Сығып шығару. Бөлімшелер. 10 сынып. Сабақ жоспары

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі

Сыныбы: 10а

Сабақтың тақырыбы: §25 Сығып шығару. Бөлімшелер (Subdivide)

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды Blender программасының сығып шығару (Extrude) және бөлімшелер (Subdivide) мүмкіндіктерімен таныстыру.

Дамытушылық: қарапайым тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың программада жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;

Пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-практикум

Көрнекіліктер: оқулық, компьютер, 3D Blender программаcы, Easy Quizzy-да тест

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау §24

1.3D Blender деген не?

2. Программада қандай нысандар орналасқан?

3. Программада бірнеше нысандарды ерекшелеу қай перненің көмегімен жүргізіледі?

4. Бірнеше нысанды топтастыру немесе біріктіру қай пернелер тіркесімімен орындалады?

5. G, R, S пернелері не үшін қолданылады?

Easy Quizzy программасында жасалған автотестпен білімдерін тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

Кез келген 3D модельдеу ортасы дайын шаблон нысандарымен шектеулі қамтылады. Мысалы, Blender -ден текше, шар, конус, маймылдың басы сияқты нысандар табылса да, пианино, үстел, сияқты нысандар жоқ. Яғни, бұл программада толып жатқан примитивтер ғана бар деген сөз. Сонда үйлер, қояндар т.б. нысандар қалай жасалады? Оларды mesh -нысандарды әртүрлі құралдарды пайдалана отырып өзгерту арқылы жасаймыз. Сол құралдардың бірі - Extrude (сығып шығару) құралы. Extrude құралымен mesh - нысандарды редакторлеу режімінде, нысан қырының, қабырғасының, биіктігінің көшірмесін жасап, олардың орныны ауыстыру арқылы және өлшемі (егер қыры мен қабырғасы болса) арқылы өзгерте аламыз.

Сонымен бізде текше нысаны бар. Tab пернесін басып, редакторлау режиміне көшеміз.

Жоғарыда айтылғандай биіктігін, қабырғасын, қырын бөліп ала аламыз. Мұнда биіктік - ол нүкте, қабырға -тік қабырғасы, ал қыры - жазықтық.Текшенің 8 биіктігі, 12 қабырғасы және алты қыры бар. Программада биіктік, қабырға және қырды бөліп алу жоспарын қалай көрсетеміз? Мысалы, қабырғаны редакторлеу режимінде тек қабырғаны ғана редакторлей аламыз. Режимді ауыстыру батырмасы 3D терезесінің төменгі жағында орналасқан.

Мысалы, биіктігін бөліп алу керек делік. Ол үшін осы режімге көшеміз және Mesh Tools панелінен Extrude құралын қосамыз. Extrude құралы сондай -ақ, пернетақтадан Е пернесі арқылы да шақыра аламыз.

Текшенің кез келген биіктігін ерекшелеп, Е батырмасын басып, тінтуірмен қозғалтамыз. Тағы бір биіктік нүктесі пайда болады. Оны тінтуірмен қозғалту арқылы орнын көрсетіп, тінтуірдің сол жақ батырмасын шертіп, көрсетілген орынға орналастырамыз. Нәтижесінде тек биіктік нүктесі ғана емес, оны жалғап тұрған қабырға да пайда болады.

  • Қабырғасын бөліп шығару үшін оны қандай да бір осьпен созу керек. Нысанның бөлігін нақты бағытқа шығару үшін Е батырмасын басып, сосын X,Y,Z батырмаларының көмегімен нысанның қозғалу осін таңдаймыз. Дәл осылай қабырғаны жоғары созып, шығару үшін де Е батырмасын, сосын Z батырмасын басамыз. Сондай - ақ қозғалту кезінде нақты бір биіктікке дейін созу керек болса, Ctrl батырмасын басамыз.

  • Жаңа нысан бөлігі пайда болған соң, оның өлшемін өзгертуге және бұруға болады.

  • Енді қырларын редакторлауға келетін болсақ, онда қарама-қарсы екі қырды бірден редакторлайтын боламыз. Алдымен оларды ерекшелейміз, сосын Е батырмасын басамыз да, шыққан мәзірден: Region(Аумақ) Individual Faces(Жекелеген қырлар) бұйрықтарының бірін таңдаймыз.

Бірінші жағдайда, екі қыр да бір бағытта қозғалады, ал екінші жағдайда әрқайсысы өз осьтері бойынша қозғалады. 1. Екі қырда бір бағытта қозғалады.2. Әрқайсысы өз осьтері бойынша қозғалады.

Бөліну (Subdivide). Mesh- нысандардан күрделі нысандар жасау кезінде оларда керекті қосымша бөліктері жоқ болып келеді. Мысалы, тақтайдан Extrude құралын пайдаланып үстел жасау керек болса, онда үстелдің аяқтарын жасау үшін қырлардың жетіспейтіндігін көреміз.

Бірақ Blender - де қырларды немесе қабырғаларды бөліктерге бөлетін арнайы Subdivide құралы бар. Оны пернетақтадан W батырмасын басу арқылы шақырамыз. Нәтижесінде бір бөліктен бірнеше ұсақ бөлік жасалады. Мысалы, оқулықта 61- суретте тақтайдың төменгі жағы 64 бөлікке бөлінген нысаннан үстелдің моделін алу жеңіл болады. Extrude құралының көмегімен тақтайдың төменгі бөлігінен үстел аяқтарының бұрыш қырларын шығарамыз.

ІV. Жаңа білімді бекіту:

Бақылау сұрақтары:

  1. Extrude құралы қандай қызмет атқарады?

  2. Subdivide құралының қызметі қандай?

  3. Бұл екі құралдың айырмашылығы қандай?

Компьютерде тәжірибелік тапсырмалар:

№1 тапсырма

Оқулықтағы 69 - суретке назар аударыңдар. Ол Blender программасында шаршыдан тікбұрышты параллелепипед жасап, әрі қарай қырларын бөліп шығару арқылы жасалған. Сендер де дәл осындай етіп, ұшақ моделін жасаңдар.

№2 тапсырма

Өз ойларыңнан бүгінгі қарастырған екі құралды пайдаланып, модель жасаңдар.

V. Сабақты қорытындылау. Өзіңді тексер тестін орындау

VI. Үйге тапсырма.§25 тақырыпты оқу

Тақырыпқа қосымша мәліметтер жинау

VІІ. Оқушыларды тапсырмалар орындауына қарай бағалау



© 2010-2022