• Преподавателю
  • Информатика
  • Урок по информатике на тему Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің әдіс - тәсілдері

Урок по информатике на тему Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің әдіс - тәсілдері

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Урок по информатике на тему Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің әдіс - тәсілдері

«Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар

№21 жалпы білім беру орта мектебі» ММ - нен



Информатика

6 сынып



Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің әдіс - тәсілдері.

Урок по информатике на тему Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің әдіс - тәсілдеріУрок по информатике на тему Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің әдіс - тәсілдері



Мұғалім: Улукманова М





Актау



Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі,

құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің әдіс - тәсілдері.

Сабақтың мақсаты: Оқшыларды Word мәтіндік процессорымен және мәтіндік құжат жасаудың

негізгі әрекеттерімен таныстыру.

Білімділік: Құжаттарды жасауды және сақтауды үйрету;

Тәрбиелілік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс

істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу,

ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру;

Дамытушылық: Оқушылардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға, алгоритмдiк

ойлау қабiлетiн, сондай-ақ ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық,

ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: ДК, интер тақта, мультимедиалық проектор, Windows

ОЖ, Microsoft Word 2010 мәтіндік процессоры, үлестірмелі тапсырмалар, слайдтар, стикер, А3 қағаздары, түрлі түсті қаламдар, оқулық, жұмыс дәптері т. б.

Сабақтың өту барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі

  • Жаңа сабақ

  • Постер қорғау

  • Оқушылар «жұмыс парағын» толтырады.

  • Компьютермен жұмыс.

  • Жаңа тақырыпты бекіту.

  • Үйге тапсырма.

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  • Қандай мәтіндік редакторды білесің?

  • Мәтіндік құжат дегенді қалай түсінесің?

  • Мәтіндік процессормен жұмыс істеудің қандай екі режимін білесің?

  • Microsoft Word 2010 қолданбасының терезесі қанша негізгі элементтерден тұрады?

  • Лента, қосымша бет, топ, команда дегеніміз не?

  • Кеңейтудің қандай түрі құжаттарда жиі қолданылады?

  • Қалып - күй жолы ?

Жаңа түсініктер

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің әдіс - тәсілдері».

Мәтін және құжат жасау үшін бірден-бір кең тараған бағдарлама. Компьютермен тек мәтін жазып қоймаймыз, оның қосымша мүмкіндіктерін пайдалана аламыз.

2.1. Word құжаттары

Word бағдарламасының файлдары құжат деп аталады және DOC немесе DOCX кеңейтілуі беріледі. Сіз Word бағдарламасының терезесін ашқан кезде, онда автоматты түрде құжат құрылады. Word бағдарламасының терезесінде бірде бір құжат ашылмаса, онда бас менюдің көптеген командалары және панелдегі батырмалар белсенді болмайды, сонымен қатар айналдыру жолақтары және сызғыш жоқ болады (2.1. Сурет).

Урок по информатике на тему Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің әдіс - тәсілдері

2.1. Сурет. Құжат ашылмаған бағдарлама терезесі

Құжат құру

Word бағдарламасын ашу кезінде бос құжат автоматты түрде құрылатынына қарамастан, кейбір кездері қолданушыға құжатты қолымен құруға тура келеді. Құжат құру- бұл Word бағдарламасындағы ең қарапайым операциялардың бірі. Жаңа құжат құру үшін келесі әрекеттердің бірін орындау қажет:

 Ctrl+N пернелер үйлесімін басу;

 Office батырмасын басу және менюден Құру (Создать) командасын таңдау (2.2. сурет);

Урок по информатике на тему Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің әдіс - тәсілдері

2.2. сурет. Файл- Құру командасын орындау

Бірінші әдісті қолдану кезінде құжат Normal үлгісінің базасында құрылатын болады. Көптеген құжаттар үшін бұл үлгі базалық болып табылады және жаңа құжат үшін негіз ретінде қолданылатын бос файлды ұсынады. Сонымен қатар үлгінің ішіндегілерінің барлығы құрылған файлға тасымалданады, ал бірақ үлгінің өзі өзгеріссіз қалады.

Екінші команданы орындау кезінде Құжат құру терезесі пайда болады (2.3. сурет).

Урок по информатике на тему Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің әдіс - тәсілдері

2.3. сурет. Құжат құру терезесі

Бұл терезе жаңа құжаттың типін таңдауға болатын бірнеше бөлімдерді құрайды.

Үнсіз келісім бойынша ашылатын Бос және соңғы бөлімінде құжаттың екі типі бар: Жаңа құжат- Normal үлгісінің негізінде құрылатын қарапайым құжат және Блогтың жаңа жазбасы- блогта жазба құруға мүмкіндік беретін құжат.

