Күй жолағы;

  4. Пішім үстелі;

  5. Тақырып жол.

12. Word бағдарламасында мәтіндегі сөзді бөлектеу үшін қолданылатын әрекет:

  1. сөздің алдын үш рет шерту;

  2. сөзді шерту;

  3. сөзді тінтуір батырмасымен екі рет шерту;

  4. бөлектеу әмірін орындау;

  5. ерекшелеп алу

13. Пайдаланушы Word бағдарламасы терезесінің айналдыру сызығының көмегімен ...

  1. құжатты сақтай алады;

  2. құжаттың қажетті бөлігіне орын ауыстыра алады;

  3. тағы бір құжатты аша алады;

  4. әріптердің тізбектілігінорындайды;

  5. сөзді іздеуді жүзеге асыра алады;

14. Мәтінді құжатқа енгізу кезінде пернесін басу қажет:

  1. әрбір беттің соңында;

  2. әрбір сөзден кейін;

  3. әрбір еже соңында;

  4. әрбір жолдың соңында;

  5. әрбір тақырып соңында.

15. Word-та мәтін тізімінің түрлері:

  1. Маркерленген, нөмірленген, бірнеше деңгейлік;

  2. Маркерленген, нөмірленген, графиктік;

  3. Маркерленген, графиктік;

  4. Маркерленген, сандық;

  5. Араб сандар, рим сандар, маркерлер.

16. Мәтін үзінділерімен жасалатын жұмыстар:

  1. Орналастыру, бояу, алмастыру;

  2. Сақтау, жылжыту, тасымалдау;

  3. Көшіру, жылжыту, тасымалдау, жою;

  4. Қозғау, апару, жою, қалыптастыру;

  5. Жылжыту, жою, қозғалту.

17. Мәтінді пішімдеу түрлері:

  1. Курсивті, асты сызылған, түрлі-түсті;

  2. Жартылай қалың, курсивті, асты сызылған;

  3. Қалың, асты сызық, түрлі-түсті;

  4. Қиғаш жазу, қою қара, сызылған;

  5. Жартылай қалың, курсивті, түстер.

18. MS Word-та кесте түрлерін салуға болады:

  1. Жеңіл және күрделі түрін;

  2. Қарапайым және күрделі; *

  3. Көп жолды және бағанды;

  4. Конструкторлы және қарапайым;

  5. Күрделі және формалы;

19. MS Word-та кесте ұяшықтарын біріктіру үшін:

  1. Іргелес ұяшықтарды ерекшелеп Меню Таблица Тарау бойынша 6-шы сыныптарға арналған тест жинағы. Объединить ячейки;

  2. Іргелес ұяшықтарды ерекшелеп тышқанның оң жақ батырманы екі рет шерту керек;

  3. Іргелес ұяшықтарды ерекшелеп Меню Формат Тарау бойынша 6-шы сыныптарға арналған тест жинағы. Ячейки-Объеденить;

  4. Іргелес ұяшықты Delete батырмамен жою керек;

  5. Тек қана Excel программасында ұяшықтарды біріктіруге болады.

20. MS Word.Кестеге бағанады қосу жолы:

  1. Таблица-Добавить ячейки-Добавить столбец;

  2. Файл-Добавить ячейки-Добавить столбец;

  3. Правка- Таблица-Добавить ячейки-Добавить столбец;

  4. Таблица-Добавить ячейки-Добавить строку;

  5. Таблица-Добавить ячейки-Добавить ячейку.

21. Word мәтін процессорында сурет салуға, графикалық объектілермен жұмыс істейтін саймандар тақтасында орналасады:

  1. Формалар;

  2. Стандарттық;

  3. Форматтау;

  4. Кестелер және шектемелер;

  5. Сурет салу.

22. ClipGallery кітапханасынан объектіні енгізу үшін:

  1. Вставка - Символ командасын орындау қажет;

  2. «Кисть» сайманын таңдау қажет;

  3. Вставка - Рисунок;

  4. Вставка -Рисунок -Из файла;

  5. Вставка -Рисунок -Картинки.

23. Жоғары сапалы презентацияларды құруға мүмкіндік беретін тиімді құралдары жеткілікті программа:

  1. Microsoft Access;

  2. Microsoft Word;

  3. Adobe PhotoShop;

  4. Microsoft Power Point;

  5. Microsoft Excel.

24. Презентация дегеніміз:

  1. .mdb кеңейтілуі бар файлда сақталатын нақтылы тақырыпты мәтіндер жиыны;

  2. .xls кеңейтілуі бар арнайы форматты файлда сақталатын нақтылы тақырыпты түрлі-түсті слайд-суреттердің жиымы;

  3. .ppt кеңейтілуі бар арнайы форматты файлда сақталатын нақтылы тақырыпты түрлі-түсті слайд-суреттердің жиымы;

  4. .exe кеңейтілуі бар арнайы форматты файлда сақталатын нақтылы тақырыпты түрлі-түсті слайд-суреттерді жиымы.

