К пути для создания презентация

Раздел Информатика
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

POWER POINT ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАРЫН

ДАЙЫНДАУ ПРОГРАММАСЫ.


Power Point қолданбалы программа - баяндама материалдар слайдтар тiзбегi - презентацияларды құруға арналған жүйелердiң арасында ең басты. Ол арқылы мәтiн және сан ақпараты көркем безендiрiлген слайд және диаграммаларға жеңiл айналады. Презентация - слайд-фильм түрiнде дайындалған кез келген баяндама.

MS PowerPoint қолданбалы программамен жұмыс жасау үшiн
ненi бiлiп және не iстеу керектiгiн бiлу қажеттiлiгi.


  • Windows жүйесiнде программаны iске қосу;

  • Терезенi әдеттегiдей (қалыпты) және толық экранды етiп көрсету;

  • Терезенi экран бойынша жылжыту;

  • Меню командаларын орындау және құралдар тақтасының батырмаларын пайдалану;

  • Файлды ашу;

  • Файлды сақтау;

  • Қозғалту жолақтарын пайдалану;

  • Объектiлердi көшiрiп алу және енгiзу;

  • Мәтiн курсорын мәтiн енгiзу орнына орналастыру;

  • Маркерленген тiзiмдер туралы бiлу;

  • Объектiлердi салу, сызықтың түсi мен стилiн таңдау және iшiн бояу үшiн Сурет тақтасының құралдарын пайдалану;

  • Графикалық объектiлердi белгiлеп алу;

  • Бiрден бiрнеше графикалық объектiлердi белгiлеп алу;

  • Жазылымдарды безендiру және оларды құжаттың кез келген жерiне орналастыру;

  • Маус арқылы графикалық объектiлерiнiң пропорцияларын өзгерту;

  • Мәтiннiң белгiлеп алынған бөлiктерiне қарiп, қарiп көлемiн және түсiн таңдау;

  • Жанама меню командаларын пайдалану;

  • Символдар кестесiн ашу, символдарды таңдау және оларды көшiрiп алу;

  • Шаблондар туралы мәлiмет алу;

  • Диаграммаларды құру.


1 ЖҰМЫС


Белгiлi бiр шадлонға негiзделiп, презентация құру.

К пути для создания презентация

  1. PowerPoint 97 программасын iске қосыңыз. Шаблонмен жұмыс iстеу режимiне кiрiңiз (сур. 1).

Бұл үшiн:

  • ФайлҚұру (ФайлСоздать) командасын орындаңыз;

  • Презентациялар (Презентации) астарлы бетiн ашыңыз және шаблонды таңдаңыз, мысалы, Личная основная страница (сур. 2);

  • ТүрСлайдтарды сұрыптау (Вид Сортировщик слайдов) командасын iске қосыңыз. Слайдтар мазмұнымен танысыңыз, және, егер қажет болса, артық слайдтар макеттерiн маус арқылы белгiлеп және {Delete} пернесiн басып, өшiрiңiз.

  1. Презентация шаблондағы стандартты мәтiндi коррекциялау немесе оны алмастыру үшiн, келесi iс-әрекеттердi орындау қажет:

  • ТүрҚұрылым (ВидСтруктура) командасы арқылы көрсету режимiн өзгерту;

  • ә

    Рис. 1рбiр слайдқа өз мәтiнiн енгiзу;

  • қажет болса, алдын ала қажеттi қарiп фрагментiн белгiлеп алып, Формат Қарiп (ФорматШрифт) командасы арқылы, қарiп форматын өзгерту;

  • Маустың көрсеткiшiн әрбiр слайд аймағына орналастырып, жанама менюiн шақыру, және Миниатюра параметiрiн орнату. Осылай сiз слайдтың сыртқы безендiруiн көре аласыз.

К пути для создания презентацияНазар аударыңыз! СервисСлайдты үлкейту

(СервисРазвернуть слайд) командасы, презентацияға ұқыпты және ұйымдастырылған түр беру үшiн, көп ақпаратты слайдты бiрнеше слайдтарға автоматты түрде бөледi. Бұл команда әрбiр жоғарғы деңгейлi маркерленген пунктiнен жеке слайдты құрайды, ал iшкi пунктiлердi сәйкес жаңа слайдтарда
маркерленген пунктiлерге ауыстырады

  1. Әрбiр слайдта эффектiлердi орнату үшiн және олардың презентациядағы ауысуы кезiнде ТүрСлайдтар (ВидСлайды)

Сур.2

командасын орындаңыз және қозғалту жолақтары арқылы экранда бiрiншi слайдты орнатыңыз.