Бұрын қолданылған құжат ішінен бөлімі- бастапқы құжатты сақтау кезінде, сонымен қатар жаңа құжатқа өзгеріс енгізуде қажет болуы мүмкін.

Ескерту. Құжат құру (Создание документа) тапсырмалар аймағынан жаңа құжаттың типін таңдау Файл менюіндегі Қалай сақтау (Сохранить как) командасын көшірмелейді. Бірақта ол өте қолайлы, өйткені қолданушыда бар құжат негізінде құжат құру үшін бастапқы файлды ашу қажет емес. Қалай сақтау командасы жайлы толығырақ төменде айтылады.

Сонымен қатар, Құжат құру терезесінің көмегімен бағдарламада бар үлгілердің біреуінің негізінде құжат құруға болады. Орнатылған үлгілер (Установленные шаблоны) бөлімін таңдау кезінде (2.4. Сурет) қол жетімді үлгілер тізімі шығарылады, сонымен қатар оларға арналған эскиздар шығады. Менің үлгілерім (Мои шаблоны) бөлімі қолданушының өзі сақтаған үлгілердің біреуінің негізінде құжат құруға мүмкіндік береді.

Урок по информатике на тему Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің әдіс - тәсілдері

2.4. Сурет. Орнатылған үлгілер



Құжатты ашу

Жұмыс барысында қолданушыға құжат құру ғана емес, сонымен қатар бар құжатқа жиі өзгеріс енгізуге тура келеді. Бұны жасау үшін құжат ашу қажет.

Құжатты бағдарламаның өзінен ашу міндетті емес. Егер құжат Word бағдарламасымен байланысатын форматта құрылған болса, онда оны көптеген әдістермен ашуға болады. Microsoft Word бағдарламасында құжаттың ашылатындығын файлдың таңбашасы көрсетіп тұрады (2.6. Сурет).

Урок по информатике на тему Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің әдіс - тәсілдері

2.6. Сурет. Word бағдарламасында ашылатын файлдың таңбашасы

Бағдарлама терезесінен тыс Word құжатын бірнеше әдіспен ашуға болады:

 Бағыттауыш терезесінде оның атына тышқанмен екі ретшерту арқылы;

 Бағыттаушта файл атына тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп, контексті менюден Ашу (Открыть) жолын таңдау арқылы (2.7. Сурет);

Урок по информатике на тему Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің әдіс - тәсілдері

2.7. Сурет. Бағыттауыш бағдарламасынан Microsoft Word құжатын ашу

 Файлдармен жұмыс жасауға арналған кез келген басқа бағдарлама терезесінде құжат атына тышқанмен екі рет шерту арқылы (мысалы, Total Commander);

 Бума терезесінде файл атына тышқанмен екі рет шерту арқылы;

 Бума терезесінде файл атына тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп, контексті менюден Ашу пунктін таңдау арқылы (2.8. Сурет);

Урок по информатике на тему Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің әдіс - тәсілдері

2.8. Сурет. Бума терезесінен Пуск- Құжаттар командасын орындау арқылы Microsoft Word құжатын ашу

Word құжатымен жұмыс жасау кезінде тағы бір құжатты ашу қажеттілігі жиі туындайды. Бағдарламада құжатты бірнеше әдіспен ашуға болады:

 Office батырмасын басу және менюден Ашу командасын таңдау;

Урок по информатике на тему Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің әдіс - тәсілдері

2.9. Сурет. Office менюінен Ашу командасын таңдау

Ctrl+O пернелер үйлесімін пайдалану;

Жылдам іске қосу құрал саймандартер панелінде Ашу батырмасына шерту (2.10. Сурет);

Урок по информатике на тему Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің әдіс - тәсілдері

2.10. Сурет. Жылдам іске қосу құрал саймандартер панелінде Ашу батырмасы

Ескерту. Үнсіз келісім бойынша Ашу батырмасы жылдам іске қосу панеліне шығарылған жоқ. Оны қосу үшін Жылдам іске қосу панелін баптау батырмасын басыңыз және менюден Ашу командасын таңданыз.

Құжатты сақтау

Word бағдарламасында жұмыс жасағанда құжатты үнемі сақтап отыру қажет. Мәтінді теру және редактілеу жарты жұмыс қана. Ең бастысы- сіздің жұмысыңызды сақтау. Құжат сақталмай тұрған кезде, сіз экранда көріп отырған барлық ақпараттар компьютердің жадында болады және бағдарламаны жапқан кезде бәрі жоғалып кетеді. Сондықтан осы мәліметті кейінде қолданғыңыз келсе, оны файлда жазып, қатқыл дискиге сақтап қою қажет.