  5. кез келген аты және .xls кеңейтілуі бар файл. Мұндай файл терминдерде жұмысшы кітап деп аталуы мүмкін.

25. Power Point құжаты қосымшаның терезесінде келесі әдіспен бейнеленуі мүмкін:

  1. Структура режимінде, слайдты сұрыптау режимінде, беттерді белгілеу режимінде;

  2. Слайд түрінде, құжаттың структурасы режимінде, беттерге белгі қою режимінде;

  3. Слайд түрінде, структура режимінде, слайдты сұрыптау режимінде, беттерді белгілеу режимінде;

  4. Электрондық құжат және слайд түрінде;

  5. Басты құжат түрінде, структура режимінде, слайдты сұрыптау режимінде, беттерді белгілеу режимінде.

26. Әрбір слайдта анимация болуы үшін келесі менюді қолданамыз:

  1. Формат - Настройка показа анимации;

  2. Вид - Настройка анимации;

  3. Показ слайдов - Настройка анимации;

  4. Вставка - Анимация;

  5. Сервис - Настройка анимации.

27. Слайдты көріп шығу үшін келесі менюді қолданамыз:

  1. Показ слайдов - Начать показ (F5);

  2. Вид - Показ слайда (F7);

  3. С) Правка - Начать показ (F8);

  4. Формат - Начать показ слайда (F5);

  5. Начать показ слайдов;

28. Презентация (слайд) файлы келесі кеңейтілуге ие:

  1. .ptt;

  2. .doc;

  3. .ppt;

  4. .ptp;

  5. .mdb.

29. Слайд фильмдерді жасау құралы:

  1. MS Excel электронды кесте пакеті;

  2. MS Power Point графикалық пакеті;

  3. MS Word мәтіндік пакеті;

  4. MS Access деректер базасы;

  5. MS Publisher мәтіндік пает.

30. Слайдты көріп шығу үшін келесі пернені қолданамыз:

  1. F12;

  2. F5;

  3. F7;

  4. F10;

  5. F9.




ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР

1. Компьютерлік желі дегеніміз:

  1. бірнеше компьютерден мәліметтерді алу үшін қолданылады;

  2. ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір - бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі;

  3. ірі мекемелерді, банктер мен олардың филиалдары, сақтандыру компаниялары, бұқаралық ақпарат құралдары;

  4. елдегі аймақтық масштабтағы компьютерлерді біріктіретін;

  5. саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады;

2. Желінің топологиялары:

  1. сақина, асимметрия, жұлдыз;

  2. шина, асимметрия;

  3. шина, сақина, жұлдыз;

  4. сопақ, айналмалы, шина;

  5. сервистік, желілік.

3. Компьютерді басқа компьютермен желі арқылы біріктіру үшін және интернет желісіне қосылу үшін керек:

  1. модем;

  2. желілік карта;

  3. желілік адаптер;

  4. желілік орта;

  5. желілік жүйе.

4. Компьютерлік желілердің ерекшеленуі:

  1. ақпаратты тасымалдау мен жеткізу секунді бойынша;

  2. масштабы мен мүмкіндігі бойынша;

  3. әр түрлі масштабтағы желілердің өзара біріктірілуі бойынша;

  4. ортақ ресуростарды пайдалану бойынша;

  5. тізбекті түрде бір кабельге жалғануы бойынша.

5. Жергілік желілер:

  1. бірнеше компьютерден мәліметтерді алу үшін қолданылады;

  2. елдегі аймақтық масштабтағы компьютерлерді біріктіретін;

  3. ең шағын деп аталады да, компьютерді біріктіру үшін қолданылады;

  4. саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады;

  5. халықты елдің үкіметімен тікелей байланыстыратын жүйе

6. Бір немесе бірнеше мемлекет аумағында орналасқан желілер аталады:

  1. жаңашыл;

  2. ғаламдық;

  3. жергілікті;

  4. формалды;

  5. сервер.

7. Интернет:

  1. провайдер деп аталатын ұйым;

  2. компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі;

  3. үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы;

  4. операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс істейтін компьютерлер;

  5. байланыс араларын өзара біріктіруші

8. «Браузер» түсінігінің анықтамасын көрсетініз

  1. электронды пошта;

  2. internet қор көздеріне шолу жасау бағдарламасы;

  3. іздеу сервері;

  4. internet қызметтерін ұсынушы;

  5. электрондық үкімет

9. Internet-тегі Қазақстанға тиесілі жоғары деңгейлік үйшік атауын көрсет:

  1. Kaz;

  2. Org;

  3. Ru;

  4. Kz;

  5. Соm.

