Информатика пәнінен сыныптан тыс жумыс. 8 сынып

Танымдық зияткерлік сайысИнформатика әлемі, Неткен ғажап әсерлі. Шыққан сонау ертеден, Орын алды көңілден Интернетте құстай ұшып самғаймыз, Әрбір елдің арасын біз жалғаймыз. Технология дамып жатыр күнбе-күн, Біз қырандар осы лектен қалмаймыз! Осылайша сайысымызды бастаймыз! Армысыздар, бүгінгі сайысқа жиналған информатиканы сүюші қауым, ұстаздар мен оқушылар, және қадірлі қонақтар! Бүгінгі біздің Информатикадан «Танымдық-зияткерлік» сайысымызға қош келдіңіздер! Олай болса сайысымызды баст...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Танымдық зияткерлік сайыс

Информатика әлемі,
Неткен ғажап әсерлі.
Шыққан сонау ертеден,
Орын алды көңілден
Интернетте құстай ұшып самғаймыз,
Әрбір елдің арасын біз жалғаймыз.
Технология дамып жатыр күнбе-күн,
Біз қырандар осы лектен қалмаймыз!
Осылайша сайысымызды бастаймыз!

Армысыздар, бүгінгі сайысқа жиналған информатиканы сүюші қауым, ұстаздар мен оқушылар, және қадірлі қонақтар! Бүгінгі біздің Информатикадан «Танымдық-зияткерлік» сайысымызға қош келдіңіздер! Олай болса сайысымызды бастаймыз, сіздерді бүгінгі сайыскерлермен таныстыруға рұқсат етіңіздер. 1-ші топ «8 а», 2-ші топ «8ә»,3-ші топ «8 б», 4-ші топ «8 в» топтары.

Ең алдымен сіздерге осы сайыста әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық.
Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Қазылар алқасымен таныстыру-------

Әділ қазылар: _______________________________

___________________________________________

«Танымдық-зияткерлік» сайысы мына бөлімдер бойынша өткізіледі:

Сайыс кезеңдері:

1 Үй жұмысы 3 мин (берілген тақырыптар бойынша бейне роликтер жасау)

«Менің мектебім»

«Менің сыныбым»

«Менің ұстаздарым»

«Мен оқушымын»

2 Білім сайысы 10-сұрақ (өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады, Актив пультпен жауап береді.)

3 Өнер сайысы (караоке) Сөзінің дұрыс оқылуы, әнінің дұрыс айтылуы, жылдамдығы бағаланады.

4 Бейне ролик көрсету (Бейне роликтен алған әсерін қағаз бетіне түсіру. Ойының ұшқырлығы бағаланады.)

5 Капитандар сайысы.

Ойын толқып жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де жеңілсең де қалма жасып - деп, жарысымызды бастайық.

I Бөлім: Үй жұмысы, берілген уақыт 3 мин

(берілген тақырыптар бойынша бейне роликтер жасау)

Бірінші болып өз бенероликтерін көрсететін 8 «а» «Менің ұстаздарым»

Екінші болып өз бенероликтерін көрсететін 8 «ә» «Мен оқушымын»

Үшінші болып өз бенероликтерін көрсететін 8 «б» «Менің сыныбым»

Төртінші болып өз бенероликтерін көрсететін 8 «в» «Менің мектебім»

Әділ қазылардың Үй жұмысына берген бағаларын көрсек

1-ші болып үй жұмысын көрсеткен 8 «а» сыныбы

2-ші болып үй жұмысын көрсеткен 8 «ә» сыныбы

3-ші болып үй жұмысын көрсеткен 8 «б» сыныбы

4-ші болып үй жұмысын көрсеткен 8 «в» сыныбы

ІІ бөлім. Білім сайысы. Сұрақ-бізден, жауап-сізден. (бұл бөлім оқушылардың жалпы білім деңгейін тексеру)

Білімді ұрпақ - еліміздің тірегі!
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар - дей келе біз келесі бөлімімізде білімдерін сынап көрсек

(интерактивті тақтадан Activvote құрылғысы арқылы тест тапсырады)

Тест 10

III бөлім.

«Үй жұмысын тексердік,

Білімдерін байқадық,

Ән саламыз енді біз

Келесі кезек өнерде» - дей келеп келесі бөлім Өнер сайысы (караоке) Әр команда үйден дайындап келген патриоттық әндерін шырқайды. Сөзінің дұрыс оқылуы, әнінің дұрыс айтылуы, жылдамдығы бағаланады.

Өлең тізімдері

1 8 а

2 8 ә

38 б

48 в

Әділ қазылардың Үй жұмысына берген бағаларын көрсек

1-ші болып өнер көрсеткен 8 «а» сыныбы

2-ші болып өнер көрсеткен 8 «ә» сыныбы

3-ші болып өнер көрсеткен 8 «б» сыныбы

4-ші болып өнер көрсеткен 8 «в» сыныбы

IV Бөлім.

Ау, халайық,халайық ,

Бәріне жар салайық.

Көрсеткелі жатқан видеоны ,

Көріп біз таңғалмайық !

Бейне ролик көрсету

Көріп болсақ видеоны

Қолға қалам алайық

Ұшқыр ойларды

Қағазға түсіріп алайық ! (Бейне роликтен алған әсерін қағаз бетіне түсіру. Ойының ұшқырлығы бағаланады.)

Плакаттағы суреттерін қорғау,бағалау.

Көрермендермен жұмыс

  1. Facebook-ті кім шығарды, қай жылы? ( Марк Цукерберг 2004ж)

  2. Бәрімізге белгілі Apple корпорациясының негізін кім қалаған? (Стив Джобс)

  3. Ең алғаш шыққан ұялы телефон маркасы қандай және қай жылы және кім қалаған? (Motorola 1973ж Мартин Купер)

  4. HP техникалық құрал қандай сөздердің берілуінен пайда болды? (Hewlet-Packard (Хьюллет-Паккард))

  5. Ең көп таралған ақпарат тасымалдаушы құрал, Flash память кім ойлап тапқан және қай компанияда, қай жылы? (Фудзио Мосуокой 1984ж Toshiba компаниясында)

Әділ қазылардың Үй жұмысына берген бағаларын көрсек

1-ші болып ұшқыр ойларын қорғаған топ 8 « » сыныбы

2-ші болып ұшқыр ойларын қорғаған топ 8 « » сыныбы

3-ші болып ұшқыр ойларын қорғаған топ 8 « » сыныбы

4-ші болып ұшқыр ойларын қорғаған топ 8 « » сыныбы

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен - деп, келесі бөлімімізді бастайық.

V Бөлім. Капитандар сайысы. (Команда копитандарын сахнаға шақырайық)

Ал каптитандар жауаптарын естідік олай болса

Әділ қазылардың Үй жұмысына берген бағаларын көрсек

1-ші топ капитаны 8 «а» сыныбы

2-ші топ капитаны 8 «ә» сыныбы

3-ші топ капитаны 8 «б» сыныбы

4-ші топ капитаны 8 «в» сыныбы

Қорытындылау.

Сайысқа түскенменен топ балалар,

Ішінен жүйрік шыққан, орын алар.

Ендеше бүгінгі өткен сайыстың да,

Бабы мен бағы жанған топ бар

Олай болса, ортаға шақырайық

Топтың атын, баршаңызға танытайық

Ерекше білімі мен білігі үшін

Алғыс айтып, қошемет танытайық.

Ойынның қортындысын шығару үшін сөзді әділ қазылар алқасына береміз.

Ойынның жеңімпазын анықтау.





© 2010-2022