Жұмысты сақтаудың бірнеше әдісі бар:

 Жылдам қатынау құрал саймандартер панеліндегі Сақтау батырмасының көмегімен (2.24. Сурет);

Урок по информатике на тему Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің әдіс - тәсілдері

2.24. Сурет. Жылдам іске қосу құрал саймандартер панеліндегі Сақтау батырмасы

Offiсе батырмасын басу және менюден Сақтау командасын таңдау (2.25. Сурет);

Урок по информатике на тему Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің әдіс - тәсілдері

2.25. Сурет. Offiсе менюінен Сақтау командасын таңдау

Ctrl+S пернелер үйлесімін пайдалану.

Құжатты бірінші рет сақтаған кезде оның атын көрсету қажет, сонымен қатар ол сақталатын дискідегі буманы және файлдың форматын таңдаңыз. Жоғарыда ұсынылған командалардың бірін орындау кезінде шығатынҚұжатты сақтау диалогтық терезесінде қажетті параметрлер көрсетіледі (2.26. Сурет).

Урок по информатике на тему Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің әдіс - тәсілдері

2.26. Сурет. Құжатты сақтау терезесі

Бұл терезе Құжатты ашу терезесін еске түсіреді: сол жағында құжатты сақтау үшін жиі қолданылатын бумаларға сілтемелер бар адрестер панелі, жоғарғы жағында- бумалар мен дискілердің тізімі, сонымен қатар өту батырмалары орналасқан, төменгі жағында- Файл аты өрісі және Файл типі тізімі орналасқан.

Құжатты сақтау үшін мыналарды орындаңыз:

1. Адрестер панелінің көмегімен немесе бумалар арасында өту тізімінен құжатты сақтағыңыз келген буманы таңдаңыз. Сонымен қатар сіз Alt+4 пернелер үйлесім немесе Бума құру батырмасын пайдаланып жаңа бума құра аласыз (2.27. Сурет).

Урок по информатике на тему Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің әдіс - тәсілдері

2.27. Сурет. Құжатты сақтау терезесіндегі құрал саймандартер панелінде Буманы сақтау батырмасы.

2. Тиісті өріске файлдың атын енгізіңіз. Бағдарлама үнсіз келісім бойынша файлды Құжат1 деп атайды (реттік номері басқа болуы мүмкін).

3. Файлдың типін таңдаңыз. Көбінесе Microsoft Word құжаты үшін үнсіз келісім бойынша орнатылған форматы қолданылады.

4. Сақтау батырмасын басыңыз. Файл сақталды.

Offiсе 2007 бағдарламасында құжатты сақтаудың жаңа форматын ұсынылған, ол - Microsoft Word Open XML. Оның ерекшелігі- зақымдалған файлдарды қалпына келтіреді және елу пайызға дейін өлшемді кішірейтуге мүмкіндік беретін ZIP форматында файлдарды сығуға сүйеу болады. Бірақ та бұл формат Word бағдарламасының ескі нұсқасымен үйлеспейді, сондықтан сіздің серіктестеріңіз офистік буманың жаңа нұсқасына өтіп үлгермесе, сізге бұл форматта құжаттарды сақтаудан бас тартуға тура келеді.

Бағдарламаның ескі нұсқаларымен үйлесетін форматта файлдарды сақтау үшін, Файл типі тізімінен Word құжаты 1997-2003 нұсқасын таңдаңыз. Word2003 бағдарламасымен үйлесетін форматпенWord2007бағдарламасында сақталатын файлдардың таңбашасы Open XML форматында сақталған құжаттардың таңбашасынан өзгеше болады (2.6. Сурет).

Урок по информатике на тему Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің әдіс - тәсілдері

2.28. Сурет. Word 1997-2003 бағдарламасымен үйлесетін форматта сақталған Word файлының таңбашасы

Егер сіз файлды Open XML файлында емес, басқа бір файлда сақтайтын болсаңыз (мысалы, RTF немесе DOC), онда Файл типі тізімінен қайта- қайта қажетті форматты таңдай берудің қолайсыз екенін байқайсыз. Сақтау үшін үнсіз келісім бойынша қолданылатын файл типін өзгерту арқылы сақтау шараларын жеңілдетуге болады. Мысалы, құжатпен әр түрлі бағдарламалық қамтамасыздандырылған компьютерлерде жұмыс жасаған кезде RTF файлы жиі қолданылады. Бұл формат Open XML форматына қарағанда неғұрлым әмбебап.

2.4. Жаттығу. Сақталатын файлдардың үнсіз келісім бойынша берілген типін өзгерту

Сақтау үшін үнсіз келісім бойынша пайдаланылатын файлдардың типін өзгерту үшін төмендегіні орындаңыздар:

1. Office батырмасын басыңыз, одан кейін Office менюінің төменгі бөлігіндегі Word параметрлері батырмасын басыңыз;

2. Word параметрлері терезесінен Сақтау бөлімін таңдаңыз;

3. Құжатты сақтау аймағына өтіңіз және Келесі форматта файлды сақтау тізімінен үнсіз келісім бойынша құжатты сақтау үшін қолданылатын форматты таңдаңыз (2.29. Сурет).