10. Модем- бұл:

  1. ақпаратты сақтауға;

  2. телефон байланысы арнасы бойынша ақпаратты жеткізу;

  3. ақпаратты басып шығаруға;

  4. берілге уақыт мезетінде ақпаратты өңдеуге;

  5. 1 секунд ішіндегі жеткізілетін ақпарат көлемі

11. Электронды почта:

  1. әр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс істейтін компьютерлер

  2. интернеттің кез келген екі пайдаланушысы арасында электронды хаттармен - мәтіндік хабарламамен оперативті және өте тез алмасуды жүзеге асыру;

  3. адамдар арасындағы байланыс тәсілдерінің бірі болып табылады;

  4. кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі.

  5. бірнеше компьютерден мәліметтерді алу үшін қолданылады.

12. Үйшік дегеніміз …

  1. компьютерлер арасындағы байланысты жүзеге асыратын бағдарлама атауы;

  2. жеідегі пайдаланушы компьютерінің мекенжайын анықтайтын мекенжай бөлігі;

  3. ақпаратың өлшем бірлігі;

  4. компьютерлер арасындағы байланысты жүзеге асыратын құрылғы атауы;

  5. берілге уақыт мезетінде ақпаратты сақтау.

13. Сайт дегеніміз:

  1. есептеулер жүргізетін электрондық кесте;

  2. кәдімгі мәтіндік және графикалық ақпаратпен қатар, басқа құжаттарға жасалған сілтемелері бар құжат;

  3. бір адам немесе ұйым дайындаған, қандай да бір web-серверде орналасқан web-беттердің жиынтығы;

  4. сурет, мәтін, гиперсілтемесін қамтитын .doc кеңейтілуі бар файл;

  5. жергілікті - есептеу желісі арқылы хабарлама беретін жұмысшы топ.

14. Іздеу серверлері мыналардан тұрады:

  1. интернеттегі компьютерлер тобының ортақ бөлігі, ол компьютердің орналасқан жерін және сол ұйымның категориясын анықтайды;

  2. қолданушының чаттарда қолданатын арнайы аты;

  3. құжаттардың, сайттардың, беттердің адрестері және сипаттарын;

  4. мәтіндер, суреттер, сайттар;

  5. интернеттің арнайы қызметтері.

15. Файлды электронды хатқа қосу үшін орындау керек:

  1. Вставка-Файл командасын орындау керек немесе қыстырғыш (скрепка) түріндегі құралды қолдану керек;

  2. Файл-Вставить командасын орындау керек немесе қыстырғыш (скрепка) түріндегі сайманды қолдану керек;

  3. Хатты және файлды бір бумада жіберу;

  4. Хатқа файлдың мазмұнын көшіру керек;

  5. Вставка-Файл командасын орындау керек немесе Буфер сайманын қолдану керек.

16. Домен дегеніміз:

  1. интернеттегі компьютерлер тобының ортақ бөлігі, ол компьютердің орналасқан жерін және сол ұйымның категориясын анықтайды;

  2. пайдаланушының чаттарда қолданатын арнайы аты;

  3. программаның жұмыс істеуіне қажетті берілгендерді беретін компьютер;

  4. жеке адамға немесе ұйымға тиісті қандай да бір web-серверде орналасқан web- беттер жиыны;

  5. web- беттер.

17. Компьютерді жергілікті желіге қосу келесілердің көмегімен жүзеге асырылады:

  1. сервердің;

  2. желілік топологиясының;

  3. желілік адаптердың;

  4. желілік фильтрдің;

  5. кабелдің.

18. Web-беттерді көруге арналған программа:

  1. браузер;

  2. тегтер;

  3. гипермәтіндік сілтеме;

  4. гипермәтін;

  5. web-серфинг.

19. Электронды поштаның абоненттік станциясы тұрады:

  1. компьтерден, арнайы бағдарламадан және модемнен;

  2. бірнеше желілік компьютерлерден;

  3. пошталық серверден;

  4. хост-машинадан;

  5. компьютерден және пошталық серверден;

20. Интернет желісінде электрондық почтаның адресі берілген: User_name_@mtu - net.ru почта сақталатын компьютердің аты қандай?

  1. user_name_@mtu - net.ru;

  2. @user_name;

  3. user_name;

  4. mtu_net.ru;

  5. ru.

© 2010-2022