Рис. 2

Бұл үшiн:

  • Слайдтарды көрсетуСлайд ауысуы (Показ слайдов Переход слайда) командасын орындап, слайд ауысуын баптау режимiне көшiңiз. << Слайдтар ауысуы>> (<<Переход слайдов>>) терезесi анимация, дыбыс, слайдтар ауысуы алгоритiмiн қосу мүмкiндiгiн бередi;

  • <<Эффектiлер>> (<<Эффект>>) терезесiнiң бөлiгiнде анимация қосуын жүргiзiңiз. Әрбiр слайд үшiн ауысу вариантын таңдаңыз, мысалы көлденең орналасқан жалюзи (жалюзи горизонтальные), жоғарға қарай ағын (наплыв вверх), кездейсоқ горизонталь жолақтар (случайные горизонтальные полосы) және басқа;

  • <<Дыбыс>> (<<Звук>>) терезе бөлiгiнде дыбыс қосуды ұйымдастырыңыз. Әрбiр слайд үшiн дыбыстық безендiрудiң вариантын таңдаңыз, мысалы қол шапалақтау (аплодисменты), жарылыс (взрыв), қоңыраулар (колокольчики), жазба машинасы (пишущая машинка) және басқа;

  • <<Жылжу>> (<<Продвижение>>) терезе бөлiгiнде автоматты түрде 5 секундтан кейiн слайдтардың ауысуын орнатыңыз;

  • әрбiр слайдта объектiлер анимация режимiн қосыңыз (жазылымдардың, суреттердiң, графиктердiң). Бұл үшiн: объектi белгiлеп алып, контекстiк менюдi шақырыңыз; Анимацияны қосу (Настройка анимации) командасын таңдаңыз және Уақыт (Время), Диаграммадағы эффектiлер (Эффекты в диаграммах), Жаңадан өндiру параметрлерi (Параметры воспроизведения) астарлы беттерiнiң параметрлерiн берiңiз.

  1. Құрылған файлды, ФайлСақтау (ФайлСохранить) командасы арқылы сақтаңыз:

  • презентация түрiнде;

  • демонстрация форматында.

  1. Слайд-фильмдi презентация режимiнде көрсету үшiн ТүрСлайдтарды көрсету (Вид Показ слайдов) командасын пайдаланыңыз немесе Слайдтарды көрсетуКөрсету (Показ слайдовПоказ) командасы немесе экранның төменгi сол жақ бөлiгiндегi <Көрсету> (<Показ>) батырмасы арқылы. Баяндаманың құрылған электронды презентация бойынша жаттығуын жасаңыз және барлық қажеттi эффектiлер мен параметрлердi реттеңiз.

6. Слайд-фильмдi демонстрация режимiнде көрсету үшiн, оны сiздiң жұмыс бумаңыздың iшiнен қолданба ретiнде, ол бойынша маустың сол жақ батырмасын екi рет шертiп iске қосса жеткiлiктi.


Жаттығу тапсырмалары.

1 тапсырма

PowerPoint құралдары арқылы сiздiң мектебiңiз, сынып тарихы, қала, республика туралы анимациялық фильмдi дайындаңыз. Фильмнiң кадрлерiнiң бiр тiңдеп ауысуы үшiн, слайд ауысуы құралдарын пайдаланыңыз.

2 тапсырма

Өзiңiз жақсы көретiн пән бойынша оқулықты алыңыз, мазмұнын ашыңыз және оның негiзiнде келесi жылда осы пәндi оқитындарға, презентация курсын дайындаңыз.

3 тапсырма

Өз автобиографияңызды презентация түрiнде безендiрiңiз. Туыстық немесе достық байланыстарды схема түрiнде бейнелеуiн қосыңыз. Жеке өмiр кездерiн графикалық түрде белгiлеңiз.

4 тапсырма

Оқыту презентациясын дайындаңыз, мысалы, геометриялық теоремасының дәлелдеуiн сипаттайтын.

Нұсқаулар.

Бiрiншi слайдты титул бетi iстеңiз (теореманың аты мен формулировкасы), екiншiде - теоремада қарастырылған негiзгi фигуралар мен қатыстар бейнеленедi. Келесi кадрлерде дәлелдеу сипатталады. Негiзгi геометриялық фигураларды және чертежге түсiндiрмелердi бейнелеу үшiн автофигураларды пайдаланыңыз, қажет болса - объектiлер анимация эффектiлерiн және iшкi бояуын. Формулалардағы Формулалар редакторы арқылы құру ыңғайлы. Чертеж элементтерiн әрiппен белгiлеу үшiн, Сурет тақтасының Жазылым құралын пайдаланыңыз.