4. Өз таңдауыңызды бекіту үшін ОК батырмасын басыңыз;

Урок по информатике на тему Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің әдіс - тәсілдері

2.29. Сурет. Word бағдарламасы үнсіз келісім бойынша құжаттарды сақтайтын файл кеңейтілуін орнату

5. Егер сізге құжатқа енгізілген өзгерісті сақтау қажет болса және сонымен қатар алғашқы файлды да қалдыру керек болса, онда Office менюіндегі Қалай сақтау керек командасын пайдалануға болады;

6. Қалай сақтау керек командасын таңдау кезінде үнсіз келісім бойынша жоғарыда қаралған Құжатты сақтау диалогтық терезесі пайда болады, мұнда да құжаттың атын көрсету керек, дискада сақталатын буманы және файлдың форматын таңдау қажет.

7. Курсорды Қалай сақтау керек командасында ұстап тұрсақ немесе оңға бағытталып тұрған кішкене бағыттауышқа шертсек Word сақтаудың бірнеше нұсқасын ұсынады (2.30. Сурет).

Урок по информатике на тему Мәтіндік процессор жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің әдіс - тәсілдері

2.30. Сурет. Office менюінен Қалай сақтау керек командасын таңдау


Word құжаты- бұл нұсқаны таңдағаннан кейін, Open XML форматында сақтау таңдалған Құжатты сақтау терезесі ашылады;

Word үлгісі- бұл команда ағымдағы құжатты үлгі ретінде сақтауға мүмкіндік береді. Яғни осының негізінде басқа да құжаттар құруға болады.

Word құжаты 1997-2003- бұл нұсқаны таңдағанна кейін форматта сақтау таңдалған Құжатты сақтау терезесі ашылады;

Файлдардың басқа форматтары үшін баптауды табу- егер сіз файлды PDF немесе XPS форматындағы электронды құжат түрінде сақтағыңыз келсе осы пункті таңдауыңызға болады;

Басқа форматтар- осы нұсқаны таңдағаннан кейін, сақтау үшін үнсіз келісім бойынша формат таңдалған Құжатты сақтау терезесі ашылады. Сіз сақтау үшін басқа форматты таңдай аласыз.



«Жұмбақ» Шешімін тап!!!

1-топтың жұмбағы:

1) Батырманы басасың,

Қажетіңді ашасың.

(«Еnter» батырмасы)

2) Екі батырмалы,
Бір бұрандалы.
Жалғыз өзі - ақ,
Сансыз іс тындырады.

(Тышқан)

3) Монитор жанында бір қорап,
Тұр өне бойын тоқ орап.
Ең негізгі микросхема,
Аталған ол...

(жүйелік қорап)

4) Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек

(Монитор)

2-топтың жұмбағы:

1) Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қағаз - қаламсыз.

(Пернетақта)

2) Төртбұрышты жұқа қорап,
Магнитпен қапталған.
Сыйымдылығы 1, 44 МБайт,
Сақтайды ол ақпарат

(дискета)

3) Батырмасын тұтқасына орнатса да,
Жан - жағына емін - еркін қозғалатын.
Бар сондай ойын құмар құрылғысы,
Экрандағы нысандарды басқаратын.

(джойстик)

4)Әдетте үнсіз тұрамын

Белгі берсең ұғамын

Жазуы бар қағаздың

Құралы боп шығамын

(Принтер)

1)Ақпаратты сақтап таратқан,

Жұртты өзіне қаратқан.

(Компьютер)

2) Бар құрылғы әркім білмес,
Ғаламтормен байланыстырар.
Телефонға жалғанып ап,
Ақпаратпен алмастырар

(модем)
3) Компьютердің құрамдас бөлігі,
Қағазға басып береді.

(принтер)
4) Компьютердің қосымша бөліктері,
Ай мен күндей егіздер.
Сыбырлап та, айқайлап,
Көңіл - күйді көтерер.

(колонкалар)

Құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің әдіс - тәсілдері туралы мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын.

  1. Постер қорғау.

  2. Оқушылар «жұмыспарағын» толтырады.

  3. Компьютермен жұмыс.

  4. Жаңа тақырыпты бекіту.

  5. Үйге тапсырма.

Оқушылар кітаптан 53 беттегі §4.3 ережелерді жазу.

«Құжатты құру мен сақтау 53-55 беттегі тақырыптарды оқу


© 2010-2022