5 тапсырма

PowerPoint құралдары арқылы физикалық тәжiрибенiң (не химикалық) бейнесiн дайындаңыз.


6 тапсырма

PowerPoint құралдары арқылы, маустың шертуi бойынша кiм қай жерде отыратыны жәйiнда мәлiмет шығатын, сiз оқитын сыныптың планын дайындаңыз.


7 тапсырма

PowerPoint құралдары арқылы, мектепке дейiнгi және төменгi сынып оқушыларын негiзгi геометриялық фигуралармен және олардың қасиеттерiмен таныстыратын фильм дайындаңыз («Геометриялық фигуралардың өмiрiненң).

8 тапсырма

«Ауа райы болжамың күнделiктi теледидар хабарын бейнелейтiн, презентациясын жасаңыз. Безендiрудi, анимация эффектiлерiн және слайдтар ауысуын өзгертпей, тек ағымды күннiң ауа рай шарттарын ғана өзгерту жеткiлiктi болатындай етiп, келесi күнге ролик алу үшiн, сәйкес шаблонды дайындаңыз.

Нұсқаулар.

Әрбiр жеке слайдта графика (ел немесе қаланы сипаттайтын картина), елдiң (қаланың) аты, температура және жауын-шашынның белгiлер бейнесi болсын. Кадрлердiң ауысуы өз бетiмен бiрдей уақыт аралығынан кейiн болу керек.
Шаблонды құру. Жаңа презентацияны құрыңыз (Бос презентация (Пустая презентация), Бос слайд белгiленуi (авторазметка Пустой слайд)), слайдтар фонын таңдаңыз. Содан кейiн, слайдты құрастыру, үйлестiру ыңғайлы, яғни мәтiн және графика орналасуының шекараларын беру. Бұл үшiн бағыттаушыларды (направляющие) орнатыңыз - мүмкiн объектiлерiнiң өлшемдерiн шектейтiн, пунктирды сызықтар (Түр менюi). Пайда болған бағыттаушыларды жылжытуға болады және оларға тағы да бiрнешеуiн қосуға болады (сызықтардың бiрнеше көшiрмелерiн алу үшiн, оларды {Ctrl} пернесiн басып тұрып жылжыту қажет).
Сурет тақтасының Жазылым құралы арқылы қажеттi мәтiндi енгiзiңiз, елдiң (қаланың) графикалық немесе фото бейнелеуiн енгiзiңiз. Жауын-шашынды сипаттайтын белгiлердi енгiзу үшiн, Белгiлер кестесiн (Таблица символов) пайдалану ыңғайлы. (қарiп Wingdings, мысалы, ). Пайда болған слайдтың (дайын фон, аты және ел немесе қаланының бейнесi, температура, жауын-шашынның барлық белгiлерi) көшiрмелерiн алу ыңғайлы КiрiстiруСлайдты қайталау (ВставкаДублировать слайд), ал содан кейiн әрбiр жаңа слайдта тек қана картинканы және елдiң (қаланың) атын өзгерту - картинканың өлшемi мен орналасуы, мәтiн безендiру стилi өзгерiссiз қалады. Слайдтар ауысуы және анимация эффектiлерiн орнату ғана қалады.

Файлды сақтаңыз: Файл… деп сақтау, сұхбат терезесiндегi Файл типi (Тип файла) тiзiмiнде C:\Program Files\Microsoft Office\Шаблоны бумасында сақталынатын Презентация шаблоның (*.pot) таңдаңыз, өз шаблоңызға ат берiңiз. Файлды жабыңыз.

Шаблонға негiзделiп жаңа презентация құру. ФайлПрезентацияны құру, ауа райы шаблонын таңдаңыз, Презентация ауыстырғышын белсендi етiңiз. Слайдтар режимiнде жауын-шашынның артық сипаттауыш белгiлерiн өшiрiңiз (мысалы, тек қана қар немесе жамбырды қалтыру) және, ауаның алғашқы температурасын белгiлеп, ағымды температурасын қою. Дайын презентацияны сақтаңыз, демонстрацияны орындаңыз.









Powerpoint бағдарламасымен презентация дайындау









© 2010-2022